Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) 42 және 55-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
Қосымшаға сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің | |
2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 18 шешіміне | |
ҚОСЫМША |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген ауа райы болжамы және метеорология бойынша қызметтер көрсету секторы бойынша ырықтандыру жоспарының екінші графасында:
а) 9 және 19-тармақтарындағы "2018 жыл" деген сөздер "2022 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 23-тармақтағы "2018 жыл" деген сөздер "2021 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 26-тармақтағы "2019 жыл" деген сөздер "2022 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) 27-тармақтағы "2019 жыл" деген сөздер "2023 жылғы 1 қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 29 мамырдағы "Ауа райы болжамы және метеорология бойынша қызметтер көрсету секторы бойынша ырықтандыру жоспарының 8 және 18-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіру туралы" № 4 шешімінің мәтінінде "2021 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.