2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 20-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауының 15-бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"агрохимикаттар" - өсімдіктерді қоректендіру және топырақтың құнарлылығын реттеу үшін арналған тыңайтқыштар, химиялық мелиоранттар;";
15.1-қосымшасының 160-позициясында "өнімдегі БЖД (мг/кг)" графасында "ананас, құлпынай" деген сөздер "құлпынай" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |