Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 50 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 45-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 20 және 22-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

Э. Асрандиев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 50 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 3-тармақтағы "Кеден одағының тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушы дамушы елдердің тізбесі (2-қосымша), Кеден одағының тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушы неғұрлым төмен дамыған елдердің тізбесі (3-қосымша)" деген сөздер "№ 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушы дамушы елдердің тізбесі, № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушы неғұрлым төмен дамыған елдердің тізбесі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Аталған Шешімде көрсетілген Кеден одағының тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушы дамушы елдердің тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кеден одағы Комиссиясының
2009 жылғы 27 қарашадағы
№ 130 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША
(Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 50 шешімінің редакциясында)

Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушы дамушы елдердің ТІЗБЕСІ

      1.Албания Республикасы

      2. Алжир Халық Демократиялық Республикасы

      3. Ангилья

      4. Антигуа және Барбуда

      5. Аргентина Республикасы

      6. Аруба

      7. Багам достастығы

      8. Барбадос

      9. Бахрейн Корольдігі

      10. Белиз

      11. Бермуд аралдары

      12. Боливия Көпұлтты Мемлекеті

      13. Босния және Герцеговина

      14. Ботсвана Республикасы

      15. Бразилия Федеративтік Республикасы

      16. Британдық Виргин аралдары

      17. Бруней-Даруссалам

      18. Венесуэла Боливар Республикасы

      19. Вьетнам Социалистік Республикасы

      20. Габон Республикасы

      21. Гайана Кооперативтік Республикасы

      22. Гана Республикасы

      23. Гватемала Республикасы

      24. Гондурас Республикасы

      25. Қытайдың арнайы әкімшілік аймағы Гонконг

      26. Гренада

      27. Доминика достастығы

      28. Доминикан Республикасы

      29. Мысыр Араб Республикасы

      30. Зимбабве Республикасы

      31. Үндістан Республикасы

      32. Индонезия Республикасы

      33. Иордания Хашимит Корольдігі

      34. Ирак Республикасы

      35. Иран Ислам Республикасы

      36. Кабо-Верде Республикасы

      37. Кайман аралдары

      38. Камерун Республикасы

      39. Катар Республикасы

      40. Кения Республикасы

      41. Қытай Халық Республикасы

      42. Колумбия Республикасы

      43. Конго Республикасы

      44. Корей Халық Демократиялық Республикасы

      45. Корея Республикасы

      46. Коста-Рика Республикасы

      47. Кот д’ Ивуар Республикасы

      48. Куба Республикасы

      49. Кувейт Мемлекеті

      50. Кук аралдары

      51. Ливан Республикасы

      52. Ливия Мемлекеті

      53. Маврикий Республикасы

      54. Солтүстік Македония Республикасы

      55. Малайзия

      56. Мальдив Республикасы

      57. Марокко Корольдігі

      58. Маршалл аралдары Республикасы

      59. Мексика Құрама Штаттары

      60. Микронезия Федеративтік Штаттары

      61. Моңғолия

      62. Монтсеррат

      63. Намибия Республикасы

      64. Науру Республикасы

      65. Нигерия Федеративтік Республикасы

      66. Никарагуа Республикасы

      67. Ниуэ

      68. Біріккен Араб Әмірліктері

      69. Оман Сұлтандығы

      70, Пәкістан Ислам Республикасы

      71. Панама Республикасы

      72. Папуа Жаңа Гвинея Тәуелсіз Мемлекеті

      73. Парагвай Республикасы

      74. Перу Республикасы

      75. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті

      76.Сауд Арабиясы Корольдігі

      77. Әулие Елена, Вознесения аралы, Тристан-да-Кунья

      78. Сейшель аралдары Республикасы

      79. Сент-Винсент және Гренадина

      80. Сент-Китс және Невис

      81. Сент-Люсия

      82. Сербия Республикасы

      83. Сингапур Республикасы

      84. Суринам Республикасы

      85. Тайланд Корольдігі

      86.Теркс және Кайкос аралдары

      87. Токелау

      88. Тонга Корольдігі

      89. Тринидад және Тобаго Республикасы

      90. Тунис Республикасы

      91. Түркия Республикасы

      92. Уругвай Шығыс Республикасы

      93. Фиджи Республикасы

      94. Филиппин Республикасы

      95. Хорватия Республикасы

      96. Черногория

      97. Чили Республикасы

      98. Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы

      99. Эквадор Республикасы

      100. Эль-Салвадор Республикасы

      101.Эсватини Корольдігі

      102. Оңтүстік Африка Республикасы

      103. Ямайка".

      3. Аталған Шешімде көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушы неғұрлым төмен дамыған елдердің тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

  Кеден одағы Комиссиясының
2009 жылғы 27 қарашадағы
№ 130 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША
(Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 50 шешімінің редакциясында)

Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушы неғұрлым төмен дамыған елдердің ТІЗБЕСІ

      1. Ангола Республикасы

      2. Ауғанстан Ислам Республикасы

      3. Бангладеш Республикасы

      4. Бенин Республикасы

      5. Буркина-Фасо

      6. Бурунди Республикасы

      7. Бутан Корольдігі

      8. Вануату Республикасы

      9. Гаити Республикасы

      10. Гамбия Республикасы

      11. Гвинея Республикасы

      12. Гвинея-Бисау Республикасы

      13. Джибути Республикасы

      14. Замбия Республикасы

      15. Йемен Республикасы

      16. Камбоджа Корольдігі

      17. Кирибати Республикасы

      18. Комор Одағы

      19. Конго Демократиялық Республикасы

      20. Лаос Халық Демократиялық Республикасы

      21. Лесото Корольдігі

      22. Либерия Республикасы

      23. Мавритания Ислам Республикасы

      24. Мадагаскар Республикасы

      25. Малави Республикасы

      26. Мали Республикасы

      27. Мозамбик Республикасы

      28. Мьянма Одағы Республикасы

      29. Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы

      30. Нигер Республикасы

      31. Палестина (Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1988 жылғы 20 желтоқсандағы № 43/178 қарарына сәйкес)

      32. Руанда Республикасы

      33. Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы

      34. Сенегал Республикасы

      35. Сирия Араб Республикасы

      36. Соломон аралдары

      37. Сомали Федеративтік Республикасы

      38. Судан Республикасы

      39. Сьерра-Леон Республикасы

      40. Танзания Біріккен Республикасы

      41. Тимор-Лесте Демократиялық Республикасы

      42. Тоголез Республикасы

      43. Тувалу

      44. Уганда Республикасы

      45. Орталық Африка Республикасы

      46. Чад Республикасы

      47. Экваторлық Гвинея Республикасы

      48. Эритрея Мемлекеті

      49. Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы

      50. Оңтүстік Судан Республикасы".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады