Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 55 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 32-бабына сәйкес, 2019-nCoV коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуға және болдырмауға бағытталған шараларды қабылдауға байланысты қалыптасқан жағдайға, декларанттар үшін өз құқықтарын іске асыру және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес міндеттерін орындау мүмкін еместігіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 109 шешімінің 2-тармағының үшінші абзацында көрсетілген, кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар, соның ішінде мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделген құжаттар пайдаланылған тауарларға қатысты деп белгіленсін – кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы мерзім өткенге дейін не ол аяқталғаннан кейін 4 айдан кешіктірілмей, көрсетілген шешімнің 2-тармағының үшінші абзацында айқындалған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей, уақытша әкелудің (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес осындай тауарлардың уақытша болу және пайдалану мерзімі шегінде ұзартылуы мүмкін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 наурыздан бастап туындайтын уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартуға байланысты құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М. Григорян

Беларусь Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан
Э. Асрандиев

Ресей Федерациясынан
А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады