Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесін тағайындау туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 41-тармағының үшінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 55-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қырғыз Республикасының ұсынуы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Нурлан Орозбаевич Акматовты тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктердің қалған мерзіміне Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі болып Олег Михайлович Панкратов тағайындалсын.

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы" № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамына Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Олег Михайлович Панкратов енгізіліп, дербес құрамнан Нурлан Орозбаевич Акматов шығарылсын.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:


      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
      Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады