1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттермен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 191 өкімімен құрылған Өнеркәсіптің басым салаларында кооперация мен импортты алмастырудағы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобы қызметінің шеңберінде іске асырылатын және іске асыру жоспарланған ірі инвестициялық жобалар мен өнеркәсіптің тиісті салалары үшін маңызы бар жобалар туралы, кооперациялық байланыстар, импорт алмастыруды жүзеге асыру орынды болатын және тиісті жобаларды іске асыруға қатысуға дайын кәсіпорындар бар технологиялық бағыттар туралы ақпаратты, үшінші елдерден Одақтың кедендік аумағына импорты неғұрлым жоғары көлемді құрайтын өнеркәсіп өнімі туралы деректерді және осы деректер негізінде Одаққа мүше мемлекеттер аумағында өндірістік қуаттарды дамыту жөнінде ұсыныстар қалыптастыруды, сондай-ақ Одақтың ресми сайтында Одақтың индустирияландыру картасын орналастыруды және оны өзектілендіруді өзіне кірістіретін Одақтың индустрияландыру картасын әзірлеуді қамтамасыз етсін.
2. Одаққа мүше мемлекеттердің Үкіметтері қажет болуына қарай уәкілетті органдардың Еуразиялық экономикалық комиссияға Одақтың индустрияландыру картасын өзектілендіру мақсатында ұсыныстар беруін қамтамасыз етсін.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан |
Ресей |