Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 127 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 42-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ нарығында жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына байланысты қолайсыз эпидемиологиялық ахуал жағдайында өнім тапшылығының алдын алу үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болғызбауға бағытталған шараларды іске асыру туралы" 2020 жылғы 25 наурыздағы № 11 өкімін орындау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Сәйкестікті бағалаудың үлгі схемалары туралы" 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

А. Новиков

А. Оверчук


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 127 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемалары;

      жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына байланысты қолайсыз эпидемиологиялық ахуал жағдайында сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын уақытша шаралар (бұдан әрі – уақытша шаралар) бекітілсін.".

      2. Мынадай мазмұндағы 31 және 32-тармақтармен толықтырылсын:

      "31. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер:

      а) сериялық шығарылатын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сертификаттау нысанында сәйкестікті бағалауды жүргізу кезінде уақытша шаралар қолдануды;

      б) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сертификаттау жөніндегі органдар бөлінісінде аталған қызмет мониторингінің нәтижелерін, сондай-ақ қабылданған шаралар туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияға тоқсан сайын ұсына отырып, уақытша шараларды қолдану арқылы сериялық шығарылатын өнімге Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау жөніндегі органдар берген Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестік сертификаттары туралы ақпарат жинауды;

      в) уақытша шараларды қолдана отырып, сертификатталған өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) күшейтуді;

      г) жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына байланысты қолайсыз эпидемиологиялық ахуал жағдайында халықаралық аккредиттеу және сертификаттау жүйелері шеңберінде берілген сынақ хаттамаларын басым жобаларды іске асыру, жаңа өндірістік желілерді ұйымдастыру, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін қажетті және Еуразиялық экономикалық одақ мүше басқа мемлекеттердің аумақтарында айналысқа шығарылмайтын техникалық күрделі өнімнің (оның ішінде сериялы шығарылатын өнімнің) сәйкестігін бағалауды жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты беру үшін негіз ретінде тану мүмкіндігінің берілуін қамтамасыз етсін.

      32. Уақытша шаралар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 127 шешімі күшіне енген күннен бастап 12 бойы ішінде қолданылады деп белгіленсін.

      Сәйкестік сертификаттары берілген сертификатталған өнімді кезеңдік бағалау аумағында сертификаттау жөніндегі орган қызметін жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте де және аумағында сертификатталған өнімді дайындау (өндіру) жөніндегі қызметті жүзеге асыру орны орналасқан мемлекетте де уақытша шаралардың 2-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын болғызбау мақсатында қабылданған шектеулер алынған күннен бастап 6 ай ішінде қашықтықтан бағалауды пайдаланбай, өндірістің жай-күйін талдау не өндіріс пен зерттеулердің (сынақтардың) жай-күйін талдау және өнім үлгілерін (сынамаларын) өлшеу арқылы жүргізілуге тиіс.

      Сәйкестік сертификаттары берілген сертификатталған өнімді кезеңдік бағалау уақытша шаралардың 4-тармағында көзделген жағдайларда сәйкестік сертификаты берілген күннен бастап 12 ай ішінде өндірістің жай-күйін талдау не өнімнің үлгілерін (сынамаларын) өндіру мен зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің жай-күйін талдау арқылы жүргізіледі. Бұл ретте сертификаттау жөніндегі органның сертификатталған өнімді кезеңдік бағалауды жүргізу кезінде қашықтықтан бағалауды қолдануы жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына байланысты эпидемиологиялық ахуалдың жағдайларына байланысты болады.".

      3. Мынадай мазмұндағы жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына байланысты қолайсыз эпидемиологиялық ахуал жағдайында сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын уақытша шаралармен толықтырылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2018 жылғы 18 сәуірдегі
№ 44 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Жаңа коронавирус инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты қолайсыз эпидемиологиялық ахуал жағдайында сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын УАҚЫТША ШАРАЛАР

      1. Осы құжаттың мақсаттары үшін қашықтықтан бағалау деп қашықтықтан өзара іс-қимыл жасау құралдарын (аудио- және бейне-конференц-байланыс) пайдалана отырып, бағалау объектісінің орналасқан жеріне бармай сертификаттау шеңберінде бағалау рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз ететін (бағалау объектісінің орналасқан жеріне баруды көздейтін) алыстан бағалау әдісі түсініледі.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының (бұдан әрі – сертификаттау жөніндегі орган) бірыңғай тізіліміне енгізілген Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) өнімді сертификаттау жөніндегі органына Одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) (бұдан әрі - техникалық регламенттер) талаптарына сәйкестігіне сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге өтінім (бұдан әрі - өтінім) келіп түскен жағдайда сертификаттау жөніндегі органның шешімі бойынша сертификатталған өнім өндірісінің жай-күйін алдыңғы талдаудың немесе көрсетілген сертификатталған өнімді кезеңдік бағалаудың (инспекциялық бақылаудың) (бұдан әрі - кезеңдік бағалау) нәтижелері өндірістің жай-күйін талдау нәтижелерін қоса алғанда, мынадай шарттар сақталған кезде осы өнімге ішінара немесе толық қолданылуы мүмкін:

      а) көрсетілген сертификатталатын өнімге қатысты сертификаттау жөніндегі органда техникалық регламенттердің міндетті талаптарын бұзудың анықталған фактілері туралы мәліметтер жоқ;

      б) өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды өндірістің жай-күйіне алдыңғы талдау немесе осы сертификатталған өнімді кезеңдік бағалау жүргізген және тиісінше өндірістің жай-күйін талдау нәтижелері туралы актіні немесе сертификатталған өнімді кезеңдік бағалау актісін ресімдеген сертификаттау органы жүргізді;

      в) өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге өтінімді өтінім беруші өндірістің жай-күйіне бұрын жүргізілген талдау және өндірістің жай-күйін талдау немесе сертификатталған өнімді кезеңдік бағалау нәтижелері туралы актіні ресімдеу және сертификатталған өнімді кезеңдік бағалау актісін ресімдеу күнінен бастап 24 ай өткенге дейін берді;

      г) өнімнің конструкциясында (құрамында) немесе оны өндіру технологиясында бұрын сертификатталған өнімнен өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге әсер етпейтін айырмашылықтары жоқ немесе шамалы бар.

      3. Жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын болғызбау мақсатында қабылданған шектеулердің қолданылу кезеңінде сертификатталған өнімді жоспарлы кезеңдік бағалау мерзімі басталған жағдайда, оны жүргізу өнім үлгілерін (сынамаларын) зерттеу (сынау) және өлшеу арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте сертификаттау жөніндегі орган сертификаттау жөніндегі органның тиісті рәсімі шеңберінде дайындаушының сертификатталған өнімді өндірудің технологиялық процесінің және өнімге техникалық құжаттаманың өзгермейтіндігі туралы хаты болған кезде кезеңдік бағалауды 6 айға дейінгі мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдай алады.

      4. Жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын болғызбау мақсатында қабылданған шектеулерді бұзбай өнімді дайындау (өндіру) жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнында өндірістің жай-күйін талдау шеңберінде өндірістің жай-күйіне бұрын жүргізілген талдау нәтижелерін қабылдау және тиісті жұмыстарды ұйымдастыру үшін мүмкіндік болмаған жағдайда не Одақтың кедендік аумағында алғаш рет айналымға шығарылатын өнімге жаңа сәйкестік сертификатын беру қажет болған кезде өнімді өндіру жағдайларын тексеруді қоса алғанда, сертификаттау жөніндегі органның өндірістің жай-күйіне талдау жүргізуі Одақтың кедендік аумағында айналымға шығарылатын өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына ұдайы (тұрақты) сәйкестігін қамтамасыз ету үшін дайындаушыда қажетті жағдайлардың болуын айқындауға мүмкіндік беретін дайындаушының сапа менеджменті жүйесін құжаттамалық бағалаумен біріктірілген қашықтықтан бағалау арқылы мүмкін болады.

      5. Қашықтықтан бағалау арқылы өндірістің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде мынадай объектілер тексеріледі:

      сертификатталатын өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштеріне әсер ететін шикізатты, материалдарды немесе жинақтаушы бұйымдарды кіріс бақылау;

      өндіріс инфрақұрылымы (дайындаушының аумағында орналасқан және өндірісті ұйымдастыру үшін қажетті объектілер жиынтығы (өндірістік үй-жайлар, көлік және т. б.));

      технологиялық, оның ішінде арнайы процестер (техникалық регламентте тиісті талаптар болған кезде);

      бақылау, өлшеу және сынау жабдықтарын басқару;

      өнімнің техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті өлшеу құралдары;

      техникалық регламентте міндетті талаптар белгіленген сипаттамаларды бақылауға байланысты дайын өнімді қабылдау бақылауы.

      6. Одақтың кедендік аумағында айналымға шығарылатын өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына ұдайы (тұрақты) сәйкестігін қамтамасыз ету үшін дайындаушыда қажетті жағдайлардың болуын айқындау үшін өндірістің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде өзге объектілерді тексеруді қашықтықтан бағалауды пайдаланбай, дайындаушы ұсынған құжаттарды талдау арқылы сертификаттау жөніндегі орган жүргізеді.

      7. Қашықтықтан бағалау арқылы өндірістің жай-күйіне талдау жүргізу сертификаттау жөніндегі орган сарапшысының (сарапшы-аудитордың) (сарапшылардың (сарапшы-аудиторлардың)) және өнімді дайындау (өндіру) жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнындағы дайындаушы өкілінің желіде бір мезгілде болуы кезінде өндірістің жай-күйіне талдау жүргізу синхронды телехабар (бейнетрансляция) түрінде нақты уақыт режимінде телекоммуникациялық арналар арқылы трансляцияланатын онлайн режимінде жүзеге асырылады. Бұл ретте сертификаттау жөніндегі орган өнімді сәйкестендіру мақсатында оны дайындау (өндіру) жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнының геолокациясын (нақты географиялық орнын), оның ішінде оның дайындаушы құжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін көрсетеді.

      Қашықтықтан бағалау арқылы өндірістің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде өндірістің жай-күйін талдау басталған сәттен бастап ол аяқталғанға дейін нақты бейнесуретті үздіксіз беру қамтамасыз етілуге тиіс. Бейне-конференц-байланыс үзілген жағдайда өндірістің жай-күйін талдау оны жүргізу басталған кезден басталады.

      8. Өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі сертификатын, оның ішінде қашықтықтан бағалау арқылы жүргізілген өндірістің жай-күйін талдау нәтижелерінің негізінде ресімдеу кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестік сертификатының және оны ресімдеу қағидаларының бірыңғай нысанының 12-жолында ("Қосымша ақпарат") "өндірістің жай-күйін талдау қашықтықтан бағалау арқылы жүргізілді" деген жазба жүргізіледі.

      Өндірістің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде қашықтықтан бағалау арқылы алынған дәлелдемелік материалдар сертификаттау жөніндегі органда белгіленген рәсімдерге сәйкес сертификаттау жөніндегі органда сақталады және техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруға жауапты мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда өзге де мүдделі тұлғаларға (талап ету бойынша) ұсынылады.

      9. Өнімді (оның ішінде жаңа) сертификаттауды немесе сертификатталған өнімді жоспарлы кезеңдік бағалауды жүргізу кезінде өнім үлгілерін (сынамаларын) сәйкестендіруді және іріктеуді дайындаушының дайын өнім қоймасында, уақытша сақтау қоймасында, кеден қоймасында, қашықтықтан бағалау арқылы жүзеге асырылатын сертификаттау жөніндегі органның бақылауымен көлік құралының сыйымдылығында өнімнің үлгілерін (сынамаларын) сәйкестендіруді және іріктеуді жүргізу үшін құзыреттілігі бар өтініш берушінің (дайындаушының) өкілі жүргізуі мүмкін.

      Өнімнің үлгілерін (сынамаларын) іріктеу процесінде дайын өнімді сақтау шарттарының белгіленген талаптарға сәйкестігін сертификаттау жөніндегі орган қашықтықтан бағалау арқылы бағалайды.

      10. Қашықтықтан бағалау арқылы өнім үлгілерін (сынамаларын) сәйкестендіру және іріктеу сертификаттау жөніндегі орган сарапшысының (сарапшы-аудитордың) (сарапшылардың (сарапшы-аудиторлардың)) және өтінім беруші (дайындаушы) өкілінің желіде бір мезгілде болуы кезінде өнім үлгілерін (сынамаларын) сәйкестендіру және іріктеу (оның ішінде дайын өнімді сақтау шарттарының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру) синхронды телехабар (бейнетрансляция) түрінде нақты уақыт режимінде телекоммуникациялық арналар арқылы трансляцияланатын онлайн режимде жүргізіледі. Бұл ретте сертификаттау жөніндегі орган өнімнің үлгілерін (сынамаларын) сәйкестендіру және іріктеу орнының геолокациясын (нақты географиялық орнын) көрсетеді.

      Қашықтықтан бағалау арқылы жүзеге асырылатын сертификаттау жөніндегі органның бақылауымен өнімнің үлгілерін (сынамаларын) сәйкестендіруді және іріктеуді жүргізу кезінде өнімнің үлгілерін (сынамаларын) сәйкестендіру және іріктеу басталған кезден бастап олар аяқталғанға дейін нақты бейнесуретті үздіксіз беру қамтамасыз етілуге тиіс. Бейне-конференц-байланыс үзілген жағдайда, өнімнің үлгілерін (сынамаларын) сәйкестендіру және іріктеу оларды жүргізу басталған кезден басталады.

      11. Өнімнің үлгілерін (сынамаларын) сәйкестендіруді және іріктеуді жүргізу кезінде қашықтықтан бағалау арқылы алынған дәлелдемелік материалдар сертификаттау жөніндегі органда белгіленген рәсімдерге сәйкес сертификаттау жөніндегі органда сақталады және техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруға жауапты мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда өзге де мүдделі тұлғаларға (талап ету бойынша) ұсынылады.

      12. Қашықтықтан бағалау, егер бағалау жүргізудің мұндай форматы өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етпесе, оның ішінде осы құжаттың 7 және 10-тармақтарында көзделген шарттар орындалмаған кезде қолданылмайды. Бұл ереже сертификаттау жөніндегі орган мен өтінім беруші арасында жасалатын шартта көрсетіледі.

      13. Қашықтықтан бағалау арқылы сериялық шығарылатын өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау мақсатында бағалаудың міндетті рәсімдерін жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде және оны дайындау (өндіру) жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнында өнім өндірісінің жай-күйін талдау рәсімдері шеңберінде жұмыстарды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған, сондай-ақ жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын болғызбау мақсатында қабылданған шектеулерді бұзбай өнімнің үлгілерін (сынамаларын) сәйкестендіру және іріктеу) кезінде сертификаттау жөніндегі орган сериялық шығарылатын өнімді техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге өтінімдер түскен кезде өнім партиясына немесе дара бұйымға сәйкестік сертификатын ресімдей отырып, өнім партияларына немесе дара бұйымдарға арналған сертификаттау схемаларын қолданады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады