2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға № 1 қосымшада 681-позицияда 2-графада "3824-тен" деген сөздер "3823-тен, 3824-тен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне ЕАЭО СЭҚ ТН 3823 кодымен толықтыру бөлігінде өзгеріс енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап, бірақ ерте дегенде осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |