Қарақұмық жармасының бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартумен келісу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 58 шешімі

      2019 жылғы 1 қарашадан бастап Беларусь Республикасының аумағында енгізілген қарақұмық жармасы бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы Беларусь Республикасының 2020 жылғы 26 наурызда түскен өтінісіне байланысты және Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 82-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Беларусь Республикасында қарақұмық жармасы бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін 2020 жылғы 29 сәуірден бастап қоса алғанда 2020 жылғы 30 қыркүйекке сәуірге дейінгі аралыққа – 155 күнге ұзартумен келісілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 29 сәуірден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады