Еуразиялық экономикалық комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін айыппұл санкцияларын қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 176 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) (бұдан әрі – Хаттама) 10-тармағының 3-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін есептеу әдістемесінің және айыппұл салу тәртібінің (бұдан әрі – Есептеу әдістемесі және айыппұл салу тәртібі) 17-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) 44 және 45-тармақтарына сәйкес "Металлообработка" жауапкершілігі шектеулі қоғамының директоры (СТН 644925002650, көрсетілген адам директоры болып табылатын ұйымның тіркелген жерінің мекенжайы: 413111, Ресей Федерациясы, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Одесса көшесі, 75 үй) қатысты Хаттаманың 13-тармағын, Істерді қарау тәртібінің 21-тармағын бұзу белгілері бойынша қозғалған, ол үшін Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасына сәйкес жауапкершілік көзделген, Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау туралы істі қарады және мынаны анықтады.

      Істерді қарау тәртібінің 23-тармағына сәйкес 2020 жылғы 27 қазанда Істі қарау жөніндегі комиссияның төрағасы, Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің (бұдан әрі – Департамент) директоры А.Г. Сушкевич мыналардың:

      істі қарау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Департамент директорының орынбасары А.А. Қалиевтің;

      істі қарау жөніндегі комиссия мүшелері:

      Департамент директорының орынбасары Г.Б. Арамянның;

      Департаменттің бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) және істерді қарау бөлімінің кеңесшісі Е.П. Кривцунның;

      Департаменттің бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) және істерді қарау бөлімінің кеңесшісі А.А. Алавидзенің;

      құзыретіне бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатын іске асыру және (немесе) жүргізу кіретін, Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға жауапты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) мемлекеттік билік органдары қызметкерлерінің (бейне-конференц-байланыс арқылы):

      Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі Сауда, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, құрылыс және табиғи ресурстар басқармасы өнеркәсіп, құрылыс және табиғи ресурстар бөлімінің бастығы Е.А. Махначтың;

      Федералды монополияға қарсы қызметтің жарнаманы және жосықсыз бәсекелестікті бақылау басқармасы бастығының орынбасары Я.В. Склярованың;

      Федералды монополияға қарсы қызметтің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық басқармасы ТМД елдерімен экономикалық интеграция бөлімі бастығының орынбасары Ю.В. Тихонованың қатысуымен істі қараудың аяқталғаны туралы жариялады;

      істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген жауапкер (оның өкілдері) қатысқан жоқ.

      Комиссияда "Металлообработка" жауапкершілігі шектеулі қоғамының (СТН 6449080010, тіркелген жерінің мекенжайы: 413111, Ресей Федерациясы, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Одесса көшесі, 75 үй) (бұдан әрі – "Металлообработка" ЖШҚ), "Металлотехника" жауапкершілігі шектеулі қоғамының (СТН 6449070540, тіркелген жерінің мекенжайы: 413100, Ресей Федерациясы, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Құрылысшылар даңғылы, Өнеркәсіпаймағы) және олардың лауазымды тұлғаларының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 76-бабы 2-тармағын бұзу белгілері бар, энергия көздеріне қосу қажеттілігінсіз магистральдық құбыржолдарды салу кезінде далалық жағдайларда және өнеркәсіп кәсіпорындарында ацетиленді немесе оның алмастырғыштарын пайдалана отырып, болат құбырларды газ-силикатты (термиялық) кесуге арналған тасымалданатын машиналардың (бұдан әрі – құбырларды кесуге арналған машиналар) сипатына, өндіру тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне қатысты және (немесе) 2017 жылғы 13 шілдедегі № 623722 тауар белгісіне (қызмет көрсету белгісіне) куәлікке сәйкес "АВТОГЕН-М" жауапкершілігі шектеулі қоғамының (Армения Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектісі) тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) болып табылатын атауында "ОРБИТА" сөзі бар "ОРБИТА-Р" және "ОРБИТА-РМ" белгіленімдерін пайдалану арқылы көрсетілген тауарларды өндірушілерге қатысты ықтимал жаңылыстыру тудырудан көрінген әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы іс (бұдан әрі - іс) жатыр.

      Істі қарау шеңберінде толық, жан-жақты және объективті қарастыру мақсатында мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мүше мемлекеттердің олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдары мен ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғалардан, оның ішінде директоры болып табылатын "Металлообработка" ЖШҚ-дан істі қарау жөніндегі комиссияға қажетті ақпарат сұралды.

      Директоры болып табылатын "Металлообработка" ЖШҚ ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) ұсынбаған.

      Директоры болып табылатын "Металлообработка" ЖШҚ-ның көрсетілген әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Хаттаманың 13-тармағын және Істерді қарау тәртібінің 21-тармағын бұзу фактілері бар, осыған орай Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (Министр) С.М. Жұманғарин Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау туралы іс қозғады және оны қарау жөнінде комиссия құрылды, бұл туралы 2020 жылғы 19 наурызда № 11/ұйғ тиісті ұйғарым шығарылды.

      Істі қарау жөніндегі комиссияға қажетті ақпарат (құжаттар, мәліметтер) "Металлообработка" ЖШҚ-дан трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы істі қарауды кейінге қалдыру туралы 2019 жылғы 7 қарашадағы № 55/ұйғ ұйғарыммен (бұдан әрі – 2019 жылғы 7 қарашадағы № 55/ұйғ ұйғарымы) (Комиссияның 2019 жылғы 12 қарашадағы № 22-425 хатымен жіберілді), трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қарауды кейінге қалдыру туралы 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 56/ұйғ ұйғарыммен бұдан әрі – 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 56/ұйғ ұйғарымы) (Комиссияның 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 22-471 хатымен жіберілді), трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы іс бойынша 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарыммен (бұдан әрі – 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымы) (Комиссияның 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 22-491 хатымен жіберілді), трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қарауды кейінге қалдыру туралы 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарыммен (бұдан әрі – 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарым) (Комиссияның 2020 жылғы 7 ақпандағы № 22-31 хатымен жіберілген) сұратылды.

      1994 жылғы 30 қарашадағы № 51-ФЗ Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің 53 және 531-баптарына сәйкес заңға, басқа құқықтық актіге немесе құрылтай құжатына байланысты адам заңды тұлғаның өз атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген, өзі өкілі болып табылатын заңды тұлғаның мүддесі үшін адал және парасатты әрекет етуге тиіс, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметі үшін жауаптылықта болады.

      Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміндегі Федералды салық қызметінің деректеріне сәйкес, 2015 жылғы 2 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде "Металлообработка" ЖШҚ директоры, сондай-ақ заңды тұлға - "Металлообработка" ЖШҚ атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқығы бар тұлға болып табылады.

      Осылайша, "Металлообработка" ЖШҚ директоры Комиссияның "Металлообработка" ЖШҚ-ның ақпарат беруі туралы талаптарын орындамады.

      2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымының 4-тармағына сәйкес "Металлообработка" ЖШҚ лауазымды тұлғасы ретінде іс бойынша жауапкер ретінде тартылды.

      Көрсетілген ұйғарымның 8-тармағына сәйкес Департаментке ұйғарымды алған күннен бастап 10 күн мерзімде:

      тұратын жері және тіркелген жері туралы (паспорттың сериясы, нөмірі, берілген күні мен орны, тегі, аты, әкесінің аты, тіркелген жері туралы ақпаратты қамтитын паспорт беттерінің тиісті түрде ресімделген көшірмелерін қоса бере отырып);

      жұмыс берушінің СТН, оның тіркелген орны және нақты орналасқан жері көрсетілген қазіргі уақыттағы жұмыс орны туралы;

      2017 жылдан бастап 2019 жылдың I тоқсанына дейінгі кезеңде орындалатын "Металлообработка" ЖШҚ директорының лауазымдық міндеттері туралы (директор лауазымына тағайындау туралы бұйрықтың тиісті түрде ресімделген көшірмелерін, осындай бұйрық қабылданған құжаттарды, директордың лауазымдық нұсқаулығын немесе қоғам директорының құқықтары мен міндеттерін, оның функциялары мен оларды іске асыру тәртібін айқындайтын (белгілейтін) өзге де құжатты қоса бере отырып);

      2017 жылдан бастап 2019 жылдың I тоқсанына дейінгі кезеңде (әр тоқсан бойынша жеке) құбырларды кесуге арналған машиналарды заттай шамада (данада) және құндық көрінісінде (ресей рублімен) (растайтын құжаттардың (жеткізу (сатып алу-сату) шарттарының, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың және т. б. тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып)) өткізу туралы;

      2017 жылдан бастап 2019 жылдың I тоқсанына дейінгі кезеңде (әр тоқсан бойынша жеке) құбырларды кесуге арналған машиналарды заттай шамада (данада) және құндық көрінісінде (ресей рублімен) (растайтын құжаттардың (жеткізу (сатып алу-сату) шарттарының, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың және т. б. тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып)) сатып алу туралы;

      құбырларды кесуге арналған өндірілетін және (немесе) өткізілетін машиналардың сипаттамалары (стандарттардың, техникалық шарттардың тиісті сипаттамаларын белгілейтін құжаттардың тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып)) туралы;

      "Металлообработка" ЖШҚ сатып алатын және (немесе) өткізетін құбырларды кесуге арналған машиналарды өндірушілер туралы;

      "ОРБИТА-Р", "ОРБИТА-РМ" деген сөздік белгіленімі толығымен немесе ішінара бар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) дараландыру құралдарын тіркеуге (құқықтарды өзге де заңды түрде сатып алуға) бағытталған "Металлообработка" ЖШҚ-ның әрекеттері туралы (растайтын құжаттардың тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін (өтінімдердің көшірмелерін, бекітілген макеттерді және т. б.қоса бере отырып) ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) ұсынуы қажет болатын.

      2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарым Комиссияның 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 22-491 хатымен "Металлообработка" ЖШҚ орналасқан мекенжайы бойынша жіберілді (заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен алынған деректер): 413111, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Одесса көшесі, 75 үй).

      Көрсетілген почта жөнелтілімі тапсырыс хатпен почта операторы – "Почта России" акционерлік қоғамының қызметтерін тарта отырып, № 12105941092505 ресейішілік почта сәйкестендіргішін беру туралы хабарламамен жіберілді.

      "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі (бұдан әрі – Интернет желісі) "Почта России" акционерлік қоғамының ресми сайтында ұсынылған ақпаратқа сәйкес "Почта жөнелтілімдерін қадағалау" бөлімінде № 12105941092505 почта сәйкестендіргіші бойынша почта жөнелтілімі 2020 жылғы 29 қаңтарда тапсырылған.

      Осылайша "Металлообработка" ЖШҚ 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымының 9-тармағына сәйкес Комиссияға ақпаратты қоса алғанда 2020 жылғы 10 ақпанға дейін ұсынуы тиіс болатын, алайда, олай жасалған жоқ, -дан сұратылған ақпаратты ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттар Комиссияға келіп түскен жоқ.

      бұрын сұратылған ақпаратты ұсынбағанын ескере отырып, істі қарау жөніндегі комиссия 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымымен "АВТОГЕН-М" ЖШҚ-дан, Саратов облысы бойынша № 7 Федералдық салық қызметінің Ауданаралық инспекциясынан, "Мегафон" жария акционерлік қоғамынан, "Ростелеком" жария акционерлік қоғамынан, Зияткерлік меншік жөніндегі федералдық қызметтен ұйғарымды алған күннен бастап 10 күн мерзімде осы ұйғарымда көрсетілген ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) Департаментке ұсынуды сұрады.

      "АВТОГЕН-М" ЖШҚ сұратылған ақпаратты істі қарау жөніндегі комиссияның 2020 жылғы 4 ақпандағы отырысында ұсынды.

      "Ростелеком" ЖАҚ сұратылған ақпаратты 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 10/05/596/20 хатымен ұсынды (2020 жылғы 27 қаңтардағы кіріс № 1166).

      "Мегафон" ЖАҚ сұратылған ақпаратты 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 5/3-UG-Шығ-00003/20 хатымен ұсынды (2020 жылғы 24 қаңтардағы кіріс № 1083құпия).

      Зияткерлік меншік жөніндегі федералдық қызмет сұратылған ақпаратты 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 04/22-1047/08 хатымен ұсынды (2020 жылғы 10 ақпандағы кіріс № 1982).

      Саратов облысы бойынша № 7 Федералдық салық қызметінің Ауданаралық инспекциясы сұратылған ақпаратты 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 12-27/001803 хатымен ұсынды (2020 жылғы 12 ақпандағы кіріс № 2081).

      Ұсынылған ақпарат:

      "Металлообработка" ЖШҚ-ның 2017 жылдан бастап 2019 жылдың I тоқсанына дейінгі кезеңде құбырларды кесуге арналған машиналарды сатып алу;

      "Металлообработка" ЖШҚ-ның 2017 жылдан бастап 2019 жылдың I тоқсанына дейінгі кезеңде құбырларды кесуге арналған машиналарды өткізу;

      "Металлообработка" ЖШҚ-да құбырларды кесуге арналған машиналарды шығарушылар туралы ақпараттың (құжаттардың, мәліметтердің) және өзге де сұратылған ақпараттың болу фактісін растайды.

      Істі қарау шеңберінде қабылданған 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымның 4-тармағына сәйкес бұрын 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарыммен сұратылған ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы, сондай-ақ Шарттың XVIII бөлімінде және Хаттамада көзделген сұратылған мәліметтерді (ақпаратты) Комиссияға ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін, оның ішінде Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін (көрсетілген ақпаратты ұйғарымның көшірмесін алған күннен бастап 10 күн мерзімде ұсыну қажет болатын) Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасында көзделген айыппұл санкцияларын қолдану ықтималдығы туралы хабардар ету ұйғарылды.

      2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарым Комиссияның 2020 жылғы 7 ақпандағы № 22-31 хатымен "Металлообработка" ЖШҚ орналасқан мекенжайы бойынша жіберілді (заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен алынған деректер): 413111, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Одесса көшесі, 75 үй.

      Көрсетілген почта жөнелтілімі почта операторы – "Почта России" акционерлік қоғамының қызметтерін тарта отырып, № 12105941092956 ресейішілік почта сәйкестендіргішін беру туралы хабарламалы тапсырыс хатпен жіберілді.

      "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі (бұдан әрі – Интернет желісі) "Почта России" акционерлік қоғамының ресми сайтында ұсынылған ақпаратқа сәйкес "Почта жөнелтілімдерін қадағалау" бөлімінде № 12105941092956 почта сәйкестендіргіші бойынша почта жөнелтілімі 2020 жылғы 26 ақпанда директоры болып табылатын "Металлообработка" ЖШҚ-ға тапсырылған.

      Осылайша 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымының 4-тармағына сәйкес Комиссияға ақпаратты қоса алғанда 2020 жылғы 10 ақпанға дейін ұсынуы тиіс болатын, алайда, олай жасалған жоқ, -дан сұратылған ақпаратты ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттар Комиссияға келіп түскен жоқ.

      Істі қарау шеңберінде қабылданған, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қарауды кейінге қалдыру туралы 2020 жылғы 20 ақпандағы № 6/ұйғ ұйғарымға (Комиссияның 2020 жылғы 26 ақпандағы № 22-43 хатымен жіберілген) сәйкес іс материаларындағы ақпаратты ескере отырып, істі қарау жөніндегі комиссия іс материалдарына сәйкес оларда 2017 жылдан бастап 2019 жылдың I тоқсанына дейінгі кезеңде "ОРБИТА-Р" және "ОРБИТА-РМ" белгіленімдері бар құбырларды кесуге арналған машиналарды "Металлообработка" ЖШҚ-дан (үшін) сатып алу (өткізу) туралы ақпарат бар тұлғалардан көрсетілген машиналарды заттай шамада (данада) және құндық көрінісінде (ресей рублімен) (растайтын құжаттардың (жеткізу (сатып алу-сату) шарттарының, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың және т. б. тиісті түрде куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып)) өткізу туралы ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) талап етіп сұратты.

      Көрсетілген тұлғалар 2017 - 2019 жыл аралығындағы кезеңде "Металлообработка" ЖШҚ-ның құбырларды кесуге арналған машиналарды өткізу фактілерін растайтын ақпаратты ұсынды.

      Ақпараттың бір бөлігі көрсетілген ақпаратты таратылуы шектелген ақпаратқа жатқызу туралы куәландыратын белгі көрсетіліп ұсынылғанын ескере отырып, оның мазмұны осы Шешімнің шеңберінде келтірілмейді.

      "Жауапкершілігі шектеулі қоғамдар туралы" 1998 жылғы 8 ақпандағы № 14-ФЗ Федералдық заңының 40-бабының 3-тармағына сәйкес қоғамның жекедара атқарушы органы қоғамның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, оның ішінде оның мүдделерін білдіреді және мәмілелер жасасады, қоғам атынан өкілдік ету құқығына сенімхаттар, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді, қоғам қызметкерлерін қызметке тағайындау туралы, оларды ауыстыру және жұмыстан босату туралы бұйрықтар шығарады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады, Федералдық заңмен немесе қоғам жарғысымен қоғамға қатысушылардың жалпы жиналысының директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) және қоғамның алқалы атқарушы органының құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен алынған үзінді көшірмеге сәйкес 2015 жылғы 2 қыркүйектен бастап "Металлообработка" ЖШҚ атынан сенімхатсыз әрекет ету құқығы бар тұлға ретінде тіркелген.

      Хаттаманың 13-тармағына сәйкес Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау кезінде мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдардан немесе мүше мемлекеттердің ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғалардан істі қарау үшін қажетті ақпаратты сұратады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері), коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың функцияларын атқаратын өзге органдар немесе мүше мемлекеттердің ұйымдары (олардың лауазымды адамдары), жеке тұлғалар Комиссияға оның сұрау салуы бойынша өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді, түсіндірмелерді белгіленген мерзімдерде ұсынуға міндетті.

      Істерді қарау тәртібінің 21-тармағына сәйкес істі қарау жөніндегі комиссия істі қарау кезінде істі қарауға қатысатын тұлғалардан істі қарау барысында туындайтын мәселелер бойынша жазбаша немесе ауызша нысандағы құжаттарды, мәліметтер мен түсіндірмелерді сұратуға құқылы.

      Істерді қарау тәртібінің 22-тармағында Шарттың XVIII бөлімінде және Хаттамада көзделген сұратылған мәліметтерді (ақпаратты) Комиссияға ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау, оның ішінде Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау, сол сияқты Комиссияға көрінеу дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасында көзделген айыппұл санкцияларын қолдану үшін негіз болып табылады. Көрсетілген айыппұл санкцияларын қолдану Есептеу әдістемесінде және айыппұл салу тәртібінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Комиссия Есептеу әдістемесіне және айыппұл салу тәртібіне сәйкес Шарттың XVIII бөлімінде және Хаттамада көзделген мәліметтерді (ақпаратты) Комиссияға ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін, оның ішінде Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны, сол сияқты Комиссияға жеке тұлғаларға көрінеу дұрыс емес мәліметтер (ақпарат) бергені үшін жеке тұлғаларға 10 000-нан 15 000 ресей рубліне дейінгі мөлшерде, лауазымды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге 10 000-нан 60 000 ресей рубліне дейінгі мөлшерде, заңды тұлғаларға 150 000-нан 1 000 000 ресей рубліне дейінгі мөлшерде айыппұл салады.

      Осылайша, Комиссияның талап етуі бойынша 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымына (және қоса алғанда 2020 жылғы 10 ақпанға дейін ұсынылуы тиіс) және 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымына сәйкес сұратылған (және қоса алғанда 2020 жылғы 10 ақпанға дейін ұсынылуы тиіс) ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) белгіленген мерзімде ұсынбаған, сонымен Хаттаманың 13-тармағын және Істерді қарау тәртібінің 21-тармағын бұзды.

      мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау туралы істі қарау шеңберінде оның іс-әрекеттерінде бұзушылықтардың болуы фактісімен келіспеу немесе келісу туралы позицияны ұсынған жоқ.

      2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымына, 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымына сәйкес сұратылған ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) Комиссияға ұсынуына кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жоқ.

      Істі қарау жөніндегі комиссия отырыстарына қатыспады, істі қарау жөніндегі комиссия отырыстарына қатысуға уәкілетті тұлға отырыстың күнін ауыстыру туралы өтінішхаттар ұсынбады.

      ісін қарау жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысудың мүмкін еместігінің дәлелді себебі туралы ақпарат ұсынылған жоқ.

      Хаттаманың 10-тармағының 3-тармақшасын, Істерді қарау тәртібінің 44-тармағын және Есептеу әдістемесінің және айыппұл салу тәртібінің 17-тармағын басшылыққа ала отырып, Комиссия Алқасы шешті:

      1. Комиссияның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін Істерді қарау тәртібінің 46-тармағында көзделген айыппұл санкцияларын қолдану туралы істі қарауды тоқтату үшін негіздер жоқ деп танылсын.

      2. Ақпарат ұсынбаудан көрінген әрекеттері (әрекетсіздігі) ол үшін Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасында жауапкершілік көзделген Хаттаманың 13-тармағын және Істерді қарау тәртібінің 21-тармағын бұзу деп танылсын.

      3. Есептеу әдістемесіне және айыппұл салу тәртібіне және (СТН 644925002650, көрсетілген тұлға директоры болып табылатын ұйымның тіркелген жерінің мекенжайы: 413111, Ресей Федерациясы, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Одесса көшесі, 75 үй) хаттамасының 16-тармағына сәйкес жауапкершілігін жұмсартатын мән-жайлардың (Шарттың XVIII бөлімінде және Хаттамада көзделген мәліметтерді (ақпаратты) Комиссияға ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған, оның ішінде Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбаған, сол сияқты Комиссияға көрінеу дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсынған деп танылған заңды тұлғаның алғаш рет ұсынбауын немесе уақтылы ұсынбауын) ескере отырып және жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, 23 333 ресей рублі 00 тиын мөлшерінде айыппұл тағайындалсын.

      Көрсетілген айыппұл Хаттаманың 17 және 18-тармақтарында белгіленген тәртіппен төленуге жатады.

      4. осы Шешім күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімде:

      Комиссияға 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымына және 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымына сәйкес сұратылған ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) осы ұйғарымдарда белгіленген тәртіппен ұсынуы;

      Комиссияға 2019 жылғы 7 қарашадағы № 55/ұйғ ұйғарымына, 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 56/ұйғ ұйғарымына, 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 59/ұйғ ұйғарымына және 2020 жылғы 4 ақпандағы № 3/ұйғ ұйғарымына сәйкес "Металлообработка" ЖШҚ-дан сұратылған ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) осы ұйғарымдарда белгіленген тәртіппен ұсынуы тиіс.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады