Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 93 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 66 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 30-бабына, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 7-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы "Дәрілік заттар өндірісін инспекциялау нәтижелерін тану туралы" № 93 шешімінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді, тіркеуді растауды, дәрілік препараттың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуді) жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары берген, дәрілік препараттар өндірісінің Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасының талаптарына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілген дәрілік препараттар үшін – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тиісті өндірістік практикасының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды өзара таниды.

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дәрілік препаратты қайта тіркеуді жүзеге асыру, тіркеуді растау, тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары берген, дәрілік препараттар өндірісінің Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасының талаптарына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілген дәрілік препараттар үшін – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тиісті өндірістік практикасының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды өзара таниды.".

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М. Григорян

Беларусь Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан
Э. Асрандиев

Ресей Федерациясынан
А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады