Еуразиялық экономикалық одақта сауданың цифрлық экожүйесін дамыту үшін жағдайлар жасау туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің Негізі бағыттарының ІІІ бөлімі 2-кіші бөліміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) тауарлар және қызметтер көрсету нарықтарын цифрлық трансформациялау мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтағы цифрлық (интернет) сауданың дамуы туралы баяндамасын (бұдан әрі тиісінше – Комиссия, баяндама) назарға ала отырып:

      1. Комиссия Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) үкіметтерімен бірлесіп, белгіленген тәртіпте мына:

      цифрлық трансшекаралық қызметтер көрсетуді дамыту, Одақ тауарларында қызметтер көрсету үлесін арттыруды ынталандыру және цифрлық қызметтер көрсету әрі олармен байланысты тауарларды реттеуде теңгерімді қаматамасыз ету;

      Одақтың цифрлық активтерін қалыптастыру және Одақтың тауарлары мен қызметтер көрсетуін цифрлау;

      мүше мемлекеттер арасында цифрлық сауда арналарын және цифрлық платформалар негізінде Одақ шеңберінде цифрлық сауданы қамтамасыз ететін сервистерді дамыту;

      тауарлар мен қызметтер көрсетудің мүше мемлекеттерден үшінші елдерге экспортын ынталандыру;

      Одақ шеңберінде цифрлық сауда инфрақұрылымын дамыту және Одақта әзірленген технологияларды қолдануды ынталандыру бағыттары бойынша Еуразиялық экономикалық одақта сауданың цифрлық экожүйесін дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарының ("жол картасының") (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жобасын әзірлесін және Еуразиялық үкіметаралық кеңстің қарауына ұсынсын.

      2. Комиссия мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп, Одақта сауданың цифрлық экожүйесін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрсын.

      3. Мүше мемлекеттердің үкіметтері бір айлық мерзімде осы Өкімнің 2-тармағында көрсетілген жұмыс тобының құрамына қосу үшін кандидатураларды ұсынсын және іс-шаралар жоспарына енгізу үшін ұсыныстар берсін.

      3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан
 

Қырғыз Республикасынан
 

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады