Беларусь Республикасында тыныс алу органдарын қорғау құралдарына (жеке қолдануға арналған бетперделер) және дезинфекциялаушы (бактерияға қарсы, зарарсыздандырушы) құралдарға (соның ішінде гельдер, спрейлер) арналған бағаларды мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 91 шешімі

      Беларусь Республикасының 2020 жылғы 22 маусымда келіп түскен Беларусь Республикасының аумағында Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 27 қаулысымен енгізілген тыныс алу органдарын қорғау құралдарына (жеке қолдануға арналған бетперделер) және дезинфекциялаушы (бактерияға қарсы, зарарсыздандырушы) құралдарға (соның ішінде гельдер, спрейлер) арналған бағаларды мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы өтінішіне байланысты және Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 82-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Беларусь Республикасында тыныс алу органдарын қорғау құралдарына (жеке қолдануға арналған бетперделер) және дезинфекциялаушы (бактерияға қарсы, зарарсыздандырушы) құралдарға (соның ішінде гельдер, спрейлер) арналған бағаларды мемлекеттік реттеу мерзімін 90 күнге – 2020 жылғы 7 шілдеден бастап қоса алғанда 2020 жылғы 4 қазанға дейін ұзартуға келісім білдірілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 7 шілдеден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады