Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 3 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 43 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 3 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармаққа ішінара өзгеріс ретінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) С.Ю. Глазьев Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын жұмыс тобының жетекшісі болып белгіленсін және оған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ұсыныстарының негізінде жұмыс тобының құрамын өзектілендіру және қажет болған жағдайда жұмыс тобының отырыстарына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік билік органдарының өкілдерін шақыру тапсырылсын.

      4-тармақтың күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады