Сербия Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты 2022 жылға арналған тарифтік квоталар мөлшерлерін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 19 қазандағы № 139 шешімі

      2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 4-бабына, Келісімге № 2 қосымшаға, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 35 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Сербия Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты 2022 жылға арналған тарифтік квоталар мөлшерлері Келісімге сәйкес (бұдан әрі тиісінше – тауарлар, тарифтік квоталар) № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Мыналар:

      осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тарифтік квоталар мөлшерлері шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты, мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензия болған кезде және Келісімде белгіленген еркін сауда режимін ұсыну шарттары сақталған кезде кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылады;

      тарифтік квоталар осы Шешімнің № 1 қосымшасында көрсетілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты қолданылады;

      осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тарифтік квоталар көлемінен асып кететін мөлшерде тауарларды әкелу кезінде және (немесе) Келісімде белгіленген еркін сауда режимін ұсыну шарттары сақталмаған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылады деп белгіленсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі алқа мүшесі (Министр) А.А. Слепнев осы Шешімнің № 1 қосымшасында көрсетілген тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінуіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.

      4. Мүше мемлекеттер:

      өз заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында осы Шешімнің № 1 қосымшасында көрсетілген тарифтік квоталар мөлшерлерін бөлуді жүзеге асырсын;

      атқарушы биліктің уәкілетті органдарына осы Шешімнің № 1 қосымшасында көрсетілген тауарлар импортына лицензиялар беруді жүзеге асыруды тапсырсын;

      кеден органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Еуразиялық экономикалық комиссияға осы Шешімнің № 1 қосымшасында көрсетілген тауарларды өз мемлекетінің аумағына әкелу көлемдері туралы ақпаратты № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыну тапсырылсын.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 19 қазандағы
№ 139 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге сәйкес Сербия Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты 2022 жылға арналған тарифтік квоталар МӨЛШЕРЛЕРІ

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН

Өлшем бірлігі

Тарифтік квота мөлшерлері

барлығы

Армения Республикасы

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Қырғыз Республикасы

Ресей Федерациясы

Сербия Республикасынан шығарылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН 0406 90 690 0, 0406 90 740 0, 0406 90 860 0, 0406 90 890 0, 0406 90 920 0, 0406 90 930 0, 0406 90 990 1 және 0406 90 990 9 кодтарымен сыныпталатын, шөптер, Буттерказе ірімшігі және қой немесе ешкі сүтінен жасалған ірімшік қосып дайындалған Глар ірімшігін қоспағанда, өзге де ірімшіктер оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тауардың шығу тегі туралы сертификат 8-бағанында "Glarus cheese with herbs", немесе "Buttercase cheese", немесе "Cheese made of goat’s or sheep’s milk"" белгілері бар болған кезде кедендік әкелу баждарын төлеуден босату түрінде тарифтік преференцияны қолдана отырып жүзеге асырылады.

0406 90 690 0
0406 90 740 0
0406 90 860 0
0406 90 890 0
0406 90 920 0
0406 90 930 0
0406 90 990 1
0406 90 990 9

тонна

400

2,31

18,43

118,05

3,85

257,36

Жүзім шарабын дистилляциялау немесе жүзімді сығу нәтижесінде алынған спирт тұнбалары, өзгелері

2208 20 290 0
2208 20 890 0

л 100% спирт

35 000

6 365

2 109

3 275

493

22 758

Құрамында темекі бар сигареталар

2402 20 100 0
2402 20 900 0

1 000 дана

2 000 000*

103 886**

35 536

21 993

966

8 064

37 327

      ____________________________

      *2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан, Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге сәйкес тарифтік квота.

      ** Тарифтік квотаның бөлінетін көлемі.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 19 қазандағы
№ 139 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

      (нысан)

2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге сәйкес Сербия Республикасынан шығарылатын және тауарлардың жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелу көлемдері туралы АҚПАРАТ

      _____ жылғы ___ тоқсан

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тоқсандағы деректер (айлар бойынша)


саны

құны (АҚШ долларымен)

Сербия Республикасынан шығарылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН 0406 90 690 0, 0406 90 740 0, 0406 90 860 0, 0406 90 890 0, 0406 90 920 0, 0406 90 930 0, 0406 90 990 1 және 0406 90 990 9 кодтарымен сыныпталатын, шөптер, Буттерказе ірімшігі және қой немесе ешкі сүтінен жасалған ірімшік қосып дайындалған Глар ірімшігін қоспағанда, өзге де ірімшіктер оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тауардың шығу тегі туралы сертификат 8-бағанында "Glarus cheese with herbs", немесе "Buttercase cheese", немесе "Cheese made of goat’s or sheep’s milk"" белгілері бар болған кезде кедендік әкелу баждарын төлеуден босату түрінде тарифтік преференцияны қолдана отырып жүзеге асырылады.

0406 90 690 0
0406 90 740 0
0406 90 860 0
0406 90 890 0
0406 90 920 0
0406 90 930 0
0406 90 990 1
0406 90 990 9

I ай



II ай



III ай



тоқсандағы жиыны



Жүзім шарабын дистилляциялау немесе жүзімді сығу нәтижесінде алынған спирт тұнбалары, өзгелері

2208 20 290 0
2208 20 890 0

I ай



II ай



III ай



тоқсандағы жиыны



Құрамында темекі бар сигареталар

2402 20 100 0
2402 20 900 0

I ай



II ай



III ай



тоқсандағы жиыны




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады