Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында COVID-19 короновирустық инфекциясының және өзге де инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу бойынша денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кешенді іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 16 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қабылданып жатқан, COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуының алдын алуға бағытталған шаралар туралы ақпараты назарға алынсын:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында COVID-19 короновирустық инфекциясының және өзге де инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу бойынша денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кешенді іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 20-шы күнінен кешіктірмей Еуразиялық экономикалық комиссияға кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия 2021 жылдың екінші жартыжылдығында Еуразиялық үкіметаралық кеңеске кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан







  Еуразиялық үкіметаралық кеңестің
2020 жылғы 17 шілдедегі
№ 4 шешімімен
  МАҚҰЛДАНДЫ

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында COVID-19 короновирустық инфекциясының және өзге де инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу бойынша денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
КЕШЕНДІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Орындаушылар

 
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы COVID-19 короновирустық инфекциясына байланысты эпиедемиологиялық ахуал және эпидемияға қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпаратты өзара алмасуды қамтамасыз ету

 
короновирустық инфекцияның пандемиясы толық аяқталғанға дейін тұрақты

 
мүше мемлекеттерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыратын органдар, мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктері

2. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында адамның өмірі, денсаулығы және оның өмір сүру ортасы үшін қауіпті инфекциялық және жаппай инфекциялық емес ауруларды (улануларды) анықтау және таралу жағдайлары, сондай-ақ қабылданған санитариялық шаралар туралы дерекқор қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесі шеңберінде ақпарат алмасу

2020 – 2021 жылдар

мүше мемлекеттерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыратын органдар

3. Мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларындағы уәкілетті органдарының "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің ресми сайттарында мүше мемлекеттерде тіркелген байланыссыз термометрияға арналған жабдықтарды, жеке қорғаныш құралдарын, оның ішінде дезинфекциялау құралдарын, оның ішінде қолды өңдеуге арналған антисептиктердің ерітінділерін дайындаушылар туралы ақпаратты орналастыру

2020 – 2021 жылдар

мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктері, мүше мемлекеттерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыратын органдар

4. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуына қатысты қолайсыз елдерден келетін және мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен жүретін адамдар туралы ақпаратты оларға медициналық байқау белгілеу және эпидемияға қарсы қажетті іс-шараларды жүргізу үшін өзара алмасуды қамтамасыз ету  

короновирустық инфекцияның пандемиясы толық аяқталғанға дейін тұрақты
 

мүше мемлекеттерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыратын органдар, мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктері

5. Инфекциялық аурулардың өршуіне ден қоюдың келісілген алгоритмін регламенттейтін ұсынымдарын әзірлеу

2020 – 2021 жылдар

мүше мемлекеттерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыратын органдар, мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктері

6. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында мүше мемлекеттердің аумақтары үшін өзекті инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау және эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу мәселелері бойынша ақпаратты өзара алмасуды жүзеге асыру

2020 – 2021 жылдар

мүше мемлекеттерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыратын органдар, мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктері

7. COVID-19 короновирустық инфекциясына зертханалық зерттеулер жүргізу және зерттеулер сапасын бақылау үшін бақылау панельдерін (тест-панельдерді) қалыптастыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу

2020 – 2021 жылдар

мүше мемлекеттерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыратын органдар, мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктері

8. Өзекті және белгісіз (жаңа) инфекциялық аурулардың өршуіне ден қою шараларын пысықтау мақсатында мүше мемлекеттердің бейінді ұйымдары мамандарының бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу

COVID-19 короновирустық инфекциясы аяқталғаннан кейін, жылына 1 реттен сиретпей

мүше мемлекеттерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыратын органдар, мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктері, мемлекеттік биліктің басқа мүдделі органдары

9. Қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, профилактикасы және биологиялық қауіпсіздікті, оның ішінде Ресей Федерациясының мүше мемлекеттерге жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру шеңберінде қамтамасыз ету мәселелері бойынша медициналық ұйымдар мен санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі ұйымдар мамандарының біліктілігін арттыру жөніндегі курстар өткізу

Тұрақты

мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік органдар

10. Мүше мемлекеттердің аумақтары өзекті инфекциялық ауруларға қатысты вакциналар мен диагностикалық тест-жүйелерді әзірлеу мақсатында мүше мемлекеттерде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу

бірлескен бағдарламалар шеңберінде 2021 жылдан бастап

бірлескен бағдарламалардың қатысушылары болып табылатын мүше мемлекеттердің ғылыми-зерттеу ұйымдары

11. Инфекциялық аурулардың таралуына байланысты, жаңа инфекциялық аурулардың пайда болуына байланысты үйлестірілген ден қою шараларын әзірлеу

2021 жыл

мүше мемлекеттерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыратын органдар, мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктері, мемлекеттік биліктің басқа мүдделі органдары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады