Беларусь Республикасында әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 6 қазандағы № 123 шешімі

      Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 30 қаулысымен Беларусь Республикасында енгізілген әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы Беларусь Республикасынан 2020 жылғы 14 қыркүйекте келіп түскен өтінішке байланысты және Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 82-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Беларусь Республикасында әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу мерзімін 77 күнге – 2020 жылғы 16 қазаннан бастап қоса алғанда 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартумен келісілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 16 қазаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады