Өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысанын толтыру тәртібіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 32 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралдары паспорттарының (көлік құралдары шассиі паспорттарының) бірыңғай нысанын енгізу және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының төртінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы №100 шешімімен бекітілген Өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысанын толтыру тәртібі 5-тармағының 8-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарында пайдалануға арналмаған немесе жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүруге мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес арнайы рұқсат ресімделген жағдайда жол берілетін, "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 010/2011), "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 018/2011), "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 031/2012) (өздігінен жерде жүретін аэродром машиналары, өздігінен жүретін орман мульчерлері, ратрактар, жолсыз жерде жүретін үлкен жүк таситын көлік құралдары) Кеден одағы техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектілері болып табылмайтын жекелеген машиналарға қатысты қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін паспорттың 26-жолында мүше мемлекет заңнамасының талаптарын ескере отырып, "жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарында пайдалануға арналмаған" немесе "жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүру арнайы рұқсат бойынша іске асырылады" деген жазбаны міндетті түрде көрсетіп, 8-жолда "жоқ" деген жазба жасауға жол беріледі".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады