Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 8 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 112-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы "Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу және Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" № 289 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешімге қосымшада көзделген өзгерістердің 2-тармағының "р" – "ф" тармақшаларын, 3-тармағын, 4-тармағының "г" тармақшасының екінші – алтыншы, тоғызыншы – он бірінші, алпысыншы – алпыс үшінші абзацтарын қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы Шешімге қосымшада көзделген өзгерістердің 2-тармағының "р" – "ф" тармақшалары, 3-тармағы, 4-тармағының "г" тармақшасының екінші – алтыншы, тоғызыншы – он бірінші, алпысыншы – алпыс үшінші абзацтары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 22 қаңтардағы
№ 8 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-тармақтың төртінші абзацындағы "Нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық" деген сөздер "Толтыру тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібінде:

      а) мәтін бойынша "құнын түзету кезінде" деген сөздер "құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізген жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "14-тармақтың екінші абзацындағы" деген сөздер "14," деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "Тауарлар декларациясын түзету нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта" деген сөздер "Тауарларға арналған декларацияны түзету нысанын толтыру тәртібінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтың күші жойылды деп танылсын;

      в) 9-тармақтағы "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны түзету нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта" деген сөздер "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны түзетуді толтыру тәртібінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) III бөлімнің атауындағы "енгізу" деген сөз "енгізу жағдайлары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      д) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тауарларды шығарғаннан кейін ТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      а) Кодекстің 115-бабының 3-тармағында, 116-бабының 6-тармағында, 117-бабының 9-тармағында және 325-бабының 17 және 18-тармақтарында белгіленген жағдайлар;

      б) жүргізілген кедендік бақылаудың (оның ішінде өтінішке байланысты) нәтижелері бойынша немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде кеден органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге түрімен:

      ТД-да мәлімделген дәйексіз мәліметтер;

      ТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардағы мәліметтерге ТД-да мәлімделген мәліметтердің сәйкес келмеуі;

      ТД-да мәлімделген мәліметтерге толықтырулар енгізу қажеттілігі анықталған кезде;

      в) кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау нәтижелері бойынша не мүше мемлекеттердің сот органдарының заңды күшіне енген шешімдері негізінде;

      г) тарифтік преференцияларды қалпына келтіру кезінде;

      д) төлеуші тауарларды шығарғаннан кейін кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктерді қолдану туралы мәліметтерді мәлімдеген кезде, оның ішінде кеден органына мұндай жеңілдіктерді беруге негіз болып табылатын құжаттарды табыс етуге байланысты мәлімдеген кезде;

      е) өндіріп алу кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын және өзге де төлемдерді (бұдан әрі – кедендік, өзге де төлемдер) төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын мән-жайлар туындаған кезде;

      ж) кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін ұзарту кезінде;

      з) уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде;

      и) оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсынылған оларды төлеу кезінде;

      к) егер тауарлардың шығу тегі жүргізілген кедендік бақылау нәтижелері бойынша Кодекстің 314-бабының 5-тармағына сәйкес расталмаған болып есептелген жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу, кедендік-тарифтік реттеудің өзге де шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану кезінде;

      л) Кодекстің 315-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу кезінде;

      м) лауазымды адам толтыратын ТД бағандарындағы жазбаларға (белгілерге) өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттілігі анықталған кезде;

      н) тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырылған айқындауды пайдалану кезінде тауарлардың кедендік құнының нақты шамасын мәлімдеу кезінде;

      о) осы тармақтың "з" және "и" тармақшаларында көзделгеннен өзге жағдайларда кедендік, өзге де төлемдерді төлеу және (немесе) өндіріп алу кезінде, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін өсімпұлдарды және (немесе) пайыздарды есептеу және төлеу кезінде.";

      е) мынадай мазмұндағы 111-тармақпен толықтырылсын:

      "111. Кеден органының рұқсатымен тауарларды шығарғаннан кейін ТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) декларанттың өтініші және осы Тәртіптің 12-тармағының бірінші абзацында көрсетілген құжаттар немесе осы Тәртіптің IV бөліміне сәйкес осы Тәртіптің 12-тармағының екінші абзацында көрсетілген құжаттар негізінде жүргізіледі.

      Тауарларды кеден органының шешімі бойынша шығарғаннан кейін ТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) осы Тәртіптің V бөліміне сәйкес тауарларды шығарғаннан кейін ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы кеден органының шешімі (бұдан әрі – шешім) негізінде жүргізіледі.";

      ж) IV бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "IV. Тауарлар кеден органының рұқсатымен шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі";

      з) 12 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін тауарларды шығарғаннан кейін декларант тиісті түрде КДТ толтырылған өтінішті, оның электрондық түрін, ТД мәлімделген мәліметтерге енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) растайтын құжаттарды, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда – КҚД, ал кедендік, өзге де төлемдерді төлеу қажет болған жағдайда – олардың төленгенін растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді де ұсынады.

      Кодекстің 115-бабының 3-тармағында, 116-бабының 6-тармағында, осы Тәртіптің 11-тармағының "ж" – "и" және "о" тармақшаларына көзделген жағдайларда, өтініш ұсынылмайды. Бұл жағдайда декларант тиісті түрде толтырылған КДТ, оның электрондық түрін, өзгерістерді (толықтыруларды) растайтын, ТД-да мәлімделген мәліметтерге енгізілетін құжаттарды, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда – КҚД, ал кедендік, өзге де төлемдерді төлеу қажет болған жағдайда – олардың төленгенін растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді де табыс етеді.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген өтініш пен құжаттар не осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген құжаттар ТД тіркелген кеден органына не мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған өзге кеден органына беріледі.";

      и) 14-тармақтың бірінші абзацының күші жойылды деп танылсын;

      к) 16-тармақта:

      бірінші абзацтағы "не осы Тәртіптің 12-тармағының үшінші абзацында көзделген құжаттардың" деген сөздер "және осы Тәртіптің 12-тармағының бірінші абзацында көзделген құжаттардың не осы Тәртіптің 12-тармағының екінші абзацында көзделген құжаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац "өтінішті" деген сөзден кейін "және осы Тәртіптің 12-тармағының бірінші абзацында көзделген құжаттарды," деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзацтағы "үшінші" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші абзац "өтінішті" деген сөзден кейін "және осы Тәртіптің 12-тармағының бірінші абзацында көзделген құжаттарды," деген сөздермен толықтырылсын;

      л) 17-тармақтың бірінші абзацы "өтініш" деген сөзден кейін "және осы Тәртіптің 12-тармағының бірінші абзацына сәйкес ұсынылған құжаттар" деген сөздермен толықтырылсын, "үшінші" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      м) 18-тармақта:

      "а" тармақшасы "өтініш" деген сөзден кейін "және осы Тәртіптің 12-тармағының бірінші абзацында көрсетілген құжаттар" деген сөздермен толықтырылсын, "үшінші" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "в" тармақшасы "өтініште" деген сөзден кейін "және бірінші абзацқа сәйкес ұсынылған құжаттарда" деген сөздермен толықтырылсын, "үшінші" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      н) 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзге жағдайларда кеден органы ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізуге рұқсат береді және осы Тәртіптің 16-тармағының екінші – төртінші абзацтарында белгіленген мерзімдер шегінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны түзетуді толтыру тәртібінің 10-тармағының 11-тармақшасында айқындалған тәртіппен қалыптастырылатын тіркеу нөмірін беру жолымен КДТ-ны тіркейді. Бұл ретте лауазымды адам ТД-ға және ТДТ-ға тиісті жазбалар жүргізеді (белгі қояды), ал өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге – КҚД-ға да енгізіледі.";

      о) V бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "V. Кеден органының шешімі бойынша тауарлар шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі";

      п) 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тауарларды кеден органының бастамасы бойынша шығарғаннан кейін ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешім негізінде жүзеге асырылады.";

      р) 22 тармақтағы "3" деген цифр "5" цифрмен ауыстырылсын;

      с) 23-тармақ "кеден органына ТДТ ұсыну мерзімі" деген сөздерден кейін "(Беларусь Республикасы үшін)" деген сөздермен толықтырылсын;

      т) 24-тармақта:

      бірінші абзацтың алдында мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "24. Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында ТДТ және оның электрондық түрін, ал кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда – КҚД және оның электрондық түрін де лауазымды адам толтырады және шешіммен бір мезгілде жіберіледі.";

      бірінші абзацтағы "24. Декларант" деген сөздер "Беларусь Республикасында декларант" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "ұсыну мерзімі" деген сөздер "Беларусь Республикасында ұсыну мерзімі" деген сөздермен ауыстырылсын, "мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Беларусь Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын";

      үшінші абзацтағы "лауазымды" деген сөз "Беларусь Республикасында лауазымды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "ТД-да" деген сөз "Беларусь Республикасында ТД-да" деген сөздермен ауыстырылсын, "мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Беларусь Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      у) 25-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Егер" деген сөздер "Егер Беларусь Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "лауазымды адам" деген сөздер "Беларусь Республикасында лауазымды адам" деген сөздермен ауыстырылсын, "бірінші" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын, "екінші" деген сөз "үшінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "(жіберу мерзімі)" деген сөздер "Беларусь Республикасында жіберу мерзімі" деген сөздермен, "мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Беларусь Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзац алып тасталсын;

      ф) мынадай мазмұндағы 251-тармақпен толықтырылсын:

      "251. ТД-да электрондық құжат түрінде мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда, кеден органы декларантқа ТДТ-ны, ал тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда – кеден органының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық құжаттар түрінде КҚД-ны жібереді.".

      3. Көрсетілген тәртіпке № 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

  "Тауарларға арналған
декларацияда мәлімделген
мәліметтерге өзгерістер
(толықтырулар) енгізу тәртібіне
№ 1 ҚОСЫМША

      (нысан)

Кеден органының тауарлар шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы ШЕШІМІ

      20___ ж "___" ____________

Кеден органының
коды


Декларант
(атауы немесе Т.А.Ә.)

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібінің 11-тармағы _____ тармақшасының негізінде,
      ________________________________________________________ байланысты
      (тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге
      өзгерістер (толықтырулар) енгізу негіздері)
      1) қоса беріліп отырған ТДТ (КҚД) сәйкес өзгерістер (толықтырулар) енгізілді1;
      2) төменде келтірілген кестелерге сәйкес өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажет2:

р/с№

Тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі

Тауардың реттік нөмірі

Бағанның/кіші бөлімінің нөмірі

Бұрын көрсетілген мәліметтер

Өзгертілген (толықтырылған) мәліметтер

1.












Тауар нөмірі

Тауардың кедендік құнын айқындау әдісінің нөмірі

Тауарлардың кедендік құны

Ақпарат көзі (деректемелерді көрсете отырып) (болған кезде)









      _____________________________________________________________
      (Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер
      (толықтырулар) енгізу тәртібінің 24-тармағына сәйкес мерзім көрсетіледі)
      кешіктірмей, декларант тауарларға арналған декларацияға және оның электрондық түріне, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда – сондай-ақ кедендік құн декларациясына және оның электрондық түріне, ал алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары және өзге де төлемдер төленген жағдайда – олардың төленуін растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді де ұсынуы қажет2.

Жеке нөмірлік мөр
(болған кезде)2
 

      _______________________________________ ____________________
      (кеден органы лауазымды адамының Т.А.Ә.) (қолтаңбасы)
      ___________________________________ _____________ ___________________
      (декларант өкілінің (кеден өкілінің) Т.А.Ә.) (қолтаңбасы) (шешім алынған күн)
      ________________________________________________________________________________
      (шешім жіберілетін пошталық мекенжай (шешімді пошта арқылы жіберген кезде көрсетіледі)
      _______________________ ____________________________________________________
      (шешім пошта арқылы (шешімді пошта арқылы жіберген кеден органы лауазымды адамының
      жіберілген күн) Т.А.Ә. және қолтаңбасы)
      __________________________
1 Беларусь Республикасында қолданылмайды.
      2 Беларусь Республикасында ғана толтырылады.".

      4. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны түзету нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта:

      а) атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларға арналған декларацияны түзетуді толтыру тәртібі";

      б) 1-тармақтағы "Осы Нұсқаулық" деген сөздер "Осы Тәртіп" деген сөздермен ауыстырылсын, "нысандар" деген сөз алып тасталсын;

      в) 8 және 9-тармақтардағы "осы Нұсқаулықта" деген сөздер "осы Тәртіпте" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) 10 тармақта:

      бірінші абзац "3," деген цифрлардан кейін "5," деген цифрлармен толықтырылсын, "32," деген цифрлардан кейін "33," деген цифрлармен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) 5-баған. "Барлық тауарлар"

      Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында цифрлық символдармен бағанда ТДТ бойынша тауарлардың жалпы саны және ТД-да декларацияланатын тауарлардың жалпы саны көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер электрондық құжат түрінде ТДТ-ны беру кезінде құрылымның тиісті деректемелерінде не ТДТ-ны беру кезінде "/" бөлгіш белгісі арқылы қағаз тасымалдағышта құжат түрінде көрсетіледі;";

      2-тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасында осы бағанның екінші кіші бөлімі толтырылмайды.";

      3-тармақшаның бірінші және екінші абзацтары (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағанның бірінші кіші бөлімінде цифрлық символдармен КДТ 31-бағанында ол туралы мәліметтер көрсетілген тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

      Бағанның екінші кіші бөлімінде цифрлық символдармен ТД 32-бағанында көрсетілген, ол туралы мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін тауардың реттік нөмірі қойылады;";

      мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:

      "31) 33-баған. "Тауар коды"

      Бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауардың 10 таңбалы коды бос орынсыз көрсетіледі, ал Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген, кедендік, өзге де төлемдерді есептеу мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес тауардың кодын бірінші 4 белгіден кем емес деңгейде айқындауға жол берілген жағдайларда - ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес тауардың коды алғашқы бірінші 4 белгіден кем емес деңгейінде кеден органы айқындаған деңгейде көрсетіледі;";

      5-тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасында осы бағанның екінші кіші бөлімі толтырылмайды;";

      6-тармақшада:

      бірінші абзацтағы (кестеден кейін) "цифрлық" деген сөз "әріптік- цифрлық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші – оныншы абзацтар (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:

      "0 – декларанттың бастамасы бойынша;

      1 – тауарларды шығарғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нәтижелері;

      2 – тауарлар шығарылғанға дейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нәтижелері;";

      он сегізінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "3 – ТД-да мәлімделген, төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органы сұратқан (талап еткен), ТД-да олар туралы мәліметтер көрсетілген құжаттар ұсынылмаған;

      4 – ТД-да мәлімделген, төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органы сұратқан (талап еткен), ТД-да олар туралы мәліметтер көрсетілген ұсынылған құжаттар тексерілетін мәліметтерді растамайды;";

      он тоғызыншы және жиырма бірінші абзацтардағы (кестеден кейін) "шығарылған елі" деген сөздер "шығарылуы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жиырма үшінші абзац (кестеден кейін) "беру" деген сөзден кейін "(қалпына келтіру)" деген сөздермен толықтырылсын;

      жиырма төртінші абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:

      "4 – декларанттың ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы дәлелді өтініші негізінде тауарлар шығарылғаннан кейін тарифтік преференцияларды қалпына келтіру;";

      жиырма төртінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "5 – ТД-да мәлімделген, төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органы сұратқан (талап еткен), ТД-да олар туралы мәліметтер көрсетілген құжаттар ұсынылмаған;

      6 – ТД-да мәлімделген, төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органы сұратқан (талап еткен), ТД-да олар туралы мәліметтер көрсетілген, ұсынылған құжаттар тексерілетін мәліметтерді растамайды;";

      жиырма бесінші және жиырма жетінші абзацтардағы "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасында" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН-да" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жиырма жетінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "2 – ТД-да мәлімделген, төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органы сұратқан (талап еткен), ТД-да олар туралы мәліметтер көрсетілген құжаттар ұсынылмаған;

      3 – ТД-да мәлімделген, төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органы сұратқан (талап еткен), ТД-да олар туралы мәліметтер көрсетілген, ұсынылған құжаттар тексерілетін мәліметтерді растамайды;";

      отыз екінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "4 – ТД-да мәлімделген, төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органы сұратқан (талап еткен), ТД-да олар туралы мәліметтер көрсетілген құжаттар ұсынылмаған;

      5 – ТД-да мәлімделген, төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органы сұратқан (талап еткен), ТД-да олар туралы мәліметтер көрсетілген, ұсынылған құжаттар тексерілетін мәліметтерді растамайды;";

      отыз төртінші және отыз бесінші абзацтардағы (кестеден кейін) "0" деген цифр "А" деген әріппен ауыстырылсын, "1" деген цифр "Б" деген әріппен ауыстырылсын;

      отыз алтыншы абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:

      "В – кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарын және (немесе) осындай жеңілдіктерді қолдануға байланысты тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді бұза отырып іс-әрекеттер жасау фактілерін анықтау;";

      отыз жетінші абзацтағы (кестеден кейін) "3" деген цифр "Г" деген әріппен ауыстырылсын";

      отыз сегізінші абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:

      "Д – уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде, оның ішінде тауарларды кедендік баждарды, салықтарды төлемей уақытша болу және пайдалану шарттары сақталмаған кезде не тауарларды уақытша болу және пайдаланудың шекті мерзімі өткеннен кейін не декларанттың кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеместен, уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу туралы өтінішіне байланысты Кеден одағы Кеден кодексінің 219-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген шекті мерзім өткенге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу;

      отыз тоғызыншы абзацтағы (кестеден кейін) "5" деген цифр "Е" деген әріппен ауыстырылсын;

      қырқыншы және қырық бірінші абзацтар (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ж – кедендік, өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын өзге де мән-жайлардың басталуы;

      З – тауарларды шығарғаннан кейін кеден төлемдерін төлеу бойынша жеңілдіктерді қолдану туралы мәліметтерді көрсету, оның ішінде кеден органына осындай жеңілдіктерді беруге негіз болып табылатын құжаттарды ұсынуға байланысты көрсету;";

      қырық бірінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "И – ТД-да мәлімделген, төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органы сұратқан (талап еткен), ТД-да олар туралы мәліметтер көрсетілген құжаттар ұсынылмаған;

      К – ТД-да мәлімделген, төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органы сұратқан (талап еткен), ТД-да олар туралы мәліметтер көрсетілген, ұсынылған құжаттар тексерілетін мәліметтерді растамайды;

      Л – тауарлар шығарылғаннан кейін "А" – "К" кодтарында көзделгеннен өзге жағдайларда кедендік, өзге де төлемдерді, өсімпұлдарды және (немесе) пайыздарды төлеу және (немесе) өндіріп алу;";

      қырық екінші және қырық үшінші абзацтардағы (кестеден кейін) "8" деген цифр "М" деген әріппен ауыстырылсын, "9" деген цифр "Н" деген әріппен ауыстырылсын;

      қырық алтыншы абзацтың (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;

      қырық жетінші – қырық тоғызыншы абзацтардағы (кестеден кейін) "2" деген цифр "1" деген цифрмен ауыстырылсын, "3" деген цифр "2" деген цифрмен ауыстырылсын, "4" деген цифр "3" деген цифрмен ауыстырылсын;

      қырық тоғызыншы абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "4 – декларацияланатын тауарлардың жалпы санын ұлғайту (тауарды қосу);

      5 – декларацияланатын тауарлардың жалпы санының азайту (тауарды алып тастау).";

      10-тармақшада:

      екінші абзац (кестеден кейін) "кеден өкілдерінің тізіліміне" деген сөздерден кейін "(Ресей Федерациясы үшін тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы куәландыратын құжаттың нөмірі немесе кеден өкілдерінің тізіліміне тұлғаның тіркеу нөмірі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      жетінші абзацтағы (кестеден кейін) "және байланыс телефонының нөмірі" деген сөздер ", байланыс телефонының нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады