Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 49 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 112-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы "Тасымалдаушы жолаушы кедендік декларациясын пайдалана отырып, экспресс-жүк ретінде жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы" № 158 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 16 сәуірдегі
№ 49 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 шешіміне енгізілетін өзгерістер ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кіріспеде "109-бабының" деген сөздерден кейін ", 112-бабының 6-тармағына" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын түзету нысанын;

      Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын түзетуді толтырудың тәртібі.".

      3. Мынадай мазмұндағы экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын түзету нысанымен толықтырылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 16 қазандағы
№158 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын түзету НЫСАНЫ

Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын түзету

Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша)

Алушы (жалпы жүкқұжат бойынша)

A

ЭЖКЖД

Ерекшелігі

Алдыңғы құжат

Парақтар саны

Жалпы мәліметтер

Тауарлар туралы мәліметтер

Құжаттар туралы мәліметтер

Өзгерістер коды

Р/с

Жалпы жүкқұжат

Жеке жүкқұжат

Жеке жөнелтуші1

Жеке
алушы2

Р/с

Атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Саны

Салмағы брутто

Валюта, құны

Валюта, мүше мемлекет валютасы құны

Код,
белгі

Күні,
нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1

























Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)







2

























Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)





























Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)





























Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)









Барлығы экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)








ЭЖКЖД толтырған адам туралы мәліметтер, күні

C

D

      ___________

      1 Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткен кездегі декларант

      2 Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген кездегі декларант.".

      4. Мынадай мазмұндағы Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын түзетуді толтырудың тәртібімен толықтырылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 16 қазандағы
№158 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын толтырудың ТӘРТІБІ

      Осы Тәртіп экспресс жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясында (бұдан әрі – ЭЖКЖД) мәлімделген мәліметтерді және қағаз жеткізгіштегі ЭЖКЖД электрондық түрдегі мәліметтерді өзгерту (толықтыру) кезінде пайдаланылатын қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі және электрондық құжат түріндегі экспресс жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясына түзетуді (бұдан әрі – ЭЖКЖДТ) толтыру қағидаларын айқындайды.

      2. ЭЖКЖДТ электрондық құжат түрінде Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын құрылымға сәйкес толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖДТ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 Шешімімен бекітілген нысан бойынша толтырылады.

      3. ЭЖКЖДТ толтыру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және қолдануға жататын, кеден мақсаттары үшін пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.

      4. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін графа деп электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖДТ құрылымының деректемесі немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖДТ нысанының кіші бөлімдерді, колонкаларды (бағандарды), элементтерді қамтуы мүмкін құрылымдық бірлігі түсініледі. Осы Тәртіпке сәйкес бір графада бір белгі бойынша біріктірілген мәліметтер көрсетіледі.

      5. Электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖДТ-да ЭЖКЖДТ-ны автоматтандырылған өңдеу үшін қажетті техникалық сипаттағы мәліметтер қамтылуы мүмкін. Мұндай мәліметтерді ақпараттық жүйе қалыптастырады. Көрсетілген мәліметтердің құрамы электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖДТ құрылымында айқындалады.

      Техникалық сипаттағы мәліметтер ЭЖКЖД-ның қағаз көшірмесін басып шығару кезінде электрондық құжат түрінде көрсетілмейді.

      6. ЭЖКЖДТ-ның қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі толтырылатын даналарының саны және оларды бөлу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақ Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 158 Шешімімен бекітілген экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын (бұдан әрі – ЭЖКЖД толтыру Тәртібі) толтырудың белгіленген Тәртібіне және ЭЖКЖД даналарының санына сәйкес келеді.

      7. ЭЖКЖДТ ЭЖКЖД-да мәлімделген, олар туралы мәліметтер өзгертілетін (толықтырылатын) тауарларға қатысты толтырылады.

      ЭЖКЖДТ-ның графалары толтыру қағидалары осы Тәртіппен белгіленген, ЭЖКЖДТ-ның жекелеген графаларын қоспағанда, ЭЖКЖД толтыру Тәртібімен белгіленген ЭЖКЖД графаларын толтыру қағидаларына сәйкес толтырылады.

      8. ЭЖКЖДТ қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде баспа құрылғыларын пайдалана отырып, кіші әріптермен толтырылады және өшірулер, қолмен жөнделген жерлер мен түзетулер болмауы тиіс.

      9. "Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша)", "Алушы (жалпы жүкқұжат бойынша)", "А", "ЭЖКЖДТ", "Ерекшелік", "Алдыңғы құжат" және "Парақтар саны" графалары қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖДТ-ның бірінші парағына орналастырылады.

      Егер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-ны толтыру кезінде "Жалпы мәліметтер", "Тауарлар туралы мәліметтер", "Құжаттар туралы мәліметтер", "Ескертпе" деген графалардағы, "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)" және "Барлығы экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)" деген жолдардағы мәліметтерді көрсету үшін орын жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖД-ның ажырамас бөлігі болып табылатын А4 форматындағы қағаздың екінші және келесі парақтарында көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖДТ екінші және келесі парақтарын толтыру кезінде:

      барлық парақтар (біріншіден басқа) нөмірленуге тиіс (нөмір парақтың жоғарғы ақ шетінің ортасына қойылады);

      әрбір парақтың төменгі оң жақ бұрышына ЭЖКЖД толтырған адам қол қояды және егер ЭЖКЖДТ-ны кеден өкілі толтырса және мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кеден өкілінің мөрі, не егер ЭЖКЖДТ-ны кеден органының лауазымды адамы толтырса, кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрі болуы тиіс болса, кеден өкілінің мөрін басу жолымен куәландырылады.

      "ЭЖКЖДТ-ны толтырған адам туралы мәліметтер, күні", "С" және "D" графалары ЭЖКЖДТ-тің соңғы парағының сырт жағында қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде орналастырылады.

      10. Міндетті түрде "Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша)" (Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлар үшін), "Алушы (Жалпы жүкқұжат бойынша)" (Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар үшін), "А", "ЭЖКЖДТ" (электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖДТ үшін), "Ерекшелік" (егер графа ЭЖКЖД-да толтырылған болса), "Парақтар саны" (қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖДТ үшін), "Жалпы мәліметтер" (егер графа ЭЖКЖДТ-да толтырылған болса) графасының 1 және 3-колонкалары "(Беларусь Республикасы үшін), "ЭЖКЖДТ-ны толтырған адам туралы мәліметтер, күні "(ЭЖКЖДТ-ты кеден органының лауазымды адамы толтырған жағдайды қоспағанда) және "D", сондай-ақ өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін ЭЖКЖД графаларына сәйкес келетін ЭЖКЖДТ-ның графалары толтырылады.

      ЭЖКЖД-ның "Жалпы мәліметтер" графасының 4 және (немесе) 5-колонкаларында мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген кезде, ЭЖКЖДТ-де сондай-ақ "Жалпы мәліметтер" графасының 1 және 3-колонкалары толтырылады.

      ЭЖКЖД-ның "Тауарлар туралы мәліметтер", "Құжаттар туралы мәліметтер" графаларына мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген кезде, бір жеке жүкқұжаттың шеңберінде ең болмағанда бір тауар бойынша, сондай-ақ "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)" деген жолда осы өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, ЭЖКЖДТ-де "Жалпы мәліметтер", "Тауарлар туралы мәліметтер", "Құжаттар туралы мәліметтер", "Өзгерістер коды" деген графалардада, "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)" деген жолда, сондай-ақ "Барлығы экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)" деген жолда (егер енгізілетін өзгерістер (толықтырулар) осы жолда көрсетілуге жататын мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) әкеп соқтырса) көрсетілуге жататын жеке жүкқұжат бойынша барлық мәліметтер көрсетіледі.

      "Барлығы экспресс жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)" деген жолда ЭЖКЖД-да мәлімделген өзге де мәліметтерді, ЭЖКЖД-де мәлімделген өзге де мәліметтерді өзгертумен (толықтырумен) байланысты емес өзгерістер (толықтырулар) енгізілген кезде, ЭЖКЖДТ-де енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, осы жолда көрсетілуге жататын мәліметтер және "Жалпы мәліметтер", "Тауарлар туралы мәліметтер", "Құжаттар туралы мәліметтер", "Өзгерістер коды" графаларында және "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)" жолында көрсетілуге жататын барлық жеке жүкқұжаттар бойынша мәліметтер толтырылады.

      11. "ЭЖКЖД" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графаның сол жақ кіші бөлімі ЭЖКЖД толтыру Тәртібімен белгіленген "ЭЖКЖД" графасын толтыру қағидаларына сәйкес толтырылады.

      "ЭЖКЖД" графасының құқықтық кіші бөліміне сәйкес келетін ЭЖКЖДТ құрылымының деректемесінде электрондық құжат түрінде ЭЖКЖДТ толтырған кезде "ЭҚ" аббревиатурасы көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖДТ толтыру кезінде графаның оң жақ кіші бөлімі толтырылмайды.

      12. "Парақтар саны" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      ЭЖКЖДТ-ны электрондық құжат түрінде толтырған кезде графа толтырылмайды. Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ЭЖКЖДТ толтырылған кезде графада ЭЖКЖДТ парақтарының жалпы саны көрсетіледі.

      13. "Тауарлар туралы мәліметтер" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      6-колонкада ЭЖКЖД-ның "Тауарлар туралы мәліметтер" графасының 6-колонкада көрсетілген тауардың реттік нөмірі қойылады.

      Егер ЭЖКЖД-да көрсетілген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) нәтижесінде жеке жүкқұжат шеңберінде тауарлардың саны ұлғайтылса, онда ЭЖКЖД-да бұрын көрсетілмеген тауарға қатысты ЭЖКЖД-да мәлімделген соңғы тауардың реттік нөмірінен кейінгі реттік нөмір және жеке жүкқұжат шеңберінде ЭЖКЖД-да мәлімделген соңғы тауардың реттік нөмірінен кейінгі реттік нөмір "/" бөлгіш белгісі арқылы қойылады.

      Егер ЭЖКЖД-да көрсетілген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) нәтижесінде жеке жүкқұжат шеңберінде тауарлардың саны азайтылса, онда ол туралы мәліметтер алынып тасталатын тауарға қатысты ЭЖКЖД-ға сәйкес және "/" 0 "бөлгішінің белгісі арқылы осы тауардың реттік нөмірі қойылады.

      7-колонка енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, ЭЖКЖД-ны толтыру тәртібімен белгіленген ЭЖКЖД-ның "Тауарлар туралы мәліметтер" графасын толтыру қағидаларына сәйкес толтырылады.

      8-колонка енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, ЭЖКЖД толтыру тәртібімен белгіленген ЭЖКЖД-ның "Тауарлар туралы мәліметтер" графасын толтыру қағидаларына сәйкес толтырылады, ал Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген жағдайларда, кедендік төлемдерді есептеу мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауардың кодын кемінде бірінші 4 белгі деңгейінде анықтауға жол берілген жағдайда, ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес кеден органы айқындаған тауардың коды кемінде бірінші 4 белгі деңгейінде көрсетіледі.

      9-12-колонкалар енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, ЭЖКЖД толтыру тәртібімен белгіленген ЭЖКЖД-ның "Тауарлар туралы мәліметтер" графасын толтыру қағидаларына сәйкес толтырылады.

      14. "Құжаттар туралы мәліметтер" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, ЭЖКЖД толтыру тәртібімен белгіленген ЭЖКЖД-ның "Құжаттар туралы мәліметтер" графасын толтыру қағидаларына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) растайтын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      15. "Өзгерістер коды" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графа олар туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін тауарларға қатысты толтырылады, сондай-ақ графада "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)" және "Барлығы экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясы бойынша (жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)" жолдары, егер мұндай жолдар осы Тәртіптің 10-тармағына сәйкес ЭЖКЖДТ-да толтыруға жататын болса, толтырылады.

      Графада мынадай схема бойынша қалыптастырылған 7 таңбалы сандық код көрсетіледі:

      Х / Х / Х / Х / Х / Х / Х ,

      1 2 3 4 5 6 7

      мұнда:

      1-элемент- ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу кезеңі:

      0 – тауарларды шығарғанға дейін;

      1 – тауарларды шығарғаннан кейін;

      2-элемент – ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін негіз болған мән-жайлар:

      0 –кеден өкілінің бастамасы бойынша;

      1 – тауарларды шығарғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нәтижесінде;

      2 – тауарларды шығарғанға дейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нәтижесінде;

      3 – кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау нәтижесінде;

      4 – камералдық кедендік тексеру нәтижесінде;

      5 – көшпелі кедендік тексеру нәтижесінде;

      6 – мүше мемлекеттің сот органы шешімінің күшіне енуі нәтижесінде;

      3-элемент – ЭЖКЖД-да мәлімделген тауарлардың саны (салмағы) туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру):

      0 – өзгерістер (толықтырулар) жоқ;

      1 – мәліметтер өзгертілді (толықтырылды);

      4 элемент-ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауар кодының өзгеруі:

      0 – өзгерістер жоқ;

      5-элемент – ЭЖКЖД-да көрсетілген тауардың құны туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру):

      0 – өзгерістер (толықтырулар) жоқ;

      1 – мәліметтер өзгертілді (толықтырылды);

      6-элемент – кедендік төлемдерді есептеу туралы мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) алып келетін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру):

      0 – өзгерістер (толықтырулар) жоқ;

      1 – мәліметтерді өзгерту (толықтыру) кедендік төлемдерді есептеу туралы мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) әкеп соғады;

      7-элемент – ЭЖКЖД-да көрсетілген өзге де мәліметтерді өзгерту (толықтыру):

      0 – өзгерістер (толықтырулар) жоқ;

      1 – мәліметтер өзгертілді (толықтырылды) (осы элементтің 2 және 3 кодтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда);

      2 – декларацияланатын тауарлардың жалпы санын ұлғайту (тауарды қосу);

      3 – декларацияланатын тауарлардың жалпы санын азайту (тауарды алып тастау).

      Кодтың барлық элементтері "/" бөлгішінің белгісі арқылы көрсетіледі, элементтер арасындағы бос жерлердің болуына рұқсат етілмейді.

      16. "ЭЖКЖДТ толтырған адам туралы мәліметтер, күні" графасында ЭЖКЖДТ толтыру Тәртібімен белгіленген "ЭЖКЖДТ толтырған адам туралы мәліметтер, күні" графасын толтыру қағидаларына сәйкес көрсетілетін ЭЖКЖДТ-ны толтырған адам туралы мәліметтер және ЭЖКЖДТ толтырылған күні қамтылады.

      17. "А" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада мынадай схема бойынша қалыптастырылған ЭЖКЖДТ-ны тіркеу нөмірі көрсетіледі:

      ХХХХХХХХ/ХХХХХХ/ХХХХХХХ/ ХX ,

      1 2

      мұнда:

      1-элемент – мәліметтері өзгертілетін (толықтырылатын) ЭЖКЖД-ны тіркеу нөмірі;

      2-элемент – мәліметтері өзгеретін (толықтырылатын) ЭЖКЖД-ге қатысты ЭЖКЖДТ-ның реттік нөмірі) (ЭЖКЖДТ-ты өзгертетін (толықтыратын), бірінші ЭЖКЖДТ үшін "01" нөмірінен бастап).

      Кеден органының лауазымды адамы қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖКЖДТ-ны тіркеу нөмірінің астында күнін көрсетеді, ал тауарлар шығарылғанға дейін мәліметтер өзгерген (толықтырылған) жағдайда, кеден өкілі ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтініштің берілген уақытын, не егер мұндай өтініш талап етілмеген жағдайда, ЭЖКЖДТ берілген күнін де көрсетіледі.

      ЭЖКЖДТ-ны қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген кезде, графада көрсетілген мәліметтер жеке нөмірлік мөр бедерін қоя отырып, ЭЖКЖДТ-ны тіркеген кеден органы лауазымды адамының қолымен куәландырылады.

      18. "D" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы ақпарат мынадай белгі түрінде көрсетіледі: "________ графалар (колонкалар, жолдар) түзетілді": (жеке жүкқұжаттың нөмірін, тауардың реттік нөмірін, ЭЖКЖД-ның графасын (колонкасын, жолын) көрсете отырып).".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады