2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 7-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (көрсетілген Шартқа № 1 қосымша) 30-тармағына сәйкес Беларусь Республикасының Премьер-министрі С.Н.Румастың Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі "Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы" № 126 шешіміне өзгерістер енгізу туралы өтінісін қарап, Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі "Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы" № 126 шешімі 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді деп белгіленсін.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |