Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 18 тапсырмасын орындау туралы" 2020 жылғы 17 шілдедегі № 3 шешімін орындау үшін, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 18, 30-тармақтарын және 43-тармағының 3-тармақшасын, Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 10-тармағының 3-тармақшасын басшылыққа ала отырып және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылғаны үшін айыппұлдарды есептеу әдістемесі мен салу тәртібінің 12 және 13-тармақтарын назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Трансшекаралық нарықта бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы № 22-АС-01 іс бойынша бәсекелестік қағидаларының бұзылуы белгілерін жою туралы мәселе реттелген деп танылсын.
2. "Новолипецк металлургия комбинаты" жария акционерлік қоғамына (398040, Ресей Федарациясы, Липецк облысы, Липецк қаласы, Металлургтер алаңы, 2-үй), "ВИЗ-Сталь" жауапкершілігі шектеулі қоғамға (620219, Ресей Федерациясы, Свердлов облысы, Екатеринбург қаласы, Киров көшесі, 28-үй), "Новолипецк металлургия комбинаты" жария акционерлік қоғамының лауазымды адамдарына қатысты трансшекаралық нарықта бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы № 22-АС-01 іс тоқтатылсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Трансшекаралық нарықта бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы № 22-АС-01 іс бойынша 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 76-бабының бұзылуы туралы фактіні анықтау туралы" 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 130 шешімінің күші жойылды және оның құқықтық салдары жоқ деп танылсын.
4. Осы Шешімге белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одақ Сотына шағым жасауға болады.
5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |