COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болғызбауға бағытталған шараларды іске асыру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 11 өкімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болғызбауға, мүше мемлекеттердің экономикасы үшін олардың келеңсіз салдарын жоюға бағытталған шараларды іске асыруы мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы (бұдан әрі - Комиссия) болып өткен талқылауды ескеріп, мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесе отырып, қажет болған кезде аса маңызды жекелеген импорттық тауарларға қатысты уақытша негізде бажсыз режимді белгілеу бойынша ұсыныстарды жедел әзірлеуді қамтамасыз етсін және оларды Комиссия Кеңесінің таяуда болатын отырысында қарауға ұсынсын.

      2. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына ден қоюдың ерекше қажеттігіне байланысты уақытша шектеулерді енгізу туралы нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Комиссия Кеңесі мүшелері деңгейінде алдын ала жедел консультацияларды жүргізу қажеттігіне сүйену сұралсын.

      Уақытша шектеулерді енгізуге бастамашы болып табылатын мүше мемлекеттен басқа мүше мемлекеттердің аумағында уақытша шектеулер енгізілетін тауарлардың тапшылығы туындаған жағдайда оларға гуманитарлық көмек немесе атаулы жеткізілімдер (өтеулі негізде) көрсету мүмкіндігі туралы ұсынысты көздесін.

      Комиссия Алқасы күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген консультациялардың жүргізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен үшінші елдерге тауарлар экспортына тыйым салуды енгізу қажет болған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірыңғай шараларды қабылдаудың басымдығына сүйену сұралсын.

      4. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу және жолын кесу бойынша қызметін үйлестіру мақсатында денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттық саласындағы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің аясында өзара көмек көрсету мәселелерін әзірлеу сұралсын.

      5. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен Комиссиямен өзара іс-қимыл жасай отырып:

      өзара және сыртқы саудада өнімдер жеткізген кезде көлік және тауар өткізетін инфрақұрылымдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша;

      өзара саудада бірінші кезекті қажетті тауарлардың жеткізілуін жедел ұйымдастыру мақсатында проблемалық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жөнінде өкілеттіктер берілген уәкілетті органдар басшыларының орынбасарларынан төмен емес деңгейдегі уәкілетті байланыстағы лауазымды адамдарды қоса алғанда, Комиссия Алқасына ұйымдастыру жағынан қолдау көрсету кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен экономикалық операторларының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша;

      азаматтардың жекелеген санаттарының (мүше мемлекеттердің тұрақты жұмыс орнына қайтып келетін азаматтары, дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің қызметкерлері, Еуразиялық экономикалық комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлері және олардың отбасылары мүшелері) мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тиісті санитариялық нормаларды сақтай отырып, мүше мемлекеттердің аумақтарына кедергісіз өтуін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау сұралсын.

      Осы тармақтың орындалу барысы туралы Комиссия Кеңесіне кезекті отырыста хабарласын.

      6. Комиссия мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесе отырып мыналарға:

      Комиссияның мүше мемлекеттердің Комиссия актілерін қабылдау жөніндегі ұсыныстарының мүше мемлекеттерге жедел жіберілуіне;

      Комиссия Кеңесінің көрсетілген мәселелер бойынша актілерінің кезектен тыс отырыс өткізу, соның ішінде бейнеконференция режимінде өткізу арқылы, сондай-ақ сырттай дауыс беру арқылы қабылдануына;

      Комиссияның көрсетілген мәселелер бойынша актілерінің қабылдануына және оған қол қойылуына;

      Комиссия Кеңесінің актілерін жариялаған кезде Комиссия Кеңесінің бейнеконференция режимінде өткізілген отырыстарының барысында қол қойылған қағаз құжаттарының (шешімдердің, өкімдердің, тапсырмалардың) электрондық үлгілерінің (скандардың) пайдаланылуына;

      көрсетілген мәселелер бойынша Комиссия Алқасы шешімдерінің ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде күшіне енуі мерзімінің белгіленуіне орай, кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, кедендік реттеу, көліктік, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық бақылау, техникалық реттеу, еңбек миграциясы мәселелерінің, макроэкономикалық мәселелердің аса қысқа мерзімде қаралуын қамтамасыз етсін.

      7. Комиссия мүше мемлекеттердің үкіметтерімен іс-қимыл жасай отырып, 2020 жылғы 3 сәуірге дейінгі мерзімде:

      COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу және болғызбау бойынша кешенді бірлескен шараларды қалыптастыру және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында пандемия жағдайында экономиканы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлесін;

      Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу және болғызбау мақсатында мүше мемлекеттер арасында қабылданып жатқан іс-қимылдар және қабылданып жатқан нормативтік актілер бойынша ақпарат алмасуды қамтамасыз етсін.

      8. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Э.Асрандиев А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады