Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласында ұлттық режим беруді қамтамасыз етуге қатысты орындауы мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Ресей Федерациясына мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүргізу кезінде сатып алу объектісі үшін басымдық беретін өңірлік тиесілік өлшемдері бойынша қалыптастырылған ерікті сертификаттауды пайдалану кезінде Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша) 19 және 30-тармақтарын орындау қажеттігі туралы хабарлама білдірілсін.
2. Ресей Федерациясының Үкіметінен қабылданған шаралар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде хабардар ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |