Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 033/2013) өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 13 қарашадағы № 144 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мынадай:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 62 шешімі күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 033/2013) өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 10 шілдедегі № 62 шешімімен өзгерістер енгізілген сүт өнімдерінің Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде (КО ТР 033/2013) белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2022 жылғы 13 ақпаннан кешіктірілмей жарамды болады;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналысқа шығарылған, осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген өнімнің айналысына оны дайындаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады