Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының ставкаларын моллюскалардың жекелеген түрлеріне және криль етіне қатысты белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 23 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының ставкалары ЕАЭО СЭҚ ТН 0307 43 380 0, 0307 43 900 0, 0307 52 900 0, 1605 40 000 1 және 1605 53 900 0 кодтарымен сыныпталатын моллюскалардың жекелеген түрлеріне және криль етіне қатысты осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 наурызға дейінгі аралықта 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 0307 43 380 0, 0307 43 900 0, 0307 52 900 0, 1605 40 000 1 және 1605 53 900 0 кодтары бар позицияларында Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпедегі "" деген сілтеме "69С" деген сілтемемен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпе мынадай мазмұндағы 69С ескертпемен толықтырылсын:

      "69С) кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 23 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 наурызға дейін қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің балықтардың жекелеген түрлерінің суримасына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларын белгілеу туралы және Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады