№ 18

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 18 Өкімі

      1. Ресей Федерациясының Үкіметінен Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 616 қаулысына сәйкес қалыптастырылған Еуразиялық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне аталған механизмді 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде пайдаланумен Қаулы мәтіні бойынша тиісінше "Ресей тауары", "Ресей Федерациясы аумағында жасалған технологиялық операция" ұғымдары мен "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте шығарылған тауар", "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында жасалған технологиялық операция" ұғымдарының баламалылығын тануды ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (сауда-өнеркәсіп палаталары) берген сараптама актілері негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер кәсіпорындарының өнімдерін қосуды қамтамасыз ету сұралсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп:

      Еуразиялық өнеркәсіп өнімдері тізілімін жүргізу қағидаларын;

      мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауардың шығарылған елін растау тәртібін әзірлесін және қабылдасын.

      Мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз Республикасынан
 

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады