Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық талаптардың 18-тарауына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 103 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық талаптардың 18-тарауына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) атауы ", шегірткелердің, энтомофаг-жәндіктердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) бірінші абзац "жапырақ кескіш аралар" деген сөздерден кейін ", шегірткелер, энтомофаг жәндіктер" деген сөздермен толықтырылсын;

      в) үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Өңірлендіруге сәйкес әкімшілік аумақта немесе шаруашылық аумағында соңғы 24 ай ішінде акарапидозы, америкалық шірігі, тропилелапсозы, Aethina tumida қоңызы, еуропалық шірігі, нозематозы, варроатозы (акрацидтерге төзімді таскене түрінің болуы), локустакарозы, критидиозы, аспергиллезі, сферуляриозы, вирустық асқынған параличі, кашмир вирусы, энтопокс вирусы, өсіру үшін арналған үй-жайларда көбейіп кететін таскенелері, сондай-ақ меллитобилері, бракониді, кептірілген жемістер көбелектері (Vitula egmandsae), грегаринозы, спироплазмозы, миоздары (сенотаинозы), түкті аралар мен аралар үшін ортақ аскосферозы жоқ экспорттаушы елдердің қолайлы шаруашылықтарынан және экспорттаушы елдердің әкімшілік аумақтарынан шығарылатын дені сау шегірткелер мен энтомофаг жәндіктерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) мүше мемлекеттер арасында өткізуге рұқсат етіледі.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады