Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерді орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 89 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерді уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды енгізу бөлігінде орындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ресей Федерациясына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілген және тіркелген, ветеринариялық қолдануға арналған дәрілік препараттардың жеткізілімдеріне уақытша шектеулер енгізу кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 2-тармағын, 29-бабының 2-тармағын және Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ереженің 3.13-тармағын орындау қажеттігі туралы хабарлама білдірілсін.

      2. Ресей Федерациясының Үкіметінен қабылданған шаралар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде хабардар ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады