Азаматтық турбобұрандалы жолаушылар ұшақтарының жекелеген түрлеріне қатысты Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 97 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.20-тармақшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) "кодтары 8802 30 000 7 және 8802 40 001 6" деген сөздер "коды 8802 30 000 7" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "ЕАЭО СЭҚ ТН 8802 40 001 6 кодымен сыныпталатын, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын қолдауға жауапты уәкілетті орган мақұлдаған жолаушыларды орналастыру схемасында (LOPA) көрсетілген жолаушы орындарының саны 90 адамнан аспайтын:

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта – Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 97 шешімі күшіне енген күннен бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта Армения Республикасына, Беларусь Республикасына және Ресей Федерациясына әкелінетін турбобұрандалы азаматтық жолаушылар ұшақтары;".

      2. Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы 7.1.20-тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген турбобұрандалы азаматтық жолаушылар ұшақтарын әкелу мерзімдері Еуразиялық экономикалық комиссияға Ресей Федерациясында жасап шығарылатын, Кеден одағы Комиссиясының көрсетілген Шешімінің 7-тармағы 7.1.20-тармақшасының екінші абзацында көрсетілген турбобұрандалы азаматтық жолаушы ұшақтарын экспорттық беруге дайын еместігі туралы ақпарат келіп түскен жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі бойынша ұзартылады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

Э. Асрандиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады