Еуразиялық экономикалық комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін айыппұл санкцияларын қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 175 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) (бұдан әрі – Хаттама) 10-тармағының 3-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін есептеу әдістемесінің және айыппұл салу тәртібінің (бұдан әрі – Есептеу әдістемесі және айыппұл салу тәртібі) 17-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) 44 және 45-тармақтарына сәйкес "Металлообработка" жауапкершілігі шектеулі қоғамына (бұдан әрі – "Металлообработка" ЖШҚ) (СТН 6449080010, тіркелген жерінің мекенжайы: 413111, Ресей Федерациясы, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Одесса көшесі, 75 үй) қатысты Хаттаманың 13-тармағын, Істерді қарау тәртібінің 21-тармағын бұзу белгілері бойынша қозғалған, ол үшін Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасына сәйкес жауапкершілік көзделген, Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау туралы істі қарады және мынаны анықтады.

      Істерді қарау тәртібінің 23-тармағына сәйкес 2020 жылғы 27 қазанда Істі қарау жөніндегі комиссияның төрағасы, Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің (бұдан әрі – Департамент) директоры А.Г. Сушкевич мыналардың:

      істі қарау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Департамент директорының орынбасары А.А. Қалиевтің;

      істі қарау жөніндегі комиссия мүшелері:

      Департамент директорының орынбасары Г.Б. Арамянның;

      Департаменттің бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) және істерді қарау бөлімінің кеңесшісі Е.П. Кривцунның;

      Департаменттің бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) және істерді қарау бөлімінің кеңесшісі А.А. Алавидзенің;

      құзыретіне бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатын іске асыру және (немесе) жүргізу кіретін, Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға жауапты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) мемлекеттік билік органдары қызметкерлерінің (бейне-конференц-байланыс арқылы):

      Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі Сауда, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, құрылыс және табиғи ресурстар басқармасы өнеркәсіп, құрылыс және табиғи ресурстар бөлімінің бастығы Е.А. Махначтың;

      Федералды монополияға қарсы қызметтің жарнаманы және жосықсыз бәсекелестікті бақылау басқармасы бастығының орынбасары Я.В. Склярованың;

      Федералды монополияға қарсы қызметтің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық басқармасы ТМД елдерімен экономикалық интеграция бөлімі бастығының орынбасары Ю.В. Тихонованың қатысуымен істі қараудың аяқталғаны туралы жариялады;

      істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген жауапкер (оның өкілдері) қатысқан жоқ.

      Комиссияда "Металлообработка" ЖШҚ, "Металлотехника" жауапкершілігі шектеулі қоғамының (СТН 6449070540, тіркелген жерінің мекенжайы: 413100, Ресей Федерациясы, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Құрылысшылар даңғылы, Өнеркәсіпаймағы) және олардың лауазымды тұлғаларының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 76-бабы 2-тармағын бұзу белгілері бар, энергия көздеріне қосу қажеттілігінсіз магистральдық құбыржолдарды салу кезінде далалық жағдайларда және өнеркәсіп кәсіпорындарында ацетиленді немесе оның алмастырғыштарын пайдалана отырып, болат құбырларды газ-силикатты (термиялық) кесуге арналған тасымалданатын машиналардың (бұдан әрі – құбыржолдарды кесуге арналған машиналар) сипатына, өндіру тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне қатысты және (немесе) 2017 жылғы 13 шілдедегі № 623722 тауар белгісіне (қызмет көрсету белгісіне) куәлікке сәйкес "АВТОГЕН-М" жауапкершілігі шектеулі қоғамының (Армения Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектісі) тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) болып табылатын атауында "ОРБИТА" сөзі бар "ОРБИТА-Р" және "ОРБИТА-РМ" белгіленімдерін пайдалану арқылы көрсетілген тауарларды өндірушілерге қатысты ықтимал жаңылыстыру тудырудан көрінген әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы іс (бұдан әрі - іс) жатыр.

      Істі қарау шеңберінде толық, жан-жақты және объективті қарастыру мақсатында мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мүше мемлекеттердің олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдары мен ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғалардан, оның ішінде "Металлообработка" ЖШҚ-дан істі қарау жөніндегі комиссияға қажетті ақпарат сұралды.

      "Металлообработка" ЖШҚ ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) ұсынбаған.

      "Металлообработка" ЖШҚ-ның көрсетілген әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Хаттаманың 13-тармағын және Істерді қарау тәртібінің 21-тармағын бұзу фактілері бар, осыған орай Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (Министр) С.М. Жұманғарин Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау туралы іс қозғады және оны қарау жөнінде комиссия құрылды, бұл туралы 2020 жылғы 19 наурызда № 12/ұйғ тиісті ұйғарым шығарылды.

      Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзуылуы туралы істі қарауды кейінге қалдыру туралы 2019 жылғы 7 қарашадағы № 55/ұйғ ұйғарымның (бұдан әрі – 2019 жылғы 7 қарашадағы № 55/ұйғ ұйғарымы) (Комиссияның 2019 жылғы 7 қарашадағы № 22-425 хатымен жіберілді) 3-тармағына сәйкес "Металлообработка" ЖШҚ ұйғарымды алған күннен бастап 10 күн мерзімде Департаментке:

      2017 жылдан бастап 2019 жылдың I тоқсанына дейінгі кезеңде (әр тоқсан бойынша жеке) құбырларды кесуге арналған машиналарды заттай шамада (данада) және құндық көрінісінде (ресей рублімен) (растайтын құжаттардың (жеткізу (сатып алу-сату) шарттарының, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың және т. б. тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып)) өткізу туралы;

      2017 жылдан бастап 2019 жылдың I тоқсанына дейінгі кезеңде (әр тоқсан бойынша жеке) құбырларды кесуге арналған машиналарды заттай шамада (данада) және құндық көрінісінде (ресей рублімен) (растайтын құжаттардың (жеткізу (сатып алу-сату) шарттарының, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың және т. б. тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып)) сатып алу туралы;

      құбырларды кесуге арналған өндірілетін және (немесе) өткізілетін машиналардың сипаттамалары (стандарттардың, техникалық шарттардың тиісті сипаттамаларын белгілейтін құжаттардың тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып)) туралы;

      "Металлообработка" ЖШҚ сатып алатын және (немесе) өткізетін құбырларды кесуге арналған машиналарды өндірушілер туралы;

      "ОРБИТА-Р", "ОРБИТА-РМ" деген сөздік белгіленімі толығымен немесе ішінара бар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) дараландыру құралдарын тіркеуге (құқықтарды өзге де заңды түрде сатып алуға) бағытталған "Металлообработка" ЖШҚ-ның әрекеттері туралы (растайтын құжаттардың тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін (өтінімдердің көшірмелерін, бекітілген макеттерді және т. б.қоса бере отырып));

      "Металлообработка" ЖШҚ лауазымды адамдары және (немесе) "Металлообработка" ЖШҚ тобына кіретін ұйымдардың құбырларды кесуге арналған машиналарды сатып алу және (немесе) тіркеу мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттік берілген лауазымды адамдары туралы (оларға өкілеттік беретін, тиісті түрде куәландырылған құжаттардың (директордың бұйрығының, директорлар кеңесі өкімінің жіне т.б.) көшірмелерін қоса бере отырып);

      2017 жылдан бастап 2019 жылғы наурыз аралығындағы кезеңде "Металлообработка" ЖШҚ жекедара атқарушы органының функцияларын атқарған тұлғалар туралы (заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін, құрылтайшылардың жалпы жиналысының бұйрықтарын, шешімдерін, заңды тұлға туралы мәліметтерді қамтитын ресми тізілімдерден үзінді көшірмелерді (көрсетілген ұйғарымды алған күннен бастап алу мерзімі 1 айдан аспайтын) және көрсетілген тұлғалардың заңды тұлғаның жекдара атқарушы органының функцияларын атқару фактісін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып) ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) ұсынуы қажет болатын.

      2019 жылғы 7 қарашадағы № 55/ұйғ ұйғарым Комиссияның 2019 жылғы 12 қарашадағы № 22-425 хатымен "Металлообработка" ЖШҚ орналасқан мекенжайы бойынша жіберілді (заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен алынған деректер): 413111, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Одесса көшесі, 75 үй).

      Көрсетілген почта жөнелтілімі почта операторы – "Почта России" акционерлік қоғамының қызметтерін тарта отырып, № 12105940028161 ресейішілік почта сәйкестендіргішін беру туралы хабарламалы тапсырыс хатпен жіберілді.

      "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі (бұдан әрі – Интернет желісі) "Почта России" акционерлік қоғамының ресми сайтында ұсынылған ақпаратқа сәйкес "Почта жөнелтілімдерін қадағалау" бөлімінде № 12105940028161 почта сәйкестендіргіші бойынша почта жөнелтілімі 2019 жылғы 21 қарашада "Металлообработка" ЖШҚ-ға тапсырылған.

      Осылайша "Металлообработка" ЖШҚ 2019 жылғы 7 қарашадағы № 55/ұйғ ұйғарымының 3-тармағына сәйкес Комиссияға ақпаратты қоса алғанда 2019 жылғы 2 желтоқсанға дейін ұсынуы тиіс болатын, алайда, олай жасалған жоқ, "Металлообработка" ЖШҚ-дан сұратылған ақпаратты ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттар Комиссияға келіп түскен жоқ.

      2019 жылғы 7 қарашадағы № 55/ұйғ ұйғарымымен сұратылған ақпараттың келіп түспеуіне байланысты, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қарауды кейінге қалдыру туралы 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 56/ұйғ ұйғарымның (Комиссияның 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 22-471 хатымен жіберілген) 3-тармағына сәйкес (бұдан әрі – 2019 ж. 5 желтоқсандағы № 56/ұйғ ұйғарымы) "Металлообработка" ЖШҚ 2019 жылғы 7 қарашадағы № 55/ұйғ ұйғарымымен сұратылған ақпаратты Департаментке қоса алғанда 2019 жылғы 20 желтоқсанға дейін ұсыну қажеттілігі белгіленген.

      2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 56/ұйғ ұйғарымы Комиссияның 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 22-471 хатымен "Металлообработка" ЖШҚ орналасқан мекенжайы бойынша жіберілді (заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен алынған деректер): 413100, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Одесса көшесі, 75 үй.

      Көрсетілген почта жөнелтілімі почта операторы – "Почта России" акционерлік қоғамының қызметтерін тарта отырып, хатпен жіберілді.

      Осылайша, "Металлообработка" ЖШҚ 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 56/ұйғ ұйғарымының 3-тармағына сәйкес Комиссияға ақпаратты 2019 жылғы қоса алғанда 20 желтоқсанға дейін ұсынуы тиіс болатын, алайда олай жасаған жоқ, "Металлообработка" ЖШҚ-дан сұратылған ақпаратты беру мерзімін ұзарту туралы өтінішхат Комиссияға келіп түскен жоқ.

      Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы іс бойынша 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымның (бұдан әрі – 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымы) 9-тармағына сәйкес (Комиссияның 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 22-491 хатымен жолданды) "Металлообработка" ЖШҚ көрсетілген ұйғарымды алған күннен бастап 10 күн мерзімде Департаментке Интернет желісіндегі өзіне тиесілі және (немесе) өзі жалға алған (растайтын құжаттардың тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып) сайттар туралы ақпаратты беруі тиіс болатын.

      2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымы Комиссияның 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 22-491 хатымен "Металлообработка" ЖШҚ орналасқан мекенжайы бойынша жіберілді (заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен алынған деректер): 413100, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Одесса көшесі, 75 үй.

      Көрсетілген почта жөнелтілімі почта операторы – "Почта России" акционерлік қоғамының қызметтерін тарта отырып, № 12105941092512 ресейішілік почта сәйкестендіргішін беру туралы хабарламалы тапсырыс хатпен жіберілді.

      "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі (бұдан әрі – Интернет желісі) "Почта России" акционерлік қоғамының ресми сайтында ұсынылған ақпаратқа сәйкес "Почта жөнелтілімдерін қадағалау" бөлімінде № 12105940028161 почта сәйкестендіргіші бойынша почта жөнелтілімі 2019 жылғы 29 қаңтарда "Металлообработка" ЖШҚ-ға тапсырылды.

      Осылайша, "Металлообработка" ЖШҚ 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымының 9-тармағына сәйкес Комиссияға ақпаратты қоса алғанда 2020 жылғы 10 ақпанға дейін ұсынуы тиіс болатын, алайда олай жасаған жоқ, "Металлообработка" ЖШҚ-дан сұратылған ақпаратты беру мерзімін ұзарту туралы өтінішхат Комиссияға келіп түскен жоқ.

      "Металлообработка" ЖШҚ бұрын сұратылған ақпаратты ұсынбағанын ескере отырып, істі қарау жөніндегі комиссия 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымымен "АВТОГЕН-М" ЖШҚ-дан, Саратов облысы бойынша № 7 Федералдық салық қызметінің Ауданаралық инспекциясынан, "Мегафон" жария акционерлік қоғамынан, "Ростелеком" жария акционерлік қоғамынан және Зияткерлік меншік жөніндегі федералдық қызметтен ұйғарымды алған күннен бастап 10 күн мерзімде осы ұйғарымда көрсетілген ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) Департаментке ұсынуды сұрады.

      "АВТОГЕН-М" ЖШҚ сұратылған ақпаратты істі қарау жөніндегі комиссияның 2020 жылғы 4 ақпандағы отырысында ұсынды.

      "Ростелеком" ЖАҚ сұратылған ақпаратты 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 10/05/596/20 хатымен ұсынды (2020 жылғы 27 қаңтардағы кіріс № 1166).

      "Мегафон" ЖАҚ сұратылған ақпаратты 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 5/3-UG-Шығ-00003/20 хатымен ұсынды (2020 жылғы 24 қаңтардағы кіріс № 1083құпия).

      Зияткерлік меншік жөніндегі федералдық қызмет сұратылған ақпаратты 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 04/22-1047/08 хатымен ұсынды (2020 жылғы 10 ақпандағы кіріс № 1982).

      Саратов облысы бойынша № 7 Федералдық салық қызметінің Ауданаралық инспекциясы сұратылған ақпаратты 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 12-27/001803 хатымен ұсынды (2020 жылғы 12 ақпандағы кіріс № 2081).

      Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қарауды кейінге қалдыру туралы 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымның (Комиссияның 2020 жылғы 7 ақпандағы № 22-31 хатымен жіберілген) (бұдан әрі – 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарым) 10-тармағына сәйкес "Региональный Сетевой Информационный Центр" акционерлік қоғамы ұйғарымды алған күннен бастап 10 күн мерзімде Департаментке осы ұйғарымда көрсетілген ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) ұсынуы қажет болатын.

      "РСИЦ" АҚ сұратылған ақпаратты 2020 жылғы 19 ақпандағы № 810-Ю хатымен ұсынды (2020 жылғы 19 ақпандағы кіріс № 2616).

      Істі қарау шеңберінде қабылданған, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қарауды кейінге қалдыру туралы 2020 жылғы 20 ақпандағы № 6/ұйғ ұйғарымға (Комиссияның 2020 жылғы 26 ақпандағы № 22-43 хатымен жіберілген) сәйкес іс материаларындағы ақпаратты ескере отырып, істі қарау жөніндегі комиссиядан іс материалдарына сәйкес оларда 2017 жылдан бастап 2019 жылдың I тоқсанына дейінгі кезеңде "ОРБИТА-Р" және "ОРБИТА-РМ" белгіленімдері бар құбырларды кесуге арналған машиналарды "Металлообработка" ЖШҚ-дан (үшін) сатып алу (өткізу) туралы ақпарат бар тұлғалардан көрсетілген машиналарды заттай шамада (данада) және құндық көрінісінде (ресей рублімен) (растайтын құжаттардың (жеткізу (сатып алу-сату) шарттарының, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың және т. б. тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып)) өткізу туралы ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) талап етіп сұратты.

      Көрсетілген тұлғалар сұратылған ақпаратты ұсынды.

      Ақпараттың бір бөлігі көрсетілген ақпаратты таратылуы шектелген ақпаратқа жатқызу туралы куәландыратын белгі көрсетіліп ұсынылғанын ескере отырып, оның мазмұны осы Шешімнің шеңберінде келтірілмейді.

      Ұсынылған ақпарат:

      "Металлообработка" ЖШҚ-ның 2017 жылдан бастап 2019 жылдың I тоқсанына дейінгі кезеңде құбырларды кесуге арналған машиналарды сатып алу;

      "Металлообработка" ЖШҚ-ның 2017 жылдан бастап 2019 жылдың I тоқсанына дейінгі кезеңде құбырларды кесуге арналған машиналарды өткізу;

      "Металлообработка" ЖШҚ-да құбырларды кесуге арналған машиналарды шығарушылар туралы ақпараттың (құжаттардың, мәліметтердің) және өзге де сұратылған ақпараттың болу фактісін растайды.

      Істі қарау шеңберінде қабылданған 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымның 3-тармағына сәйкес "Металлообработка" ЖШҚ-ны бұрын 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарыммен сұратылған ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы, сондай-ақ Шарттың XVIII бөлімінде және Хаттамада көзделген сұратылған мәліметтерді (ақпаратты) Комиссияға ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін, оның ішінде Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін (көрсетілген ақпаратты ұйғарымның көшірмесін алған күннен бастап 10 күн мерзімде ұсыну қажет болатын) Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасында көзделген айыппұл санкцияларын қолдану ықтималдығы туралы хабардар ету ұйғарылды.

      Сондай-ақ 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымның 7-тармағына сәйкес "Металлообработка" ЖШҚ-дан ұйғарымды алған күннен бастап 10 күн мерзімде:

      еңбек шартының, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, лазауымдық нұсқаулықтың (лауазымдық міндеттерін айқындайтын өзге құжаттың), оның ішінде көрсетілген ақпаратты Интернет желісінде орналастыру құқығын айқындайтын құжаттың тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілген өнімді өндіруші, "Металлообработка" ЖШҚ-ның көрсетілген ақпаратты Интернет желісінде орналастыру үшін жауапты лауазымды адамы (тегі, аты, әкесінің аты, тұрақты тіркелген жері және тұрғылықты жері) туралы ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) қоса алғанда (бірақ шектелмей), Интернет желісінде, оның ішінде ljunet64.ru және http://orbita-rm.ru/ сайттарында "ОРБИТА-РМ" және "ОРБИТА-Р (БАНДАЖ 320-1420ММ)" құбырларды кесуге арналған машиналарды өткізу туралы ұсыныстарды "Металлообработка" ЖШҚ-ның байланыс деректерін және оларға қатысты байланыс қызметтерін көрсету шарттары "Металлообработка" ЖШҚ директоры болып табылатын жеке тұлғаның атынан жасалған телефондардың абоненттік нөмірлерін көрсете отырып орналастыру туралы;

      "Металлообработка" ЖШҚ-ның 2017 жылдан бастап 2019 жылдың I тоқсанына дейінгі кезеңде (әр тоқсан бойынша жеке) құбырларды кесуге арналған машиналарды заттай шамада (данада) және құндық көрінісінде (ресей рублімен) (растайтын құжаттардың (жеткізу (сатып алу-сату) шарттарының, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың және т. б. тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып)) өткізуі туралы;

      "Металлообработка" ЖШҚ-ның 2017 жылдан бастап 2019 жылдың I тоқсанына дейінгі кезеңде (әр тоқсан бойынша жеке) құбырларды кесуге арналған машиналарды заттай шамада (данада) және құндық көрінісінде (ресей рублімен) (растайтын құжаттардың (жеткізу (сатып алу-сату) шарттарының, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың және т. б. тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып)) сатып алуы туралы;

      2017 жылдан 2019 жыл аралығындағы кезеңде құбырларды кесуге арналған машиналарды жеткізу (сатып алу) мәселесі бойынша келіп түскен өтініштер (осындай өтініштердің тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып) туралы мәліметтерді (құжаттарды, ақпаратты) ұсыну талап етілген болатын.

      2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымы Комиссияның 2020 жылғы ақпандағы № 22-31 хатымен "Металлообработка" ЖШҚ орналасқан мекенжайы бойынша жіберілді (заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен алынған деректер): 413111, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Одесса көшесі, 75 үй.

      Көрсетілген почта жөнелтілімі почта операторы – "Почта России" акционерлік қоғамының қызметтерін тарта отырып, № 12105941092970 ресейішілік почта сәйкестендіргішін бере отырып, тапсыру туралы хабарламалы тапсырыс хатпен жіберілді.

      Интернет желісіндегі "Почта России" акционерлік қоғамының ресми сайтында ұсынылған ақпаратқа сәйкес "Почта жөнелтілімдерін қадағалау" бөлімінде № 12105941092970 почта сәйкестендіргіші бойынша почта жөнелтілімі 2020 жылғы 26 ақпанда "Металлообработка" ЖШҚ-ға тапсырылған.

      Осылайша "Металлообработка" ЖШҚ 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымының 7-тармағына сәйкес Комиссияға ақпаратты қоса алғанда 2019 жылғы 2 желтоқсанға дейін ұсынуы тиіс болатын, алайда, олай жасалған жоқ, "Металлообработка" ЖШҚ-дан сұратылған ақпаратты ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттар Комиссияға келіп түскен жоқ.

      Хаттаманың 13-тармағына сәйкес Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау кезінде мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдардан немесе мүше мемлекеттердің ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғалардан істі қарау үшін қажетті ақпаратты сұратады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері), коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың функцияларын атқаратын өзге органдар немесе мүше мемлекеттердің ұйымдары (олардың лауазымды адамдары), жеке тұлғалар Комиссияға оның сұрау салуы бойынша өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді, түсіндірмелерді белгіленген мерзімдерде ұсынуға міндетті.

      Істерді қарау тәртібінің 21-тармағына сәйкес істі қарау жөніндегі комиссия істі қарау кезінде істі қарауға қатысатын тұлғалардан істі қарау барысында туындайтын мәселелер бойынша жазбаша немесе ауызша нысандағы құжаттарды, мәліметтер мен түсіндірмелерді сұратуға құқылы.

      Істерді қарау тәртібінің 22-тармағында Шарттың XVIII бөлімінде және Хаттамада көзделген сұратылған мәліметтерді (ақпаратты) Комиссияға ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау, оның ішінде Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау, сол сияқты Комиссияға көрінеу дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасында көзделген айыппұл санкцияларын қолдану үшін негіз болып табылады. Көрсетілген айыппұл санкцияларын қолдану Есептеу әдістемесінде және айыппұл салу тәртібінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Комиссия Есептеу әдістемесіне және айыппұл салу тәртібіне сай Шарттың XVIII бөлімінде және Хаттамада көзделген мәліметтерді (ақпаратты) Комиссияға ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін, оның ішінде Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны, сол сияқты Комиссияға жеке тұлғаларға көрінеу дұрыс емес мәліметтер (ақпарат) бергені үшін жеке тұлғаларға 10 000-нан 15 000 ресей рубліне дейінгі дейінгі мөлшерде, лауазымды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге 10 000-нан 60 000 ресей рубліне дейінгі мөлшерде, заңды тұлғаларға 150 000-нан 1 000 000 ресей рубліне дейінгі мөлшерде айыппұл салады.

      Осылайша, "Металлообработка" ЖШҚ 2019 жылғы 7 қарашадағы № 55/ұйғ ұйғарымына және 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 56/ұйғ ұйғарымына (және қоса алғанда 2019 жылғы 20 желтоқсанға дейін ұсынылуы тиіс), 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымына (және қоса алғанда 2020 жылғы 10 ақпанға дейін ұсынылуы тиіс) және 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымына (және қоса алғанда 2020 жылғы 10 ақпанға дейін ұсынылуы тиіс) сәйкес Комиссияның талап етуі бойынша ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) белгіленген мерзімде ұсынбаған, сонымен Хаттаманың 13-тармағын және Істерді қарау тәртібінің 21-тармағын бұзды.

      "Металлообработка" ЖШҚ мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау туралы істі қарау шеңберінде оның іс-әрекеттерінде бұзушылықтардың болуы фактісімен келіспеу немесе келісу туралы позицияны ұсынған жоқ.

      "Металлообработка" ЖШҚ 2019 жылғы 7 қарашадағы № 55/ұйғ ұйғарымына, 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 56/ұйғ ұйғарымына, 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымына, 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымына сәйкес сұратылған ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) Комиссияға ұсынуына кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жоқ.

      Істі қарау жөніндегі комиссия отырыстарына лауазымды тұлға және (немесе) "Металлообработка" ЖШҚ сенімхаты бойынша өкілдері қатыспады, отырыстың күнін ауыстыру туралы өтініш ұсынбады.

      "Металлообработка" ЖШҚ ісін қарау жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысудың мүмкін еместігінің дәлелді себебі туралы ақпарат ұсынылған жоқ.

      Хаттаманың 10-тармағының 3-тармақшасын, Істерді қарау тәртібінің 44-тармағын және Есептеу әдістемесінің және айыппұл салу тәртібінің 17-тармағын басшылыққа ала отырып, Комиссия Алқасы шешті:

      1. Комиссияның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін Істерді қарау тәртібінің 46-тармағында көзделген айыппұл санкцияларын қолдану туралы істі қарауды тоқтату үшін негіздер жоқ деп танылсын.

      2. Ақпарат ұсынбаудан көрінген "Металлообработка" ЖШҚ әрекеттері (әрекетсіздігі) ол үшін Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасында жауапкершілік көзделген Хаттаманың 13-тармағын және Істерді қарау тәртібінің 21-тармағын бұзу деп танылсын.

      3. Есептеу әдістемесіне және айыппұл салу тәртібіне және "Металлообработка" ЖШҚ (СТН 6449080010, тіркелген мекенжайы: 413111, Ресей Федерациясы, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Одесса көшесі, 75 үй) хаттамасының 16-тармағына сәйкес Шарттың XVIII бөлімінде және Хаттамада көзделген мәліметтерді (ақпаратты) Комиссияға ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған, оның ішінде Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбаған, сол сияқты Комиссияға көрінеу дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсынған деп таныған заңды тұлғаның алғаш рет ұсынбауын немесе уақтылы ұсынбауын) жауапкершілігін жұмсартатын мән-жайларды ескере отырып және жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, 433 333 ресей рублі 33 тиын мөлшерінде айыппұл тағайындалсын.

      Көрсетілген айыппұл Хаттаманың 17 және 18-тармақтарында белгіленген тәртіппен төленуге жатады.

      4. "Металлообработка" ЖШҚ осы Шешім күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімде Комиссияға 2019 жылғы 7 қарашадағы № 55/ұйғ ұйғарымына, 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 56/ұйғ ұйғарымына, 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымына және 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымына сәйкес сұратылған ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) осы ұйғарымдарда белгіленген тәртіппен ұсынуы тиіс.

      5. Осы Шешімге белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына шағым жасалуы мүмкін.

      6.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады