Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, коррозияға төзімді (тоттанбайтын) болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 185 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  "Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, коррозияға төзімді (тоттанбайтын) болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 6 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы қоса алғанда 2021 жылғы 18 қазанға дейін ұзартылсын.

      2.  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2021 жылғы 18 қазанға дейін, алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 6 шешімімен белгіленген ставкалар бойынша демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2021 жылғы 26 ақпаннан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады