Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 3 шешімінің 7-тармағын орындау үшін Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:
Қоса беріліп отырған Трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл тұжырымдамасы бекітілсін.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 7 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
І. Жалпы ережелер
1. Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 23-бабымен реттеледі. Ақпараттық өзара іс-қимылдың негізгі қағидаттары және оның Одақ шеңберінде жүзеге асырылуын үйлестіру Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттамаға (көрсетілген Шартқа № 3 қосымша) сәйкес айқындалады.
2. Одақ шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды іске асырудың негізгі механизмі мақсаттары, міндеттері және элементтері Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 105 шешімімен бекітілген Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту стратегиясымен (бұдан әрі – Стартегия) және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 73 шешімімен бекітілген Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде механизмдерді және заңды күші бар электрондық құжаттарды пайдалану тұжырымдамасымен айқындалады. Стратегияның ІІІ бөліміне сәйкес Одақ шеңберіндегі мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыруға арналған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық жағдайлар трансшекаралық сенім кеңістігінің элементтерін қалыптастыру есебінен құрылады.
Осы Тұжырымдаманың ережелерін іске асыру кезінде Стратегияның бірінші кезеңін іске асыру шеңберінде құрылған трансшекаралық сенім кеңістігінің тиісті элементтері пайдаланылуы мүмкін.
Осы Тұжырымдаманың мүше мемлекеттердің заңды тұлғаларының (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің) ақпараттық өзара іс-қимылы бөлігіндегі ережелері ұсынымдық сипатты иеленеді.
3. Электрондық құжаттарды қорғаудың әртүрлі механизмдерін пайдаланатын электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің арасында электрондық құжаттармен ақпараттық алмасу ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің әртүрлі механизмдері, соның ішінде сенім білдірілген үшінші тарап пайдаланыла отырып қамтамасыз етілуі мүмкін.
Одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің сенім білдірілген үшінші тараптардың қызметтерін пайдалану құқығын қамтамасыз етеді. Мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары (шаруашылық жүргізуші субъектілері) мүше мемлекеттердің заңнамасының және халықаралық шарттардың талаптарын, сондай-ақ электрондық өзара іс-қимыл процесімен байланысты тәуекелдер мен өз таңдауының бағасын ескере отырып, электрондық құжаттарды қорғау механизмдерін өз бетімен таңдауға құқылы.
4. Осы Тұжырымдамада мүше мемлекеттердің заңды тұлғаларының (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің) өз арасындағы және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен арадағы ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастырудың жалпы тәсілдемелері айқындалады.
5. Осы Тұжырымдаманың мақсаттары үшін төмендегілерді білдіретін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
"ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету механизмдері" – трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде сенімді қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын ақпараттық-технологиялық және ұйымдастырушылық-құқықтық шешімдердің жиынтығы;
"электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендіру схемасы" – сәйкестендіру және аутентификациялау механизмін пайдалана отырып, электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендірудің кезеңдері, әдістері және тәсілдері туралы толық түсінік алуға мүмкіндік беретін мәтіндік және (немесе) графикалық сипаттама;
"трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл" – резиденті ақпаратты жөнелтуші болып табылатын мүше мемлекеттің аумағында басталатын және резиденті ақпаратты алушы болып табылатын мүше мемлекеттің аумағында аяқталатын әртүрлі мүше мемлекеттердің резидент-субъектілерінің арасында ақпарат алмасу процесі;
"электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің арасындағы келісім" – ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі туралы екі немесе одан да көп электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің (келісімге қатысушылардың) арасында жазбаша немесе ауызша нысандағы, юрисдикциясында көрсетілген субъектілер болатын мүше мемлекеттер заңнамаларының талаптарына қайшы келмейтін уағдаластық.
Осы Тұжырымдама пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған мәндерде қолданылады.
ІІ. Мүше мемлекеттердің заңды тұлғаларының (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің) ақпаратттық өзара іс-қимылын іске асырудың жалпы тәсілдемелері
1. Ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету механизмдері
6. Мүше мемлекеттердің заңды тұлғаларының (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің) өздерінің арасындағы ақпаратттық өзара іс-қимылы (бұдан әрі – В2В типіндегі қатынастар) ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, соның ішінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес В2В типіндегі қатынастарға тән электрондық түрдегі ақпаратты құжаттау механизмдерін іске асыратын механизмдер пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
7. Мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары (шаруашылық жүргізуші субъектілері) мүше мемлекеттердің заңнамасына және электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің арасындағы келісімдерге сәйкес ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің кез келген механизмдерін пайдалануға құқылы.
8. Ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету механизмдерінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы №96 шешімімен бекітілген Трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес келетін трансшекаралық сенім кеңістігінің элементтері қолданылуы мүмкін.
9. Электрондық өзара іс-қимыл субъектілері В2В типіндегі қатынастарда қолданатын ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету механизмдері өзара іс-қимыл жасаушы тараптардың талаптарына сәйкес келетін алдын ала белгіленген параметрлердің (бұдан әрі – берілген сенімділік дәрежесі) шеңберінде мынадай функцияларды орындауды қамтамасыз етуі мүмкін:
берілген сенімділік дәрежесін сақтай отырып электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендіру және аутентификациялау;
берілген сенімділік дәрежесін сақтай отырып электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің арасында деректерді, оның ішінде электрондық құжаттарды беру;
электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің өздері орындаған әрекеттерден, соның ішінде электрондық өзара іс-қимыл субъектісіне берілген электрондық құжатқа электрондық цифрлық қолтаңбамен (электрондық қолтаңбамен) (бұдан әрі – электрондық қолтаңба) қол қоюдан бас тартпауының берілген сенімділік дәрежесі бар дәлелі;
деректерді сақтауды қамтамасыз ететін ақпаратты қорғау құралдарын, оның ішінде шифрлау және электрондық қолтаңба кілттерін (бар болған жағдайда), өзара іс-қимыл жасаушы субъектілерді, деректер беруді, электрондық құжатқа электрондық қолтаңбамен қол қоюды және берілген сенімділік дәрежесін сақтай отырып электрондық қолтаңбаны тексеруді пайдалану;
ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде ақпарат берудің күні мен уақытын тіркеу;
электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланатын электрондық өзара іс-қимыл субъектісінің оған ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде берілетін электрондық құжаттарға қол қоюға және (немесе) оларды беруге өкілеттіктерін тексеру;
берілген уақыт кезеңі өткеннен кейін берілген деректердің, оның ішінде электрондық құжаттардың түпнұсқалылығын тексеру.
10. Электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің арасындағы В2В типіндегі қатынастар шеңберіндегі келісімдерде осы Тұжырымдаманың 9-тармағында көрсетілген функцияларды орындау тәртібі белгіленуі мүмкін.
11. Ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету механизмдері пайдаланыла отырып орындалатын функцияларды және оларды орындаудың электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің арасындағы В2В типіндегі қатынастар шеңберіндегі келісімдерде көзделген тәртібін электрондық өзара іс-қимыл субъектілері юрисдикциясында көрсетілген субъектілер болатын мүше мемлекеттер заңнамаларының талаптарын және ақпараттық өзара іс-қимыл үшін жол берілетін тәуекелдерді бағалауды негізге ала отырып өз бетімен айқындайды. Көрсетілген функциялардың құрамын осы Тұжырымдаманың 9-тармағында келтірілген функциялар құрамына толық сәйкес келтіру, ал электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің арасындағы келісімдерде оларды орындау тәртібінің айқындалуы ұсынылады.
12. Электрондық өзара іс-қимыл субъектілері В2В типіндегі қатынастар шеңберінде мүше мемлекеттердің электрондық түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының операторлары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шарттар негізінде ұсынатын ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету механизмдерін қолдануы мүмкін.
2. В2В типіндегі қатынастар шеңберінде электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендіру
13. Мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары (шаруашылық жүргізуші субъектілері) ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде өзара сәйкестендіру мақсатында мүше мемлекеттердің заңнамасында және электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің арасындағы келісімдерде көзделген электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендірудің кез келген тәсілдерін пайдалануы мүмкін
14. Мүше мемлекеттердің заңды тұлғаларын (шаруашылық жүргізуші субъектілерін) сәйкестендірудің ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде қолданылатын тәсілдері мүше мемлекеттердің ұлттық сенім кеңістіктерінің элементтерін де, сонымен бірге Талаптарға сәйкес келетін трансшекаралық сенім кеңістігінің элементтерін де пайдалануға негізделуі мүмкін.
15. Электрондық өзара іс-қимыл субъектілері В2В типіндегі қатынастар шеңберінде қолданатын сәйкестендіру тәсілдерін трансшекаралық сенім кеңістігінің құрамына кіретін мүше мемлекеттердің куәландырушы орталықтары іске асыратын және Талаптарға сәйкес келетін электрондық қолтаңбаны тексеру кілттерінің сертификаттарын пайдалануға негіздеу ұсынылады.
3. В2В типіндегі қатынастар шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету
16. В2В типіндегі қатынастар ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің мынадай механизмдерін пайдалану жолымен жүзеге асырылады:
өзара іс-қимыл жасасатын заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) өкілдері болып табылатын электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендіру және аутентификациялау, сондай-ақ қажет болған жағдайда, электрондық қолтаңбаны тексеру кілттерінің сертификаттарын жасау, беру, қолданысын тоқтату, қайтарып алу жөніндегі функцияларды қоса алғанда, осындай сертификаттарды басқару;
электрондық өзара іс-қимыл субъектілері дайындаған электрондық құжаттарға қол қойған электрондық қолтаңбаны жасау және тексеру;
электрондық қолтаңбаны тексеру кілттері сертификаттарының мәртебесін тексеру;
электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің арасындағы келісімде белгіленген қағидаларға сәйкес электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің өкілеттіктерін тексеру;
уақыт белгісін беру – күнді және уақытты тиянақтау, ақпараттық өзара іс-қимылдың әртүрлі кезеңдерінде осындай механизмге ақпарат беру;
деректерді, оның ішінде берілген деректердің түпнұсқалылығын тексеруді қамтамасыз ететін электрондық құжаттарды, оның ішінде берілген уақыт кезеңі өткен электрондық құжаттарды мұрағаттық сақтау;
электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің арасында деректерді, оның ішінде электрондық құжаттарды беру;
теріске шығарылмау – үшінші тарап үшін электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің іс-қимылды орындауының, соның ішінде электрондық құжатқа электрондық қолтаңбамен қол қоюының және оны беруінің (алуының) электрондық дәлелдемелерін қалыптастыру (ұсыну).
17. Осы Тұжырымдаманың 16-тармағында көрсетілген механизмдерді электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің тікелей өздері, куәландырушы орталықтар немесе мүше мемлекеттердің ұлттық сенім кеңістіктерінің элементтері немесе трансшекаралық сенім кеңістігінің элементтері болып табылатын сенім білдірілген үшінші тараптар юрисдикциясында көрсетілген субъектілер болатын мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарын және осындай ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде жол берілетін тәуекелдерді бағалауды негізге ала отырып іске асырады. Электрондық өзара іс-қимыл субъектілері пайдаланатын трансшекаралық сенім кеңістігінің элементтері Талаптарға сәйкес болуға тиіс.
18. Берілетін деректерді қорғаудың әртүрлі механизмдерін, соның ішінде электрондық құжаттарды пайдаланатын электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл электрондық түрдегі ақпаратты құжаттау жалпы инфрақұрылымның операторлары ұсынатын механизмдер пайдаланыла отырып қамтамасыз етілуі мүмкін. Егер электрондық түрдегі ақпаратты құжаттау жалпы инфрақұрылымның операторлары ұсынатын механизмдер пайдаланылса, онда заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекет электрондық түрдегі ақпаратты құжаттау жалпы инфрақұрылымның операторлары пайдаланатын трансшекаралық сенім кеңістігі элементтеріне сенім кепілдігін қамтамасыз етеді.
ІІІ. Мүше мемлекеттердің заңды тұлғаларының (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруының жалпы тәсілдемелері
1. Мүше мемлекеттердің заңды тұлғаларының (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыруының жалпы қағидаттары
19. Мүше мемлекеттердің заңды тұлғаларының (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылды (бұдан әрі – В2G типіндегі қатынастар) ұйымдастыруы мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады:
В2G типіндегі қатынастар уәкілетті органы өзара іс-қимылды жоспарлайтын мүше мемлекет заңнамасының және шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл ұйымдастырылатын қатынастарды реттейтін Одақ құқығының талаптарына сәйкес іске асырылады;
В2G типіндегі қатынастарды іске асыру кезінде негізінен Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітетін электрондық түрдегі ақпаратты құжаттау жалпы инфрақұрылымы элементтерінің тізбесіне енгізілген трансшекаралық сенім кеңістігі элементтерінің операторлары ұсынатын электрондық түрдегі ақпаратты құжаттау жалпы инфрақұрылымының механизмдерін пайдалану қажет;
мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен ұйымдары, мүше мемлекеттердің мемлекеттік емес ұйымдары, сондай-ақ Комиссия электрондық түрдегі ақпаратты құжаттау жалпы инфрақұрылымының механизмдерін ұсынатын электрондық түрдегі ақпаратты құжаттау жалпы инфрақұрылымының операторлары болуы мүмкін;
трансшекаралық сенім кеңістігінің элементтері оларды қандай операторлардың пайдаланатынына қарамастан, Талаптарға сәйкес болуға тиіс:
B2G типіндегі қатынастарды қамтамасыз ету механизмдерінің сенімділік деңгейі ақпараттық өзара іс-қимыл олардың шеңберінде жүзеге асырылатын қатынастарды реттейтін Одақ құқығының немесе мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары (шаруашылық жүргізуші субъектілері) уәкілетті органымен өзара іс-қимылды жоспарлайтын мүше мемлекет заңнамасының талаптары негізге алына отырып айқындалады. Көрсетілген талаптар болмаған жағдайда сенімділік деңгейі тиісті мүше мемлекеттің уәкілетті органының осындай ақпараттық өзара іс-қимыл үшін жол берілетін тәуекелдерді бағалау негізінде белгіленген талаптары негізге алына отырып айқындалады;
белгілі бір мүше мемлекеттің юрисдикциясына жататын электрондық түрдегі ақпаратты құжаттау жалпы инфрақұрылымы операторларының электрондық түрдегі ақпаратты құжаттау механизмдерін ұсынуының шарттары және көрсетілген операторлардың қызметтеріне ақы төлеу тәртібі, егер Одақ құқығында өзгеше белгіленбесе, осы мүше мемлекеттің заңнамасымен дербес айқындалады;
электрондық түрдегі ақпаратты құжаттау жалпы инфрақұрылымының операторлары Талаптардың 18 және 19-тармақтарына сәйкес тиісті сападағы қызметтерді көрсетпегені және үшінші тұлғаларға келтірілген зиян үшін жауапты болады.
2. В2G типіндегі қатынастар шеңберінде электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендіру
20. B2G типіндегі қатынастар кезінде мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары (шаруашылық жүргізуші субъектілері) уәкілетті органымен өзара іс-қимыл жасасуды жоспарлайтын мүше мемлекеттің заңнамасымен ақпараттық өзара іс-қимылдың осы типі үшін белгіленген электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендіру тәсілдері пайдаланылады.
21. Электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендірудің қолданылатын тәсілдерін трансшекаралық сенім кеңістігінің құрамына кіретін мүше мемлекеттердің куәландырушы орталықтары іске асыратын және Талаптарға сәйкес келетін электрондық қолтаңбаны тексеру кілттерінің сертификаттарын жасау және беру жөніндегі механизмдерді пайдалануға негіздеу ұсынылады.
22. Электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендіру субъектілерді сәйкестендіру және аутентификациялау механизмімен қамтамасыз етіледі. Көрсетілген механизмді ұсынатын электрондық түрдегі ақпаратты құжаттау жалпы инфрақұрылымның операторлары электрондық өзара іс-қимыл субъектілеріне өздері юрисдикциясында болатын мүше мемлекеттің заңнамасымен ақпараттық өзара іс-қимылдың осы типі үшін көзделген электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендіру схемасына сәйкес субъектілерді сәйкестендіру және аутентификациялау бойынша қызметтер көрсетеді.
23. Комиссия мүше мемлекеттерде ақпараттық өзара іс-қимылдың жекелеген түрлері үшін субъектілерді сәйкестендіру және аутентификациялау механизмдерінде пайдалануға жол берілетін электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендіру схемаларының тізілімін жүргізеді. Мүше мемлекеттерде ақпараттық өзара іс-қимылдың жекелеген түрлері үшін пайдаланылатын электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендіру схемалары туралы ақпаратты мүше мемлекеттер аталған тізбеге енгізу мақсатында ұсынады.
24. Мүше мемлекеттер субъектілерді сәйкестендіру мен аутентификациялаудың ұлттық механизмдерінің арасында сенім орнатуға күш-жігер жұмсайды.
3. В2G типіндегі қатынастар шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету механизмдері
25. B2G типіндегі қатынастар ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің мынадай механизмдерін пайдалану жолымен жүзеге асырылады:
электрондық өзара іс-қимыл субъектілерін сәйкестендіру және аутентификациялау – өзара іс-қимыл жасасатын заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) өкілдері болып табылатын субъектілерді сәйкестендіру және аутентификациялау, сондай-ақ қажет болған жағдайда, электрондық қолтаңбаны тексеру кілттерінің сертификаттарын жасау, беру, қолданысын тоқтату, қайтарып алу жөніндегі функцияларды қоса алғанда, осындай сертификаттарды басқару;
электрондық өзара іс-қимыл субъектілері дайындаған электрондық құжаттарға қол қойған электрондық қолтаңбаны жасау және тексеру;
электрондық қолтаңбаны тексеру кілттері сертификаттарының мәртебесін тексеру;
мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары (шаруашылық жүргізуші субъектілері) өзара іс-қимыл жасасуды жоспарлайтын мүше мемлекеттің уәкілетті органы белгілеген қағидаларға сәйкес электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің өкілеттіктерін тексеру;
мүше мемлекеттердің заңды тұлғаларының (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылының әртүрлі кезеңдерінде осындай механизмге ақпарат беру уақытының белгісін беру – күнін және уақытын тиянақтау;
деректерді, оның ішінде электрондық құжаттарды мұрағаттық сақтау – берілген деректердің, оның ішінде берілген уақыт кезеңі өткен электрондық құжаттардың түпнұсқалылығын тексеру;
берілетін деректердің қорғалуы, оның ішінде құпиялылығы, бүтіндігі, қол жетімділігі, мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары (шаруашылық жүргізуші субъектілері) өзара іс-қимыл жасасуды жоспарлайтын мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген авторлықтың расталуы сипаттамаларына қол жеткізумен электрондық өзара іс-қимыл субъектілері арасында деректерді, оның ішінде электрондық құжаттарды беру;
теріске шығарылмау – үшінші тарап үшін В2G типіндегі қатынастарға қатысатын электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің іс-қимылды орындауының, соның ішінде электрондық құжатқа электрондық қолтаңбамен қол қоюының және оны беруінің (алуының) электрондық дәлелдемелерін қалыптастыру (ұсыну);
электрондық түрдегі ақпаратты құжаттау жалпы инфрақұрылымы элементтерінің Комиссия бекітетін тізбесін жүргізу – электрондық өзара іс-қимыл субъектілеріне тізбеде қамтылған ақпаратқа еркін қол жетімділік беру, тізбедегі мәліметтерді өзекті жағдайда ұстау және тізбені жүргізу үшін қажетті өзге де функциялар.
26. Осы Тұжырымдаманың 24-тармағында көрсетілген механизмдер Талаптарға сәйкес келуге тиіс трансшекаралық сенім кеңістігінің элементтерімен іске асырылады.
27. Мүше мемлекеттер B2G типіндегі қатынастар шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің механизмдерін пайдалану кезінде туындайтын тәуекелдерге тұрақты бағалау жүргізеді және осы тәуекелдердің жол берілетін деңгейіне қол жеткізу үшін өзара тиімді шаралар әзірлейді. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындайтын оларды сипаттаудың бірдейлендірілген форматын ескере отырып осындай тәуекелдердің тізбесін жүргізуді Комиссия қамтамасыз етеді.