Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына, 109-бабының 5-тармағына, 112-бабының 1 және 6-тармақтарына, 260-бабы 3-тармағының екінші абзацына және 263-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Жолаушыларға арналған кедендік декларацияның нысаны;

      Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру және жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгеруіне (толықтырылуына) байланысты кедендік декларацияларды жасау тәртібі бекітілсін.

      2. Мынадай:

      а) кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған өзге тауарлар болған кезде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау жолаушыларға арналған кедендік декларацияның жеке бланкісін толтыру жолымен жүзеге асырылады;

      б) жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) аумағынан әкету мақсатында кедендік декларациялаудан өткізген жағдайда, осындай көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелген кезде кеден органы ресімдеген қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация пайдаланылуы мүмкін. Уақытша әкелінген көлік құралы жеке пайдалану үшін шығарылғаннан кейін Одақтың кедендік аумағынан шығару үшін жолаушыларға арналған осындай кедендік декларация декларантқа қайтарылады. Кедендік декларациялауға жататын, жеке пайдалануға арналған өзге тауарлар болған жағдайда, әкету мақсатында оларды кедендік декларациялау жолаушыларға арналған кедендік декларацияның жеке бланкісін толтыру жолымен жүзеге асырылады;

      в) 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарлар туралы мәліметтер көрсетілген тұлғаларды ертіп жүретін тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарлар туралы мәліметтермен бірге жолаушыларға арналған бір кедендік декларацияда көрсетіледі;

      г) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қағаз жеткізгіште беру кеден органына оның электрондық нұсқасын берумен (соның ішінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияны пайдаланған жағдайда) қоса жүрмейді;

      д) егер Одаққа мүше мемлекеттердің тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарында есепке қоюға (тіркеуге) жататын, жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы мәліметтерді және (немесе) жеке пайдалануға арналған осындай тауарларға қатысты мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажет болса, жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарғаннан кейін жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) жүргізіледі деп белгіленсін.

      3. Мыналардың:

      Кеден одағы Комиссиясының "Жолаушыларға арналған кедендік декларацияның нысанын және жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру тәртібін бекіту туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 287 шешімінің;

      Кеден Одағы комиссиясының шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 1-тармағының (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 7 шешіміне қосымша);

      Кеден одағы Комиссиясының жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру кезінде оларды кедендік декларациялау мәселелері жөніндегі шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 1-тармағының (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 115 шешіміне қосымша);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 38 шешімінің 2-тармағы екінші абзацының және Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 3-тармағының (көрсетілген Шешімге қосымша);

      Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 3-тармағының (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 129 шешіміне қосымша);

      Кеден одағы Комиссиясының шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 1-тармағының (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 148 шешіміне қосымша) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Шешім, осы Шешіммен бекітілген Тәртіптің 4157, 59 және 61-тармақтарын қоспағанда, 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

      Осы Шешіммен бекітілген Тәртіптің 4157, 59 және 61-тармақтары 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы міндетін
уақытша атқарушы
К. Минасян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 23 шілдедегі
№ 124 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Жолаушыларға арналған кедендік декларацияның НЫСАНЫ

ЖОЛАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯ

      16 жасқа толған жеке тұлға толтырады.

      Тұжырымды жауап болған жағдайда тиісті жолға "х" немесе "v" белгісі қойылады.

      Жолаушыларға арналған кедендік декларацияның ресімделген нұсқасы ЕАЭО кедендік аумағына уақытша келген барлық кезеңге сақталады және шыққан(қайтқан) кезде кеден органына ұсынылады.

      1. Декларант туралы мәліметтер

      _______________________ ___________________ _________________

      (тегі) (аты) (әкесінің аты)

      __________________________________________________________________________

      (жеке басын куәландыратын құжат (атауы, берген ел, сериясы, нөмірі, берілген датасы))

      __________________________________________________________________________

      (тұрақты тұру (тіркелген) орнының мекенжайы (көлік құралын әкелген (оның ішінде уақытша әкелген) кезде, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдарын әкелген және әкеткен, транзит кезінде толтырылады))

      __________________________________________________________________________

      (ЕАЭО-да уақытша тұру (тіркелген) орнының мекенжайы (көлік құралын әкелген (оның ішінде уақытша әкелген) кезде, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдарын әкелген және әкеткен, транзит кезде шетелдік тұлға толтырады))

      _______________________________________ __________________________

      (жөнелтуші ел) (межеленген ел)

      Менімен бірге 16 жасқа толмаған ______адам ілесіп жүр.

      Менімен бірге, менімен бірге жүрген 16 жасқа толмаған мына адамдармен бірге не менің мекенжайыма мынадай тауарлар мен көлік құралдары өтеді:

      2. Тауарлар мен көлік құралдарының өту тәсілі туралы мәліметтер:

2.1. Қол жүгін қоса алғанда, ілесіп алып жүретін багаж


2.2. Ілесіп алып жүрмейтін багаж (кіретін/шығатын адамнан бөлек келесі багаж) (адам кірген кезде төлемсіз тауарларды әкелу нормасын есепке алу үшін толтырылады)


2.3 Адамның кіруінсіз/шығуынсыз мекенжайына жеткізілетін (қайта салып жіберілетін) тауарлар


      3. Тауарлар туралы мәліметтер:

Әкелу (еркін айналым)


Әкету


Уақытша шығару



Транзит
(жеңілдікпен әкелінетін тауарлар үшін)


3.1.

Қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) баламасы 10 000 $ асатын жол чектері (1 адамға), вексельдер, чектер (банктік чектер), бағалы қағаздар


3.2.

Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінетін тауарлар (жеңілдікпен әкелу)


3.3.

Мөлшері кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелу нормасынан асатын тауарлар, олардың бағасы және (немесе) салмағы


3.4.

Мәдени құндылықтар


3.5.

Азаматтық және қызметтік қарулар, оның негізгі (құраушы) бөліктері, оған арналған оқтар


3.6.

Есірткі құралдары, психотроптық заттар, дәрілік заттар түріндегі олардың прекурсорлары


3.7.

Жануарлар, өсімдіктер


3.8.

Минералогия, палеонтология, жануарлардың қазба сүйектері бойынша коллекциялық материалдар


3.9.

Адамның биологиялық материалдарының үлгілері


3.10.

Оларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер сақталуға жататын және растайтын құжаттары және (немесе) мәліметтері ұсыну талап етілетін басқа да тауарлар


      4. Тауарлар туралы, соның ішінде 3.2 – 3.10 бағандарда көрсетілген қосымша мәліметтер:


р/с

Тауардың атауы мен оның сипаттамасы (сәйкестендіру нөмірі және басқа да айрықша белгілері), кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелу шарттарының сақталғанын растайтын құжаттың және (немесе) шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттың атауы, датасы мен нөмірі, сондай-ақ осындай құжаттарды берген органдардың атаулары

Салмағы (іс жүзінде өткізілген бастапқы ораманы есепке ала отырып) (кг) / саны (л, данасы)

Құны (ЕАЭО-да мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында)









































      5. Көлік құралдары туралы мәліметтер:

Әкелу (еркін айналым)


Уақытша әкету


Шығару
 


Уақытша шығару
 


Транзит
 


Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінетін көлік құралдары


Авто және мотокөлік құралдары
 


Тіркеме
 


      ________________ ______________________ ___________________ ___________________
      (маркасы, моделі) (тіркеу нөмірі, тіркеу елі) (сәйкестендіру нөмірі) (қозғалтқыштың жұмыс көлемі (см3))
      ______________________ ________________ ___________________ __________________
      (шанақ нөмірі) (шасси нөмірі) (дайындалған датасы) (бағасы)
      Су кемесі __________ ______________________ _________ ___________ ___________
      (түрі) (тіркеу нөмірі, тіркеу елі) (бағасы) (массасы (кг)) (корпусының ұзындығы (м))
      Әуе кемесі _______ __________________ ___________ _______________________
      (түрі) (тіркеу нөмірі, тіркеу елі) (бағасы) (бос оқталған аппараттың массасы (кг))
      ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекетте ауыстырылған және есепке алуға (тіркеуге) жатпайтын көлік құралының бөлігі
      _________________________________________________________________
      (атауы, нөмірі)
      Мен жолаушыларға арналған кедендік декларацияда анық емес мәліметтерді хабарлау ЕАЭО мүше мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жауаптылыққа алып келетінін білемін.
      __/__/___ _____ _______________________________________________________________________________
      (датасы) (қолы) (декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаның Т.А.Ә., құжаттың деректемелері)
      ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

:























Қызметтік белгілер үшін М.О.







      Жолаушыларға арналған кедендік декларацияға қосымша
      _______________________________________________________
      (декларанттың тегі, аты, әкесінің аты)
      1. Декларант туралы қосымша мәліметтер:
      __/__/___ ____________________________________________________________________
      (датасы) (визаның нөмірі мен берілген датасы (шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында болуына (тұруына) құқығын растайтын құжаттың деректемелері)

      2. Қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары туралы мәліметтер:

      2.1. Қолма-қол ақша қаражаты және жол чектері:

Қолма-қол ақша қаражаты және жол чектері

Сомасы

Валюта атауы

Банкноттар, қазынашылық билеттері, монеталар







Жол чектері







      2.2. Жол чектерін қоспағанда, ақша құралдары (вексельдер, чектер (банктік чектер), бағалы қағаздар):

Ақша құралының атауы

Эмитенттің атауы (ақша құралын шығарған кім)

Шығарыл
ған датасы

Сәйкестендіруші нөмірі (болған жағдайда)

Номиналды құны немесе сомасы (ЕАЭО мүше мемлекетінің валютасында немесе шетел валютасында), валютаның атауы

Саны (номиналды құны болмаған кезде немесе сомасын анықтау мүмкін болмағанда толтырылады)





































      3. Қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының иесі туралы мәліметтер:

      (егер декларант меншік иесі болып табылмаған жағдайда толтырылады)

Жеке тұлғаның, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес тіркелген дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы

Жеке тұлғаның, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес тіркелген дара кәсіпкердің тұратын орнының мекенжайы немесе заңды тұлғаның орналасқан орны

Сомасы, ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының номиналды құны, валютаның атауы және (немесе) ақша құралдарының саны мен атауы






















      4. Қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының шығу көзі туралы мәліметтер:

Жеке тұлғаның айлық жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен алатын кірістері


Ұйымның жарғылық (акционерлік және т.б.) капиталына қатысудан алынатын дивидендтер және басқа да кірістер


Жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүлікті өткізуден түсетін кірістер
 


Жеке және (немесе) заңды тұлғалардан алынған қайтарымсыз трансферттер (материалдық көмек, гранттар және т.б.)


Зейнетақы, стипендия, әлеуметтік жәрдемақылар, алименттер


Жылжымайтын мүлікті және жер учаскелерін жалға беруден кірістен


Қарыз қаражаты
 


Мұрагерлік


      Өзгелер (көрсету қажет) _________________________________________________________

      5. Қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының болжамды қолданылуы туралы мәліметтер:

Ағымдағы шығыстар (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алу)


Жылжымайтын мүлік сатып алуды қоса алғанда, инвестициялар


Жеке тұлғалардың пайдасына қайтарымсыз трансферттер (материалдық көмек және т.б.)


Заңды тұлғалардың пайдасына қайтарымсыз трансферттер (қайырмалдық, құрбандық жасау және т.б.)


      Өзгелер (көрсету қажет) _________________________________________________________
      6. Қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу маршруты және тәсілі туралы мәліметтер:
      __________________________________ ______________________________________
      (жөнелтуші ел, шыққан даттасы) (межеленген ел, кірген датасы)
      _____________________________________________________________________________
      (транзит елі)
      Қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын ЕАЭО кедендік аумағына әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан әкету жүзеге асырылатын көлік түрі

әуе көлігі


автомобиль көлігі


теміржол көлігі
 


су көлігі


      Өзгелер (көрсету қажет) _________________________________________________________
      Мен жолаушыларға арналған кедендік декларацияда анық емес мәліметтерді хабарлау ЕАЭО мүше мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жауаптылыққа алып келетінін білемін.
      __/__/___ _____ ______________________________________________________________
      (датасы) (қолы) (декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаның Т.А.Ә., құжаттың деректемелері)
      ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

:























Қызметтік белгілер үшін М.О.









  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 23 шілдедегі
№ 124 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру және жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау ТӘРТІБІ

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде, оның ішінде тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған кезде жолаушыларға арналған кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде және қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде пайдаланған жағдайда жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру қағидасын, сондай-ақ жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындайды.

      2. Электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) анықтайтын құрылымға сәйкес толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешімімен бекітілген нысан бойынша толтырылады.

      3. Электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) нормативтік-анықтамалық ақпараты бірыңғай жүйесінің ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ кедендік мақсатта пайдаланылатын, Одақтың мүше (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және қолдануға жататын анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.

      4. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін бағана деп электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемесі (деректемелері) немесе кіші бөлімдерді, жолақтарды (бағандарды), элементтерді, жолдарды қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация нысанының құрылымдық бірлігі түсініледі. Осы Тәртіпке сәйкес бір бағанда бір белгі бойынша біріккен мәліметтер көрсетіледі.

      5. Электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация оны автоматты түрдеу өңдеу үшін қажетті техникалық сипаттағы мәліметтерді қамтуы мүмкін. Мұндай мәліметтер ақпараттық жүйеде қалыптастырылады. Көрсетілген мәліметтердің құрамы электрондық түрдегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның құрамында айқындалады.

      Электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның қағаз көшірмесі басып шығару кезінде қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация нысаны бойынша қалыптастырылады, бұл ретте техникалық сипаттағы мәліметтер көрінбейді.

      6. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация бланкісінің 148 х 210 мм (А5 форматы) немесе 210 х 296 (А4 форматы) мөлшері бар, типографиялық тәсілмен дайындалады немесе бір парақтың екі жағына баспа құрылғыларын пайдалана отырып басып шығарылады.

      7. Осы тармақтың екінші – төртінші абзацтарында айқындалған жағдайларды қоспағанда, қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация 2 данада толтырылады. Бір данасы – кеден органына арналған, оған жолаушыларға арналған кедендік декларация беріледі, ал екіншісі декларантқа арналған.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация 1 данада толтырылуы мүмкін, ол:

      егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай көлік құралы шығарылғаннан кейін кеден органы ресімдейтін құжатты беру көзделсе, жеке пайдалануға арналған авто- және мотоқұрылғыларын;

      Одақтың кедендік аумағына әкелінген, жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялауға жатпайтын тауарларды жеке тұлғаның ниеті бойынша кедендік декларациялау жүзеге асырылған жағдайда, осындай тауарларды кедендік декларациялау кезінде кеден органына арналған.

      8. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 263-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастыру үшін пайдаланылатын жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қоспағанда, жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мыналар:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне № 5 қосымшада айқындалған жағдайларда, декларант, декларантпен бірге жүрген, 16 жасқа толмаған жеке тұлғалар, кеден өкілі, декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлға;

      б) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, тауарлар (атауы, сипаттамасы, килограммен мөлшері және қосымша өлшеу бірліктері, құны);

      в) жеке пайдалануға арналған көлік құралдары (түрі, маркасы, моделі, (сәйкестендіру нөмірін қоса алғанда, сипаттамасы) құны, Одақтың мүшесі болып табылмайтын елде ауыстырылған және мүше мемлекетте есепке алуға (тіркеуге) жататын, жеке пайдалануға арналған көлік құралының бөлігі);

      г) өткізу тәсілі;

      д) Одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Одақтың кедендік аумағында болу не Одақтың кедендік аумағынан шығару мақсаттары;

      е) Кеден кодексінің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;

      ж) қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары;

      з) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтырған адам және оның жасалған датасы туралы мәліметтер көрсетілуге жатады.

      9. Кеден кодексінің 263-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру үшін пайдаланылатын жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мыналар:

      а) № 107 шешімге № 5 қосымшада айқындалған жағдайларда, декларант, кеден өкілі, декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлға;

      б) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, тауарлар (атауы, сипаттамасы, килограммен мөлшері және қосымша өлшеу бірліктері, құны);

      в) жеке пайдалануға арналған көлік құралдары (түрі, маркасы, моделі, (сәйкестендіру нөмірін қоса алғанда) сипаттамасы, құны);

      г) өткізу тәсілі;

      д) кедендік транзиттің кедендік рәсімі;

      е) Кеден кодексінің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;

      ж) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтырған адам және оның жасалған датасы туралы мәліметтер көрсетілуге жатады.

      10. Жолаушыларға арналған кедендік декларацияның және оның қосымшасының барлық бағандарын, жолақтарын және жолдарын ("Қызметтік белгілер үшін" деген жолды қоспағанда) – декларант пен оның атынан кедендік өкіл толтырады, ал № 107 шешімге № 5 қосымшада айқындалған жағдайларда, декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін адам толтырады.

      "Қызметтік белгілер үшін" деген жолды кеден органының лауазымды адамы толтырады.

      11. Жолаушыларға арналған кедендік декларацияға қосымша декларанттың кедендік декларациялауға жататын қолма-қол ақшасы және (немесе) ақша құралы болмаған жағдайда толтырылмайды.

      12. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация қолмен немесе баспа құралдарын пайдалана отырып жазылып толтырылады.

      Егер шетелдік тұлғаның тегінде, атында, әкесінің атында (болған жағдайда), шетелдік тұлғалардың атауында, тауар белгілерінде, маркаларында, модельдерінде және т.б. құжаттарға сәйкес латын альфавитінің әріптері пайдаланылса, мұндай мәліметтер жолаушыларға арналған кедендік декларацияда латын альфавитінің әріптерімен көрсетіледі.

      13. Егер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру кезінде 4 және (немесе) 5 бағандарда мәліметтерді көрсетуге орын жеткіліксіз болса, мұндай мәліметтер жолаушыларға арналған кедендік декларацияның басқа бланкілерінде көрсетіледі, олар, осы Тәртіптің 14-тармағында айқындалған жағдайларды қоспағанда, жолаушыларға арналған кедендік декларацияның қосымша парақтары ретінде қарастырылады.

      Жолаушыларға арналған кедендік декларацияның қосымша парақтары ретінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияның басқа бланкілері пайдаланылған кезде осындай бланкілердің оң жақтағы жоғарғы бұрышына "№ ___ парақ" деген жазба жазылады (парақтың реттік нөмірі көрсетіледі) және 1, 4 және (немесе) 5 бағандар толтырылады, бұл ретте жолаушыларға арналған кедендік декларацияның негізгі бланкісінің беткі жағының оң жақтағы жоғарғы бұрышына "___ қосымша парақ" деген жазба жазылады (парақтың саны көрсетіледі.

      14. Тауарлардың тізімдемесі:

      а) кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастыру үшін пайдаланылатын жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 4-бағанында тауарлар туралы қажетті мәліметтерді көрсету үшін орын жеткіліксіз болған;

      б) еркін айналым мақсатында кедендік баждарды төлеуден босата отырып Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар туралы қажетті мәліметтерді көрсету үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 4-бағанында орын жеткіліксіз болған;

      в) ілесіп алып жүрмейтін багаждағы немесе тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар туралы қажетті мәліметтерді көрсету үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 4-бағанында орын жеткіліксіз болған жағдайларда;

      г) 16 жасқа толмаған адамның тауарын осындай адамдар тобының жетекшісі немесе ата-анасының, асырап алушылардың, қамқоршылардың және қорғаншылардың, өзге де адамдардың (әр жеке тұлғаға бөліп көрсете отыры) ілесіп жүруінсіз ұйымдасқан шығу (кіру) кезінде тасымалдаушының өкілі кедендік декларациялау кезінде жасалады.

      15. Тауарлардың тізімдемесі мыналар көрсетіле отырып еркін нысанда жасалады:

      а) тауардың (тауарлар санатының) атауы және оның (олардың) сипаттамасы (сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), тауар белгісі, тауар дайындалған материал, түсі және т.б.);

      б) килограммен жалпы мөлшері және (немесе) қосымша өлшем бірліктері (литрмен, данамен) және барлық тауарлардың жалпы құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода және АҚШ долларында);

      в) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып тауарларды әкелу шарттарының сақталғанын растайтын құжаттың және (немесе) шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттың атауы, датасы мен нөмірлері, сондай-ақ тиісті құжатты берген органның атауы;

      г) декларанттың, кеден өкілі қызметкерінің немесе № 107 шешімге № 5 қосымшада айқындалған жағдайларда декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).

      16. № 107 шешімге № 5 қосымшада айқындалған декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін адам тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған жағдайларда, осы Тәртіптің 14-тармағында көзделген тауарлардың тізімдемесінің орнына № 107 шешімге № 5 қосымшаның 1 және 2-тармақтарында көзделген тауарлардың тізімдемесі пайдаланылуы мүмкін.

      17. Тауарлардың тізімдемесі қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.

ІІ. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру үшін пайдаланылатын жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қоспағанда, қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру тәртібі

      18. 1-баған мынадай тәртіппен толтырылады. Бағанда жеке жолмен декларант туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      а) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      б) жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер:

      құжаттың атауы;

      уәкілетті органы құжатты берген елдің атауы;

      құжаттың сериясы (болған жағдайда) және нөмірі;

      кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында құжаттың берілген датасы;

      в) мүше мемлекетте тұрақты тұру (тіркеу) орнының мекенжайы және (немесе) уақытша тұру (болу) орнының мекенжайы туралы мәліметтер:

      елдің атауы;

      әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және т.б.);

      елді мекен;

      көше (бульвар, даңғыл және т.б.);

      үй нөмірі;

      корпус (құрылыс) нөмірі;

      пәтер нөмірі көрсетіледі.

      Тұрақты тұру (тіркеу) орнының мекенжайы туралы мәліметтер жеке пайдалануға арналған көлік құралы әкелінген (оның ішінде уақытша) жағдайда және қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) құралдары өткізілген кезде көрсетіледі.

      Мүше мемлекетте уақытша тұру (болу) мекенжайы туралы мәліметтерді шетелдік жеке тұлға жеке пайдалануға арналған көлік құралы әкелінген (оның ішінде уақытша) жағдайда және қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) құралдары өткізілген кезде көрсетеді;

      г) жөнелтуші елдің атауы және межеленген елдің атауы (жеке тұлға Одақтың кедендік шекарасы арқылы жүрген кезде көрсетіледі);

      д) декларантпен бірге жүретін, 16 жасқа толмаған жеке тұлғаның саны (болған жағдайда) көрсетіледі.

      19. 2-баған мынадай тәртіппен толтырылады:

      Ілесіп жүретін багажда өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде 2.1-бағанның жолына "х" немесе "v" белгісі қойылады.

      Ілесіп жүретін багажда өткізілмейтін тауарларды кедендік декларациялау кезінде 2.2-бағанның жолына "х" немесе "v" белгісі қойылады.

      Тасымалдаушы жеткізетін тауарларды немесе халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін тауарларды кедендік декларациялау 2.3-бағанның жолына "х" немесе "v" белгісі қойылады.

      20. 3-баған мынадай тәртіппен толтырылады:

      Бағанда "Әкелу (еркін айналым)", "Әкету" және "Уақытша әкету" деген жолға "х" немесе "v" белгісін қою арқылы тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Одақтың кедендік аумағында болғызу не тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) мақсаттарының бірі көрсетіледі.

      Шетелдік жеке тұлғалар өздерінің Одақтың кедендік аумағында болу кезеңіне № 107 шешімге № 4 қосымшада көзделген тізбемен айқындалған тауарлардың құнына және (немесе) салмағына қарамастан, кедендік баждарды, салықтарды төлеусіз, белгіленген мөлшерде әкелуі мүмкін, кедендік декларациялауға жататын, бұрын қолданыста болған тауарларға қатысты жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру кезінде "Әкелу (еркін айналым)" деген жолға "х" немесе "v" белгісі қойылады.

      3.1 – 3.10 бағандарда кедендік декларациялауға жататын тауарлардың бар-жоғы туралы мәліметтер тиісті жолдарға "х" немесе "v" белгісін қою арқылы көрсетіледі.

      3.1 баған толтырылған жағдайда осы Тәртіптің IV бөліміне сәйкес жолаушыларға арналған кедендік декларацияға қосымша толтырылуы тиіс.

      21. 4-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда бар-жоғы 3.2 – 3.10 бағандарда көрсетілген тауарлар және (немесе) кедендік декаларциялауға жататын өзге де тауарлар туралы қосымша мәліметтер көрсетіледі.

      "№ р/с" бағанасында реттік нөмір көрсетіледі.

      "Тауардың атауы мен оның сипаттамасы (сәйкестендіру нөмірі және басқа да айрықша белгілері), кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелу шарттарының сақталғанын растайтын құжаттың және (немесе) шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттың атауы, датасы мен нөмірі, сондай-ақ осындай құжаттарды берген органдардың атаулары" деген бағанада мыналар көрсетіледі:

      тауардың (тауарлар санатының) атауы және оның (олардың) сипаттамасы (сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), тауар белгісі, тауар дайындалған материал, түсі және т.б.);

      кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып тауарларды әкелу шарттарының сақталғанын растайтын құжаттың және (немесе) шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттың атауы, датасы мен нөмірлері, сондай-ақ тиісті құжатты берген органның атауы.

      "Салмағы (іс жүзінде өткізілген бастапқы ораманы есепке ала отырып) (кг) / саны (л, данасы)" деген бағанда килограммен және (немесе) қосымша өлшем бірліктерімен (литрмен, данамен) (тұтынғанға дейін тауардан бөліп алынбайтын және (немесе) тауар бөлшек сатуға сонымен ұсынылатын іс жүзінде өткізілетін бастапқы ораманы есепке ала отырып) тауарлардың мөлшері көрсетіледі.

      "Құны (ЕАЭО мүше мемлекетінің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында)" деген бағанда тауарлардың құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валютаның атауы көрсетіледі.

      Бағанда кедендік декларациялауға жатпайтын тауарларға жеке тұлғаның қалауы бойынша кедендік декларациялау жүзеге асырылған жағдайда, осындай тауарлар туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл ретте кедендік декларациялауға жатпайтын қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектеріне қатысты "Тауардың атауы мен оның сипаттамасы (сәйкестендіру нөмірі және басқа да айрықша белгілері), кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелу шарттарының сақталғанын растайтын құжаттың және (немесе) шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттың атауы, датасы мен нөмірі, сондай-ақ осындай құжаттарды берген органдардың атаулары" бағанасында" деген бағанда "банкноттар", "монеталар", "жол чектері" деген жазулар жазылады, "Құны (ЕАЭО-да мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында)" бағанында өткізілетін қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектерінің сомасы мен валютаның атауы көрсетіледі, "Салмағы (іс жүзінде өткізілген бастапқы ораманы есепке ала отырып) (кг) / саны (л, данасы)" деген бағана толтырылмайды.

      Осы Тәртіптің 14-тармағының "б" және "в" тармақшаларынде көрсетілген тауарлар санатына қатысты "Салмағы (іс жүзінде өткізілген бастапқы ораманы есепке ала отырып) (кг)/саны (л, данасы)" деген бағанада (килограммен және (немесе) қосымша өлшем бірліктерімен (литрмен, данамен) (тұтынғанға дейін тауардан бөліп алынбайтын және (немесе) тауар бөлшек сатуға сонымен ұсынылатын іс жүзінде өткізілетін бастапқы ораманы есепке ала отырып) барлық тауарлардың жалпы мөлшері көрсетіледі, "Құны (ЕАЭО мүше мемлекетінің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында)" деген бағанада барлық тауарлардың құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валютаның атауы көрсетіледі.

      Осы Тәртіптің 14 және 16-тармақтарында айқындалған жағдайларда тауарлардың тізімдемесі пайдаланылған кезде 4-бағанда осы тармақта көрсетілген мәліметтердің орнына "Қоса беріліп отырған _________ парақтағы тізімдемеге сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар" деген жазба жазылады (парақтар саны жазумен көрсетіледі).

      22. 5-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда "Әкелу (еркін айналым)", "Әкету" және "Уақытша әкету" деген жолға "х" немесе "v" белгісін қою арқылы жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Одақтың кедендік аумағында болғызу не Одақтың кедендік аумағынан әкету мақсаттарының бірі көрсетіледі.

      Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын әкелу туралы мәліметтер тиісті жолға "х" немесе "v" белгісін қою арқылы көрсетіледі.

      Жеке пайдалануға арналған авто және мотокөлік құралдарының және (немесе) жеке пайдалануға арналған авто және мотокөлік құралдарына тіркеменің бар-жоғы туралы мәліметтер тиісті жолдарға "х" немесе "v" белгісін қою арқылы көрсетіледі.

      Жеке пайдалануға арналған авто және мотокөлік құралдарына қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      маркасы, моделі;

      тіркеу нөмірі (болған жағдайда);

      тіркеу елінің атауы (тіркеу болған жағдайда);

      сәйкестендіру нөмірі;

      қозғалтқышының жұмыс көлемі (куб сантиметрмен);

      шанақ нөмірі (болған жағдайда);

      шасси нөмірі (болған жағдайда);

      шығарылған кезі (дайындалған күні);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валютаның атауы.

      Жеке пайдалануға арналған авто және мотокөлік құралдарына тіркемеге қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      маркасы, моделі;

      тіркеу нөмірі (болған жағдайда);

      тіркеу елінің атауы (тіркеу болған жағдайда);

      сәйкестендіру нөмірі;

      шасси нөмірі (болған жағдайда);

      шығарылған кезі (дайындалған күні);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валютаның атауы.

      Су кемесіне қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      түрі;

      тіркеу нөмірі (болған жағдайда);

      тіркеу елінің атауы (тіркеу болған жағдайда);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валютаның атауы;

      массасы (килограммен);

      корпусының ұзындығы (метрмен).

      Әуе кемесіне қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      түрі;

      тіркеу нөмірі (болған жағдайда);

      тіркеу елінің атауы (тіркеу болған жағдайда);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валютаның атауы;

      тұрақты орнатылған құралғыларды қоспағанда, экипаждың, отынның және құрылғының массасын шегеріп тастағанда ұшуға дайын күйіндегі аппараттың массасы (килограммен).

      Одақтың мүшесі болып табылмайтын елде ауыстырылған және мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік уәкілетті органында есепке алуға (тіркеуге) жататын, жеке пайдалануға арналған көлік құралының бөлігіне қатысты осындай бөліктің атауы мен нөмірі көрсетіледі:

      23. "Датасы" деген жолда кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында жолаушыларға арналған кедендік декларацияның толтырылған датасы көрсетіледі.

      "Қолы" деген жолда № 107 шешімге № 5 қосымшада айқындалған жағдайларда, декларанттың, кеден өкілі қызметкерінің немесе декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін адамның қолы қойылады.

      "Декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін адамның Т.А.Ә., құжаттың деректемелері" деген жолда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      кедендік декларациялауды кеден өкілі жүзеге асырған жағдайда:

      кеден өкілі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      кеден өкілдерінің тізіліміндегі заңды тұлғаның тіркеу нөмірі;

      кеден өкілінің декларантпен жасалған шартының нөмірі мен кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматындағы датасы;

      № 107 шешімге № 5 қосымшада айқындалған жағдайларда, кедендік декларациялауды декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін адам жүзеге асырған жағдайда:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      құжаттың сериясы (болған жағдайда), нөмірі, кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында жеке басын куәландыратын құжаттың берілген датасы, осындай құжатты уәкілетті органы берген елдің атауы;

      № 107 шешімге № 5 қосымшаның 1-тармағында көрсетілген сенімхаттың нөмірі мен датасы.

      24. "Қызметтік белгілер үшін" деген жол мынадай тәртіппен толтырылады.

      Жолға мынадай мәліметтер (белгілер) енгізіледі:

      жолаушыларға арналған кедендік декларацияның тіркелуі туралы, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеуден бас тарту туралы;

      тауарларды шығару туралы, тауарларды шығарудан бас тарту туралы;

      жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кері қайтартып алу туралы;

      жеке пайдалануға арналған көлік құралын уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы;

      өткізілген кедендік бақылаудың нәтижелері туралы;

      Комиссия және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасы айқындаған өзге де мәліметтер.

      Одақтың кедендік аумағынан тыс әкету немесе уақытша болу үшін тауарды еркін айналымға шығарған жағдайда "М.О." деген жолға кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында датасы және уақыты қойыла отырып, кеден органының лауазымды адамының жеке нөмірлік мөрінің бедері қойылады.

      Оларға қатысты кедендік бажды, салықтарды төлеуден босату ұсынылған тауарлар еркін айналымға шығарылған жағдайда "__________ сәйкес кедендік бажды, салықтарды төлеуден босату ұсынылған" деген жазба жазылады (№ 107 шешімге № 3 қосымшаның тиісті тармағы және Кеден кодексінің 42-тарауының тиісті бабы көрсетіледі).

      Оларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленген тауарлар еркін айналымға шығарылған жағдайда кедендік кіріс ордерінің анықтамалық нөмірі көрсетіледі.

      Жеке пайдалануға арналған көлік құралын Одақтың кедендік аумағында уақытша болу үшін шығарған жағдайда "КО уақытша әкелу мерзімі ________" (Осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралын уақытша әкелу мерзімінің аяқталу датасы кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында көрсетіледі).

      Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралын шығарған жағдайда жеке пайдалануға арналған осындай көлік құралын Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелген кезде кеден органы ресімдеген қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияны пайдалана отырып шығару үшін "Әкету" деген жазба жазылады.

      Тауарды шығарудан бас тартылған жағдайда, осындай бас тартуға негіз болған, сондай-ақ егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, себептері, оларды жою жөніндегі ұсынымдар көрсетіле отырып, "Шығарудан бас тартылды" деген жазба жазылады.

      Жолаушыларға арналған кедендік декларация кері қайтарылып алынған жағдайда "Кедендік декларация шығарылғанға дейін кері қайтарылып алынған" деген жазба жазылады.

      Кеден кодексінің 298 және 299-баптарында көрсетілген болу мемлекетіндегі артықшылықтарды жеке тұлғаларға ұсыну мерзімінің ұзартылуына байланысты жеке пайдалануға арналған көлік құралын уақытша әкелу мерзімі ұзартылған жағдайда осындай көлік құралы Одақтың кедендік аумағына әкелінген кезде ресімделген және Одақтың кедендік аумағында уақытша болуы үшін оның шығарылғанын растайтын жолаушыларға арналған жеке пайдалануға арналған кедендік декларацияда "КО уақытша әкелу мерзімі ________дейін" деген жазба жазылады (болу мемлекетіндегі артықшылықтарды ұсыну кезеңінің аяқталу датасы кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында көрсетіледі).

      Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу туралы (жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеуден бас тарту туралы), тауарларды шығару туралы (тауарларды шығарудан бас тарту туралы), жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кері қайтарып алу туралы, жеке пайдалануға арналған көлік құралын уақытша әкелу мерзімінің ұзартылуы туралы мәліметтер (белгілер) жолаушыларға арналған кедендік декларацияның негізгі бланкісінде, қосымша парақтар мен тауарлардың тізімдемесінде қолданылатын жолаушыларға арналған кедендік декларацияның бланкісінде көрсетіледі (қойылады).

      Өткізілген кедендік бақылаудың нәтижелері туралы мәліметтер (белгілер) мен Комиссия айқындаған және (немесе) мүше мемлекеттің занамасында айқындалған өзге де мәліметтер жолаушыларға арналған кедендік декларацияның негізгі бланкісінде көрсетіледі (қойылады).

      Мәліметтер (белгілер) кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында датасы мен уақыты қойыла отырып, кеден органының лауазымды адамының жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырылады.

ІІІ. Кеден транзитінің кедендік рәсіміне орналастыру үшін пайдаланылатын қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру тәртібі

      25. 1-баған мынадай тәртіппен толтырылады. Бағанда жеке жолдармен декларант туралы мәліметтер көрсетіледі:

      а) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      б) жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер:

      құжаттың атауы;

      уәкілетті органы құжатты берген елдің атауы;

      құжаттың сериясы (болған жағдайда) және нөмірі;

      кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында құжаттың берілген датасы;

      в) мүше мемлекетте тұрақты тұру (тіркеу) орнының мекенжайы және (немесе) уақытша тұру (болу) орнының мекенжайы туралы мәліметтер:

      елдің атауы;

      әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және т.б.);

      елді мекен;

      көше (бульвар, даңғыл және т.б.);

      үй нөмірі;

      корпус (құрылыс) нөмірі;

      пәтер нөмірі.

      г) жөнелтуші елдің атауы және межеленген елдің атауы.

      26. 2-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      2.1-бағанның жолына "х" немесе "v" белгісі қойылады.

      27. 3-баған мынадай тәртіппен толтырылады:

      "Транзит" деген жолға "х" немесе "v" белгісі қойылады.

      3.1 және 3.3-бағандар толтырылмайды.

      3.2-бағанда кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып әкелінген тауарлардың бар-жоғы туралы мәліметтер тиісті жолға "х" немесе "v" белгісін қою арқылы көрсетіледі.

      3.4 – 3.10-бағандарда оларға қатысты Кеден кодексінің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулер сақталуға жататын және осындай тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің қойылуы талап етілетін тауарлардың бар-жоғы туралы мәліметтер тиісті жолға "х" немесе "v" белгісін қою арқылы көрсетіледі.

      28. 4-баған мынадай тәртіппен толтырылады:

      Бағанда бар-жоғы 3.2, 3.4 – 3.10 бағандарда көрсетілген тауарлар және (немесе) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын өзге де тауарлар туралы қосымша мәліметтер көрсетіледі.

      "№ р/с" бағанасында реттік нөмір көрсетіледі.

      "Тауардың атауы мен оның сипаттамасы (сәйкестендіру нөмірі және басқа да айрықша белгілері), кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелу шарттарының сақталғанын растайтын құжаттың және (немесе) шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттың атауы, датасы мен нөмірі, сондай-ақ осындай құжаттарды берген органдардың атаулары" деген бағанада мыналар көрсетіледі:

      тауардың (тауарлар санатының) атауы және оның (олардың) сипаттамасы (сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), тауар белгісі, тауар дайындалған материал, түсі және т.б.);

      кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып тауарларды әкелу шарттарының сақталғанын растайтын құжаттың және (немесе) шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттың атауы, датасы мен нөмірлері, сондай-ақ тиісті құжатты берген органның атауы;

      кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжаттың датасы мен нөмірі.

      "Салмағы (іс жүзінде өткізілген бастапқы ораманы есепке ала отырып) (кг) / саны (л, данасы)" деген бағанада килограммен және (немесе) қосымша өлшем бірліктерімен (литрмен, данамен) (тұтынғанға дейін тауардан бөліп алынбайтын және (немесе) тауар бөлшек сатуға сонымен ұсынылатын іс жүзінде өткізілетін бастапқы ораманы есепке ала отырып) барлық тауарлардың жалпы мөлшері көрсетіледі.

      "Құны (ЕАЭО мүше мемлекетінің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында)" деген бағанада барлық тауарлардың жалпы құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валютаның атауы көрсетіледі.

      Осы Тәртіптің 14-тармағының "а" тармақшасында және 16-тармақта айқындалған жағдайларда тауарлардың тізімдемесі пайдаланылған кезде 4-бағанда осы тармақта көрсетілген мәліметтердің орнына "Қоса беріліп отырған _________ парақтағы тізімдемеге сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар" деген жазба жазылады (парақтар саны жазумен көрсетіледі).

      29. 5-баған мынадай тәртіппен толтырылады:

      "Транзит" деген жолға "х" немесе "v" белгісі қойылады.

      Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын әкелу туралы мәліметтер тиісті жолға "х" немесе "v" белгісін қою арқылы көрсетіледі.

      Жеке пайдалануға арналған авто және мотокөлік құралдарының және (немесе) жеке пайдалануға арналған авто және мотокөлік құралдарына тіркеменің бар-жоғы туралы мәліметтер тиісті жолдарға "х" немесе "v" белгісін қою арқылы көрсетіледі.

      Жеке пайдалануға арналған авто және мотокөлік құралдарына қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      маркасы, моделі;

      тіркеу нөмірі (болған жағдайда);

      тіркеу елінің атауы (тіркеу болған жағдайда);

      сәйкестендіру нөмірі;

      қозғалтқышының жұмыс көлемі (куб сантиметрмен);

      шанақ нөмірі (болған жағдайда);

      шасси нөмірі (болған жағдайда);

      шығарылған кезі (дайындалған күні);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валютаның атауы.

      Жеке пайдалануға арналған авто және мотокөлік құралдарына тіркемеге қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      маркасы, моделі;

      тіркеу нөмірі (болған жағдайда);

      тіркеу елінің атауы (тіркеу болған жағдайда);

      сәйкестендіру нөмірі;

      шасси нөмірі (болған жағдайда);

      шығарылған кезі (дайындалған күні);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валютаның атауы.

      Су кемесіне қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      түрі;

      тіркеу нөмірі (болған жағдайда);

      тіркеу елінің атауы (тіркеу болған жағдайда);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валютаның атауы;

      массасы (килограммен);

      корпусының ұзындығы (метрмен).

      Әуе кемесіне қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      түрі;

      тіркеу нөмірі (болған жағдайда);

      тіркеу елінің атауы (тіркеу болған жағдайда);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валютаның атауы;

      тұрақты орнатылған құралғыларды қоспағанда, экипаждың, отынның және құрылғының массасын шегеріп тастағанда ұшуға дайын күйіндегі аппараттың массасы (килограммен).

      30. "Датасы" деген жолда кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында жолаушыларға арналған кедендік декларацияның толтырылған датасы көрсетіледі.

      "Қолы" деген жолда № 107 шешімге № 5 қосымшада айқындалған жағдайларда, декларанттың, кеден өкілі қызметкерінің немесе декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін адамның қолы қойылады.

      "Декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаның Т.А.Ә., құжаттың деректемелері" деген жолда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      кедендік декларациялауды кеден өкілі жүзеге асырған жағдайда:

      кеден өкілі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      кеден өкілдерінің тізіліміндегі заңды тұлғаның тіркеу нөмірі;

      кеден өкілінің декларантпен жасалған шартының нөмірі мен кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматындағы датасы;

      № 107 шешімге № 5 қосымшада айқындалған жағдайларда, кедендік декларациялауды декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлға жүзеге асырған жағдайда:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      құжаттың сериясы (болған жағдайда), нөмірі, кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында жеке басын куәландыратын құжаттың берілген датасы, осындай құжатты уәкілетті органы берген елдің атауы;

      № 107 шешімге № 5 қосымшаның 1-тармағында көрсетілген сенімхаттың нөмірі мен датасы.

      31. "Қызметтік белгілер үшін" деген жол мынадай тәртіппен толтырылады.

      Жолға мынадай мәліметтер (белгілер) енгізіледі:

      жолаушыларға арналған кедендік декларацияның тіркелуі туралы, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеуден бас тарту туралы;

      тауарларды шығару туралы, тауарларды шығарудан бас тарту туралы;

      жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кері қайтартып алу туралы;

      өткізілген кедендік бақылаудың нәтижелері туралы;

      Комиссия және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасы айқындаған өзге де мәліметтер.

      Тауарды шығарған жағдайда "М.О." деген жолға кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында датасы және уақыты қойыла отырып, кеден органының лауазымды адамының жеке нөмірлік мөрінің бедері қойылады, сондай-ақ жеткізу орны мен мерзімі, межеленген кеден органының атауы көрсетіледі.

      Тауарды шығарудан бас тартылған жағдайда, осындай бас тартуға негіз болған, сондай-ақ егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, себептері, оларды жою жөніндегі ұсынымдар көрсетіле отырып, "Шығарудан бас тартылды" деген жазба жазылады.

      Жолаушыларға арналған кедендік декларация кері қайтарылып алынған жағдайда "Кедендік декларация шығарылғанға дейін кері қайтарылып алынған" деген жазба жазылады.

      Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу туралы (жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеуден бас тарту туралы), тауарларды шығару туралы (тауарларды шығарудан бас тарту туралы), жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кері қайтарып алу туралы мәліметтер (белгілер) жолаушыларға арналған кедендік декларацияның негізгі бланкісінде және тауарлардың тізімдемесінде көрсетіледі (қойылады).

      Өткізілген кедендік бақылаудың нәтижелері туралы мәліметтер (белгілер) мен Комиссия айқындаған және (немесе) мүше мемлекеттің занамасында айқындалған өзге де мәліметтер жолаушыларға арналған кедендік декларацияның негізгі бланкісінде көрсетіледі (қойылады).

      Мәліметтер (белгілер) кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында датасы мен уақыты қойыла отырып, кеден органының лауазымды адамының жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырылады.

ІV. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияға қосымшаны толтыру тәртібі

      32. Жолаушыларға арналған кедендік декларацияның қосымшасының оң жақтағы жоғарғы бұрышында декларанттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі.

      33. 1-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында декларанттың туған датасы көрсетіледі.

      Егер декларант мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылмайтын тұлға болған жағдайда, бағанда шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ адамның мүше мемлекеттің аумағында болу (тұру) құқығын растайтын құжаттың нөмірі және кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында берілген датасы қосымша көрсетіледі.

      34. 2-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      2.1-бағанда өткізілетін қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының сомасы көрсетіледі.

      2.2-бағанда жол чектерін қоспағанда, ақша құралдары туралы мәліметтер көрсетіледі:

      ақша құралының атауы;

      эмитенттің атауы;

      шығарылған датасы;

      сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда);

      номиналды құны не оны алу құқығын ақша құралы куәландыратын мүше мемлекеттің валютасындағы немесе шетел валютасындағы тиісті сомасы және валютаның атауы.

      Егер номиналды құны болмаған және оны алу құқығын ақша құралы куәландыратын мүше мемлекеттің валютасындағы немесе шетел валютасындағы соманы айқындау мүмкін болмаған жағдайда ақша құралдарының сомасы көрсетіледі.

      35. 3-баған, егер өткізілетін қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары декларанттың меншігі болып табылмаса, мынадай тәртіппен толтырылады. Бағанда мыналар көрсетіледі:

      а) қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының меншік иесі туралы мәліметтер:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      жеке тұлғаның, оның ішінде мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген дара кәсіпкердің тұратын орнының мекенжайы немесе заңды тұлғаның орналасқан орны:

      елдің атауы;

      әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және т.б.);

      елді мекен;

      көше (бульвар, даңғыл және т.б.);

      үй нөмірі;

      корпус (құрылыс) нөмірі;

      пәтер нөмірі.

      б) қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының сомасы, номиналды құны не оны алу құқығын ақша құралы куәландыратын мүше мемлекеттің валютасындағы немесе шетел валютасындағы сомасы, валютаның атауы, ақша құралдарының саны мен атауы (егер номиналды құны болмаған және оны алу құқығын ақша құралы куәландыратын мүше мемлекеттің валютасындағы немесе шетел валютасындағы соманы айқындау мүмкін болмаған жағдайда).

      36. 4-баған тиісті жолдарға "х" немесе "v" белгісін қою арқылы толтырылады және (немесе) "Өзгелер" деген жолға қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының өзге шығу дерекөзі көрсетіледі.

      37. 5-баған тиісті жолдарға "х" немесе "v" белгісін қою арқылы толтырылады және (немесе) "Өзгелер" деген жолға қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының өзге де болжамды пайдаланылуы көрсетіледі.

      38. 6-баған мынадай тәртіппен толтырылады:

      а) қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары әкетілетін (әкетілген) елдің атауы, осындай елден декларанттың шыққан датасы;

      б) декларант баратын соңғы пункт болып табылатын елдің атауы және декларанттың осы елге кірген датасы;

      в) транзит елдің атауы;

      г) Одақтың кедендік аумағына декларант келген не Одақтың кедендік аумағынан кететін көліктің түрі, тиісті жолдарға "х" немесе "v" белгісін қою арқылы, "Өзгелер" деген жолға өзге көлік түрін көрсету арқылы.

      39. "Дата" деген жолға жолаушыларға арналған кедендік декларацияның толтырылу датасы кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында көрсетіледі.

      "Қолы" деген жолда № 107 шешімге № 5 қосымшада айқындалған жағдайларда, декларанттың, кеден өкілі қызметкерінің немесе декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаның қолы қойылады.

      "Декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаның Т.А.Ә., құжаттың деректемелері" деген жолда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      кедендік декларациялауды кеден өкілі жүзеге асырған жағдайда:

      кеден өкілі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      кеден өкілдерінің тізіліміндегі заңды тұлғаның тіркеу нөмірі;

      кеден өкілінің декларантпен жасалған шартының нөмірі мен кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматындағы датасы;

      № 107 шешімге № 5 қосымшада айқындалған жағдайларда, кедендік декларациялауды декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін адам жүзеге асырған жағдайда:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      құжаттың сериясы (болған жағдайда), нөмірі, кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында жеке басын куәландыратын құжаттың берілген датасы, осындай құжатты уәкілетті органы берген елдің атауы;

      № 107 шешімге № 5 қосымшаның 1-тармағында көрсетілген сенімхаттың нөмірі мен датасы.

      40. "Қызметтік белгілер үшін" деген жол мынадай тәртіппен толтырылады.

      Жолға тауарды шығару туралы, тауарды шығарудан бас тарту туралы мәліметтер (белгілер) енгізіледі:

      қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын шығарған жағдайда "М.О." деген жолға кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында датасы және уақыты қойыла отырып, кеден органының лауазымды адамының жеке нөмірлік мөрінің бедері қойылады;

      қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын шығарудан бас тартылған жағдайда, осындай бас тартуға негіз болған, сондай-ақ егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, себептері, оларды жою жөніндегі ұсынымдар көрсетіле отырып, "Шығарудан бас тартылды" деген жазба жазылады.

      Мәліметтер (белгілер) кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында датасы мен уақыты қойыла отырып, кеден органының лауазымды адамының жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырылады.

V. Кеден транзитінің кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру үшін пайдаланылатын жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қоспағанда, электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру тәртібі

      41. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 1-бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде декларант туралы мәліметтер көрсетіледі:

      а) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      б) жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер:

      жеке басты куәландырылатын құжаттар түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжаттың атауы немесе құжаттың коды;

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес уәкілетті органы құжатты берген елдің коды;

      құжаттың сериясы (болған жағдайда) және нөмірі (бос орынмен беру);

      құжаттың берілген датасы;

      в) мүше мемлекетте тұрақты тұру (тіркеу) орнының мекенжайы және (немесе) уақытша тұру (болу) орнының мекенжайы туралы мәліметтер:

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің коды;

      әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және т.б.);

      елді мекен;

      көше (бульвар, даңғыл және т.б.);

      үй нөмірі;

      корпус (құрылыс) нөмірі;

      пәтер нөмірі.

      Тұрақты тұру (тіркеу) орнының мекенжайы туралы мәліметтер жеке пайдалануға арналған көлік құралы әкелінген (оның ішінде уақытша) жағдайда және қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) құралдары өткізілген кезде көрсетіледі.

      Мүше мемлекетте уақытша тұру (болу) мекенжайы туралы мәліметтерді шетелдік жеке тұлға жеке пайдалануға арналған көлік құралы әкелінген (оның ішінде уақытша) жағдайда және қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) құралдары өткізілген кезде көрсетеді;

      г) жөнелтуші елдің атауы және межеленген елдің атауы (жеке тұлға Одақтың кедендік шекарасы арқылы жүрген кезде көрсетіледі);

      д) декларантпен бірге жүретін, 16 жасқа толмаған жеке тұлғаның саны (болған жағдайда).

      42. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 2-бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде жеке пайдалануға арналған тауарларының және көлік құралдарының өткізілу тәсілдері туралы мәліметтер көрсетіледі. Мұндай мәліметтер кодталған түрде ұсынылуы мүмкін.

      Ілесіп алып жүретін багажда өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде "Қол жүгін қоса алғанда, ілесіп алып жүретін багаж" деген жазба жазылады.

      Ілесіп алып жүрмейтін багажда өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде "Ілесіп алып жүрмейтін багаж (кіретін/шығатын адамнан бөлек келесі багаж)" деген жазба жазылады.

      Адамның кіруінсіз/шығуынсыз мекенжайына жеткізілетін (қайта салып жіберілетін) тауарларды кедендік декларациялау кезінде "Адамның кіруінсіз/шығуынсыз мекенжайына жеткізілетін (қайта салып жіберілетін) тауарлар" деген жазба жазылады.

      43. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 3-бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Одақтың кедендік аумағында болғызу не тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) мақсаттарының бірі көрсетіледі:

      Шетелдік жеке тұлғалар өздерінің Одақтың кедендік аумағында болу кезеңіне № 107 шешімге № 4 қосымшада көзделген тізбемен айқындалған барлық тауарлардың құнына және (немесе) салмағына қарамастан, кедендік баждарды, салықтарды төлеусіз, белгіленген мөлшерде әкелуі мүмкін, кедендік декларациялауға жататын, бұрын қолданыста болған тауарларға қатысты жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру кезінде "Әкелу (еркін айналым)" деп көрсетіледі.

      44. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның тиісті 3.1 – 3.10 бағандарында сәйкес келетін Электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде кедендік декларациялауға жататын тауарлардың бар-жоғы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      45. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 3.1-бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде мәліметтер көрсетілген жағдайда, қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияға қосымшаның бағандарына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде мынадай қосымша мәліметтер көрсетіледі:

      а) декларант туралы:

      туған күні;

      егер декларант мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылмайтын тұлға болған жағдайда, шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ адамның мүше мемлекеттің аумағында болу (тұру) құқығын растайтын құжаттың нөмірі және берілген датасы;

      б) қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары туралы;

      өткізілетін қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының сомасы және валюталардың сыныптауышына сәйкес валюта коды;

      ақша құралының атауы (жол чектерін қоспағанда), эмитенттің атауы, шығарылған датасы; сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), номиналды құны не оны алу құқығын ақша құралы куәландыратын мүше мемлекеттің валютасындағы немесе шетел валютасындағы тиісті сомасы мен валютаның атауы және валюталар сыныптауышына сәйкес валютаның коды. Егер номиналды құны болмаған және оны алу құқығын ақша құралы куәландыратын мүше мемлекеттің валютасындағы немесе шетел валютасындағы соманы айқындау мүмкін болмаған жағдайда, ақша құралдарының сомасы көрсетіледі.

      в) егер өткізілетін қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары декларанттың меншігі болып табылмаса, қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының меншік иесі туралы және осындай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының сомасы, номиналды құны немесе мөлшері туралы:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы;

      жеке адамның, оның ішінде мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген жеке кәсіпкердің тұратын мекенжайы немесе заңды тұлғаның орналасқан жері;

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің коды;

      әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және с.с.);

      елді мекен;

      көше (бульвар, даңғыл және с.с.);

      үйдің нөмірі;

      корпустың (құрылыстың) нөмірі;

      пәтердің нөмірі;

      орын ауыстыратын қолма-қол ақшалай қаражаттың және (немесе) жол чектерінің сомасы, оны алу құқығын ақша құралдары растайтын мүше мемлекеттің валютасындағы немесе шетел валютасындағы атаулы құны не тиісті сомасы, валюта сыныптауышына сәйкес валюта коды, ақша құралдарының мөлшері мен атауы (атаулы құны болмаған жағдайда және оны алу құқығын ақша құралдары растайтын мүше мемлекеттің валютасындағы немесе шетел валютасындағы сомасын айқындау мүмкін болмағанда);

      г) қолма-қол ақшалай қаражаттың және (немесе) ақша құралдарының шығу тегі туралы – "Жалақы, жеке адамның кәсіпкерлік қызметінен түсетін табыстар", "Ұйымның жарғылық (акционерлік және с.с.) капиталына қатысудан түсетін дивиденттер мен өзге де кірістер", "Жылжитын және (немесе) жылжымайтын мүлікті өткізуден түсетін кірістер", "Жеке және (немесе) заңды тұлғалардан өтеусіз трансферттер (материалдық көмек, гранттар және с.с.)", "Зейнетақы, шәкіртақы, әлеуметтік жәрдемақылар, алименттер", "Жылжымайтын мүлікті және жер телімдерін жалға беруден түсетін кірістер", "Қарыз қаражаттары", "Мұра" – электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының тиісті деректемелерін толтыру арқылы және (немесе) олардың шығу тегінің басқа көзі көрсетіледі. Мұндай мәліметтер кодталған түрде көрсетілуі мүмкін;

      д) қолма-қол ақшалай қаражаттың және (немесе) ақша құралдарының болжалды пайдаланылуы туралы – "Ағымдағы шығыстар (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу)", "Жылжымайтын мүлікті сатып алуды қоса алғанда инвестициялар", "Жеке адамдардың пайдасына өтеусіз трансферттер (материалдық көмек және с.с.)", "Заңды тұлғалардың пайдасына өтеусіз трансферттер (қайырымдылық, қайырмалдық және с.с." – электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының тиісті деректемелерін толтыру арқылы және (немесе) олардың басқаша болжалды пайдаланылуы көрсетіледі. Мұндай мәліметтер кодталған түрде көрсетілуі мүмкін;

      е) қолма-қол ақшалай қаражатты және (немесе) ақша құралдарын тасымалдаудың маршруты мен тәсілі туралы:

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес қолма-қол ақшалай қаражат және (немесе) ақша құралдар шығарылатын (шығарылған) елдің коды және декларанттың осындай елден шыққан күні;

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес декларант спарының соңғы нүктесі болып табылатын елдің коды және осындай елге кіру күні;

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес транзит елінің коды;

      көлік түрлері мен тауарларды тасымалдау сыныптауышына сәйкес декларант Одақтың кедендік аумағына келген не Одақтың кедендік аумағынан кеткен көлік түрінің коды.

      46. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 4-бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 3.2 – 3.10-бағандарына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның деректемелерінде мәліметтері бар тауарлар туралы қосымша мәліметтер көрсетіледі:

      тауардың атауы (тауарлардың санаттары) және оның (олардың) сипаттамалары (сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), тауар белгісі, тауарды жасауға пайдаланылған материал, түсі және с.с.);

      килограмға шаққандағы (тауарды тұтынғанға дейін одан ажыратылмайтын және (немесе) бөлшек сатуда тауармен қоса ұсынылатын іс жүзінде орны ауысатын бастапқы ораманы есепке алғанда) және (немесе) өлшемнің қосымша бірліктерінде (литрлерде, бірліктерде);

      тауардың құны (мүше мемлекеттің валютасында, еуро немесе АҚШ долларында) және валютаның сыныптауышына сәйкес валютаның коды;

      кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып тауарларды кіргізудің шарттары сақталғанын растайтын құжаттар түрлерінің сыныптауыштарына және құжаттардың мәліметтеріне, күні мен нөміріне және (немесе) шектеулердің сақталғанын растайтын құжатқа сәйкес құжаттың коды, сондай-ақ тиісті құжатты берген органның атауы.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 4-бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде жеке адамның қалауы бойынша осындай тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған жағдайда кедендік декларациялауға жатпайтын тауарлар туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл ретте кедендік декларациялауға жатпайтын қолма-қол ақша қаражаттарына және (немесе) жол чектеріне қатысты "Тауардың атауы және оның сипаттамасы (сәйкестендіру нөмірі және өзге айыру белгілері), кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып кіргізудің шарттары сақталғанын растайтын құжаттың және (немесе) шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттың атауы, күні мен нөмірі, сондай-ақ осындай құжаттарды берген органдардың атауы" бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация, қағаз жеткізгіштердегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде "банкноттар", "монеталар", "жол чектері" жазбалары жүргізіледі, қағаз жеткізгіштердегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның "Құны (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің валютасында, еурода, АҚШ долларында" бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде орны ауысатын қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чегінің сомасы және валюта сыныптауышына сәйкес валюта коды көрсетіледі.

      47. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 5-бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдары туралы мәліметтер көрсетіледі:

      а) жеке пайдалануға арналған көлік құралын Одақтың кедендік аумағына кіргізудің және (немесе) Одақтың кедендік аумағында болуының не Одақтың кедендік аумағынан шығарудың мақсаты. Мұндай мәліметтер кодталған түрде көрсетілуі мүмкін;

      б) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік баждар, салықтар төлеуден босата отырып кіргізу туралы мәліметтер. Мұндай мәліметтер кодталған түрде көрсетілуі мүмкін;

      в) жеке пайдалануға арналған көлік құралының түрі – жеке пайдалануға арналған авто- және мотокөлік құралы, жеке пайдалануға арналған авто- және мотокөлік құралының тіркемесі, су кемесі, әуе кемесі. Мұндай мәліметтер кодталған түрде көрсетілуі мүмкін.

      Жеке пайдалануға арналған авто- және мотокөлік құралына қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      жол көлік құралдарының маркаларын сыныптауыштарға сәйкес марканың коды, моделі;

      тіркеу нөмірі (болған кезде);

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес тіркеу елінің коды (тіркеу болған кезде);

      сәйкестендіру нөмірі;

      қозғалтқыштың жұмыс көлемі (текше сантиметрлерде);

      шанақтың нөмірі (болған кезде);

      шассидің нөмірі (болған кезде);

      шығарылған кезі (жасалған күні);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валюта сыныптауышына сәйкес валюта коды.

      Жеке пайдалануға арналған авто- және мотокөлік құралының тіркемесіне қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      жол көлік құралдарының маркаларын сыныптауыштарға сәйкес марканың коды, моделі;

      тіркеу нөмірі (болған кезде);

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес тіркеу елінің коды (тіркеу болған кезде);

      сәйкестендіру нөмірі;

      шассидің нөмірі (болған кезде);

      шығарылған кезі (жасалған күні);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валюта сыныптауышына сәйкес валюта коды.

      Су кемесіне қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      түрі;

      тіркеу нөмірі (болған кезде);

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес тіркеу елінің коды (тіркеу болған кезде);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валюта сыныптауышына сәйкес валюта коды;

      салмағы (килограмда);

      тұрқының ұзындығы (метрде).

      Әуе кемесіне қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      түрі;

      тіркеу нөмірі (болған кезде);

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес тіркеу елінің коды (тіркеу болған кезде);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валюта сыныптауышына сәйкес валюта коды;

      ұдайы орналастырылған құрылғыларды қоспағанда, экипаждың, жағармайдың және құрылғылардың салмағын есептемегенде аппараттың ұшуға дайын жағдайдағы салмағы (килограмдарда);

      г) Одаққа мүше емес мемлекетте ауыстырылған, мүше мемлекеттердің тиісті мемлекеттік құзіретті органдарында есепке қоюға (тіркеуге) жататын жеке пайдалануға арналған көлік құралы бөліктерінің атауы және нөмірі.

      48. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның "күні" жолына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияның толтырылған күні көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның "Декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін адамның Т.А.Ә., құжаттың деректемелері" жолына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      кеден өкілі кедендік декларациялауды жүзеге асырған жағдайда:

      кеден өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қызметкердің лауазымы;

      кеден өкілдерінің тізбесіндегі заңды тұлғаның тіркелу нөмірі;

      кеден өкілінің декларантпен жасасқан шартының нөмірі мен күні;

      декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін адам кедендік декларациялауды жүзеге асырған жағдайда № 107 шешімнің № 5 қосымшасында айқындалған жағдайларда:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерін сыныптаушыға сәйкес құжаттың атауы немесе құжаттың коды;

      әлем елдері сыныптауышына сәйкес құжатты берген уәкілетті орган елінің коды;

      құжаттың сериясы (болған кезде) және нөмірі (бос орын арқылы);

      құжаттың берілген күні;

      №107 шешімге № 5 қосымшаның 1-тармағында көрсетілген сенімхаттың нөмірі және күні.

      49. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның "Қызметтік белгілер үшін" жолына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелері осы Тәртіптің 24-тармағында көзделген тәртіпте толтырылады.

VI. Тауарларды кедендік транзиттің кеден рәсіміне орналастыру үшін пайдаланылатын электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру тәртібі

      50. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 1-бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде декларант туралы мәліметтер көрсетіледі:

      а) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптаушына сәйкес құжаттың атауы немесе құжаттың коды;

      әлем елдері сыныптауышына сәйкес құжатты берген уәкілетті орган елінің коды;

      құжаттың сериясы (болған кезде) және нөмірі (бос орын арқылы);

      құжаттың берілген күні;

      в) мүше мемлекетте тұрақты тұратын (тіркелген) жердің мекен-жайы және (немесе) уақытша тұратын (болатын) мекен-жайы туралы мәліметтер;

      әлем елдері сыныптауышына сәйкес елдің коды;

      әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және с.с.)

      елді мекен;

      көше (бульвар, даңғыл және с.с.);

      үйдің нөмірі;

      корпустың (құрылыстың) нөмірі;

      пәтердің нөмірі;

      г) әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес жіберуші елдің коды және жіберілген елдің коды.

      51. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 2.1-бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлік құралдарының орнын ауыстыру туралы мәліметтер көрсетіледі – "Қол жүгін қоса алғанда бірге жөнелтілетін жолжүк". Мұндай мәліметтер кодталған түрде көрсетілуі мүмкін.

      52. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 3-бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде "Транзит" деген жазба жазылады. Мұндай мәліметтер кодталған түрде көрсетілуі мүмкін.

      53. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 3.2-бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып кіргізілетін тауарлардың болуы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 3.4 – 3.10-бағандарына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде оларға қатысты Кеден кодексінің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулер сақталуға тиіс және осындай тыйым салулар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну қажет болатын тауарлардың болуы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      54. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 4-бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 3.2, 3.4 – 3.10-бағандарына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде олардың болуы көрсетілген тауарлар және (немесе) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын өзге де тауарлар туралы мәліметтер көрсетіледі:

      а) тауардың атауы (тауарлардың санаттары) және оның (олардың) сипаттамалары (сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), тауар белгісі, тауарды жасауға пайдаланылған материал, түсі және с.с.);

      б) килограмға шаққандағы (тауарды тұтынғанға дейін одан ажыратылмайтын және (немесе) бөлшек сатуда тауармен қоса ұсынылатын іс жүзінде орны ауысатын бастапқы ораманы есепке алғанда) және (немесе) өлшемнің қосымша бірліктерінде (литрлерде, бірліктерде);

      в) тауардың құны (мүше мемлекеттің валютасында, еуро немесе АҚШ долларында) және валютаның сыныптауышына сәйкес валютаның коды;

      г) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып тауарларды кіргізудің шарттары сақталғанын растайтын құжаттар түрлерінің сыныптауыштарына және құжаттардың мәліметтеріне, күні мен нөміріне және (немесе) шектеулердің сақталғанын растайтын құжатқа сәйкес құжаттың коды, сондай-ақ тиісті құжатты берген органның атауы;

      д) құжаттар мен мәліметтердің түрлерін сыныптауыштарға сәйкес құжаттың коды, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалғанын қамтамасыз етуді ұсынуды растайтын құжаттың күні мен нөмірі.

      55. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 5-бағанына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде "Транзит" деген жазба жазылады және жеке пайдалануға арналған көлік құралдары туралы мәліметтер көрсетіледі:

      а) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып жеке пайдалануға арналған көлік құралын кіргізу туралы мәліметтер. Мұндай мәліметтер кодталған түрде көрсетілуі мүмкін;

      б) жеке пайдалануға арналған көлік құралының түрі – жеке пайдалануға арналған авто- және мотокөлік құралы, жеке пайдалануға арналған авто- және мотокөлік құралының тіркемесі, су кемесі, әуе кемесі. Мұндай мәліметтер кодталған түрде көрсетілуі мүмкін.

      Жеке пайдалануға арналған авто- және мотокөлік құралына қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      жол көлік құралдарының маркаларының сыныптауыштарына сәйкес марканың коды, моделі;

      тіркеу нөмірі (болған кезде);

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес тіркеу елінің коды (тіркеу болған кезде);

      сәйкестендіру нөмірі;

      қозғалтқыштың жұмыс көлемі (текше сантиметрлерде);

      шанақтың нөмірі (болған кезде);

      шассидің нөмірі (болған кезде);

      шығарылған кезі (жасалған күні);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валюта сыныптауышына сәйкес валюта коды.

      Жеке пайдалануға арналған авто- және мотокөлік құралының тіркемесіне қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      жол көлік құралдары маркаларының сыныптауыштарына сәйкес марканың коды, моделі;

      тіркеу нөмірі (болған кезде);

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес тіркеу елінің коды (тіркеу болған кезде);

      сәйкестендіру нөмірі;

      шассидің нөмірі (болған кезде);

      шығарылған кезі (жасалған күні);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валюта сыныптауышына сәйкес валюта коды.

      Су кемесіне қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      түрі;

      тіркеу нөмірі (болған кезде);

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес тіркеу елінің коды (тіркеу болған кезде);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валюта сыныптауышына сәйкес валюта коды;

      салмағы (килограмда);

      тұрқының ұзындығы (метрде).

      Әуе кемесіне қатысты мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      түрі;

      тіркеу нөмірі (болған кезде);

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес тіркеу елінің коды (тіркеу болған кезде);

      құны (мүше мемлекеттің валютасында, еурода немесе АҚШ долларында) және валюта сыныптауышына сәйкес валюта коды;

      тұрақты орналастырылған құрылғыларды қоспағанда, экипаждың, жағармайдың және құрылғылардың салмағын есептемегенде аппараттың ұшуға дайын жағдайдағы салмағы (килограмдарда).

      56. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның "күні" жолына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияның толтырылған күні көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның "Декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін адамның Т.А.Ә., құжаттың деректемелері" жолына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелерінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      кеден өкілі кедендік декларациялауды жүзеге асырған жағдайда:

      кеден өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қызметкердің лауазымы;

      кеден өкілдерінің тізбесіндегі заңды тұлғаның тіркелу нөмірі;

      кеден өкілінің декларантпен жасасқан шартының нөмірі мен күні;

      декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін адам кедендік декларациялауды жүзеге асырған жағдайда № 107 шешімнің № 5 қосымшасында айқындалған жағдайларда:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжаттың атауы немесе құжаттың коды;

      әлем елдері сыныптауышына сәйкес құжат берген уәкілетті орган елінің коды;

      құжаттың сериясы (болған кезде) және нөмірі (бос орын арқылы);

      құжаттың берілген күні;

      №107 шешімге № 5 қосымшаның 1-тармағында көрсетілген сенімхаттың нөмірі және күні.

      57. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның "Қызметтік белгілер үшін" жолына сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының деректемелері осы Тәртіптің 31-тармағында көзделген тәртіпте толтырылады.

VII. Жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертумен (толықтырумен) байланысты кеден операцияларын жасау тәртібі

      58. Тауар шығарылғанға дейін қағаз жеткізгіш түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу Кеден кодексі 112-бабының 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

      Кеден органының рұқсатымен тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған тұлға жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 2 данасына қолмен жазылған өзгерістер (толықтырулар) енгізеді.

      Кеден органының лауазымды адамы кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жыл) форматында күнін қоя отырып жеке нөмірлік мөрінің бедерімен енгізілген өзгерістерді (толықтыруларды) растайды.

      59. Электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігі туындаған жағдайда тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған адам тауарларды шығарғанға дейін Кеден кодексінің 113-бабына сәйкес жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қайтаруды және электрондық құжат түріндегі жаңа жолаушыларға арналған кедендік декларациясын ұсынуды жүзеге асырады.

      60. 2019 жылғы 23 маусымдағы Еуразияық экономикалық комиссия Алқасының № 124 шешімі 2-тармағының "д" тармақшасында белгіленген жағдайда қағаз жеткізгіш түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тауар шығарылғаннан кейін № 107 шешімге № 5 қосымшада айқындалған жағдайларда енгізілетін өзгерістер (толықтырулар) тізбесі және осындай өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттілігінің негіздемесі бар өзгерістер енгізілетін жолаушыларға арналған кедендік декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіле отырып жазбаша еркін жазылған нысанда декларанттың, кеден өкілінің немесе декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет жасайтын тұлғаның өтініші негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі – жазбаша өтініш).

      Декларантқа арналған, жазбаша өтінішке қолмен жазылған өзгерістері (толықтырулары) бар жолаушыларға арналған кедендік декларацияның данасы және осындай өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттігін растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.

      Жазбаша өтініш жолаушыларға арналған кедендік декларация тіркелген кеден органына осы жолаушыларға арналған кедендік декларацияның сақталу мерзімі аяқталғанға дейін беріледі (жіберіледі).

      Кеден органы жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім қабылдаған кезде жолаушыларға арналған кедендік декларацияға енгізілген өзгерістер (толықтырулар) кеден органының лауазымды адамы кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жыл) форматында күнін қоя отырып, жеке нөмірлік мөрінің бедерімен растайды.

      Өзгерістер (толықтырулар) енгізілген және расталған жолаушыларға арналған кедендік декларацияның данасы жазбаша өтініш берген тұлғаға қайтарылады, ал оның көшірмесі мен жазбаша өтініш кеден органында кеден органына арналған жолаушыларға арналған кедендік декларацияның данасымен бірге сақталады.

      Кеден органы жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде кеден органы ол туралы жазбаша өтініш берген тұлғаны жазбаша түрде хабардар етеді және жолаушыларға арналған кедендік декларацияның данасын жолаушыларға арналған кедендік декларацияға енгізілген өзгерістерді (толықтыруларды) кеден органының жеке нөмірлік мөрінің бедерімен растаусыз кері қайтарады.

      61. 2019 жылғы 23 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 124 шешімі 2-тармағының "д" тармақшасында белгіленген жағдайда электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тауар шығарылғаннан кейін № 107 шешімге № 5 қосымшада айқындалған жағдайларда енгізілетін өзгерістер (толықтырулар) тізбесі және осындай өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттілігінің негіздемесі бар өзгерістер енгізілетін жолаушыларға арналған кедендік декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіле отырып жолаушыларға арналған кедендік декларация үшін айқындалған құрылымға сәйкес толтырылған декларанттың, кеден өкілінің немесе декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет жасайтын адамның өтініші негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі – электрондық өтініш).

      Электрондық өтінішке жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігін растайтын электрондық құжаттар немесе құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса беріледі.

      Кеден органы жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім қабылдаған кезде енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларациясын осы кеден органы электрондық өтініш берген тұлғаға кеден органының ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.

      Кеден органы жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде осы кеден органы электрондық өтініш берген тұлғаны осы жайлы кеден органының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.

      62. Егер жазбаша немесе электрондық өтініш артық төленген сомаларды және (немесе) артық өндіріп алынған баждарды, салықтарды қайтару (есепке алу) үшін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қажетті мәліметтерді қамтитын жағдайда, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес артық төленген сомаларды және (немесе) артық өндіріп алынған баждарды, салықтарды қайтару (есепке алу) төлеушінің өтініші бойынша жүргізілетін болса, ол қайтаруға (есепке алуға) арналған өтініш ретінде қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады