Кептірілген кокос жаңғақтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 20 қазандағы № 131 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  ЕАЭО СЭҚ ТН 0801 11 000 0 кодымен сыныпталатын кептірілген кокос жаңғақтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін кедендік құннан 0 % мөлшерінде белгіленсін.

      2.  Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) төртінші графадағы ЕАЭО СЭҚ ТН 0801 11 000 0 коды бар позиция ескертуге "81С)" сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 81С ескертумен толықтырылсын:

      "81С) Кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшерінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 20 қазандағы № 131 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2023 жылға дейін қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады