2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 32-бабына сәйкес, 2019-nCoV короновирус инфекциясы таралуының алдын алу және оны болғызбауға бағытталған шаралардың қабылдануына, жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес өз құқықтарын іске асырудың және міндеттемелерін орындаудың мүмкін еместігіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Мына мерзімдер 2020 жылғы 1 наурыз - 2020 жылғы 30 қыркүйек аралығында өтіп кететін жағдайда:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі (бұдан әрі тиісінше – Одақ, Кодекс) 264-бабының 1-тармағында белгіленген Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты уақытша әкелу мерзімі;
б) Кодекстің 268-бабы 2-тармағы 5) тармақшасының екінші абзацында белгіленген Одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік декларациялау жүзеге асырылатын мерзім;
в) Кодекстің 455-бабы 22-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзім ішінде Кодекстің 455-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерден, шегі Одақтың кедендік шекарасының учаскесімен толық сәйкес келетін Ресей Федерациясының еркін экономикалық аймақ аумағында еркін кедендік аймақ рәсімімен орналастырылған жеке пайдалануға арналған көлік құралдары осындай еркін экономикалық аймақ аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмастан уақытша әкетілуі мүмкін осы мерзім қоса алғанда 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартылсын.
2. Осы Шешімнің 1-тармағының "а" - "в" тармақшаларында көрсетілген мерзімдерді ұзарту кеден органының рұқсатынсыз және кедендік декларациялаусыз жүзеге асырылады.
Осы Шешімнің 1-тармағының "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген мерзімдерді ұзарту жеке тұлғаларды Кодекстің 264-бабының 2 – 13-тармақтарында белгіленген талаптарды, шарттар мен шектеулерді сақтаудан, сондай-ақ аталған мерзім өткеннен кейін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кері алып кету жөніндегі міндеттен босатпайды.
Осы Шешімнің 1-тармағының "в" тармақшасында көрсетілген мерзімді ұзарту жеке тұлғаларды аталған мерзім өткеннен кейін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Ресей Федерациясының еркін экономикалық аймақ аумағына кері алып кету жөніндегі міндеттен босатпайды.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне № 3 қосымшаның 6-тармағы "а" тармақшасының екінші абзацында және "б" тармақшасының екінші абзацында белгіленген, оларды сақтау жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлік құралдарын кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып әкелу шарттарының бірі болып табылатын мерзім 2020 жылғы 1 наурыз - 2020 жылғы 30 қыркүйек аралығында өтіп кететін жағдайда, бұл мерзімдер 2020 жылғы 1 наурыздан бастап қоса алғанда 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін тоқтатыла тұрсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 наурыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |