Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде оларға қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 5 мамырдағы "Оларға қатысты кедендік декларация тапсыру Кеден одағының "Балаларға және жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 007/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен бірге жүргізілетін өнімдердің (бұйымдардың) тізбесін бекіту туралы" № 28 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 235 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 5 мамырдағы № 28 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Атауы және 1-тармақ "сәйкестікті бағалау туралы құжатты" деген сөздерден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат турады мәліметтерді)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Оларға қатысты кедендік декларация тапсыру Кеден одағының "Балаларға және жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 007/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен бірге жүргізілетін өнімдердің (бұйымдардың) тізбесінде:
а) атауы "сәйкестікті бағалау туралы құжатты" деген сөздерден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат турады мәліметтерді)" деген сөздермен толықтырылсын;
б) 5-позицияда 1-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ылғалды сіңіретін материалдарды қамтитын көпқабатты бұйымдар (үшкіл жаялықтар, ішкиімдер және жаялықтар), сондай-ақ гигиеналық мақта таяқшалары (мұрынға және құлаққа арналған) және балалар күтіміне арналған басқа да ұқсас бұйымдар";
в) 6-позицияда:
1-графадағы мәтін "шанышқылар," деген сөзден кейін "пышақтар," деген сөзбен толықтырылсын, "(қағаздан және картоннан)" деген сөздер "(қағаздан, картоннан және пластмассадан)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-графада "7615-тен" деген сөздерден кейін "8211-ден" деген сөздермен толықтырылсын;
г) мынадай мазмұндағы 61-позициямен толықтырылсын:
"61. Өндіруші 3 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге арналған деп көрсеткен пластмассадан, шыныдан, металдан жасалған ыдыстар мен асхана құралдары (шынаяқтар, тостақтар, астаушалар, тәрелкелер, тостағандар, қасықтар, шанышқылар, пышақтар, бөтелкелер және тамақ өнімдеріне арналған басқа да ұқсас балалар бұйымдары), керамикалық (фаянс, шыны-керамикалық, қыш және майоликалық) ыдыстар, бір рет пайдаланылатын (қағаздан, картоннан және пластмассадан жасалған) ыдыстар |
3924-тен | сәйкестік сертификаты"; |
д) 7-позицияда 1-графада "3 жасқа дейінгі" деген сөздер "және жасөспірімдерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) 8 – 10 позицияларда 1-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Өндіруші 1 жасқа дейінгі балаларға арналған деп көрсеткен астарлы және астарсыз бұйымдар (пальтолар, қысқа пальтолар, плащтар, күртешелер, жаңа туылған сәбилерге арналған конверттер), астары бұйымның беткі қабатының кемінде 40 пайыз ауданын алатын бұйымдар (костюмдер, комбинезондар, қысқа комбинезондар) және ұқсас бұйымдар.
9. Өндіруші 1 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге арналған деп көрсеткен астарлы және астарсыз бұйымдар (пальтолар, қысқа пальтолар, плащтар, күртешелер), астары бұйымның беткі қабатының кемінде 40 пайыз ауданын алатын бұйымдар (костюмдер, пиджактар, жакеттер, жилеттер, белдемшелер, сарафандар, қысқа комбинезондар, комбинезондар) және ұқсас бұйымдар.
10. Өндіруші балалар мен жасөспірімдерге арналған деп көрсеткен көйлектер, халаттар, фартуктер, блузкалар, жейделер, свитерлер, жемпірлер, шорттар, астарсыз бұйымдар және астары бұйымның беткі қабатының 40 пайыздан аспайтын ауданын алатын бұйымдар (костюмдер, шалбарлар, белдемшелер, пиджактар, жакеттер, жилеттер, сарафандар, қысқа комбинезондар, комбинезондар) және ұқсас бұйымдар";
ж) 18-позицияда 1-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Өндіруші балалар мен жасөспірімдерге арналған деп көрсеткен төсек-орын жабдықтары (сырылған көрпелер, жастықтар, матрасқаптар, балдахиндер, валиктер, жұмсақ стенкалар және басқа ұқсас бұйымдар)";
з) 34-позицияда 1-графадағы мәтін "көрпелер," деген сөзден кейін "шарфтар," деген сөзбен толықтырылсын, "сүлгілер" деген сөзден кейін ", шомылуға арналған жаймалар" деген сөздермен толықтырылсын.