Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 63 шешімі.

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 12 қосымша) 18-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 50-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 2.1 тармақ:

      бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "өтініш беруші" – жөнелту орны мемлекетінің уәкілетті органына жөнелту орны мемлекетінің заңнамасына сәйкес фитосанитариялық сертификат алу үшін өтініш пен өзге де құжаттарды ұсынған заңды тұлға, азамат, соның ішінде жеке кәсіпкер;";

      он жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "карантинге жатқызылған өнімді алушы" – заңды тұлға, азамат, соның ішінде карантинге жатқызылған өнімді алушы фитосанитариялық сертификатта және (немесе) тауарға ілеспе құжаттамада мәлімдеген жеке кәсіпкер немесе карантинге жатқызылған өнімді алушының атынан оның межелі орынға келуіне байланысты іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген өзге де тұлға;";

      б) 3.2 тармақта:

      алтыншы абзацтағы "өнімнің меншік иесіне" деген сөздер "өтініш берушіге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "сертификат" деген сөзден кейін "межелі жердегі мемлекеттің уәкілетті органын карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы хабардар етпеген карантинге жатқызылған өнімді алушының мекенжайына" деген сөздермен толықтырылсын;

      ", сондай-ақ мемлекеттің уәкілетті органы алушының мекен жайына карантинге жатқызылған өнімнің түспеу фактісін белгілеген жағдайда." деген сөздермен толықтырылсын;

      сегізінші абзацтағы "Өнімнің меншік иесі" деген сөздер "Карантинге жатқызылған өнімді межелі орында алушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      тоғызыншы абзацтағы "Өнімнің меншік иесі" деген сөздер "Карантинге жатқызылған өнімді алушы"деген сөздермен ауыстырылсын.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

Э. Асрандиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады