Еуразиялық экономикалық одақтың 2019-2020 жылдарға арналған интеграциялық ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 3 өкімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 27-тармағына сәйкес:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 37 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың 2019-2020 жылдарға арналған интеграциялық ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі – жоспар) өзгерістер енгізілсін.

      2. Жоспарды 2020 жылы іске асыру процесінде қаржыландыру көлемін жоспардың бір тармағы шеңберіндегі іс-шаралардың арасында (жоспардың 1-тармағының "г", "е", "ж", "к" – "п", "ф", "ц" және "ч" тармақшаларында көзделген іс-шарлардың арасында; жоспардың 2-тармағының "б" – "е" тармақшаларында көзделген іс-шарлардың арасында; жоспардың 4-тармағының "а" – "к" тармақшаларында көзделген іс-шарлардың арасында; жоспардың 6-тармағының "а" – "ж" тармақшаларында көзделген іс-шарлардың арасында; жоспардың 7-тармағының "а" және "б" тармақшаларында көзделген іс-шарлардың арасында) қайта бөлуді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жүзеге асырады деп белгіленсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы:

      2020 жылғы 28 ақпанға дейінгі мерзімде интеграцияланған жүйені құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарларында көзделген іс-шаралар мен жұмыстарды іске асыру туралы және оларды іске асыруға жұмсалатын іс жүзіндегі шығыстар туралы ақпаратты (шарттарға сілтемелерді және жоспарда көрсетілген қаржыландыру көлемдерінен ауытқу себептерін көрсетумен) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге ұсыну әдіснамасын әзірлесін.

      Жалпы процестерді іске асыруды олардың енгізу өзектілігі мен басымдығы, Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобалармен арақатынасы мәніне талдау жасасын және нәтижелері бойынша 2020 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіне ұсыныстар берсін.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) 3-тармақта көрсетілген әдіснамаға сәйкес жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге тоқсан сайын ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 3 өкіміне
  ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың 2019-2020 жылдарға арналған интеграциялық ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Жоспар мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
  комиссия Кеңесінің 2018 жылғы
  5 желтоқсандағы № 37 өкімімен
  БЕКІТІЛГЕН
  (Еуразиялық экономикалық
  комиссия Кеңесінің 2020 жылғы
  30 қаңтардағы № 3 өкімінің редакциясында)

Еуразиялық экономикалық одақтың 2019-2020 жылдарға арналған интеграциялық ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Іс-шара

Күтілетін нәтиже

Орындалу мерзімі

Орындаушы

Қаржыландыру көлемі1
(мың рубль)

2019 жыл

2020 жыл

2019 жыл

2020 жыл

1

2

3

4

5

6

7

1. Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі тиісінше – Одақ, интеграцияланған жүйе) жалпы жүйелік жобалау, оның ішінде:


171 650,0

137 443,6

а) №1 қосымшаға сай жалпы процестерді іске асыруға арналған бағыттар тізбесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесін (бұдан әрі – жалпы процестер тізбесі) өзекті ету

өзекті етілген тізбе

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Еуразиялық экономикалық комиссия
(бұдан әрі – Комиссия), Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары
(бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер,
уәкілетті органдар)

б) жалпы процестердің технологияларын Одақ деректерінің моделімен өзара байланыста дамыту туралы нормативтік-әдістемелік құжаттар әзірлеу, оның ішінде бірнеше реттеу салаларын қозғайтын кешенді жобаларды іске асыру кезінде

нормативтік-әдістемелік құжаттардың жобалары

I – II
тоқсандар

Комиссия, уәкілетті органдар

7 630,0

в) мемлекетаралық (трансшекаралық) электрондық қызметтердің жүзеге асырылуын регламенттейтін нормативтік-әдістемелік құжаттар әзірлеу

нормативтік-әдістемелік құжаттардың жобалары

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар

5 750,0

г) интеграцияланған жүйе компоненттеріне техникалық сараптама жүргізуді регламенттейтін нұсқаулық-әдістемелік құжаттар әзірлеу және оларды өзекті ету

нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары

III – IV
тоқсандар

тұрақты негізде

Комиссия

3 000,0

1 000,0

д) интеграцияланған жүйенің есептеу инфрақұрылымын дамыту жөніндегі техникалық шешімдерді әзірлеу

техникалық шешімдер

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар

15 370,0

е) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесін қалыптастыру және жетілдіру туралы нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу және оларды өзекті ету

нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары

III – IV тоқсандар

III – IV тоқсандар

Комиссия, уәкілетті органдар

2 470,0

3 850,0

ж) Одақ деректерінің моделін дамыту

Одақ деректерінің моделі, Одақ деректері моделінің сипаттамасы

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар

32 800,0

44 300,0

з) мемлекетаралық (трансшекаралық) электрондық қызметтерді іске асыру үшін басым қызметтердің тізбесін өзекті ету

мемлекетаралық (трансшекаралық) электрондық қызметтердің тізбесі

III – IV тоқсандар

III – IV тоқсандар

Комиссия, уәкілетті органдар

и) Одақтың 2019 – 2020 жылдарға арналған бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін қалыптастыру және жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын өзекті ету

іс-шаралар жоспары

I тоқсан

I – II
тоқсандар

Комиссия,
уәкілетті органдар

к) Комиссия бекітетін тізбеге сәйкес мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен жеке тұлғалары уәкілетті органдарға (бұдан әрі – B2G өзара іс-қимыл рәсімдері) электрондық түрде мәліметтер беру кезінде пайдаланатын құжаттардың электрондық түріне қойылатын талаптардың жобаларын әзірлеу

құжаттардың электрондық түріне қойылатын талаптар

II – IV
тоқсандар

II – IV тоқсандар

Комиссия, уәкілетті органдар

47 500,0

65 733,6

л) Комиссия бекітетін тізбеге сәйкес электрондық түрдегі B2G өзара іс-қимыл рәсімдерін іске асыруға қойылатын бірдейлендірілген талаптардың жобаларын әзірлеу

B2G өзара іс-қимыл рәсімдеріне қойылатын талаптардың жобалары

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

м) осы тармақтың "и" тармақшасында көрсетілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесінің анықтамалықтары мен сыныптауыштарын әзірлеу

анықтамалықтар мен сыныптауыштар

II – IV
тоқсандар

II – IV тоқсандар

Комиссия,
уәкілетті органдар, анықтамалықтар мен сыныптауыштарды жүргізу операторлары

н) жалпы процесстер тізбесіне және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру тәртібіне (бұдан әрі – Жалпы процестерді іске асыру тәртібі) сәйкес жалпы процестерді іске асыру қағидаларының жобаларын әзірлеу

жалпы процестерді іске асыру қағидаларының жобалары

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия
 
 

о) жалпы процестер тізбесіне және Жалпы процестерді іске асыру тәртібіне сәйкес жалпы процестерді іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттардың (бұдан әрі – технологиялық құжаттар) жобаларын әзірлеу

технологиялық құжаттардың жобалары,
бағдарламалық құралдардың прототиптерін көрсету хаттамалары

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия
 

п) Одақтың үшінші тараппен жасалған халықаралық шарттарына сәйкес ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеу (қажет болған жағдайда)

нормативтік-техникалық құжаттардың жобалары

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия
 

р) жалпы процестер тізбесіне және Жалпы процестерді іске асыру тәртібіне сәйкес жалпы процестерді іске асыру қағидаларының жобаларын уәкілетті органдармен келісу

жалпы процестерді іске асыру қағидаларының жобалары

тұрақты негізде

тұрақты негізде

уәкілетті органдар
 

с) жалпы процестер тізбесіне және Жалпы процестерді іске асыру тәртібіне сәйкес технологиялық құжаттардың жобаларын уәкілетті органдармен келісу

технологиялық құжаттардың жобалары

тұрақты негізде

тұрақты негізде

уәкілетті органдар

т) Одақтың үшінші тараппен жасалған халықаралық шарттарына сәйкес ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын уәкілетті органдармен келісу (қажет болған жағдайда)

нормативтік-техникалық құжаттардың жобалары

тұрақты негізде

тұрақты негізде

уәкілетті органдар

у) интеграцияланған жүйені дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті стандарттар мен ұсынымдардың жобаларын әзірлеу

стандарттар және ұсынымдар

II – IV
тоқсандар

Комиссия, уәкілетті органдар

2 250,0

ф) №2 қосымшаға сәйкес тізбелер бойынша интеграцияланған жүйе құруға арналған техникалық тапсырмаға сай (1 – 11-тармақтар) интеграцияланған жүйедегі Комиссияның интеграциялық сегментінің (бұдан әрі – Комиссияның интеграциялық сегменті) кіші жүйелері мен компоненттерін жаңғыртуға және құруға жекеше техникалық тапсырмаларды әзірлеу

жекеше техникалық тапсырмалар

тұрақты негізде

I – II
тоқсандар

Комиссия,
уәкілетті органдар

26 200,0

4 500,0

х) цифрлық платформа құру кезінде интеграцияланған жүйенің сервистерін пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу

нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары

II – IV
тоқсандар

Комиссия,
уәкілетті органдар

12 300,0

ц) цифрлық платформа құру кезінде интеграцияланған жүйенің сервистерін пайдалануға арналған техникалық шешімдер мен құралдарды әзірлеу

техникалық шешімдер

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар

13 880,0

12 830,0

ч) интеграцияланған жүйені жалпы жүйелік жобалау кезінде орындалатын жұмыстарды техникалық сараптау

есептер, орындалатын жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

2 500,0

5 230,0

2. Комиссияның интеграциялық сегментін жаңғырту және дамыту, оның ішінде:


219 520,0

232 129,4

а) интеграцияланған жүйені құруға арналған техникалық тапсырмаға және осы жоспарға №2 қосымшаға сәйкес (1 – 11-тармақтар) Комиссияның интеграциялық сегментінің құрамындағы кіші жүйелерді жаңғырту

техникалық жұмыс жобалары,
орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

68 640,0

82 150,0

б) осы жоспарға №1 қосымшаға сәйкес жалпы процестерді іске асыруға арналған бағыттар тізбесіне сай Комиссияның интеграциялық сегментінің құрамындағы жалпы процестер сервистерінің бағдарламалық қамтамасыз етуін құру (жаңғырту және дамыту)

техникалық жұмыс жобалары,
орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

147 880,0

135 369,4

в) осы жоспарға №1 қосымшаға сәйкес жалпы процестерді іске асыруға арналған бағыттар тізбесіне сай оны интеграцияланған жүйенің мемлекетаралық сынақтарын жүргізу кезінде және мүдделі мүше мемлекеттердің интеграцияланған жүйедегі ұлттық сегменттерінде (бұдан әрі – ұлттық сегменттер) пайдалану үшін жалпы процестер сервистерінің бағдарламалық қамтамасыз етуінің базалық компоненттерін құру (жаңғырту және дамыту)

техникалық жұмыс жобалары,
орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

г) бірдейлендірілген талаптарға сәйкес мүдделі тұлғалардың B2G өзара іс-қимылдарын іске асыру үшін қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін сервистерді құруы (жаңғыртуы және дамытуы)

техникалық жұмыс жобалары,
орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар2

д) жалпы процестер тізбесіне және Жалпы процестерді іске асыру тәртібіне сәйкес технологиялық құжаттардың құрамына кіретін қосылу тәртібіне сәйкес жалпы процестерге қатысушылардың ақпараттық жүйелерінің арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылға тестілеу жүргізу

тестілеу актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар2

е) Комиссияның интеграциялық сегментін жаңғырту және дамыту жөніндегі жұмыстарды техникалық сараптау

есептер

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

3 000,0

14 610,0

3. Ұлттық сегменттерді жаңғырту және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, оның ішінде:


17 430,0

29 311,0

а) ұлттық сегменттерді жаңғырту және дамыту жоспарларын әзірлеу

ұлттық сегменттерді жаңғырту және дамыту жоспарлары

мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес

мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес

уәкілетті органдар,
Комиссия

б) осы тармақтың "а" тармақшасында көзделген жоспарларға сәйкес ұлттық сегменттерді жаңғырту және дамыту

аралық есептер

мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес

мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес

уәкілетті органдар2,
Комиссия

в) ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзі мен мүше мемлекетте қолданылатын электрондық түрдегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүйесі арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған (типтік шлюздің негізінде іске асырылған ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздері үшін) бағдарламалық құралдарды (адаптерлерді) әзірлеу және жаңғырту (қажет болған жағдайда)

техникалық жұмыс жобалары,
орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар

17 430,0

29 311,0

г) осы жоспарға №1 қосымшаға сәйкес жалпы процестерді іске асыруға арналған бағыттар тізбесіне сай ұлттық сегменттердегі жалпы процестердің іске асырылуын қамтамасыз ету3

есептер

тұрақты негізде

тұрақты негізде

уәкілетті органдар2,
Комиссия

д) ұлттық сегменттерді жаңғырту және дамыту жөніндегі жұмыстардың барысы туралы есептер дайындау

есептер

IV тоқсан

IV тоқсан

уәкілетті органдар,
Комиссия

4. Трансшекаралық сенім кеңістігінің инфрақұрылымын құру және дамыту, оның ішінде:


73 800,0

136 100,0

а) трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілер мен ұйымдастыру-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеу және өзекті ету

Одақ органдары актілерінің жобалары
(оның ішінде Одақ органдарының актілеріне өзгерістер енгізу туралы), тұжырымдамалар

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар

4 500,0

8 750,0

б) ақпаратты электрондық түрде құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының интеграциялық компонентіне қойылатын техникалық талаптарды қоса алғанда, 2-ші даму кезеңінің трансшекаралық сенім кеңістігінің архитектурасын құру және бекіту

архитектура сипаттамасы, техникалық талаптар, есептер, орындалатын жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар

3 000,0

800,0

в) осы жоспарға № 2 қосымшаның 12-тармағына сәйкес сенім білдірілген үшінші тараптың кіші жүйесін жаңғырту және дамыту

жекеше техникалық тапсырмалар, техникалық жұмыс жобалары, техникалық
шешімдер, орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

8 400,0

33 400,0

г) осы жоспарға № 2 қосымшаның 13-тармағына сәйкес интеграцияланған жүйенің сенім білдірілген үшінші тарапының куәландыру орталығын жаңғырту және дамыту
 

жекеше техникалық тапсырмалар, техникалық жұмыс жобалары, техникалық шешімдер, орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

9 900,0

12 800,0

д) осы жоспарға № 2 қосымшаның 14-тармағына сәйкес Комиссияның куәландыру орталығын жаңғырту және дамыту
 

жекеше техникалық тапсырмалар, техникалық жұмыс жобалары, техникалық шешімдер,
орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

8 750,0

12 400,0

е) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығыс (кіріс) электрондық құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаларды (электрондық қолтаңбаларды) қолданудың заңдылығын бақылауды қамтамасыз ету үшін электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің артықшылықтары мен өкілеттіктерін басқару инфрақұрылымын құру

техникалық талаптар, жекеше техникалық тапсырмалар, техникалық жұмыс жобалары, орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар

8 900,0

16 500,0

ж) Комиссияның куәландыру орталығына кепілдік және кепілдік мерзімінен кейін қызмет көрсетуді техникалық қолдауды қамтамасыз ету

есептер, орындалатын жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

5 200,0

6 800,0

з) Комиссияның сенім білдірілген үшінші тарапы кіші жүйесіне кепілдік және кепілдік мерзімінен кейін қызмет көрсетуді техникалық қолдауды қамтамасыз ету

есептер, орындалатын жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

6 250,0

8 450,0

и) мүше мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тарапы кіші жүйелеріне кепілдік және кепілдік мерзімінен кейін қызмет көрсетуді техникалық қолдауды қамтамасыз ету (қажет болған жағдайда)

есептер, орындалатын жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

18 900,0

31 200,0

к) трансшекаралық сенім кеңістігінің инфрақұрылымын құру және дамыту жөніндегі жұмыстарды техникалық сараптау

есептер, орындалатын жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар

5 000,0

5. Одақ ақпаратын криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын бірлесіп әзірлеу жөніндегі жобаны іске асыру
 

техникалық тапсырмалар, техникалық жоба құжаттамасы, конструкторлық жоба құжаттамасы, патенттік зерттеулер жүргізу туралы есеп,
тәжірибелік үлгілер, тәжірибелік үлгілерге сынақтар жүргізу хаттамалары мен актілері, орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

уәкілетті органдар,
Комиссия

13 500,0

119 260,0

6. Интеграцияланған жүйенің ақпараттық-телекоммуникациялық және есептеу инфрақұрылымының жұмыс істеуіне қолдау көрсету, оның ішінде:


257 498,2

218 437,0

а) Комиссияның интеграциялық сегменті мен ұлттық сегменттердің арасындағы өзара іс-қимыл үшін деректер беру арналарын жалдау

есептер, орындалатын жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

43 080,2

43 000,0

б) Комиссияның интеграциялық сегментінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін деректерді өңдеу орталығының қызметтерін сатып алу

есептер, орындалатын жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

22 124,1

22 000,0

в) Комиссияның интеграциялық сегментінің жұмыс істеуі үшін қажетті жалпы жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге лицензиялар сатып алу (жалға алу)

есептер, орындалатын жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

87 978,9

56 337,0

г) интеграцияланған жүйенің 2015 – 2018 жылдары әзірленген кіші жүйелері мен компоненттерін сүйемелдеу

есептер, орындалатын жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

55 500,0

44 400,0

д) Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесінің анықтамалықтары мен сыныптауыштарын өзекті ету
 

анықтамалықтар мен сыныптауыштар

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар,
анықтамалықтар мен сыныптауыштарды жүргізу операторлары

20 915,0

18 840,0

е) ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздерін сүйемелдеу және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

есептер, орындалатын жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар2

24 100,0

25 500,0

ж) интеграцияланған жүйенің ақпараттық-телекоммуникациялық және есептеу инфрақұрылымының жұмыс істеуін қолдау жөніндегі жұмыстарды техникалық сараптау

есептер

тұрақты негізде

тұрақты негізде

Комиссия

3 800,0

8 360,0

7. Пайдаланушыларды ақпараттандыру құралдарымен жұмыс істеуге үйрету, оның ішінде:


15 585,0

11 329,0

а) Комиссияның қызметкерлері мен лауазымды адамдарын Комиссияның интеграциялық сегментінің құрамындағы интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерімен жұмыс істеуге үйрету

отчет

II және IV
тоқсандар

II және IV тоқсандар

Комиссия

2 015,0

2 559,0

б) уәкілетті органдардың өкілдерін үйрету

есеп

II тоқсан

IV тоқсан

Комиссия,
уәкілетті органдар

4 690,0

8 770,0

в) мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында интеграцияланған жүйенің сервистерін ілгерілету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

есеп

II тоқсан

Комиссия,
уәкілетті органдар

1 180,0

г) инновациялық жобалардың конкурстарын ұйымдастыру және жүргізу

есеп

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар

7 700,0

Осы жоспардың 1 – 7-тармақтары бойынша жиыны

768 983,2

884 010,0

8. Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын орындау жөніндегі іс-шаралар және жобалар
 

нормативтік-техникалық құжаттардың жобалары, техникалық жұмыс жобалары,
орындалған жұмыстардың актілері

II – IV
тоқсандар

тұрақты негізде

Комиссия,
уәкілетті органдар

500 000,04

Барлығы

768 983,2

1 384 010,0

      _________________

      1 Іс-шараларды қаржыландыру Одақ бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

      2 Ұлттық сегменттерде орындалатын жұмыстарға қатысты бөліктегі іс-шараларды қаржыландыру мүше мемлекеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      3 Іс-шаралардың құрамы және орындау мерзімі Комиссия бекітетін технологиялық құжаттардың құрамына кіретін тиісті қосылу тәртібімен айқындалады.

      4 Іс-шаралар мен жобаларды қаржыландыру Одақ органдарының жобаларға бастама жасау және оларды іске асыру туралы актілері қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады.".

      2. Көрсетілген жоспарға № 2 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық одақтың 2019-2020 жылдарға арналған интеграциялық ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына
  № 2 ҚОСЫМША
  (Еуразиялық экономикалық
  комиссия Кеңесінің 2020 жылғы
  30 қаңтардағы № 3 өкімінің редакциясында)

Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграциялық сегментінің жаңғыртылатын кіші жүйелері мен компоненттерінің ТІЗБЕСІ


Жекеше техникалық тапсырманы әзірлеу мерзімі

Кіші жүйені жаңғырту мерзімі

I кезең

II кезең

I кезең

II кезең

1. Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталы

2019 ж. II тоқсан

2020 ж. IІ тоқсан

2019 ж. IV тоқсан

2020 ж. IV тоқсан

2. Ақпараттық-талдау кіші жүйесі

2019 ж. IIІ тоқсан

3. Статистика

2019 ж. IIІ тоқсан

2020 ж. IІ тоқсан

4. Жобаларды және бағдарламаларды басқару

2019 ж. IIІ тоқсан

2020 ж. IІ тоқсан

5. Тосқауылдар мен кедергілерді талдау

2019 ж. IV тоқсан

2020 ж. IІІ тоқсан

6. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу

2019 ж. IIІ тоқсан

2020 ж. IІІ тоқсан

7. Техникалық реттеу

2019 ж. IIІ тоқсан

2020 ж. IІІ тоқсан

8. Жалпы процестерді басқару

2019 ж. II тоқсан

2020 ж. IІ тоқсан

2019 ж. IV тоқсан

2020 ж. IV тоқсан

9. Интеграциялық платформа

2019 ж. IIІ тоқсан

2020 ж. IV тоқсан

10. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу

2019 ж. IIІ тоқсан

2020 ж. IІ тоқсан

11. Ақпараттық қауіпсіздік

2019 ж. IV тоқсан

2020 ж. IV тоқсан


12. Еуразиялық экономикалық комиссияның сенім білдірілген үшінші тарапы

2019 ж. IIІ тоқсан

2020 ж. IІ тоқсан

13. Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі сенім білдірілген үшінші тарапы қызметінің куәландыру орталығы

2019 ж. IIІ тоқсан

2020 ж. IІ тоқсан

14. Еуразиялық экономикалық комиссияның куәландыру орталығы

2019 ж. IIІ тоқсан

2020 ж. IІ тоқсан

–".

      3. Көрсетілген жоспарға № 3 қосымша алып тасталсын.

      4. Көрсетілген жоспарға № 4 қосымша алып тасталсын.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады