Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 46 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 179 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Соты Статутының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 2 қосымша) 43-тармағында жүргізілуі көзделген, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу рәсімін жетілдіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 19 наурыздағы "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық комиссияның, Кеден одағы Комиссиясының шешімдеріне (актілеріне), олардың жекелеген ережелеріне немесе Еуразиялық экономикалық комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы өтініштерін қарау тәртібі туралы" № 46 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 179 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 46 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауындағы "Кеден одағы Комиссиясының,", "(актілеріне)" деген сөздер алып тасталсын.

      2. 1-тармақтағы "Кеден одағы Комиссиясының,", "(актілеріне)" деген сөздер алып тасталсын.

      3. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық комиссияның, Кеден одағы Комиссиясының шешімдеріне (актілеріне), олардың жекелеген ережелеріне немесе Еуразиялық экономикалық комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы өтініштерін қарау тәртібінде:

      а) атауындағы "Кеден одағы Комиссиясының,", "(актілеріне)" деген сөздер алып тасталсын.

      б) мәтін бойынша "Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде жасалған халықаралық шарттар" деген сөздер тиісті септік жалғаулары жалғана отырып "Шарт және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақ Соты Статутының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) № 2 қосымша) 43-тармағына сәйкес, өзінің өкілеттіктерін іске асыру мәселелері бойынша Комиссиямен дауларды реттеу үшін, Шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жіберілетін өтініштерін сотқа дейінгі тәртіппен қарау рәсімін регламенттейді.";

      г) 2-тармақта:

      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "әрекетсіздік" – Комиссияның Шартта немесе Комиссия шешімдерінде көзделген өз өкілеттіктерін орындамауы, оның ішінде, егер оны қабылдау Шарттың немесе Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзге де халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес Комиссияның міндеті болып табылатын болса, Комиссияның шешім қабылдамауы;";

      екінші абзацтағы "Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "шешім" – нормативтік-құқықтық сипаты бар және өтініш иесінің кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын Комиссия (Кеден одағы Комиссиясы) шешімі.";

      д) 3-тармақтағы "Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия)" деген сөздер "Комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;

      е) 4-тармақтағы "Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға" деген сөздер "Шартқа немесе Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберіндегі өзге де халықаралық шарттарға" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде жасалған халықаралық шарттармен" деген сөздер "Шартпен және Одақ шеңберіндегі өзге де халықаралық шарттармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ж) 5-тармақта:

      екінші абзац алып тасталсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтеу шараларын қолдануға қатысты мәселелер бойынша;";

      үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істер бойынша Комиссияның шешімдеріне дау айтуға қатысты мәселелер бойынша;";

      төртінші абзац "сипаты бар" деген сөздерден кейін ", Комиссияның қандай да бір әрекеттерді жасауы туралы өтінішті қамтитын" деген сөздермен толықтырылсын;

      з) 6-тармақ "сәйкес" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияда таратылуы шектелген (құпия және қызмет бабында пайдалану үшін) құжаттармен жұмыс істеу тәртібін ескере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      и) 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комиссияның Құқықтық департаменті, қоса орындаушылар өтінішті онда мәлімделген талаптар шегінде қарайды.

      9. Өтініш Комиссияға орыс тілінде мына нысандардың бірінде беріледі (өтініш берушінің таңдауы бойынша):

      қосымшаға сәйкес өтініштің толтырылған формулярын жіберу арқылы қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде;

      Одақтың ресми сайтында орналастырылған өтініш формулярын толтыру арқылы қалыптастырылатын электрондық құжат түрінде.

      Өтініш берушінің талаптары және олардың негіздемесі толтырылған формулярдың негізінде өтініш келіп түскен кезеңде өтініш беруші талаптарының мәні мен көлемін толықтыруларға немесе қосымшаларға жүгіну қажеттілігінсіз айқындау мүмкін болатындай етіп өтініш формулярының тиісті бөлімдерінде тікелей, қысқа және анық жазылуға тиіс.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілетін өтінішке өтініш иесі не өкілеттігі Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) немесе өтініш иесі тіркелген үшінші мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделетін оның өкілі қол қояды.";

      к) 10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Егер өтініш беруші Комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтса, өтініште өтініш берушінің Комиссияға берілген алдыңғы өтініштеріндегі Комиссияның қандай да бір әрекеттер жасауы мәселесіне қатысты мәліметтер көрсетіледі.";

      л) 11-тармақ мынадай мазмұндағы "д1" тармақшамен толықтырылсын:

      "д1) дау айтылатын шешім, оның жекелеген ережелері және (немесе) Комиссия әрекеттері (әрекетсіздігі) және өтініш берушінің пікірі бойынша, Шартта және Одақ шеңберіндегі өзге де халықаралық шарттарда оған берілген құқықтардың, сондай-ақ кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет саласындағы оның заңды мүдделерінің орын алған бұзылуы арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуы;";

      м) 14-тармақтағы "2 ай" деген сөздер "3 ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      н) мынадай мазмұндағы 181 және 182–тармақтармен толықтырылсын:

      "181. Комиссия мен шаруашылық жүргізуші субъект арасындағы дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі өтініште көрсетілген талаптарға ғана қатысты сақталған деп саналады және Комиссия осы Тәртіпке сәйкес қарайды.

      Өтініште көрсетілмеген өзге талаптарға қатысты дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі сақталмаған болып саналады.

      182. Өтініш беруші осы Тәртіпке сәйкес қаралған өзінің өтінішіне берілген Комиссияның жауабымен келіспеген жағдайда, ол өтініште көрсетілген дәл сол талаптарды қамтитын өтініммен Одақтың Сотына жүгінуге құқылы.

      Комиссия бұрын қарағандардан өзгеше талаптар осы Тәртіпке сәйкес дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі сақталғаннан кейін ғана Одақтың Сотына ұсынылуы мүмкін.";

      о) мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын:

  "Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің Еуразиялық
экономикалық комиссияның
шешімдеріне, олардың
жекелеген ережелеріне немесе
Еуразиялық экономикалық
комиссияның әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) дау айту туралы
өтініштерін қарау тәртібіне
ҚОСЫМША

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне, олардың жекелеген ережелеріне немесе Еуразиялық экономикалық комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы өтініштерінің ФОРМУЛЯРЫ

  Еуразиялық экономикалық
комиссияға Смоленский б-р.,
3/5 үй, 1-құр, Мәскеу,119121

Еуразиялық экономикалық одақ Соты Статутының 43-тармағына сәйкес дауды сотқа дейін реттеу тәртібіндегі ӨТІНІШ

I. Өтініш беруші туралы мәліметтер

      Заңды тұлғалар үшін – ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, орналасқан жерінің мекенжайы.

      Жеке кәсіпкерлер үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тіркелген мекенжайы.

      Егер өтініш берушінің орналасқан жерінің мекенжайы (тіркелген мекенжайы) өзі хат-хабар алатын почталық мекенжайдан өзгеше болса, екі мекенжайды көрсету қажет.

II. Өкіл туралы мәліметтер

      Өтінішке сенімхат бойынша өкіл қол қойған жағдайда көрсетіледі.

III. Өтініште қозғалатын құқықтық реттеу саласы

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 3-тармағына сәйкес құқықтық реттеудің тиісті саласы көрсетіледі

      (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) № 1 қосымша).

IV. Өтініш беру мәні

      Өтініш беруші талаптарының нақты мәні көрсетіледі (ол нақты неге дау айтады):

      Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) шешімінің атауы және оның деректемелері;

      Комиссияның әрекеттері немесе әрекетсіздігі (өтініш беруші бұрын Комиссияға жіберген хаттарға жауаптарды қамтитын, Комиссияның тиісті хаттарының деректемелеріне сілтемемен).

V. Өтініш берушінің Комиссияға жіберген алдыңғы өтініштері туралы мәліметтер

      Егер өтініш беруші Комиссияға бұрын өтініш мәні бойынша жүгінген болса, онда өтініш берушінің Комиссияның мекенжайына тиісті хаттарының деректемелерін, сондай-ақ Комиссияның тиісті жауаптарын көрсету қажет (осы өтініштің IV бөлімінде көрсетілетін хаттарды қоспағанда).

VI. Өтініш беруші талаптарының негіздемесі

      Өтініштің нақты мән-жайлары мен мәніне қатысты барлық ақпарат жазылады, оның ішінде:

      1) Комиссияға жүгіну үшін себеп болған нақты мән-жайлардың қысқаша сипаттамасы беріледі;

      2) Шарттың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін өзге де халықаралық шарттардың, өтініш берушінің пікірі бойынша, Комиссия бұзған ережелері көрсетіледі (нақты құқықтық норма (нормалар) көрсетіледі);

      3) дау айтылатын шешім, оның жекелеген ережелері және (немесе) Комиссия әрекеттері (әрекетсіздігі) және өтініш беруші құқықтарының болжамды бұзылуы арасындағы себеп-салдарлық байланыс сипатталады;

      4) Шартпен және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін өзге де халықаралық шарттармен өтініш берушіге берілген нақты қандай құқықтар Комиссияның шешімімен және (немесе) әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) бұзылғандығы көрсетіледі.

VII. Өтініш берушінің талаптары

      Шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне, олардың жекелеген ережелеріне немесе Еуразиялық экономикалық комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы өтініштерін қарау тәртібінің 4-тармағына сәйкес өтініш берушінің талабы көрсетіледі.

VIII. Қосымшалар

      Егер өтінішке қандай да бір құжаттар қоса берілетін болса, онда оларды тізбеге жинақтау керек.

IX. Қолтаңба және мөр

      Соңғы парақта өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолтаңбасы, сондай-ақ заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мөрі (бар болса) қойылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады