Көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар типтерінің сыныптауышы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 232 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар типтерінің сыныптауышы (бұдан әрі – сыныптауыш) бекітілсін.

      2. Сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесінің ресурстары құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      Сыныптауыш осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      Сыныптауышқа қатысты оператор қызметін Еуразиялық экономикалық комиссия атқарады;

      Сыныптауыштың кодтық белгіленімдеін пайдалану Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру кезінде міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 232 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар типтерінің СЫНЫПТАУЫШЫ

I. Сыныптауыштың ізеуірттелген мәліметтері

Бұзушылық типінің коды

Бұзушылық типінің атауы

10

жол жүруге рұқсаттың болмауы

20

жүктерді тасымалдауға рұқсаттың болмауы

30

жолаушылар тасымалдауға рұқсаттың болмауы

41

ірі габаритті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың болмауы

42

ауыр салмақты жүкті тасымалдауға арнауы рұқсаттың болмауы

43

қауіпті жүкті тасымалдауға арнауы рұқсаттың болмауы

50

көлік құралын өткізудің болмауы

61

жол алымдарының төлемі туралы құжаттың болмауы

62

айыппұлды төлеу туралы құжаттың болмауы

71

көлік құралы сипаттамаларының жол жүруге (тасымалдауға) рұқсат беру талаптарына сәйкессіздігі

72

осьтегі нақты салмақтың ауыр салмақты жүкті тасымалдауға арнайы рұқсатта көрсетілген мәліметтерге сәйкессіздігі

73

жалпы толық массаның ауыр салмақты жүкті тасымалдауға арнайы рұқсатта көрсетілген мәліметтерге сәйкессіздігі

74

көлік құралы габариттерінің ірі габаритті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсатта көрсетілген мәліметтерге сәйкессіздігі

99

өзгелері

II. Сыныптауыштың паспорты

р/с

Элементтің белгісі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

2061

2

Типі

2 – сыныптауыш

3

Атауы

көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар типтерінің сыныптауышы

4

Аббревиатура

КББТС

5

Белгіленімі

ЕС 062 - 2019 (ред. 1)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 232 шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 232 шешімі күшіне енген күннен бастап

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

сыныптауыш көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды бұзушылықтар типтерін жүйелендіруге және кодтауға арналған

12

Аннотация (қолданылу саласы)

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

13

Түйін сөздер

бұзушылық, көліктік (автомобильдік) бақылау

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

көлік және тасымалдау

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану

2 – сыныптауыштың халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) аналогтары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамаларының (сыныптауыштарының) болуы

2 – сыныптауыштың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

1 – сыныптаудың иерархиялық әдісі, сатылар саны - 1

18

Жүргізу әдістемесі

1 – сыныптауышты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі. Сыныптауыштың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес оператор орындайды. Оператор сыныптауыштан өзекті мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесінің ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етеді. Мәні алып тасталған жағдайда сыныптауыш жазбасы сыныптауыш жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін Еуразиялық экономикалық комиссияның актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, алып тасталған күнінен бастап қолданылмайды деп белгіленеді. Сыныптауыш кодтары бірегей болып табылады, сыныптауыш кодтарын, соның ішінде қолданылмайтын кодтарды қайта пайдалануға жол берілмейді.

19

Құрылымы

сыныптауыштың құрылымының сипаттамасы (өрістерінің құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру қағидалары) осы сыныптауыштың III бөлімінде берілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

сыныптауыштан алынған мәліметтер ашық қол жеткізу ақпаратына жатады

21

Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі

белгіленбеген

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) ізеуірттелген мәліметтеріне сілтеме

сыныптауыштың ізеуірттелген мәліметтері осы анықтамалықтың І бөлімінде берілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

IІI. Сыныптауыш құрылымының сипаттамасы

      1. Осы бөлім сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай өрістер (бағандар) қалыптастырылады:

      "деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – элементтің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерінің сөздік сипаттамасы;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілігі (опциондылығы) және деректеменің ықтимал қайталану саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен аспайтындай қайталануға тиіс (n > 1, m > n);

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен аспайтындай қайталануы мүмкін (m > 1).

      Кесте

Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың типтері

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Бұзушылық типінің коды

шаблонға сәйкес символдар жолы:
[0-9]{2}

көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылық типінің кодтық белгісін қамтиды, кодтаудың сериялық-реттік әдісін пайдалана отырып қалыптастырылады

1

1.2. Бұзушылық типінің атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 1000

орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

1

1.3. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.3. Қолданыла бастаған күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыла бастаған күнге сәйкес келеді

1

1.3.2. Қолданыла бастауын реттейтін акті туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

1.3.2.1. Актінің түрі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \d{5}

халықаралық құқық актілерінің нормативтік құқықтық түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгісі

1

1.3.2.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.2.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес күні

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1

1.3.3. Қолданылуы аяқталатын күн

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес күні

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінде көрсетілген қолданылуы аяқталатын күнге сәйкес келеді

0..1

1.3.4. Қолданылуының аяқталуын реттейтін акті туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

1.3.4.1. Актінің түрі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \d{5}

халықаралық құқық актілерінің нормативтік құқықтық түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгісі

1

1.3.4.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.4.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес күні

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады