Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына, 147-бабының 5-тармағына, 112-бабының 1, 2, 3 және 6-тармақтарына, 260-бабының 3-тармағына және 263-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 155 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 8 шешімінің 2-тармағының екінші абзацында "2021 жылғы 1 қаңтардан" деген сөздер "2021 жылғы 1 сәуірден" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы" 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешімінің 4-тармағының екінші абзацында "2021 жылғы 1 ақпаннан" деген сөздер "2021 жылғы 1 сәуірден" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификаты туралы" 2019 жылғы 19 қарашадағы № 199 шешімінің 2-тармағында "2021 жылғы 1 желтоқсаннан" деген сөздер "2022 жылғы 1 сәуірден" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатының құрылымы мен форматы туралы" 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 3 шешімінің 2-тармағында "2021 жылғы 1 желтоқсаннан" деген сөздер "2022 жылғы 1 сәуірден" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 47 шешімінің 2-тармағында "2021 жылғы 1 ақпаннан" деген сөздер "2021 жылғы 1 сәуірден" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 48 шешімінің 2-тармағында "2021 жылғы 1 ақпаннан" деген сөздер "2021 жылғы 1 сәуірден" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 49 шешімінің 2-тармағында "2021 жылғы 1 ақпаннан" деген сөздер "2021 жылғы 1 сәуірден" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жолаушылар кедендік декларациясының құрылымы мен форматы туралы" 2020 жылғы 12 мамырдағы № 63 шешімінің 2-тармағында "2021 жылғы 1 ақпаннан" деген сөздер "2021 жылғы 1 сәуірден" деген сөздермен ауыстырылсын.