Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 219 шешімімен бекітілген Зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістері, соның ішінде Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидалары қамтылған халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің 1, 18 және 65-тармақтарында "01.07.2020" деген цифрлар "01.07.2021" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |