Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - Одақ, мүше мемлекеттер) өзара тиімді ынтымақтастығын, тең құқықтылығын қамтамасыз ету және ұлттық мүдделерін ескеру қажеттілігін негізге ала отырып, сондай-ақ нарықтық экономика және адал бәсекелестік қағидаттарын (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 3-бабы) басшылыққа ала отырып, мүше мемлекеттер азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақты дамуына жағдайлар жасау, Одақ шеңберінде тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капитал мен еңбек ресурстарының ортақ нарығын қалыптастыруға ұмтылу, жаһандық экономика жағдайында мүше мемлекеттер экономикаларын жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатын (Шарттың 4-бабы) көздей отырып, Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (бұдан әрі – Хаттама) (Шартқа № 19 қосымша) 10-тармағының 3-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) 44 және 45-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінен (бұдан әрі – Министрлік) келіп түскен, Министрліктің пікірі бойынша, Шарттың 76-бабының 5-тармағын бұзудың ықтимал белгілерін көрсететін Cochlear Europe Limited компаниясының (6 Dashwood Lang Road, Bourne Business Park, Addlestone, Surrey KT15 2HJ, United Kingdom) (бұдан әрі – Cochlear Europe), "Pharm Express" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, 155-үй, БСН 060840010670) (бұдан әрі – "Pharm Express" ЖШС) және "Евромакс" жауапкершілігі шектеулі қоғамының (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, Иван Франко көшесі, 48-үй, СЖН 7731579315) (бұдан әрі – "Евромакс" ЖШҚ) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген материалдарға (2018 жылғы 3 шілдедегі кіріс № 10549) байланысты 2019 жылғы 5 наурызда қозғалған бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу туралы іс бойынша трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларының бұзылғаны туралы мәселені қарады.
2019 жылғы 28 тамызда Істерді қарау тәртібінің 23-тармағына сәйкес істі қарау жөніндегі комиссияның төрағасы – Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің (бұдан әрі – Департамент) директоры А.Г. Сушкевич мыналардың:
істі қарау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары – Департамент директорының орынбасары А.А. Қалиевтің;
істі қарау жөніндегі комиссияның мүшелері:
Департамент директорының орынбасары Г.Б. Арамянның;
Департаменттің бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу туралы арыздарды (материалдарды) және істерді қарау бөлімі бастығының орынбасары Ш.Т. Жүсіпбекованың;
Департаменттің бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу туралы арыздарды (материалдарды) және істерді қарау бөлімінің кеңесшісі Е.П. Кривцунның;
жауапкерлер (олардың өкілдері):
2018 жылғы 18 шілдедегі н/ж сенімхат бойынша "Евромакс" ЖШҚ-ның өкілі А.В. Баланның;
2018 жылғы 8 сәуірдегі н/ж сенімхат бойынша "Евромакс" ЖШҚ-ның өкілі С.Е. Кадыровтың;
2019 жылғы 4 сәуірдегі № 04/04/2019 сенімхат бойынша "Ассомедика" жауапкершілігі шектеулі қоғамының (Беларусь Республикасы, Минск облысы, Смолевичев ауданы, "Великий камень" Қытай-Белорусь индустриялық паркі, Миниск қалалық атқару комитетінің 2006 жылғы 12 қаңтардағы № 22 шешімімен Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің бірыңғай мемлекеттік тізілімінде тіркелді, тіркеу нөмірі 190682947) (бұдан әрі – "Ассомедика" ЖШҚ) өкілі С.И. Кунаштың;
2019 жылғы 5 сәуірдегі н/ж сенімхат бойынша "Pharm Express" ЖШС-ның өкілі В.П. Пелюшенконың;
мүше мемлекеттердің өз құзыретіне бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру және (немесе) жүргізу кіретін уәкілетті органдарының (бұдан әрі – уәкілетті органдар) өкілдері:
Федералдық монополияға қарсы қызметтің Картелдермен күрес басқармасы тауар нарықтарындағы тергеп-тексерулер бөлімінің консультанты А.В. Попкованың;
Федералдық монополияға қарсы қызметтің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық басқармасы ТМД елдерімен экономикалық интеграция бөлімінің консультанты А.А. Шемякинаның;
бейне-конференц-байланыс арқылы:
Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі Әлеуметтік сала және көрсетілетін қызметтер басқармасы әлеуметтік сала және тұрмыстық қызметтер көрсету бөлімі бастығының орынбасары М.В. Жигалоның;
Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі Әлеуметтік сала және қызметтер көрсету басқармасы әлеуметтік сала және тұрмыстық қызметтер көрсету бөлімінің консультанты Д.А. Полозкованың;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Стратегиялық талдау және экономикалық интеграция басқармасының бас сарапшысы Ш.М. Жолдықұловтың;
Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Монополияға қарсы реттеудің мемлекеттік агенттігі бәсекелес ортаны талдау және ЕЭК-пен өзара іс-қимыл бөлімінің маманы Кадыр кызы Мээримнің;
қаралатын істің мән-жайлары туралы мәліметтерге ие тұлғаның өкілдері:
2018 жылғы 9 қарашадағы н/ж сенімхат (2018 жылғы 13 қазандағы № 141034 апостиль) бойынша Cochlear AG (компания Швейцария Конфедерациясының заңнамасына сәйкес құрылған, орналасқан жерінің мекенжайы: Peter Merian-Weg 4, 4052, Basel, Switzerland, with registration number CHE-106.191.494) (бұдан әрі – Cochlear AG) өкілі А.В. Субботаның;
2018 жылғы 9 қарашадағы н/ж сенімхат (2018 жылғы 13 қазандағы № 141034 апостиль) бойынша Cochlear AG өкілі В.А. Маркинаның қатысуымен істі қараудың аяқталғанын жариялады.
Хаттаманың 58-тармағына сәйкес Комиссияға Министрліктің жолданымы (2018 жылғы 3 шілдедегі кіріс № 10549) келіп түсіп, онда Cochlear Europe-ның, Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектісі – "Pharm Express" ЖШС-ның және Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектісі – "Евромакс" ЖШҚ-ның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Шарттың 76-бабының 5-тармағын бұзу белгілерінің ықтимал болуы көрсетілген, ол, Министрліктің пікірі бойынша, Cochlear Europe мен "Pharm Express" ЖШС-ның арасында кохлеарлық импланттауды, сөйлеу процессорларын және Cochlear Europe өндіретін басқа да бөлшектерді импорттауға және әрі қарай өткізуге эксклюзивті құқықты, Қазақстан Республикасының аумағында қандай да бір үшінші тұлғаларда осындай құқықтардың болмайтынын, сондай-ақ кез келген заңды және (немесе) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында "Pharm Express" ЖШС-ның тиісті жазбаша рұқсатынсыз Cochlear Europe өнімдерін әкелуіне және өткізуіне тыйым салуды көздейтін дистрибьюторлық келісім жасалуынан көрінеді. Осы келісімге қатысушылар аталған әрекеттерді келісімге қатысушылардың мүліктік және мүліктік емес мүдделері мен құқықтарын өрескел бұзуға әкеп соғатын құқыққа сыйымсыз әрекеттер деп таниды. Өз кезегінде Cochlear Europe заңды және жеке тұлғалардың "Pharm Express" ЖШС-ның дистрибьюторлық құқықтарын бұзуға бағытталған кез келген әрекеттерінің алдын алу және жолын кесу бойынша барлық пәрменді шаралар қабылдауға кепілдік береді.
Комиссия Шарттың 76-бабының 1, 3 – 6-тармақтарын бұзудың ықтимал белгілерінің болуына байланысты жолданымды, оны қарау барысында алынған ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді, түсініктерді) (бұдан әрі – ақпарат) қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ Хаттамаға, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 97 Шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу туралы арыздарды (материалдарды) қарау тәртібіне (бұдан әрі – Арыздарды қарау тәртібі), Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 98 Шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне (бұдан әрі – Тергеп-тексеру жүргізу тәртібі) және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 29-бабын іске асыру туралы" 2013 жылғы 14 мамырдағы № 112 Шешімінің 1-тармағына сәйкес 2018 жылғы 30 шілдеде трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзушылықтарға тергеп-тексеру (бұдан әрі – тергеп-тексеру) жүргізу туралы № 22-08/МА-5 ұйғарым шығарды.
Арыздарды қарау тәртібінің 13-тармағына сәйкес уәкілетті органдар Комиссияға ол тергеп-тексеру жүргізген кезде Комиссиямен өзара іс-қимыл жасасуға жауапты қызметкерлердің кандидатуралары туралы ұсыныстар берді.
Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу белгілерінің бар немесе жоқ екені туралы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жеткіліксіз болуына байланысты Комиссия Тергеп-тексеру жүргізу тәртібінің 6-тармағына сәйкес тергеп-тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы 2018 жылғы 30 қарашадағы № 50/ұйғ ұйғарыммен тергеп-тексеру жүргізу мерзімін 60 жұмыс күніне ұзартты.
Департамент тергеп-тексеру барысында Хаттамаға, Тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 7 Шешімімен бекітілген Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне сәйкес мүше мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларынан, органдарынан жолданымда баяндалған фактілер бойынша ақпаратты жазбаша нысанда сұратты.
Іс материалдарына қоса тігілген тергеп-тексеру нәтижелері жөніндегі қорытындыда, сондай-ақ тергеп-тексеру жүргізу және істі қарау барысында алынған ақпаратта көрініс тапқан Cochlear Europe өндірісінің кохлеарлық импланттауы сөйлеу процессорларының трансшекаралық тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау нәтижелері бойынша мыналар анықталды.
Хаттаманың 11-тармағына және Әдістеменің 61 – 63-тармақтарына сәйкес бәсекелестіктің жай-күйін бағалаудың әрбір кезеңінде жасалған негізгі тұжырымдар ол құпия ақпаратты қорғауға қойылатын талаптарды бұзбайтындай бөлігінде баяндалады.
Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларының айналысы (бұдан әрі – тауар нарығы) Әдістеменің ІІІ бөліміне сәйкес тауар нарығының өнімдік шекаралары деп айқындалды.
Кохлеарлық импланттау құлағының қатты мүкісі бар немесе саңырау науқастардың есту қабілетін қалпына келтіруге және оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған іс-шаралар жүйесін қамтитын естуді электродтық протездеу жөніндегі қызмет түрін білдіреді.
Кохлеарлық импланттау жүйесі зақымдалған немесе жоқ қылшық жасушаларының функцияларын орындайтын, жүйке талшықтарын электрлік ынталандыруды қамтамасыз ететін және магнитпен қосылған өзара байланысты 2 бөліктен – имплантталатын (ішкі) бөліктен және сыртқы бөліктен (сөйлеу процессорынан) тұратын құрылғы ретінде айқындалады.
Кохлеарлық имплант (ішкі бөлік) ішкі құлақтың зақымдалған немесе жоқ есту рецепторлары функциясын орындайтын және бас миының есту орталығына электрлік импульстарға айналған дыбыстық ақпаратты беретін медициналық аспапты білдіреді. Кохлеарлық импланттау жүйесінің имплантталатын (ішкі) бөлігі, атап айтқанда электрод пациенттің ішкі құлағына хирургиялық жолмен (пациенттің бас сүйегінің шеке сүйегін бұрғылау арқылы) енгізіледі.
Сөйлеу процессоры (сыртқы бөлігі) механикалық сипаттағы дыбыстық толқындарды кохлеарлық имплантқа (ішкі бөлікке) берілетін электрлік импульстарға айналдыратын күрделі электрондық медициналық құрылғынеы білдіреді. Орнатылатуға жататын сөйлеу процессорының анықтамасы имплантталатын бөліктің түріне байланысты болады.
Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорлары өзге шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) өндіретін кохлеарлық импланттау жүйелерінің басқа сөйлеу процессорларымен алмастырылмайтын өзара байланысты аппараттық және бағдарламалық құралдар кешенінің болуын болжайтын техникалық жағынан күрделі құрылғылар болып табылады.
Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын контрагенттер дистрибьюторлық келісімдер шеңберінде көп жағдайда кейіннен аталған тауардың түпкілікті тұтынушысы болып табылатын жеке тұлғалардың есту протезін жүзеге асыратын ұйымдарға қайта сату мақсатында сатып алады.
Әдістеменің II бөліміне сәйкес тауар нарығын зерттеудің уақыт аралығы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 30 қыркүйекке (қоса алғанда) дейінгі кезең деп айқындалды. Көрсетілген кезеңде "Ассомедика" ЖШҚ-ның, "Белвивад" жауапкершілігі шектеулі қоғамының (220007, Беларусь Республикасы, Минск қаласы, Аэродромная көшесі, 125-үй, 5-бөлме, 2-үй-жай, УНП 190764502) (бұдан әрі – "Белвивад" ЖШҚ), "Pharm Express" ЖШС-ның, "СПП "ВЕК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Дүйсенов көшесі, 29-үй, 60-пәтер, БСН 170740010681) (бұдан әрі – "СПП "ВЕК" ЖШС) мен "Евромакс" ЖШҚ-ның Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тыйым салынған келісімге қатысқаны анықталды.
Әдістеменің IV бөліміне сәйкес тауар нарығының географиялық шекарасына Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағы кіретіні анықталды.
Армения Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (2018 жылғы 13 қыркүйектегі кіріс № 14853 хат) сообщило, кохлеарлық импланттау бойынша операция Армения Республикасының жетекші медицина орталықтарының бірі – МЦ "Эребуни" МО-да қайырымдылық ретінде жасалатынын, импланттардың үкіметтік емес ұйым болып табылатын Армян халықаралық дәрігерлер қоры (Armenian International Medical Fund) арқылы алынатынын хабарлады. Қор тек қана Cochlear Europe-нің өнімдерін импорттайды. Бұл ретте Армения Республикасында ресми дистрибьюторлар анықталмаған. Армения Республикасының көрсетілген тауарды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) жоқ екені туралы ақпаратты Cochlear AG-нің өкілі (мәліметтерге ие тұлға) де растады, ол Армения Республикасының аумағында Cochlear Europe дистрибьюторларының жоқ екенін хабарлады.
Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (2018 жылғы 3 қазандағы кіріс № 15890 хат) Қырғыз Республикасында кохлеарлық импланттау бойынша операциялар тиісті техникалық базаның болмауы, осы жабдықтың қымбаттығы және пациенттердің осы санатына көмек көрсету үшін мемлекеттік қолдаудың болмауы себебінен жүргізілмейтінін хабарлады. Бұл ретте, тиісті көрсетілімдері бар (екі жақты саңырау) пациенттерге Түркия Республикасымен уағдаластық бойынша Стамбулдың мамандандырылған клиникасында көмек көрсетілетіні айтылған. Қабылдаушы тарап кохлеарлық имплантты орнату бойынша операцияны тегін жүргізуді қамтамасыз етеді. Кохлеарлық импланттар Қырғыз Республикасының аумағына әкелінбеген. Сонымен қатар Қырғыз Республикасының аталған тауарды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) жоқ екені туралы ақпаратты Cochlear AG-нің өкілі (мәліметтері бар тұлға) де растап, Қырғыз Республикасының аумағында Cochlear Europe дистрибьюторларының жоқ екенін хабарлады.
Әдістеменің V және VI бөлімдерін басшылыққа ала отырып, мыналар тауар нарығында жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) деп анықталды:
"Ассомедика" ЖШҚ және Хаттаманың 2-тармағы 5) тармақшасының 7-абзацына сәйкес "Ассомедика" ЖШҚ-мен бір тұлғалар тобын құрайтын "Белвивад" ЖШҚ, соған байланысты Хаттаманың 2-тармағы 5) тармақшасының тоғызыншы абзацы негізінде олардың іс-қимылы бір шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) (бұдан әрі – "Ассомедика" нарық субъектісі) іс-қимылы ретінде қаралады, өйткені 2016 жылғы 1 қаңтар – 2018 жылғы 30 қыркүйек аралығында "Белвивад" ЖШҚ 2013 жылғы 1 қарашада "Ассомедика" ЖШҚ мен Cochlear Europe-нің арасында жасалған эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісімді іске асыру шеңберінде қосалқы дистрибьютор бола отырып, көрсетілген келісімнің ережелеріне сәйкес Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын тек қана Беларусь Республикасының аумағында өткізуді жүзеге асырған;
тек қана Қазақстан Республикасының аумағында Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізетін, Cochlear Europe-мен 2016 жылғы 1 ақпандағы эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісімді жасасқан "Pharm Express" ЖШС және Cochlear Europe-мен эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісімді жасасқан "СПП "ВЕК" ЖШС;
Cochlear Europe-мен 2013 жылғы 1 желтоқсандағы эксклюзивті емес үшжақты дистрибьюторлық келісімді жасасқан және тек қана Ресей Федерациясының аумағында Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізген "Евромакс" ЖШҚ.
Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасында ресми дистрибьюторлар жоқ.
Осылайша, тауар нарығының географиялық шекаралары шегінде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарында Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізудің негізгі көлемі өздерінің үлесіне тиетін ресми дистрибьюторлар қызметті жүзеге асырған.
Нарықтың өзге қатысушыларының Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізуі жүйелі емес, жеке-дара сипатқа ие және олардың тауарды жалпы өткізу көлеміндегі үлесі мардымсыз және тауар нарығында тауар айналысының шарттарына ықпал етпейтін үлес болып табылады.
Осы айтылғандарды негізге ала келе, Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларының нарығына Шарттың 76-бабында белгіленген тыйымдар мен шектеулердің қолданылатыны себепті көрсетілген тауар нарығының трансшекаралық болып табылатыны анықталды. Бұл ретте, Шарттың 74-бабының 2-тармағын, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 29 Шешімімен бекітілген Нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу өлшемшарттарының 2 және 4-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Шарттың 76-бабының 3 – 5-тармақтарында көзделген бұзушылықтардың жолын кесу Комиссияның құзыретіне жататыны анықталды.
Тергеп-тексеру барысында трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу белгілерінің анықталғанына байланысты Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу алқасының мүшесі (Министр) трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу туралы істі қозғау және қарау туралы 2019 жылғы 5 наурыздағы № 7/ұйғ ұйғарым (Хаттаманың 10-тармағының 2) және 3) тармақшалары, Тергеп-тексеру жүргізу тәртібінің 11-тармағының 1) тармақшасы, 13 және 16-тармақтары, Істерді қарау тәртібінің 2-тармағы) шығарды және істі қарау жөніндегі комиссия құрылды.
Істі қарау жөніндегі комиссияның 2019 жылғы 29 наурызда, 10 сәуірде, 20 мамырда, 20 маусымда, 4, 10 және 19 шілдеде және 28 тамызда өткен отырыстары шеңберінде тергеп-тексеру материалдарын, сондай-ақ істі қарау аясында ұсынылған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша, оның ішінде істі қарауға қатысатын адамдарды тыңдау, дәлелдемелерді зерттеу, істі қарауға қатысушы тұлғалардың іске қатысушы басқа тұлғалар ұсынған дәлелдемелерге қатысты пікірлері мен түсініктерін тыңдау, іс бойынша мән-жайлар туралы мәліметтері бар адамдарды тыңдау нәтижелері бойынша мыналар анықталды.
Іс бойынша жауапкер ретінде:
Беларусь Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) "Ассомедика" ЖШҚ мен "Белвивад" ЖШҚ - тұлғалар тобының құрамындағы "Ассомедика" нарық субъектісі;
Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) "Pharm Express" ЖШС және "СПП "ВЕК" ЖШС;
Ресей Федерациясының шаруашылық субъектісі (нарық субъектісі) "Евромакс" ЖШҚ;
көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органының функцияларын және (немесе) келісімдерде (шарттарда) заңды тұлғаның атынан жасасу және қатысу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын лауазымды адамдары:
2016 жылғы 1 қаңтар – 2017 жылғы 6 маусым аралығында "Белвивад" ЖШҚ-ның директоры болып табылған және "Белвивад" ЖШҚ-ның жеке-дара атқарушы органының өкілеттіктерін жүзеге асырған С.А. Чечун;
2017 жылғы 7 маусым – 2018 жылғы 30 қыркүйек аралығында "Белвивад" ЖШҚ-ның басқарушысы болып табылған және "Белвивад" ЖШҚ-ның жеке-дара атқарушы органының өкілеттіктерін жүзеге асырған дара кәсіпкер К.В. Белый (2013 жылғы 11 наурызда Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің бірыңғай мемлекеттік тізілімінде 191656270 тіркеу нөмірімен Беларусь Республикасының дара кәсіпкері ретінде тіркелген);
2016 жылғы 1 қаңтар – 2016 жылғы 11 тамыз аралығында "Ассомедика" ЖШҚ-ның директоры болып табылған және "Ассомедика" ЖШҚ-ның жеке-дара атқарушы органының өкілеттіктерін жүзеге асырған С.В. Пузыня;
2016 жылғы 12 тамыз – 2018 жылғы 30 қыркүйек аралығында "Ассомедика" ЖШҚ-ның директоры болып табылған және "Ассомедика" ЖШҚ-ның жеке-дара атқарушы органының өкілеттіктерін жүзеге асырған Е.И. Подосиновик;
2017 жылғы 30 маусым – 2018 жылғы 30 қыркүйек аралығында "СПП "ВЕК" ЖШС-ның директоры болып табылған және "СПП "ВЕК" ЖШС-ның жеке-дара атқарушы органының өкілеттіктерін жүзеге асырған В.Б. Гребенников;
2016 жылғы 1 маусым – 2018 жылғы 30 қыркүйек аралығында "Pharm Express" ЖШС-ның әкімшісі болып табылған, лауазымдық міндеттеріне "Pharm Express" ЖШС жасасатын өнімді сатып алу шарттарымен жұмыс кірген А.З. Абразаков;
2016 жылғы 1 қаңтар – 2018 жылғы 30 қыркүйек аралығында "Евромакс" ЖШҚ-ның бас директоры болып табылған және "Евромакс" ЖШҚ-ның жеке-дара атқарушы органының өкілеттіктерін жүзеге асырған Г.Р. Сахно тартылды.
Мәліметтерге ие тұлға ретінде Cochlear AG компаниясы тартылды, ол ұсынған ақпаратқа сәйкес "Ассомедика" ЖШҚ, "Белвивад" ЖШҚ, "Pharm Express" ЖШС, "СПП "ВЕК" ЖШС және "Евромакс" ЖШҚ Cochlear Europe-ның Одақ аумағындағы дистрибьюторлары болып табылады. Cochlear Europe-ның Одақ аумағында өзге дистрибьюторларының бар-жоғы туралы ақапарт ұсынылған жоқ.
Шарттың 76-бабының 3-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге тыйым салынады.
Хаттаманың 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес құжатта немесе бірнеше құжатта қамтылған жазбаша нысандағы уағдаластық, сондай-ақ ауызша нысандағы уағдаластық келісім деп түсініледі.
Хаттаманың 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) әрқайсысының дербес жасаған әрекеттері олардың әрқайсысының тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына біржақты тәртіппен ықпал ету мүмкіндігі жоятын немесе шектейтін жарыспалылығы бәсекелестік деп түсініледі.
Хаттаманың 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес тауар нарығында бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) санын қысқарту, тауар нарығында тауар айналымының өзге де жалпы жағдайларының тиісті өзгерістеріне байланысты емес тауар бағаларының өсуі немесе төмендеуі, бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы дербес әрекеттерден бас тартуы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) арасындағы келісіммен немесе олардың орындауы үшін міндетті өзге тұлғаның нұсқауларына сәйкес не бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы өз әрекеттерін келісу нәтижесінде тауар нарығында тауар айналымының жалпы жағдайларын айқындау, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) бір жақты тәртіппен тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайларына әсер етуге мүмкіндік беретін өзге де мән-жайлар бәсекелестікті шектеудің белгілері деп белгіленген.
"Ассомедика" ЖШҚ, "Белвивад" ЖШҚ, "Pharm Express" ЖШС, "СПП "ВЕК" ЖШС және "Евромакс" ЖШҚ бәсекелес бола отырып, бір тауар нарығында жұмыс істей жүріп, Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында тыйым салынған, көрсетілген тауар нарығын аумақтық қағидат және (немесе) сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген келісімге қатысқан, бұл мыналар арқылы расталады:
бәсекелестердің өздері резиденттері болып табылатын мүше мемлекеттің шекараларында Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізу жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алуы, оны, соның ішінде Cochlear Europe-мен жасалған, Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын нақты мүше мемлекеттің аумағында ("Ассомедика" ЖШҚ – Беларусь Республикасының аумағында, "Pharm Express" ЖШС – Қазақстан Республикасының аумағында және "Евромакс" ЖШҚ – Ресей Федерациясының аумағында) өткізу жөніндегі міндеттемелерді қамтитын эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісімдердің ережелері де растайды. Эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісімдерде соның ішінде Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын тиісті дистрибьюторға резервтелген аумақтан тыс жерде өткізуге тыйым салуды тікелей көздейтін ережелер де қамтылған. Көрсетілген келісімдердің қолжетімділігі шектеулі (құпия) грифпен берілгенін ескере отырып, осы Шешімнің шеңберніде олардың теңтүпнұсқалы мазмұны келтірілген жоқ.
Ресей Федерациясы шаруашылық жүргізуші субъектісінің (нарық субъектісінің) Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектісіне (нарық субъектісіне) Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын Қазақстан Республикасына беруден бас тартып отырғаны.
Бұл ақпаратты Федералдық монополияға қарсы қызмет уәжді ұсынысты орындау нәтижелері бойынша ұсынды және онда мұндай өтініштер мен бас тарту фактілерін растауды қамтылған. Ұсынылған материалдардағы ақпаратта электрондық хат алмасу қамтылған, оның мазмұнынан бір мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектісі (нарық субъектісі) басқа мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектісіне (нарық субъектісіне) Cochlear Europe өндірісінің кохлеарлық импланттау жүйесінің төлеу процессорларын сатып алу мәселесі бойынша өтініш жасағаны көрініп тұр. Көрсетілген өтінішке берілген жауапта мүше мемлекетте көрсетілген өнімнің тиісті дистрибьюторының болуына байланысты тауарды өткізудің мүмкін емес екені хабарланған. Бұл ақпарат қолжетімділігі шектеулі (қызмет бабында пайдалану үшін) грифімен ұсынылған, сондықтан оның мазмұны осы Шешім шеңберінде келтірілмейді;
бәсекелестердің олардың әрбірі Cochlear Europe-мен жасасқан эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісімдерде айқындалған аумақтардан тыс жерлерде Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізу бойынша әрекет жасамауы (әрекетсіздік танытуы);
бәсекелестікке қарсы келісімдерге қатысушылардың Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарында жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) туралы, оның ішінде олардың Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерін өткізу және оларға қызмет көрсету жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыратын аумағы туралы хабардар болуы. Сонымен қатар Федералдық монополияға қарсы қызмет уәжді ұсынысты орындау нәтижелері бойынша ұсынған ақпаратта қызметкерлерді оқыту фактісін және бәсекелестікке қарсы келісімнің бір қатысушысының, бір мүше мемлекет резидентінің, бәсекелестікке қарсы келісімнің басқа қатысушысына, басқа мүше мемлекеттің резидентіне Cochlear Europe өндірісінің өнімін өткізу фактісін растайтын электрондық хат алмасу қамтылған. Ұсынылған ақпарат та бәсекелестікке қарсы келісімге қатысушылардың, оның ішінде өздеріне қатысты ұлттық бақылау-қадағалау органдарының, сондай-ақ Департаменттің бақылау-қадағалау іс-шараларын жүргізуіне байланысты бірлескен іс-қимылдарды әзірлеуге бағытталған өзара іс-қимыл жасасу фактісін растайды. Көрсетілген жағдай өз жиынтығында бәсекелестікке қарсы келісімге қатысушылардың хабардар болғаны мен келісілген өзара іс-қимыл жасасқанын куәландырады. Көрсетілген ақпарат қолжетімділігі шектеулі (қызмет бабында пайдалану үшін) грифімен ұсынылған, сондықтан осы Шешімнің шеңберінде оның мазмұны келтірілмейді;
Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелеріне кейіннен аталған өнімді сатуды жүзеге асырған бәсекелестікке қарсы келісімге қатысушының оларға қызмет көрсетуін болжайтын қызмет көрсету шарттарының болуы, бұл бәсекелестікке қарсы келісімнің осындай процессорды өткізбеген қатысушысының Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларына кепілдікті және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету қызметін алу мүмкіндігі болмайтынын алдын ала айқындады;
бәсекелестікке қарсы келісімге қатыспайтындардың Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын кейіннен өткізу мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) атына ұзақ және жүйелі түрде беруінің болмауы.
Мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тыйым салынған, тауар нарығын аумақтық қағидат және (немесе) сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген келісім мына құжаттарда қамтылған.
2013 жылғы 1 қарашада "Ассомедика" ЖШҚ мен Cochlear Europe арасында жасалған эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісімде Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын тек қана Беларусь Республикасының аумағында өткізу көзделді. Сонымен қатар аталған келісімде "Белвивад" ЖШҚ қосалқы дистрибьютор (қосалқы контрактор) ретінде айқындалды. "Ассомедика" нарық субъектісі аталған өнімді бастапқы сатып алуды және оны кейіннен азаматтық айналымға енгізуді жүзеге асырды.
Беларусь Республикасында реализация Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізуді негізінен нарық субъектісі "Ассомедика" жүзеге асырды.
"Ассомедика" ЖШҚ ұсынған ақпаратқа сәйкес "Ассомедика" ЖШҚ-да 2018 жылы Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізгені үшін түсімнің болмауы аталған тауарды "Ассомедика" ЖШҚ-мен бір тұлғалар тобына кіретін "Белвивад" ЖШҚ-ға өткізуге байланысты орын алған.
"Ассомедика" ЖШҚ 2013 жылы 1 қарашада Cochlear Europe-мен эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісім жасау фактісін мойындайды, оның ішінде көрсетілген келісімде нарықты аумақ бойынша бөлу туралы ереженің қамтылғанын да мойындайды, бірақ оны жасасу күнінде (2013 жылғы 1 қараша) Шарттың ережелерін бұзбадым деп есептейді.
"Ассомедика" ЖШҚ өзінің түсініктерінде келісімнің көрсетілген редакциясын Cochlear Europe-нің ұсынғанын және келісімнің осы бөлігінде Cochlear Europe-нің қатаң саясат ұстанғанына байланысты оған "Ассомедика" ЖШҚ тарапынан өзгерістер енгізу мүмкін болмағанын хабарлайды. Бұған қосымша түрде "Ассомедика" ЖШҚ Комиссияға 2019 жылы Cochlear Europe-ге көрсетілген келісімнің ережелеріне тиісті өзгерістер енгізу туралы жолданым жібергенін хабарлады. Көрсетілген өзгерістердің келісімге енгізілгені туралы ақпарат Комиссияға берілмеді.
"Белвивад" ЖШҚ ұсынған ақпаратқа сәйкес "Белвивад" ЖШҚ Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізуді тек қана Беларусь Республикасының аумағында жүзеге асырған.
"Белвивад" ЖШҚ Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу фактісін мойындамады.
"Белвивад" ЖШҚ өзінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу белгілерінің жоқтығына растау ретінде Беларусь Республикасының Азаматтық кодексі 390-бабы 1-бөлігінің және 395-бабы 1-бөлігінің ережелеріне сілтеме жасайды, оларға сәйкес 2 және одан көп тұлғаның жасалған кезінен бастап күшіне енетін және тараптар үшін міндетті болатын, азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Оның үстіне, 2013 жылғы 1 қарашада "Ассомедика" ЖШҚ мен Cochlear Europe жасасқан, "Белвивад" ЖШҚ-ны қосалқы дистрибьютор (қосалқы контрактор) деп айқындаған эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісімге "Белвивад" ЖШҚ қол қоймаған және оны жасаспаған.
"Белвивад" ЖШҚ-ның дәлелдері дәйексіз болып табылады, өйткені Шарттың 3-тармағының және Хаттаманың 2-тармағы 15) – 17) тармақшаларының ережелерінде мұндай келісімдер мүше мемлекеттің заңнамасының талаптарына, оның ішінде оларға қол қою және (немесе) оларды жасасу бөлігінде сәйкес келуге тиіс деп жазылмаған. Оның үстіне, "Ассомедика" ЖШҚ-ның "Белвивад" ЖШҚ-ға қатысты тікелей бақылау жасайтыны "Ассомедика" ЖШҚ-ның Cochlear Europe-мен 2013 жылғы 1 қарашадағы эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісімді жасаса отырып, "Белвивад" ЖШҚ-ға Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізу, оның ішінде тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлу бойынша міндеттеме жүктегені туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді, өйткені Одақтың құқығы бәсекелестікке қарсы келісімнің болу фактісін оның мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген қағидалар бойынша шарт түрінде жасалуына байланыстырмайды.
"Pharm Express" ЖШС 2016 жылғы 1 ақпанда Cochlear Europe-пен және LLC "ANG Apparel Group"-пен эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісім жасасып, онда "Pharm Express" ЖШС-ның Қазақстан Республикасы аумағында Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізетіні және аталған аумақтан тыс жетде өткізбейтіні туралы ереже қамтылды.
Істі қарау аясында "Pharm Express" ЖШС мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысу салдарынан Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу фактісін мойындады.
"СПП "ВЕК" ЖШС Cochlear Europe-мен және Teamlogik LTD-мен эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісім жасасып, онда "СПП "ВЕК" ЖШС-ның Қазақстан Республикасы аумағында Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізетіні және аталған аумақтан тыс жерде өткізбейтіні туралы ереже қамтылды.
Істі қарау аясында "СПП "ВЕК" ЖШС мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысу салдарынан Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу фактісін мойындады.
"Евромакс" ЖШҚ 2013 жылғы 1 желтоқсанда Cochlear Europe-мен және VMG Partners LTD-мен эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісім жасасып, онда "Евромакс" ЖШҚ-ның Ресей Федерациясы аумағында Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізетіні және аталған аумақтан тыс жерде өткізбейтіні туралы ереже қамтылды.
"Евромакс" ЖШҚ мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысу салдарынан Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу фактісін мойындамады, оны, тіпті, егер аталған 2013 жылғы 1 желтоқсандағы эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісімде Шарттың 76-бабының ережелеріне қайшы келетін еределер болса да, олар көрсетілген келісімнің 21.2-тармағы ескеріле отырып, жарамсыз болады, өйткені көрсетілген тармақта, егер кез келген уақытта келісімнің кез келген ережесі кез келген юрисдикция заңнамасына сәйкес кез келген қатынаста жарамсыз, заңсыз немесе заңды күші жоқ болып табылған немесе болған жағдайда, мұндай ереже осындай юрисдикцияда қалған ережелерден бөлінген ереже ретінде қаралуға жатады және қалған ережелердің жарамдылығы, заңдылығы немесе орындалатыны, сондай-ақ мұндай ереженің кез келген басқа юрисдикция заңнамасына сәйкес жарамдылығы, заңдылығы немесе орындалатыны қандай да бір түрде қозғалмауға немесе бұзылмауға тиіс деп көзделген.
"Евромакс" ЖШҚ-ның көрсетілген дәлелдері дәйексіз болып табылады және назарға алынбауға тиіс, өйткені Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі 422-бабының 1-бөлігіне сәйкес шарт тараптар үшін оны жасасу кезінде қолданылған заңмен және өзге де құқықтық актілермен (императивті нормалармен) белгіленген, міндетті қағидаларға сәйкес келуге тиіс. Көрсетілген баптың 2-бөлігіне сәйкес, егер шарт жасалғаннан кейін шарт жасасу кезінде қолданыста болған, тараптар үшін міндетті болып табылатын қағидалардан өзгеше қағидалар белгілейтін заң қабылданса, жасалған шарттың талаптары, заңда оның күші бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылатыны белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің күшін сақтайды. Осылайша, "Евромакс" ЖШҚ Cochlear Europe-мен және VMG Partners LTD жасасқан 2013 жылғы 1 желтоқсандағы эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісімде "Евромакс" ЖШҚ-ның Ресей Федерациясы аумағында Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізетіні және аталған аумақтан тыс жерде өткізбейтіні туралы ережелер қамтылған, олар күші жойылған деп танылуға тиіс. Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі 422-бабының ережелерін ескере отырып, қаралып жатқан келісімнің 21.2-тармағы ережелерінің күші жойылады. Бәсекелестікті шектейтін келісімдерге тыйым салу императивті талап болып табылатындықтан, аталған келісім - өзгертілуге, ал қаралып отырған келісімнің 21.2-тармағы Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы күшіне енген күннен бастап жарамсыз деп танылуға тиіс. Дегенмен Шарт күшіне енген күннен бастап келісімнің осы ережелерінің жарамсыз деп танылғаны туралы дәлелдемелер ұсынылған жоқ.
Сонымен қатар Шарттың 76-бабы 3-тармағы 3-тармақшасының және Хаттаманың 2-тармағы 15 - 17) тармақшаларының ережелерінен Одақтың құқығында мұндай келісімдердің мүше мемлекеттің азаматтық заңнамасы талаптарына, оның ішінде көрсетілген келісім ережелерінің маңызсыздығы және (немесе) жарамсыз деп танылуы бөлігінде сәйкес келуге тиіс екендігі көзделмегенін байқауға болады.
Ресей Федерациясы Шартты "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" 2014 жылғы 3 қазандағы № 279-ФЗ Федералдық заңмен ратификациялады және Шарт Ресей Федерациясы үшін 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді.
"Евромакс" ЖШҚ 2013 жылғы 1 желтоқсандағы эксклюзивті емес дистрибьюторлық келісімнің Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзатын ережелерінің күші жойылғанына және өз қолданысын тоқтатқанына дәлелдемелер ұсынбады.
"Евромакс" ЖШС-нің Cochlear Europe өндірісінің өнімдерін сатып алу мәселесі бойынша Беларусь Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (нарық субъектілеріне) (2013 жылы, 2015 жылы және 2016 жылы "Вялес-ЛТД" жауапкершілігі шектеулі қоғамына және 2016 – 2018 жылдары "Тулевику Медицинос" жауапкершілігі шектеулі қоғамына) және Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (нарық субъектілеріне) (2017 жылы "Pharm Express" ЖШС-ге) жүгінгені туралы дәлелі назарға алынбайды, өйткені көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілермен (нарық субъектілерімен) жасалған шарттардың нысанасы "Евромакс" ЖШС-ның бұрын анықталмаған тауар көлеміне қатысты Cochlear Europe-мен және VMG Partners LTD-мен ұзақ мерзімді ынтымақтастығын көздейтін келісім емес, Cochlear Europe өндірісінің өнімдерін жеткізу болып табылады. Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) "Евромакс" ЖШҚ-ның атына көрсетілген шарттар бойынша көрсетілген өнімді өткізуді жүзеге асырды. Бұл берілімдер жүйесіз болды, көлемі мен уақыты бойынша шектеулі сипатта болды, аз көлемде жүзеге асырылды, бұл тауарды өткізу кезінде "Евромакс" ЖШҚ-ның осы тауарды Ресей Федерациясынан тыс жерде өткізбеуге міндеттенген келісімге қатыспағанын білдірмейді.
Осылайша, "Ассомедика" ЖШҚ-ның, "Белвивад" ЖШҚ-ның, "Pharm Express" ЖШС-ның, "СПП "ВЕК" ЖШС мен "Евромакс" ЖШҚ-ның мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тыйым салынған тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысу фактісі анықталды.
Дара кәсіпкер К.В Белыйдың, Е.И. Подосиновиктің, С.А. Чечуннің, С.В. Пузыня мен Г.Р. Сахноның Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзатын әрекеттері (әрекетсіздігі) олардың "Ассомедика" ЖШҚ, "Белвивад" ЖШҚ және "Евромакс" ЖШҚ шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) басшылары бола отырып, мүше мемлекеттредің заңнамасына және көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) құрылтай (жарғылық) құжаттарына сәйкес өздері басқаратын заңды тұлғалардың Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тыйым салынған келісімге қатысуын тоқтатуға мүмкіндігі бола тұра, аталған қатысуды тоқтатпағанынан, осыған орай Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзатын әрекет (әрекетсіздік) жасағанын көрінді.
"Pharm Express" ЖШС ұсынған ақпаратқа сәйкес зерттеліп жатқан бұзушылық кезеңінде "Pharm Express" ЖШС атынан келісімдерді жасасу және іске асыру бойынша қызметті жүзеге асыруға "Pharm Express" ЖШС атынан уәкілеттік берілген адам А.З. Абдразаков болып табылған, осыған байланысты А.З. Абдразаков "Pharm Express" ЖШС-ның Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тыйым салынған келісімге қатысуынан көрінген әрекетті (әрекетсіздікті) жасаған.
Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу туралы істі қарау аясында дара кәсіпкер К.В Белый, Е.И. Подосиновик, С.А. Чечун мен Г.Р. Сахно өз әрекеттерінде Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзушылықтың болу фактісімен келіспейтіні туралы ұсыным ұсынды, В.Б. Гребенников, А.З. Абдразаков және С.В. Пузыня бұзушылық фактісімен келісетіні немесе келіспейтіні туралы ұсынымын ұсынбады.
Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізудің, оның ішінде көрсетілген сөйлеу процессорларына кейіннен кепілдікті және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету ерекшеліктері бар екені анықталды.
Мәселен мүше мемлекеттің дистрибьюторы Cochlear Europe өндірісі кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізген жағдайда, оларға кейіннен кепілдікті қызмет көрсетуді дәл осы дистрибьютор дәл осы мүше мемлекеттің аумағында жүзеге асырған. Көрсетілген сөйлеу процессорына кейіннен кепілдікті және кепілдіктен кейінгі қызметті де көрсететін сатушысын мүше мемлекеттің аумағына байлап қою түпкі тұтынушылардың – мүше мемлекеттер азаматтарының мүдделеріне қысым жасауға алып келеді (алып келуі мүмкін). Айталық, мысалы, кейіннен кепілдікті және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорының бағдарламалық қамтылымын жаңарту мүмкіндігін болжайды, бұл, оның ішінде дистрибьюторды тарта отырып жүзеге асырылады, бұл соңғысының бәсекелестікке қарсы келісімнің өзге қатысушыларымен (дистрибьюторлармен) бәсекелестікке қарсы келісімге ие бола отырып, басқа дистрибьютор өткізетін процессорларға қызмет көрсетпеуіне мүмкіндік береді.
Түпкі тұтынушының кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорын сатып алуы және оны дистрибьютордың орнатуы түпкі тұтынушы үшін басқа мүше мемлекеттің өнім берушісінен сатып алынған тауар кейіннен өзінің мүше мемлекетінде осындай қызмет көрсетуді жүзеге асыра алатын дистрибьютор болса да, сол өнім берушіде қызмет көрсетілуге тиіс болатын қосымша шығын шығару қажеттігінен көрінетін теріс салдарларды туындатады (туындатуы мүмкін).
Осы айтылғандарды ескере отырып, "Ассомедика" ЖШҚ-ның, "Белвивад" ЖШҚ-ның, "Pharm Express" ЖШС-ның, "СПП "ВЕК" ЖШС мен "Евромакс" ЖШҚ-ның Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тыйым салынған келісімдерге қатысу фактісі өзінің растауын тапты.
Комиссия Алқасы Хаттаманың 10-тармағының 3) тармақшасын, Істерді қарау тәртібінің 44-тармағын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 Шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдарды есептеу әдістемесі мен салу тәртібін (бұдан әрі – Айыппұлдарды есептеу әдістемесі мен салу тәртібі) басшылыққа ала отырып шешті:
1. Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу туралы істің қаралуын тоқтату үшін Істерді қарау тәртібінің 46-тармағында көзделген негіздер жоқ деп танылсын.
2. "Ассомедика" ЖШҚ-ның мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысуынан көрінген әрекеттері (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу деп танылсын.
3. "Белвивад" ЖШҚ-ның мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысуынан көрінген әрекеттері (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу деп танылсын.
4. "Pharm Express" ЖШС-ның мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысуынан көрінген әрекеттері (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу деп танылсын.
5. "СПП "ВЕК" ЖШС-ның мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысуынан көрінген әрекеттері (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу деп танылсын.
6. "Евромакс" ЖШҚ-ның мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысуынан көрінген әрекеттері (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу деп танылсын.
7. С.А. Чечуннің (2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 6 маусымға дейін – "Белвивад" ЖШҚ-ның директоры, "Белвивад" ЖШҚ-ның жеке-дара атқарушы органы өкілеттіктерін жүзеге асырған) мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысудан көрінген әрекеттері (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу деп танылсын.
8. Дара кәсіпкер К.В. Белыйдың (2017 жылғы 7 маусымнан 2018 жылғы 30 қыркүйекке дейін "Белвивад" ЖШҚ-ның басқарушысы, "Белвивад" ЖШҚ-ның жеке-дара атқарушы органы өкілеттіктерін жүзеге асырған) мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысудан көрінген әрекеттері (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу деп танылсын.
9. С.В. Пузыняның С.В. (2016 жылғы 1 қаңтардан 2016 жылғы 11 тамызға дейін "Ассомедика" ЖШҚ-ның директоры, "Ассомедика" ЖШҚ-ның жеке-дара атқарушы органы өкілеттіктерін жүзеге асырған) мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысудан көрінген әрекеттері (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу деп танылсын.
10. Е.И. Подосиновиктің (2016 жылғы 12 тамыздан 2018 жылғы 30 қыркүйекке дейін "Ассомедика" ЖШҚ-ның директоры, "Ассомедика" ЖШҚ-ның жеке-дара атқарушы органы өкілеттіктерін жүзеге асырған) мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысудан көрінген әрекеттері (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу деп танылсын.
11. В.Б. Гребенниковтың В.Б. (2017 жылғы 30 маусымнан 2018 жылғы 30 қыркүйекке дейін "СПП "ВЕК" ЖШС-ның директоры, "СПП "ВЕК" ЖШС-ның жеке-дара атқарушы органы өкілеттіктерін жүзеге асырған) мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысудан көрінген әрекеттері (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу деп танылсын.
12. А.З. Абдразаковтың (2016 жылғы 1 маусымнан 2018 жылғы 30 қыркүйекке дейін "Pharm Express" ЖШС-ның әкімшісі, оның лауазымдық міндеттеріне "Pharm Express" ЖШС жасасатын өнімді сатып алу шарттары бойынша жұмыс кіреді) мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысудан көрінген әрекеттері (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу деп танылсын.
13. Г.Р. Сахноның (2016 жылғы 1 қаңтардан 2018 жылғы 30 қыркүйекке дейін "Евромакс" ЖШҚ-ның бас директоры, "Евромакс" ЖШҚ-ның жеке-дара атқарушы органы өкілеттіктерін жүзеге асырған) бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес болып табылатын мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасында тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге алып келген немесе алып келуі мүмкін келісімге қатысудан көрінген әрекеттері (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзу деп танылсын.
14. Осы Шешімнің 2 – 13-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға Шарттың 76-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын бұзатын әрекеттер (әрекетсіздік) жасауын тоқтату, оның ішінде:
тауар нарығын аумақтық қағидат не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге әкеп соғатын және (немесе) әкеп соғуы мүмкін, бір немесе бірнеше құжатта қамтылған, жазбаша, сондай-ақ ауызша нысанда жасалған кез келген уағдаластықтарды бұзу және орындамау, оның ішінде бұрын жасалған дистрибьюторлық және өзге де келісімдерден көрсетілген ережелерді алып тастау;
өз қызметін жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің кез келгенінің аумағында тіркелген және (немесе) қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға ынтымақтастықтан бас тартпау және (немесе) өзгеше түрде артықшылық көрсетпеу;
Cochlear Europe өндірісінің кохлеарлық импланттау жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізу (сатып алу), оның ішінде оларға қызмет көрсету мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің кез келген шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (нарық субъектілеріне) жүгіну мүмкіндігі туралы тұтынушыларға (әлеуетті тұтынушыларға) арналған ақпаратты жалпыға бірдей қолжетімді тәсілмен хабарлау және орналастыру міндеттелсін.
15. Айыппұлдарды есептеу әдістемесі мен салу тәртібіне және Хаттаманың 16-тармағына сәйкес:
жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың (Комиссия Істерді қарау тәртібіне сәйкес Шарттың 76-бабында көзделген трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзды деп таныған заңды тұлғаның, лауазымды адамның, дара кәсіпкердің немесе жеке тұлғаның трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзуды өз еркімен тоқтатуы, құқық бұзушының келтірілген залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды өз еркімен жоюы, құқық бұзушының Хаттамаға сәйкес Комиссияға трансшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу туралы өз еркімен хабарлауы, құқық бұзушының трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу туралы істі қарау кезінде Комиссияға көмек көрсетуі, құқық бұзушының бұзушылықтың зиянды салдарларын болғызбауы, бәсекелестік қағидаларын бұзған заңды тұлғаның бәсекелестікті шектейтін келісімдерді немесе келісілген әрекеттерді ұйымдастырушы болып табылмайтынын және (немесе) оларға қатысу жөнінде орындалуы міндетті нұсқау алғанын растаудың болуы), және жауаптылықты ауырлататын (құқық бұзушының трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын ұзақ уақыт бұзуы) мән-жайларының болуы ескеріле отырып, мыналарға:
"Ассомедика" ЖШҚ-ға 100 000 ресей рублі мөлшерінде айыппұл;
"Pharm Express" ЖШС-ға 381 005 ресей рублі 28 тиын мөлшерінде айыппұл;
"СПП "ВЕК" ЖШС-ға 100 000 ресей рублі мөлшерінде айыппұл тағайындалсын;
жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың (Комиссия Істерді қарау тәртібіне сәйкес Шарттың 76-бабында көзделген трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзды деп таныған заңды тұлғаның, лауазымды адамның, дара кәсіпкердің немесе жеке тұлғаның трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзуды өз еркімен тоқтатуы, құқық бұзушының келтірілген залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды өз еркімен жоюы, құқық бұзушының трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу туралы істі қарау кезінде Комиссияға көмек көрсетуі, құқық бұзушының бұзушылықтың зиянды салдарларын болғызбауы, бәсекелестік қағидаларын бұзған заңды тұлғаның бәсекелестікті шектейтін келісімдерді немесе келісілген әрекеттерді ұйымдастырушы болып табылмайтынын және (немесе) оларға қатысу жөнінде орындалуы міндетті нұсқау алғанын растаудың болуы) және жауаптылықты ауырлататын (құқық бұзушының трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын ұзақ уақыт бұзуы) мән-жайларының болуы ескеріле отырып, мыналарға:
"Белвивад" ЖШҚ-ға 175 085 ресей рублі 54 тиын мөлшерінде айыппұл;
"Евромакс" ЖШҚ-ға 3 655 896 ресей рублі 25 тиын мөлшерінде айыппұл тағайындалсын;
жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың (Комиссия Істерді қарау тәртібіне сәйкес Шарттың 76-бабында көзделген трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзды деп таныған заңды тұлғаның, лауазымды адамның, дара кәсіпкердің немесе жеке тұлғаның трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзуды өз еркімен тоқтатуы, құқық бұзушының келтірілген залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды өз еркімен жоюы, құққы бұзушының трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу туралы істі қарау кезінде Комиссияға көмек көрсетуі, құқық бұзушының бұзушылықтың зиянды салдарларын болғызбауы) және жауаптылықты ауырлататын (құқық бұзушының трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын ұзақ уақыт бұзуы) мән-жайларының болуы ескеріле отырып, мыналарға:
С.А. Чечунге 66 041 ресей рублі 67 тиын мөлшерінде айыппұл;
К.В. Белыйға 66 041 ресей рублі 67 тиын мөлшерінде айыппұл;
С.В. Пузыняға 66 041 ресей рублі 67 тиын мөлшерінде айыппұл;
Е.И. Подосиновикке 66 041 ресей рублі 67 тиын мөлшерінде айыппұл;
В.Б. Гребенниковқа 66 041 ресей рублі 67 тиын мөлшерінде айыппұл;
А.З. Абдразаковқа 66 041 ресей рублі 67 тиын мөлшерінде айыппұл;
Г.Р. Сахноға 66 041 ресей рублі 67 тиын мөлшерінде айыппұл тағайындалсын.
Осы Шешіммен тағайындалған айыппұлдар Хаттаманың 17 және 18-тармақтарында белгіленген тәртіппен төленуге жатады.
16. Осы Шешімнің 2 – 6-тармақтарында көрсетілген тұлғалар осы Шешім күшіне енген күннен бастап бір айлық мерзімде осы Шешімнің 14-тармағының орындалғаны туралы ақпарат ұсынатын болсын.
17. Осы Шешімге белгіленген тәртіппен Одақтың Сотына шағым жасауға болады.
18. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |