Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған асүйлік және асханалық аспаптарға қатысты демпингке қарсы шараларды қолдануды ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 12 мамырдағы № 65 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған асүйлік және асханалық аспаптарға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы" № 56 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараларды қолдану қоса алғанда 2021 жылғы 15 қаңтарға дейінгі аралыққа ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2021 жылғы 15 қаңтарға дейінгі аралықта Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 56 шешімімен белгіленген ставкалар бойынша, алдын ала демпингке қарсы баж алу үшін белгіленген тәртіппен демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2020 жылғы 19 маусымнан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады