Арнайы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесіне және оларды осындай кедендік рәсіммен орналастыру шарттарына өзгерістер енгізу туралы және 2020 жылғы UEFA футболдан Еуропа чемпионатын ұйымдастыру және өткізу мақсатында тауарларды әкелудің (әкетудің) кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 19 шешімі.

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 3, 9 және 18-тармақтарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 7-бабының 2 және 3-тармақтарына, 253-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына, 254-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 62, 48 – 50-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешімімен бекітілген арнайы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесіне және оларды осындай кедендік рәсіммен орналастыру шарттарына өзгерістер енгізілсін.

      2. 2020 жылы UEFA футболдан Еуропа чемпионатын ұйымдастыру және өткізу кезінде пайдалануға арналған және осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тізбенің 10 және 101-тармақтарына сәйкес арнайы кедендік рәсіммен орналастыруға рұқсат етілген, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымшада көзделген тізбеге сәйкес Одақтың кедендік аумағына әкелудің және (немесе) Одақтың кедендік аумағынан әкетудің, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынбай, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған кезде осы тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарларды (бұдан әрі - тауарлар) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) кедендік аумағына әкелуге рұқсат етілсін.

      3. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға), ветеринариялық және карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қатысты мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау), ветеринариялық және карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) осы Шешімнің 4-тармағында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Одақ құқығына кіретін актілерге, сондай-ақ аумағында 2020 жылғы UEFA футболдан Еуропа чемпионаты өткізілетін Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес Одақтың кедендік аумағында және Одақтың кедендік шекарасында жүзеге асырылады.

      4. Тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу және арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған кезде оларды Одақтың кедендік аумағынан әкету мыналар ескеріле отырып жүзеге асырылады:

      а) Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің II бөліміне енгізілген тауарларды әкелу оларды мемлекеттік тіркеусіз және өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді ұсынусыз жүзеге асырылады;

      б) ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын, жануарлардан алынатын дайын тамақ өнімі болып табылатын тауарларды әкелу рұқсаттар алынбай және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, экспорттаушы кәсіпорындар туралы мәліметтерді бақылаудағы тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізіліміне енгізбестен, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары берген ветеринариялық сертификаттармен бірге жүзеге асырылады;

      в) 2020 жылы UEFA футболдан Еуропа чемпионатына қатысушы команда мүшелерінің жеке тұтынуына арналған, ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын, жануарлардан алынатын дайын тамақ өнімі болып табылатын, тауарлардың атауы, өндірушісі және дайындалған елі туралы мәліметтер көрсетілген таңбалауды қамтитын зауыттық қаптамадағы, команданың бір мүшесіне есептегенде жалпы салмағы 5 килограмнан аспайтын осындай тауарларды әкелу әкелуге рұқсат алынбай, экспорттаушы кәсіпорындар туралы мәліметтерді осы тармақтың "б" тармақшасында көрсетілген тізілімге енгізбестен және тауарлар өндірілген аумақтың эпизоотиялық саламаттығы жағдайында ветеринариялық сертификаттарды бірге алып жүрмей жүзеге асырылады;

      г) 2020 жылы UEFA футболдан Еуропа чемпионатына қатысушы команда мүшелерінің жеке тұтынуына арналған, карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын, фитосанитариялық тәуекелі жоғары, өсімдіктен алынған тамақ өнімдері болып табылатын, тауарлардың атауы, өндірушісі және дайындалған елі туралы мәліметтер көрсетілген таңбалауды қамтитын зауыттық қаптамадағы, команданың бір мүшесіне есептегенде жалпы салмағы 5 килограмнан аспайтын осындай тауарларды әкелу фитосанитариялық сертификаттарды бірге алып жүрмей жүзеге асырылады;

      д) осы тармақтың "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген тауарларға қатысты:

      әкелуге тыйым салу түріндегі ветеринариялық-санитариялық шаралар, бұл тыйым өндіруші елдегі немесе экспорттаушы елдегі эпизоотиялық жағдай негізге алына отырып салынған жағдайда қолданылады;

      пайдаланылмаған тауарларды әкету әкетуге рұқсат алмай жүзеге асырылады. Осы тауарларды әкету кезінде Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары беретін ветеринариялық сертификаттарды ресімдеу, мұндай талап импорттаушы елдердің заңнамасында белгіленсе және мұндай тауарларды әкелу кезінде осы елдердің құзыретті органдары берген ветеринариялық сертификаттармен бірге жүрген жағдайда жүзеге асырылады.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

Э. Асрандиев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 21 ақпандағы
№ 19 шешіміне
ҚОСЫМША

Арнайы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесіне және оларды осындай кедендік рәсіммен орналастыру шарттарына ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 10-тармақта:

      а) бірінші бөлікте:

      бірінші сөйлем ", сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларының және техникалық реттеу шараларының сақталуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынбай" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші сөйлем алып тасталсын;

      б) үшінші бөлікте:

      алтыншы абзац алып тасталсын;

      жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "2.14. (дәрілік заттар);".

      2. 10-тармақтың үшінші бөлігінде1:

      бірінші абзацтағы "алтыншы" деген сөз "жетінші - оныншы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "және сыйымдылығы 0,75 литр болатын, саны 23 мың бөтелкеден аспайтын" деген сөздер ", сондай-ақ табиғи жүзім шарабы, уыт сыра және сыра (сыра сусындары) негізінде дайындалатын, кез келген сыйымдылықты бөтелкелердегі және (немесе) жалпы көлемі 17 250 литрден аспайтын жағдайда өзге де тұтыну ыдысындағы сусындар" деген сөздермен ауыстырылсын;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады