2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 25 наурыздағы "COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру туралы" № 11 өкімінің 6-тармағы негізінде, шұғыл ден қоюды талап ететін айрықша жағдайларға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген тауарлар тізбесінің 1.10-бөліміне (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 1 қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) атауы "Маскалар, жартылай маскалар, респиратор маскалар, респираторлар**" деген позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"Маскалар, жартылай маскалар, 6307 90 980 0*";
респиратор маскалар, респираторлар**, *****
б) мынадай мазмұндағы "*****" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын:
"*****Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті уәкілетті органының (Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Денсаулық министрлігінің) тиісті шешімі болған кезде мақсатты жеткізулер шеңберінде әкетілетін тауарларды қоспағанда. Шешімде осындай тауарлардың номенклатурасы, саны, құны туралы мәліметтер болуға тиіс. Мұндай шешімдер туралы ақпарат Еуразиялық экономиялық комиссияға ай сайын ұсынылады".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |