Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 21 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 38 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 56 және 57-баптарына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына сәйкес, бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-nCoV короновирус инфекциясы таралуының алдын алу және оны болғызбауға бағытталған шараларын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 21 шешімімен бекітілген "Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-nCoV короновирус инфекциясы таралуының алдын алу және оны болғызбауға бағытталған шараларды іске асыруы мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар тізбесін бекіту туралы" шешімі мынадай мазмұндағы 31 – 35-тармақтармен толықтырылсын:

      "31. Мүше мемлекет билік органының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес атқарушы биліктің өзге де уәкілетті органы берген және өнімдердің (тауарлардың) номенклатурасы, саны туралы, сондай-ақ оны әкелетін ұйым туралы мәліметі бар әкелінетін өнімдердің (тауарлардың) нысаналы мақсатын растайтын құжат кеден органына ұсынылған жағдайда, Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің ІІ бөліміне кіргізілген, 2019-nCoV короновирус инфекциясы таралуының алдын алу оны болғызбауға арналған және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес оларға қатысты тыйымдар мен шектеулер қолданылатын өнімдерді (тауарларды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті кеден органдарына ұсыну талап етілмейді.

      32. Мүше мемлекет билік органының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес атқарушы биліктің өзге де уәкілетті органы берген және өнімдердің (тауарлардың) номенклатурасы, саны туралы, сондай-ақ оны әкелетін ұйым туралы мәліметі бар әкелінетін өнімдердің (тауарлардың) нысаналы мақсатын растайтын құжат кеден органына ұсынылған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, осы Шешіммен бекітілген тізбеге енгізілген өнімдер (тауарлар), оларға қатысты Кеден одағының кедендік аумағына өнімдер (тауарлар) әкелу тәртібі туралы ережеге сәйкес міндетті талаптар белгіленетін, Кеден одағы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген тыйымдар мен шектеулер қолданылатын өнімдер (тауарлар) үшін кеден органына техникалық реттеу шараларының сақталғанын растау талап етілмейді.

      33. Мүше мемлекет билік органының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдары немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес атқарушы биліктің өзге де уәкілетті органдары:

      осы Шешімнің 31 және 32-тармақтарына сәйкес тиісті мүше мемлекеттің аумағына әкелінетін өнімдердің (тауарлардың) 2019-nCoV короновирус инфекциясы таралуының алдын алу және оған жол бермеуге бағытталған шараларды іске асыру мақсатында ғана пайдаланылуын;

      осы Шешіммен бекітілген тізбеге енгізілген өнімдер (тауарлар) пайдаланылғанға дейін олардың қауіпсіздігіне мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен бағалау жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етсін.

      34. Осы Шешімнің 31 және 32-тармақтарына сәйкес мүше мемлекеттің аумағына әкелінген өнімдер (тауарлар) осы мүше мемлекеттің аумағындағы айналысқа арналған.

      35. Осы Шешімнің 31 және 32-тармақтарында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өнімдер (тауарлар) әкелудің уақытша шарты қоса алғанда 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін қолданылады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 3 сәуірден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М. Григорян

Беларусь Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан
Э. Асрандиев

Ресей Федерациясынан
А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады