Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жоқтығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 қарашадағы № 167 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасы бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) (бұдан әрі тиісінше – Шарт, Хаттама) 10-тармағының 1-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) 44 және 45-тармақтарына сәйкес "Режевский кабельный завод" жауапкершілігі шектеулі қоғамының (Ресей Федерациясы, Екатеринбург қ., Радищев к-сі, 61; ЖСН 6677010893) (бұдан әрі – өтінім беруші) Шарттың 76-бабының 2-тармағын бұзудың ықтимал белгілері туралы 2019 жылғы 15 қаңтардағы № б/н (2019 жылғы 26 наурыздағы кір. № 5304) өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүргізілген трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша 2020 жылғы 25 ақпанда қозғалған трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы іс бойынша "Белкабель" кәбіл өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының (Беларусь Республикасы, Минск қ., Селицкий к-сі, 21-үй, корп. 5; СЕН 191111976) мынадай мүшелеріне қатысты (бұдан әрі тиісінше – іс, жауапкерлер, қауымдастық) трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы мәселені қарады:

      "Энергокомплект" өндірістік бірлестігі" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Беларусь Республикасы, Витебск қаласы, Московский даңғылы, 94Б үй; СЕН 300528652) (бұдан әрі – "Энергокомплект" ӨБ ЖШҚ), негізгі қызмет түрі – өзге де оқшауланған сымдар мен кәбілдер өндірісі (Беларусь Республикасының жалпы мемлекеттік сыныптауышы бойынша коды ОКРБ 005-2011 "Экономикалық қызмет түрлері" (бұдан әрі – ЭҚЖС) 27320);

      "Эколь" шетелдік өндірістік унитарлық кәсіпорны (Беларусь Республикасы, Мозырь қ., Октябрьская к-сі, 12 үй, оф. 305; СЕН 490496942) (бұдан әрі - "Эколь" ШӨУК), негізгі қызмет түрі – өзге де оқшауланған сымдар мен кәбілдер өндіру (ЭҚЖС бойынша коды 27320);

      "Автопровод" Щучинск зауыты" ашық акционерлік қоғамы (Беларусь Республикасы, Щучинск қ., Советская көш., 15 үй; СЕН 500017371) (бұдан әрі – "Автопровод" Щучинск зауыты" ААҚ), негізгі қызмет түрі – өзге де оқшауланған сымдар мен кәбілдерді өндіру (ЭҚЖС бойынша коды 27320);

      "Беларускабель" ашық акционерлік қоғамы (Беларусь Республикасы, Мозырь қ., Октябрьская к-сі, 14-үй; СЕН 400083186) (бұдан әрі – "Беларускабель" ААҚ), негізгі қызмет түрі – өзге де оқшауланған сымдар мен кәбілдерді өндіру (ЭҚЖС бойынша коды 27320);

      "Белтелекабель" бірлескен жабық акционерлік қоғамы (Беларусь Республикасы, Минск қ., Селицкий к-сі, 21-үй, корп. 5; СЕН 400424686) (бұдан әрі – "Белтелекабель" БЖАҚ), негізгі қызмет түрі – өзге де оқшауланған сымдар мен кәбілдер өндіру (ЭҚЖС бойынша коды 27320);

      "Гомелькабель" бірлескен ашық акционерлік қоғамы (Беларусь Республикасы, Гомель қаласы, Советская көшесі, 151-үй; СЕН 400052314) (бұдан әрі – "Гомелькабель" БААҚ), негізгі қызмет түрі – сымнан бұйымдар өндіру (ЭҚЖС бойынша коды 25931);

      "Кобринагромаш" ашық акционерлік қоғамы (Беларусь Республикасы, Кобрин қаласы, Дзержинский көшесі, 78-үй; СЕН 200041594) (бұдан әрі – "Кобринагромаш" ААҚ), қызметінің негізгі түрі – автомобильдерге арналған электр және электрондық жабдықтарды өндіру (ЭҚЖС бойынша коды 29310);

      "СОЮЗ-КАБЕЛЬ" жауапкершілігі шектеулі шетелдік қоғам (Беларусь Республикасы, Витебск қ., Фрунзе д-лы, 83В үй; СЕН 811000331), (бұдан әрі – "СОЮЗ-КАБЕЛЬ" ЖШШҚ), негізгі қызмет түрі – талшықты-оптикалық кәбіл өндірісі (ЭҚЖС бойынша коды 27310).

      Істерді қарау тәртібінің 23-тармағына сәйкес 2021 жылғы 2 ақпанда істі қарау жөніндегі комиссияның төрағасы, Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің (бұдан әрі – Департамент) директоры А.Г. Сушкевич мыналардың:

      істі қарау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары А.А. Қалиевтің, Департамент директорының орынбасары;

      істі қарау жөніндегі комиссия мүшелері:

      Департамент директорының орынбасары Г.Б. Арамянның;

      Департамент директорының орынбасары Б.А. Исаевтың;

      Департаменттің бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) және істерді қарау бөлімінің кеңесшісі Е.П.Кривцунның;

      Департаменттің бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) және істерді қарау бөлімінің консультанты А.Б. Абдылдаеваның;

      бейне-конференц-байланыс арқылы:

      құзыретіне бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру және (немесе) жүргізу кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) уәкілетті органдарының өкілдері (бұдан әрі – уәкілетті органдар):

      Федералды монополияға қарсы қызметтің жарнама және жосықсыз бәсекелестікті бақылау басқармасы бастығының орынбасары Я.В. Склярованың;

      Федералды монополияға қарсы қызметтің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық басқармасы ТМД елдерімен экономикалық интеграция бөлімі бастығының орынбасары Ю.В. Тихонованың;

      Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі Сауда, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, құрылыс және табиғи ресурстар басқармасының бастығы А.В. Войноның;

      Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі Сауда, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, құрылыс және табиғи ресурстар басқармасы Өнеркәсіп, құрылыс және табиғи ресурстар бөлімінің бастығы Е.А. Махначтың;

      Жауапкерлердің өкілдері:

      2021 жылғы 13 қаңтардағы № 4 сенімхат бойынша "Энергокомплект" ӨБ" ЖШҚ өкілі В.А Сидоревичтің;

      2021 жылғы 13 қаңтардағы № 1 сенімхат бойынша "Автопровод" Щучинск зауыты" ААҚ өкілі О.В.Варлухинаның ;

      2021 жылғы 13 қаңтардағы № 7 сенімхат бойынша "Беларускабель" ААҚ өкілі В.А.Прокопенконың;

      2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 106 сенімхат бойынша "Белтелекабель" БЖАҚ өкілі Т.А. Васючкованың;

      2020 жылғы 20 қарашадағы № 82 сенімхат бойынша "Белтелекабель" БЖАҚ өкілі А.Ю. Михайловтың;

      2021 жылғы 12 қаңтардағы № 16 сенімхат бойынша "Кобринагромаш" ААҚ өкілі А.А. Витковскийдің;

      2020 жылғы 23 қарашадағы № 28 сенімхат бойынша "Гомелькабель" БААҚ өкілі А.Г. Каменщиковтың;

      2021 жылғы 13 қаңтардағы № 2 сенімхат бойынша "СОЮЗ-КАБЕЛЬ" ЖШШҚ өкілі И.Р. Щелкуновтың;

      2021 жылғы 11 қаңтардағы № О10 сенімхат бойынша өтінім берушінің өкілі – Е.А. Искорцеваның;

      қаралатын істің мән-жайлары туралы мәліметтерді білетін адам (оның өкілі) – "Электрокабель" Қауымдастығы" коммерциялық емес әріптестігінің бас директоры Н.В. Сахарованың қатысуымен істі қараудың аяқталғаны туралы жариялады.

      Істі қарау нәтижелері бойынша мыналар анықталды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 97 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібінің (2018 жылғы 18 сәуірдегі редакциясында) (бұдан әрі – Өтініштерді қарау тәртібі) 3-тармағына сәйкес Комиссияға қауымдастықтың және жауапкерлердің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) өтінім берушіге залал келтіруі не оның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін, жалған, дәл емес немесе бұрмаланған мәліметтерді тарату жөніндегі әрекеттерден (әрекетсіздікте) көрінген, Шарттың 76-бабы 2-тармағын бұзу белгілерінің ықтимал болуын көрсететін өтініш келіп түсті.

      Өтініштерді қарау тәртібінің 131 – 1311-тармақтарына сәйкес өтінішті қарау шеңберінде бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылу белгілерін жоюға және трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдар жасау туралы ұсыныс жобасын әзірлеу және келісу бойынша рәсімдер және екі келісу кеңесі (2019 жылғы 21 мамырда және 2019 жылғы 11 шілдеде) өткізілді, олардың нәтижелері бойынша өтінім берушінің келісімінің жоқтығын ескере отырып, мұндай ұсыныс берілмеген.

      Өтінішті және оған қоса берілетін материалдарды, ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді, түсініктемелерді) (бұдан әрі – ақпарат) қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ Шарттың 76-бабы 2-тармағының ықтимал бұзылу белгілерінің болуына байланысты және Хаттамаға, Өтініштерді қарау тәртібіне, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 98 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне (бұдан әрі – Тергеп-тексеру жүргізу тәртібі) және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 112 шешімінің 1-тармағына сәйкес Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру (бұдан әрі – тергеп-тексеру) жүргізу туралы 2019 жылғы 23 шілдедегі № 38/ұйғ ұйғарым шығарды және тиісті тергеп-тексеру жүргізді.

      Өтініштерді қарау тәртібінің 13-тармағына сәйкес уәкілетті органдар тексеру жүргізу кезінде Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға жауапты қызметкерлердің кандидатуралары туралы Комиссияға ұсыныстар берді.

      Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылу белгілерінің болуы немесе болмауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жеткіліксіздігіне байланысты, Комиссия 2019 жылғы 7 қарашадағы тергеп-тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы ұйғарыммен Тергеп-тексеру жүргізу тәртібінің 6-тармағына сәйкес тергеп-тексеру жүргізу мерзімін 60 жұмыс күніне ұзартты.

      Хаттамаға, Тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 7 шешімімен бекітілген Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес Департамент тергеп-тексеру барысында жеке және заңды тұлғалардан, мүше мемлекеттер органдарынан өтініште жазылған фактілер бойынша ақпаратты жазбаша нысанда сұратты.

      Алынған ақпарат негізінде, оның ішінде істі қарау шеңберінде мыналар анықталды.

      Әдістеменің 3 және 4-тармақтарына сәйкес шарттың 76-бабының 2-тармағында белгіленген тыйым салулардың бұзылуын тексеру кезінде бәсекелестіктің жай-күйін бағалау Әдістеменің 15-тармағына сәйкес тауарды алдын ала анықтаумен шектелуі мүмкін.

      Хаттаманың 11-тармағына және Әдістеменің 61 – 63-тармақтарына сәйкес бәсекелестіктің жай-күйін бағалаудың әрбір кезеңінде жасалған негізгі тұжырымдар құпия ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар бұзылмайтын бөлігінде жазылған.

      Әдістеменің 15-тармағының ережелерін басшылыққа ала отырып, Департамент нарықтың тауар шекараларын мынадай деректер негізінде алдын ала анықтады.

      "Кәбіл бұйымдар. Терминдер мен анықтамалар" МЕМСТ 15845-80 (СТ СЭВ 585-77) сәйкес:

      кәбіл өнімі – ол арқылы электр энергиясын, электрлік ақпарат сигналдарын беруге арналған немесе электр құрылғыларының орамаларын жасауға арналған, иілгіштігімен ерекшеленетін электрлік бұйым;

      электр кәбілі (кәбіл) – металл немесе металл емес қабыққа салынған бір немесе одан да көп оқшауланған талсымдары (өткізгіштері) бар кәбіл бұйымы, оның үстіне төсем және пайдалану жағдайларына байланысты тиісті қорғаныш жабыны кіреді, ол жерге және су астына төсеуге жарамды тиісті броняны қамтуы мүмкін;

      электр сымы (сым) – бір немесе бірнеше ширатылған сымдардан немесе бір немесе одан да көп оқшауланған талсымдардан тұратын, олардың үстінен төсеу және пайдалану жағдайларына байланысты жеңіл металл емес қабық, талшықты материалдардан немесе сымнан жасалған орам және (немесе) өрімі болуы мүмкін және ол әдетте, жерге төсеуге арналмаған кәбіл бұйымы;

      кәбіл бұйымының түрі – кәбіл бұйымының мақсаты мен конструкциясының негізгі ерекшеліктерін, оқшаулау материалын, ток өткізгіш талсымдарды және т. б. сипаттайтын, кәбіл бұйымының маркасында толық немесе ішінара көрсетілетін сыныптау ұғымы;

      кәбіл өнімдері – кәбіл бұйымдарының жиынтығы.

      1957 жылғы 15 маусымдағы таңбаларды тіркеуге арналған тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі туралы Ницца келісімінде көзделген таңбаларды тіркеуге арналған тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптауышына сәйкес, берілген 090215 базалық нөмірімен және электр кәбілдері деген тауар атауымен 09 сыныпқа жатады.

      "Кәбіл бұйымдары. Өрт қауіпсіздігі талаптары" 31565-2012 МемСТ 3.1-тармағына сәйкес кәбіл бұйымы – ол арқылы электр энергиясын, электрлік және оптикалық ақпарат сигналдарын беруге арналған немесе электр құрылғыларының орамдарын жасауға арналған, иілгіштігімен ерекшеленетін бұйым (кәбіл, сым, бау).

      ЭҚЖС 273-топты (электр өткізгіш пен электр монтаждау құрылғыларын өндіру) көздейді, ол электр тогын өткізетін және өткізбейтін сымдар, кәбілдер, түрлі материалдардан жасалған сым құрылғылары өндірісін; оқшауланған сым және талшықты-оптикалық кәбіл өндірісін, сондай-ақ 27320-қосалқы сыныбы бар (өзге де оқшауланған өткізгіштер мен кәбілдер өндіру) кәбіл өндірісін қамтиды.

      OK 034-2014 Экономикалық қызмет түрлері бойынша Бүкілресейлік өнім сыныптауышына сәйкес электронды және электр жабдықтарына арналған басқа сымдар мен кәбілдерді өндіру қызметі 27.32 кодымен сыныпталады және С бөлімінің (өңдеу өндірісі өнімдері) 27-тобына (электр жабдықтары) жатады.

      Баяндалғанның негізінде тауар бір немесе бірнеше бұралған сымдардан немесе бір немесе одан да көп оқшауланған талсымдардан тұратын кәбіл бұйымын қамтитын, оның үстінде төсеу және пайдалану жағдайларына байланысты жеңіл металл емес қабық, талшықты материалдардан немесе сымнан жасалған орам және (немесе) өрім болуы мүмкін кәбіл-өткізгіш өнімі ретінде айқындалған, сондай-ақ кәбіл бұйымы конструкциясының мақсаты мен негізгі ерекшеліктерін, кәбіл бұйымы маркасында оқшаулау материалын, ток өткізгіш талсымдарды толық немесе ішінара сипаттайтын кәбіл бұйымдарының (бұдан әрі – кәбіл-өткізгіш өнімі) жиынтығы ретінде айқындалады.

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кәбіл-өткізгіш өнімі кейіннен тиісті кіші топтың сипаттамасымен айқындалатын техникалық, технологиялық, функционалдық және өзге де сипаттамаларына қарай кіші топтарға бөле отырып, 8544 тауар позициясында сыныпталады. Көрсетілген сыныптауға сүйене отырып, мүше мемлекеттер арасында және үшінші елдерге тауарды тасымалдау, оның ішінде 2 және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтарында тауардың айналымын айқындау мақсатында белгіленді.

      Әдістеменің IV бөлімінің ережелеріне сәйкес және кәбіл-өткізгіш өнімнің Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтарында айналыста болатынын ескере отырып, трансшекаралық тауар нарығының географиялық шекаралары Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтары, яғни 2 мүше мемлекеттің аумақтары болып табылатыны анықталды.

      Баяндалғанды негізге ала отырып, кәбіл-өткізгіш өнімі нарығы трансшекаралық болып табылатыны анықталды, осыған байланысты көрсетілген тауар нарығына Шарттың 76-бабының 2-тармағында белгіленген тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.

      Шарттың 74-бабы 2-тармағының, Хаттаманың 9-тармағының және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген Нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлерінің (бұдан әрі – Критерийлер) 3-тармағының ережелеріне сәйкес Шарттың 76-бабының 2-тармағында белгіленген тыйым салуларды шаруашылық жүргізуші субъектілердің бұзуының жолын кесуді, егер іс-әрекеті белгіленген тыйым салуды бұзған шаруашылық жүргізуші субъект және осындай іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін не іскерлік беделіне зиян келтірілген немесе келтірілуі мүмкін бәсекелес шаруашылық жүргізуші субъект (бәсекелестер) әртүрлі мүше мемлекеттердің аумақтарында тіркелген жағдайда Комиссия жүзеге асырады.

      Хаттаманың 2-тармағының 20-тармақшасында шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) – коммерциялық ұйым, өзіне табыс әкелетін қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым, дара кәсіпкер, сондай-ақ кәсіби табыс әкелетін қызметі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге және (немесе) лицензиялауға жататын жеке тұлға деп айқындалған.

      Өтінім беруші, жоғарыда айтылғандай, Ресей Федерациясында тіркелген. Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне сәйкес, өтінім беруші негізгі қызмет түрі ретінде OK 029-2014 Экономикалық қызмет түрлерінің Бүкілресейлік сыныптауышына сәйкес 27.32 коды бойынша (электронды және электр жабдықтарына арналған басқа сымдар мен кәбілдерді өндіру), сонымен қатар 46.69 (басқа машиналар мен жабдықтардың көтерме саудасы) және 71.12 коды бойынша (инженерлік зерттеулер, инженерлік-техникалық жобалау, құрылыс жобаларын басқару, бақылауды және авторлық қадағалауды орындау саласындағы қызметтер, осы салаларда техникалық консультациялар беру) қызметті қосымша жүзеге асырады.

      Жауапкерлер – 2018 жылғы 26 наурыздағы жағдай бойынша қауымдастықтың мүшесі болған, сол сияқты Қауымдастықтың өзі сияқты Беларусь Республикасында тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері).

      Баяндалғанды және кәбіл-өткізгіш өнімнің нарығы трансшекаралық болып табылатынын ескере отырып, Шарттың 74-бабының 2-тармағы, Хаттаманың 9-тармағы және Критерийлердің 3-тармағы негізінде, өтінім беруші Ресей Федерациясының аумағында тіркелгеніне, ал жауапкерлер Беларусь Республикасының аумағында тіркелгеніне байланысты Шарттың 76-бабының 2-тармағын бұзушылықтардың жолын кесу Комиссияның құзыретіне жатады.

      2018 жылғы 26 наурыздағы жағдай бойынша Қауымдастық мүшелері: "Энергокомплект" ЖШҚ, "Эколь" ШӨУК, "Автопровод" Щучинск зауыты" ААҚ, "Беларускабель" ААҚ, "Белтелекабель" БЖАҚ, "Гомелькабель" БААҚ және "Кобринагромаш" ААҚ болып табылған.

      Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, "СОЮЗ-КАБЕЛЬ" ЖШШҚ 2018 жылғы наурызда Қауымдастық мүшесі болған жоқ және оның мүшелері жиналысының 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 27 шешімімен, яғни 2018 жылғы 26 наурыздан кейін Қауымдастыққа мүше болып қабылданды.

      Іс материалдарына Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің № 243/95-2019 шешімінің (2019 жылғы 5 қарашадағы монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың болу (болмау) фактісін анықтау жөніндегі Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі отырысының хаттамасына қосымша) (бұдан әрі – № 243/95-2019 шешім) көшірмесі ұсынылды. Көрсетілген шешімнің 17-бетінде Technodiament Sp. z o. o. Қауымдастығының мүшесі Беларусь Республикасының аумағында кәбіл-өткізгіш өнімін өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтыны, соған байланысты ол өтінім берушінің бәсекелесі болып табылмайтыны атап көрсетілген. Сондай-ақ, өтінім берушінің өнімін импорттайтын Technodiament Sp z o. o. және "ЭлектроКабельКомплект" жауапкершілігі шектеулі қоғамын (бұдан әрі – "ЭлектроКабельКомплект" ЖШҚ) қоспағанда, Қауымдастыққа мүше болып табылатын аталған шаруашылық субъектілері сол бір тауар нарығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бәсекелестер болып табылатыны атап өтілді.

      Беларусь Республикасының заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлерінің бірыңғай мемлекеттік тізіліміндегі мәліметтерге сәйкес Қауымдастықтың негізгі қызметі – мүшелікке негізделген және экономиканың тиісті салаларында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі (ЭҚЖС коды 94110).

      Беларусь Республикасының 1998 жылғы 7 желтоқсандағы № 218-З Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – РБ АК) 121-бабының 1-бөлігіне сәйкес коммерциялық ұйымдар және (немесе) дара кәсіпкерлер, сондай-ақ коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдар өз қызметін үйлестіру, ортақ мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын қауымдастықтар немесе одақтар нысанында бірлестіктер құра алады. Аталған баптың 3-бөлігінде қауымдастық (одақ) заңды тұлға болып табылатыны айқындалған. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелері өз дербестігін және заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің құқықтарын сақтайды.

      РБ АК-нің 121-бабының 4-бөлігінде қауымдастық (одақ) өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейтіні көзделеді. Қауымдастық (одақ) мүшелері оның міндеттемелері бойынша қауымдастықтың (одақтың) жарғысында көзделген мөлшерде және тәртіппен субсидиарлық жауаптылықта болады.

      РБ АК 122-бабының 1 және 2-бөліктерінде қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаты оның мүшелері бекіткен жарғы болып табылады деп бекітілген. Қауымдастықтың (одақтың) жарғысында РБ АК-нің 48-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтер, оның ішінде қауымдастықтың (одақтың) жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы, қауымдастықты (одақты) басқару органдарының құрамы мен құзыреті және олардың шешімдер, оның ішінде шешімдері бірауыздан немесе қауымдастық (одақ) мүшелерінің басым көпшілік даусымен қабылданатын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау тәртібі туралы шарттар қамтылуға тиіс.

      РБ АК-нің 123-бабында қауымдастық (одақ) мүшесі оның қызметтерін өтеусіз пайдалануға құқылы екендігі көзделеді.

      Іс материалдарына қатысушылардың жалпы жиналысының 2009 жылғы 11 ақпандағы № 1 хаттамасымен бекітілген Қауымдастық жарғысының көшірмесі, сондай-ақ Қауымдастық жарғысына енгізілген, XXI жалпы жиналыстың шешімімен және 2016 жылғы 18 қарашадағы № б/н хаттамасымен (2018 жылдың наурызынан сәуіріне дейін әрекет еткен редакция) бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ұсынылған.

      Қауымдастық жарғысына сәйкес оның мақсаттарына мемлекеттік билік органдары мен жергілікті басқару және өзін-өзі басқару органдарында, қоғамдық, халықаралық және басқа да ұйымдарда Қауымдастық мүшелерінің ортақ құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау кіреді.

      Қауымдастықтың жарғысына сәйкес оның міндеттеріне мемлекеттік билік органдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа ұйымдарда кәбіл-өткізгіш өнімдерін өндіру және сату саласындағы бірыңғай үйлестірілген саясатты ұсыну жатады.

      Бұл ретте Жарғыға сәйкес Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттеріне кәбіл-өткізгіш өнімдерін тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау жатқызылмаған. Жауапкерлер кәбіл-өткізгіш өнімі өндірушілердің мүдделерін білдіретін Қауымдастық пен Қауымдастық мүшелері болып табылмайтын осындай өнімді тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылды көздейтін құқықтық негіздеме ұсынбаған және (немесе) Жарғының ережелеріне сілтеме бермеген.

      2016 жылғы 18 қарашадағы XXI жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген Қауымдастық жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес (Қауымдастық мүшелерінің 2016 жылғы 18 қарашадағы XXI жалпы жиналысының № б/н хаттамасы) Қауымдастық жарғысы 6.4-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес Қауымдастық мүшесі болып табылмайтын үшінші тұлғаларға, оның ішінде Беларусь Республикасының әртүрлі ұйымдарына, кәсіпорындарына, мемлекеттік органдарына және т.б. Қауымдастық атынан сұрау салулар, жолданымдар, өтініштер және т. б. жіберу туралы мәселелерді шешу Қауымдастықтың басқару органдарының құзыретіне жатады. Аталған тармақтың екінші абзацына сәйкес хаттардың мәтіндері қатысушылардың жалпы жиналысында немесе Қауымдастықтың барлық мүшелеріне жобаларды жіберу арқылы сырттай келісілуі тиіс. Бұл ретте 3 жұмыс күні ішінде жауаптың болмауы хатты келісу болып саналады.

      Құрамына "Автопровод" Щучинск зауыты" ААҚ, "Беларускабель" ААҚ, "Белтелекабель" БЖАҚ, "Энергокомплект" ӨБ" ЖШҚ мамандары кіретін кәбіл-өткізгіш өнімдерінң контрафактісіне қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша тұрақты жұмыс тобын құру туралы Қауымдастық мүшелерінің XXIII жалпы жиналысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі шешімі туралы ақпарат ұсынылды. Жұмыс тобының жетекшісі болып "Энергокомплект" ӨБ" ЖШҚ өкілі тағайындалды.

      2018 жылдың 26 наурызында Қауымдастықтың бас директоры Ю.Л. Жилинский Қауымдастық атынан "Кәсіпорын басшысына" адресатын көрсете отырып, "Жалған кәбіл өнімдері туралы ақпараттық хат" (бұдан әрі – Ақпараттық хат) тақырыбы көрсетілген 2018 жылғы 26 наурыздағы № 013 хат жолданған, онда мынадай ақпарат қамтылған: "Осы жұмыстың қорытындысы Беларусь Республикасының Мемстандартының "Беларусь Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) айналымға тыйым салынған қауіпті өнімдер тізіліміне" (бұдан әрі – Тізілім) 24 – кәбіл өнімдерін өндірушілер зауыттарын, 10 – өнім берушілерді (импорттаушыларды), 50 қауіпті кәбіл-өткізгіш өнімдерін сатушыларды енгізуі болды (№2 қосымша). Тізілімнен алып тасталғанға дейін жоғарыда аталған зауыттар дайындаған өнімді сатып алуды шектеуді ұсынамыз. Кәбіл-өткізгіш өнімдерін Тізілімдегі өнім берушілер мен өндірушілерден сатып алған жағдайда, міндетті түрде аккредиттелген зертханаларда сынақтар жүргізу қажет, бұл сізді жалған өнімдерді пайдаланудан қорғайды.".

      № 243/95-2019 шешімінде 8 және 9-беттерде Қауымдастықтың ақпараты бойынша, 2018 жылғы 22 наурызда 12 сағат 24 минутта Қауымдастық бланкісіндегі ақпараттық хат жобасы оның мүшелеріне электрондық пошта арқылы жіберілгені көрсетілген, бұл Беларусь Республикасының монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігіне ұсынылған Қауымдастық мүшелерінің электрондық пошта парақтарының скриншоттарымен расталады. Сондай-ақ, 2018 ж. 22 наурызда 14 сағат 13 минутта ақпараттық хатқа № 1 және 2 қосымшалардың жобалары Қауымдастық мүшелеріне электрондық пошта арқылы жіберілді, бұл да Беларусь Республикасының монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігіне ұсынылған Қауымдастық мүшелерінің электрондық пошта парақтарының скриншоттарымен расталады.

      Осылайша, ақпараттық хат жобасының мазмұны белгіленген тәртіппен жауапкерлерге келісуге жіберілді, ал жауап болмаған соң 3 жұмыс күні ішінде мұндай жоба келісілді деп саналды.

      Аталған хат 172 адресатқа электрондық пошта арқылы жіберілді, оның ішінде:

      Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (нарық субъектілеріне) тиесілігін куәландыратын ұйымдардың атаулары көрсетілген 12 адресат;

      үшінші елдердің (Украина, Чех Республикасы және т. б.) шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (нарық субъектілеріне) тиесілігін куәландыратын ұйымдардың атаулары көрсетілген 4 адресат;

      нақты мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (нарық субъектілеріне) немесе азаматтарына жататындығын анықтауға мүмкіндік бермейтін, бірақ электрондық пошта мекенжайында бірінші деңгейдегі ".ru" немесе ".com" домендік аты бар ұйымдардың атаулары немесе жеке тұлғалардың деректері көрсетілген 23 адресат;

      Беларусь Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (нарық субъектілеріне) немесе азаматтарына тиесілілігін куәландыратын ұйымдардың атаулары көрсетілген 133 адресат бар.

      Электрондық пошта мекенжайларының тізбесі ақпараттың құпия ақпаратқа жатқызылғаны туралы куәландыратын белгі көрсетіле отырып ұсынылуына байланысты келтірілмейді.

      Өтінім беруші өтінішті қарау, тергеп-тексеруді жүргізу және істі қарау жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысу шеңберінде ақпараттық хатта бұрмаланған ақпарат қамтылатын позицияны ұстанды. Беларусь Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) ондағы айналымына тыйым салынған Қауіпті өнім тізіліміндегі (бұдан әрі – тізілім) жеке өнімнің болуы тиісті зауытта (шаруашылық жүргізуші субъектіде) дайындалған кез келген өнімді өткізу (сатып алу) үшін шектеу болып табылмайды. Осылайша, Қауымдастық мүшелері кәсіпкерлік қызметте мүше мемлекеттердің заңнамасына, іскерлік айналым дәстүрлеріне, ашықтық, парасаттылық және әділдік талаптарына қайшы келетін, өтінім берушіге Қауымдастық мүшелерінің бәсекелесі ретінде залал келтірген немесе келтіруі мүмкін не оның іскерлік беделіне нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін артықшылықтарға ие болды.

      Өтінім беруші іс материалдарына оның тапсырысы бойынша жүргізген Беларусь Республикасының Мемлекеттік сот сараптамалары комитетінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 4.2–10/7 сараптамасының нәтижелерін ұсынды, оларға сәйкес:

      ұсынылған материалда өтінім берушінің өнімін сату бойынша "ЭлектроКабельКомплект"ЖШҚ қызметі туралы теріс ақпарат бар, ол факт туралы үзілді-кесілді растамау түрінде көрінген;

      ұсынылған материалда 2018 жылғы 8 қаңтардағы жағдай бойынша "ЭлектроКабельКомплект" ЖШҚ тізілімге қауіпті кәбіл-өткізгіш өнімді беруші (импорттаушы) ретінде енгізілгені туралы мәлімдеме қамтылған. Бұл ретте "2018 жылғы 8 қаңтардағы жағдай бойынша Беларусь Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтері бойынша" тіркесінің түсіндірмесі түпкілікті емес болуы мүмкін: Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитеттің деректері 2018 жылғы 8 қаңтарда алынған немесе істің жағдайы 2018 жылғы 8 қаңтардағыдай қабылданған;

      Беларусь Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) онда айналымына тыйым салынған қауіпті кәбіл-өткізгіш өнімі туралы ақпаратты ақпараттық хаттың № 2 қосымшасына сәйкес "ЭлектроКабельКомплект" ЖШҚ өткізетін барлық кәбіл-өткізгіш өнімі бойынша "ЭлектроКабельКомплект" ЖШҚ-ның бүкіл қызметіне жатқызуға болады.

      Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешімімен бекітілген Сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімі) енгізу тәртібі туралы ережеде сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды көрсетілген тізілімге енгізу критерийлері, сондай-ақ ұлттық жүйелерде аккредиттелген сертификаттау жөніндегі органдар туралы мәліметтерді енгізе отырып, оны қалыптастыру және жүргізу қағидалары айқындалған. Өнімді сертификаттауды Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген орган жүргізеді.

      Кеден одағының сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізілімі Одақтың ресми сайтында орналастырылған.

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (Шартқа № 9 қосымша) 2-тармағына сәйкес аккредиттеу –сәйкестікті бағалау жөніндегі органның (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органның, сынақ зертханасының (орталығының)) сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындау құзыретін аккредиттеу органының ресми тануы. Одақтың ресми сайтында орналастырылған ақпаратқа сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін тануды жүзеге асыратын Беларусь Республикасының уәкілетті органы Беларусь Республикасының Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитеті (бұдан әрі – Мемстандарт), Ресей Федерациясында – Техникалық реттеу және метрология жөніндегі федералдық агенттік (бұдан әрі – Росстандарт) болып табылады.

      Мемстандарт 2017 жылғы 6 наурыздағы № 05-12/213 хатпен Мемстандарт инспекциясының тексеруі нәтижесінде қауіпті өнім – өтінім беруші өндірген КГВЭВнг(А)-LS 4x1, 5-0,66 иілгіш бақылау кәбілі анықталды және көрсетілген өнім "Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 768 шешімімен бекітілген "Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (бұдан әрі – КО ТР 004/2011) талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды деп хабарлайды.

      Мемстандарттың 2017 жылғы 13 наурыздан бастап Беларусь Республикасының аумағына қауіпті өнімдерді әкелуге және олардың айналымына тыйым салу туралы 2017 жылғы 6 наурыздағы № 05-12-1/58 және 2017 жылғы 13 наурыздан бастап № ТС RU C-RU.АЯ55.В.00070 тиісті өнімге сәйкестік сертификатының Беларусь Республикасының аумағында қолданылуын тоқтату туралы 2017 жылғы 6 наурыздағы № 05-12-2/59 нұсқамалары берілді.

      Росстандарт 2017 жылғы 22 мамырдағы № 14/305 және 2017 жылғы 26 мамырдағы № 31-7/280 хаттармен жоспардан тыс инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша ескертулер анықталмағанын және өтінім берушінің көрсетілген өндіріс өніміне № ТС RU C-RU.АЯ55.В.00070 сәйкестік сертификатының күшін жою туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

      Осылайша, өтінім беруші өз өнімдерінің техникалық талаптарға сәйкес келмеуі туралы мәлімдеме өтінім беруші шығаратын барлық өнімдерге қатысты емес, тек иілгіш бақылау кабелі-LS 4x1,5-0,66 ғана қатысты деп пайымдайды.

      Өтінім берушінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № б/н хатына қосымшада (2019 жылғы 30 желтоқсандағы кір. № 22468) Беларусь Республикасының аккредиттелген зертханаларында жеткізілетін кәбіл-өткізгіш өнімдеріне сынақ жүргізу қажеттілігіне байланысты өтінім берушінің мәжбүрлі қосымша шығындар түрінде шеккен залалдары туралы ақпарат ұсынылған.

      Өтінім беруші шығындарды растау үшін шарттардың (қосымшаларымен бірге) көшірмелерін, кәбіл-өткізгіш өніміне қосымша сынақтар жүргізу үшін ақы төлеу туралы төлем тапсырмаларын және сынақ зертханасы – БЕЛЛИС зертханасында және Ұлттық (Беларусь Республикасы), Өңірлік (Одақ) және халықаралық (IECEE/СБ МЭКСЭ) деңгейлерде аккредиттелген электр техникалық өнімді сертификаттау органында кәбіл-өткізгіш өніміне сынақтар жүргізу туралы актілерді істің материалдарына ұсынды.

      Беларусь Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілеріне жеткізілетін өтінім берушінің кәбіл-өткізгіш өнімінің көрсетілген қосымша сынақтары Қауымдастық бұрын тұтынушылардің мекенжайына жіберген ұсынымдармен негізделген.

      Сонымен бірге, тізілімге өтінім берушінің жекелеген өнімі енгізілді, бірақ сынақтар ол өндіретін бүкіл кәбіл-өткізгіш өнімдеріне, оның ішінде тізілімге енгізілмеген өнімдерге қатысты жүргізілген.

      Ақпараттық хаттың мазмұны тізілімге енгізілген өнімге кіріс бақылауын жүргізу қажеттілігіне емес, тізілімде көрсетілген өнімді дайындаушы зауыттармен ынтымақтаспау туралы ұсынымды көрсетеді.

      Беларусь Республикасының аумағында өтінім беруші өндірген (А)-LS 4x1,5-0,66 иілгіш бақылау кәбілін өткізудің жалпы көлемі мынаны құрады:

      2015 жылдың I және II тоқсандары ішінде – 3810 м;

      2016 жылдың I және II тоқсандары ішінде – 4053 м;

      2017 жылдың I және II тоқсандары ішінде – 5 м;

      2018 жылдың I және II тоқсандары ішінде – 0 м.

      Сонымен қатар, өтінім беруші ұсынған ақпаратқа сәйкес, ол Беларусь Республикасына тек көрсетілген кәбілді ғана емес, үлесі осы кәбіл үлесінен асатын басқа кәбіл және өткізгіш өнімдерін де жеткізеді.

      Қауымдастық мүшелерінің XXIV жалпы жиналысының 2017 жылғы 22 қыркүйектегі хаттамасының 1.4-тармағына сәйкес Қауымдастық пен Мемстандарттың бірлескен қызметінің нәтижелерін кеңінен жариялау туралы шешім қабылданды (Қауымдастық сайтында және Қауымдастық мүшелерінің сайттарында жариялау, тұтынушыларды, қадағалау органдарын және басқаларды хабардар ету).

      Қауымдастық ақпаратына сәйкес (2019 жылғы 12 сәуірдегі шығ. № 024 хат) аталған мазмұндағы хаттарды жолдау туралы шешім 2018 жылғы 14 наурызда Қауымдастық мүшелерінің XXV жалпы жиналысында қабылданған, онда хат мәтіні оның жарғысына сәйкес Қауымдастықтың барлық мүшелерімен келісілген.

      Осылайша, өтінім берушінің пікірінше, жиынтығында көрсетілген хат мәтіні Қауымдастық мүшелерімен келісілгенін, сондай-ақ Қауымдастық мүшелерінің XXV жалпы жиналысында Қауымдастық жарғысының 6.4-тармағында белгіленген тәртіппен оны жіберу туралы шешім қабылданғанын растайды.

      Қауымдастық ақпараттық хат Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары В.И. Семашконың төрағалығымен өткен Өнеркәсіп саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның "Нарықты импортталатын сапасыз кәбіл өнімдерінен қорғау және отандық өндірушілерді қолдау шаралары туралы" 2017 жылғы 29 наурыздағы отырысының қорытындылары бойынша және аталған отырыстың қорытындылары бойынша қабылданған шешімді орындау үшін дайындалғанын атап өтті. Өз кезегінде, өтінім беруші Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары В.И. Семашконың 2017 жылғы 8 маусымдағы № 07/312-146/6451р тапсырмасына сәйкес кәбіл-өткізгіш өнімдеріне кіріс бақылауын жүргізу бойынша ұсынымдар бекітілді. Өнімі тізілімге енгізілген дайындаушы зауыттардың барлық өнімін сатып алуға тыйым салатын тапсырмалар түскен жоқ, бұл көрсетілген тапсырманың мазмұнымен және көрсетілген кеңестің хаттамасымен расталады.

      Өтінім беруші ақпараттық хатты жолдау оның іскерлік беделі үшін шығындар мен жағымсыз салдарларға әкеп соққанын, атап айтқанда, Беларусь Республикасының аумағында тауарларды сатып алу бойынша сауда-саттық өткізу кезінде "Мозырский МӨЗ" ашық акционерлік қоғамы ақпараттық хатқа сілтеме жасай отырып, өтінім берушіден Беларусь Республикасының аккредиттелген зертханаларында берілген кәбіл өніміне сынақтар жүргізу бойынша қосымша міндеттемені талап еткенін хабарлайды. Осыған байланысты өтінім беруші қосымша шығындарға ұшырады, сондай-ақ сатып алудың қосымша талаптар қойылмаған басқа қатысушылары мен ықтимал қатысушыларына қатысты тең емес жағдайға қойылды.

      Сынақ құны 2 741 Беларусь рублі немесе 87 606 Ресей рублі болды.

      Қауымдастықтың көрсетілген ақпаратты өнім түрлерін нақтыламай таратуы, сондай-ақ Қауымдастықтың, оның ішінде өтінім берушімен ынтымақтастықты тоқтату жөніндегі ұсынымдары оның бүкіл өнімі қауіпті болып табылады деген түсінік қалыптастыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде әлеуетті сатып алушыларды өндірілетін өнімнің сапасына қатысты жаңылыстырады, сондай-ақ кәбіл өнімін жеткізу шарттарын жасасуға және орындауға кедергі келтіреді.

      Жауапкерлер Қауымдастықтың мүшелері бола отырып, тізілімге енгізілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) алдында кәсіпкерлік қызметте артықшылықтарға ие болды, бұл Беларусь Республикасының заңнамасына, іскерлік айналым дәстүрлеріне, ашықтық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келеді, жауапкерлерге бәсекелес болып табылатын өтінім берушіге залал келтіруі және оның іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін.

      Көрсетілген дәлелдерді растау үшін іс материалдарына өтінім беруші ынтымақтастықтан бас тарту бар, шарттарды бұзу туралы хаттардың көшірмелерін және өтінім берушімен ынтымақтастықты тоқтату туралы өзге де хабарламаларды ұсынды, олардың мәтінінде ынтымақтастықтан бас тартқан шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) бас тартудың негіздемесі ретінде ақпараттық хатқа сілтеме жасайды.

      Өтінім беруші Мемстандарт 2020 жылы бұрын техникалық талаптарға сәйкес еместігі туралы шешім шығарылған өтінім беруші өндіретін өнім қауіпті емес екенін ресми түрде растағаны туралы ақпарат берді.

      Өтінім беруші ұсынған ақпаратқа сәйкес өтінім беруші мен жауапкерлер өздерінің техникалық, функционалдық, нысаналы және өзге де сипаттамалары бойынша мынадай өндірушілердің ұқсас өнімдерімен алмастырылуы мүмкін кәбіл-өткізгіш өнімін шығарады:

      "Күштік кәбілдер" тобы бойынша – "ЭНЕРГОКОМПЛЕКТ" ӨБ ЖШҚ, "Эколь" ШӨУК, "Автопровод" Щучинск зауыты" ААҚ, "Беларускабель" ААҚ, "Белтелекабель" БЖАҚ, "Гомелькабель" БААҚ және "Кобринагромаш" ААҚ;

      "Басқару кәбілдері" тобы бойынша – "Автопровод" Щучинск зауыты" ААҚ және "Беларускабель" ААҚ;

      "Бақылау кәбілдері" тобы бойынша - "Эколь" ШӨУК, "Автопровод" Щучинск зауыты" ААҚ, "Беларускабель" ААҚ және "Белтелекабель" БЖАҚ;

      "Дабылнама және бұғаттауға арналған кәбілдер" және "Жоғары жиілікті жергілікті байланыс кәбілдері" топтары бойынша – "Беларускабель" ААҚ және "Белтелекабель" БЖАҚ.

      Кәбіл-өткізгіш өнімі жауапкерлердің өнімімен алмастырылуы мүмкін Тізілімдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде өтінім беруші мыналарды көрсетеді:

      "Күштік кәбілдер" тобы бойынша – "АЛЬГИЗ" жауапкершілігі шектеулі қоғамы, "Севкабель" МК "жауапкершілігі шектеулі қоғамы (бұдан әрі – "Севкабель" МК" ЖШҚ), "Людиновокабель" жабық акционерлік қоғамы, "Марпосадкабель" жауапкершілігі шектеулі қоғамы, "ПромЭл" жауапкершілігі шектеулі қоғамы, "ВЛКЗ" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (бұдан әрі – "ВЛКЗ" ЖШҚ), "Псковский кабельный завод" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Псковский кабельный завод" ААҚ), "Магна" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (бұдан әрі – "Магна" ЖШҚ), "Калужский кабельный завод" жауапкершілігі шектеулі қоғамы, "Коаксиал" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (бұдан әрі – "Коаксиал" ЖШҚ), "РТ-Кабель" жауапкершілігі шектеулі қоғамы, "Рыбинский электромонтажный завод" жауапкершілігі шектеулі қоғамы, "Кабель-Арсенал" жауапкершілігі шектеулі қоғамы, "СКЗ" жабық акционерлік қоғамы, "БРЭКС" жауапкершілігі шектеулі қоғамы, "БЕЛЭЛЕКТРОКАБЕЛЬ" ашық акционерлік қоғамы, "Провод-К" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (бұдан әрі – "Провод-К" ЖШҚ) және "Камский кабель" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (бұдан әрі – "Камский кабель" ЖШҚ);

      "Басқару кәбілдері" тобы бойынша – "Севкабель" МК" ЖШҚ, "ВЛКЗ" ЖШҚ және "Магна" ЖШҚ;

      "Бақылау кәбілдері" тобы бойынша – "Севкабель" МК" ЖШҚ, "ВЛКЗ" ЖШҚ, "Псковский кабельный завод" ААҚ, "Коаксиал" ЖШҚ, "Провод-К" ЖШҚ және "Камский кабель" ЖШҚ.

      Өтінім беруші іс материалдарына қоса тіркелген және істі қарау жөніндегі комиссия зерттеген өзге де дәлелдерді (ақпарат, құжаттар, мәліметтер, ұстаным) ұсынды.

      Жауапкерлер трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу фактісін олар мойындамайтын ақпаратты ұсынды, бұзушылық фактісін мойындамау негіздемесі ретінде олар мыналарды көрсетеді.

      Жауапкерлер кәбіл-өткізгіш өнімі нарығын трансшекаралық деп есептемейді және тауар нарығының өнім шекаралары тізілімге енгізілген иілгіш КГВЭВнг(А)-LS 4x1, 5-0,66 бақылау кәбілімен ғана айқындалуы тиіс деп санайды. Көрсетілген пікірге сәйкес жауапкерлер өтінім берушінің бәсекелесі болып табылмайды.

      Жауапкерлер ақпараттық хат Беларусь Республикасының нарығындағы өнімнің айналымына қатысты, осыған орай нарық трансшекаралық емес және нәтижесінде Комиссияның тиісті істі қарауға өкілеттігі жоқ деп санайды.

      Жауапкерлер ақпараттық хаттың мәтінін, сондай-ақ оның бағытын және жіберілетін адресаттардың тізімін келіспеген.

      Жауапкерлер Комиссия істерді қарау тәртібімен белгіленген істі қарау мерзімін асырып жіберді деп санайды.

      Жауапкерлер ақпараттық хаттың мазмұны трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзбайды деп санайды, өйткені онда тізілімде қамтылған өндіруші зауыттардың барлық өнімдерін емес, тізілімге енгізілген өнімді сатып алмау туралы ұсыныс бар.

      Жауапкерлер Ақпараттық хат жіберуден ешқандай артықшылық алған жоқ деп санайды, бұл олардың пікірінше, Беларусь Республикасында сатылған кәбіл және өткізгіш өнімдерінң көлемі туралы ұсынылған мәліметтермен расталады.

      Жауапкерлердің өзге де дәлелдері (ақпарат, құжаттар, мәліметтер, позиция) іс материалдарына қоса берілген және істі қарау жөніндегі комиссия зерттеді.

      Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі істі қарау тәртібінің 16-тармағында белгіленген істерді қарау мерзімінің шегінен тыс қаралуына байланысты істі қарау тоқтатылуға тиіс екендігі туралы ақпаратты ұсынды.

      Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі Комиссияның тауар нарығының өнім шекараларын дұрыс айқындамағаны, оның ішінде өтінім беруші өндіретін иілгіш бақылау КГВЭВнг(А)-LS 4x1,5-0,66 кәбілімен жауапкерлердің кәбіл-өткізгіш өнімінің өзара алмастырылу мәселесі шешілмегені, ал өтінім беруші жауапкерлердің кәсіпкерлік қызметте мүше мемлекеттердің заңнамасына, іскерлік айналым дәстүрлеріне, ашықтық, парасаттылық және әділдік талаптарына қайшы келетін артықшылықтарды алғаны дәлелденбегені, оның ішінде өтінім берушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіру, зиян келтіру фактісі дәлелденбегендігі туралы ұстанымды білдірді.

      Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің өзге де дәлелдері (ақпарат, құжаттар, мәліметтер, позиция) іс материалдарына қоса берілді, оларды істі қарау жөніндегі комиссия зерттеді.

      Федералды монополияға қарсы қызмет ақпараттық хат контексіндегі "фальсификат" сөзінің мағынасын кең мағынада қарастыру керек деген ақпаратты ұсынады. Осындай ақпараттық хабарларды тарату адал бәсекелестікке қауіп төндіруі мүмкін.

      Федералды монополияға қарсы қызметтің басқа дәлелдері (ақпарат, құжаттар, мәліметтер, позиция) іс материалдарына қосылып, істі қарау жөніндегі комиссия зерттеді.

      Іс бойынша дәлелдемелерді зерттегеннен, істі қарауға қатысушы адамдардың пікірлері мен ұстанымдарын, сарапшылардың қорытындыларын тыңдағаннан, зерттелетін мән-жайлар туралы мәліметтері бар адамдарға сауалнама жүргізгеннен кейін іс материалдарын қарау нәтижелері бойынша істі қарау жөніндегі комиссия мынадай қорытындыға келді.

      Әдістеменің ережелеріне сәйкес тауар нарығының өнім шекаралары тек қана КГВЭВнг(А)-LS 4x1,5-0,66 иілгіш бақылау кәбілі емес, кәбіл-өткізгіш өнімі және онымен өзара алмастырылатын кәбіл-өткізгіш өнімі ретінде айқындалған, өйткені тізілімде экономиканың әртүрлі салалары мен аяларында қолданылатын кәбіл-өткізгіш өнімнің 30-дан астам түрі туралы ақпарат бар. Бұл ретте ақпараттық хатта өнімнің нақты түрлерін көрсетпей, тізілімде қамтылатын дайындаушы зауыттардың өнімдерін сатып алуды шектеу туралы нұсқау қамтылған.

      Шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) (олар туралы ақпарат тізілімде қамтылған) – өндірушілер және (немесе) сатушылар және (немесе) импорттаушылар тек қана иілгіш бақылау кәбілінің көрсетілген түрімен ғана шектелмеген өнімнің сортаментін шығарады және (немесе) өткізеді.

      Жауапкерлер өндіретін (өндіруі мүмкін) және (немесе) өткізетін (өткізуі мүмкін) және бұл ретте өзінің функционалдық, техникалық, экономикалық және өзге де сипаттамалары бойынша иілгіш КГВЭВнг (А)-LS 4х1,5-0,66 бақылау кәбілімен өзара алмастырылмауы мүмкін кәбіл-өткізгіш өнімінің сортаментінің кең номенклатурасын жауапкерлердің дайындау және (немесе) өткізу мүмкіндігі туралы ұсынылған ақпарат нарықтың тауар шекараларын тек қана КГВЭВнг(А)-LS 4х1,5-0,66 бақылау кәбілімен және оны өзара алмастыратын кәбілдермен шектеудің мүмкін еместігін растайды.

      Тізілімде шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) – өндірушілер және (немесе) сатушылар және (немесе) импорттаушылар туралы және өздерінің функционалдық, техникалық, экономикалық және өзге де сипаттамалары бойынша КГВЭВнг(А)-LS 4х1,5-0,66 иілгіш бақылау кәбілімен өзара алмастырылмайтын өнім туралы ақпарат қамтылады, осыған байланысты тізілімдегі ақпарат көрсетілген кәбілді өндірушілермен ғана шектелмеген, кәбіл-өткізгіш өнімінің өзге де өндірушілері бойынша ұсынылған.

      Қауымдастықтың Бас директоры Ю.Л. Жилинский 2018 жылғы 26 наурызда "Кәсіпорын басшысына" деген адресатты көрсете отырып, Қауымдастық атынан ақпараттық хат жіберген, оның үшінші және төртінші абзацтарында өнімдері тізілімге енгізілген өндірушілердің өнімдерін сатып алуды шектеу, сондай-ақ өнімдер туралы ақпарат тізілімге енгізілген өнімді сататын сатушылардан өнімді сатып алуды шектеуге ұсыным жасалған.

      Өтінім беруші ұсынған сараптаманың нәтижесі, сондай-ақ Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі тиісті істі қарау шеңберінде алынған және № 243/95-2019 шешімінің 11 және 12-беттерінде көрініс тапқан сараптама нәтижелері Беларусь Республикасының Мемлекеттік сот сараптамалары комитетінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 4-8/1403 хатында "Жалған кәбіл өнімі туралы № 013 ақпараттық хат" құжатының мазмұнына сүйене отырып, "жалған өнім" деген сөз тіркесі "тізілімдегі өнім берушілер мен өндірушілерден сатып алынған өнім" деген контекстік мағынада пайдаланылатынын атап көрсетті.

      Беларусь Республикасының Мемлекеттік сот сараптамалары комитетінің пікірінше, өнімнің жекелеген түрлерін нақтыламай "өнім" ("белгілі бір уақыт аралығында қандай да бір кәсіпорын, қандай да бір өнеркәсіп саласы немесе елдің бүкіл шаруашылығы өндіретін өнімдер жиынтығы" және "өндірістің жеке өнімі (өнімдері)" деген сөздердің көп мағыналылығын ескере отырып, ақпараттық хаттың мәтіні жалпылау ретінде қабылдануы мүмкін: бұл қауіпті кәбіл-өткізгіш өнімдерін (яғни тұтастай шаруашылық жүргізу субъектілері (нарық субъектілері) өткізетін бүкіл өнімдерді) жеткізушілерді (сатушыларды) білдіреді. Беларусь Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік орталығының түсіндірмелеріне сәйкес (2019 жылғы 2 мамырдағы № 01-20/1903 хат) "фальсификат" және "жалған өнім" терминдері зияткерлік меншік саласында, оның ішінде аталған саланы реттейтін заңнамада қолданылмайды. Сонымен қатар, өнімнің жекелеген түрлеріне қатысты "жалған өнім" термині Беларусь Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қолданылады.

      Беларусь Ұлттық ғылым академиясы 2019 жылғы 23 мамырдағы № 13-13216 хатында "Жалған өнімдер деп өздері туралы ақпарат толық емес немесе анық емес болатын, қолданыстағы нормативтік-техникалық талаптарды бұза отырып әдейі жасалған және (немесе) жасырын қасиеттері мен сипаттамалары бар өнімді түсіну қажет" деп тұжырым жасаған.

      КГВЭВнг(А)-LS 4х1,5-0,66 иілгіш бақылау кәбілі (өндіруші "Режевский кабельный завод" ЖАҚ (өтінім беруші), мекенжайы: Реж қ., Свердловск обл., Ресей Федерациясы; импорттаушы "ЭлектроКабельКомплект" ЖШҚ) Мемстандарттың 2017 жылғы 6 наурыздағы № 05-12-1/58 нұсқамасына сәйкес тізілімге енгізілді, оған сәйкес 2017 жылғы 13 наурыздан бастап Беларусь Республикасының аумағында осы өнімді әкелуге және оның айналымына тыйым салынған.

      КГВЭВнг(А)-LS 4х1,5-0,66 иілгіш бақылау кәбілін КО ТР 004/2011 талаптарына жауап бермейтін өнім ретінде тізілімге енгізу туралы ақпарат Мемстандарт инспекциясы жүргізген "ЭлектроКабельКомплект" ЖШҚ-ның 2017 жылғы 10 ақпандағы № 4010 тексеру актісі негізінде дайындалды.

      Мемстандарттың 2018 жылғы 19 шілдедегі № 05-10/616 және 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 05-10/804 хаттарынан тізілім Беларусь Республикасының Мтандарттау жөніндегі мемлекеттік комитетінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 191 бұйрығына сәйкес жұмыс істейді және оның ресми сайтында орналастырылатыны белгілі болды.

      2016 және 2017 жылдардағы тізілім 2017 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемстандарттың ресми сайтында орналастырылды, бұл Мемстандарт сайты беттерінің көшірмелерімен, "Интернет мұрағаты" коммерциялық емес ұйымының Wayback Machine мұрағаттық веб-сервисімен расталады (беттердің көшірмелері http://web.archive.org/ сайтында мына мекен-жай бойынша орналастырылған http://web.archive.org/web/20171218062602/http://gosstandart.gov.by/registers-оf-product-bans,-certificates-anddeclar ations).

      Мемстандарт 2017 жылғы 13 наурыздан бастап бұл өнім тізілімде және оны тізілімнен шығаруға негіз жоқ (2018 жылғы 19 шілдедегі жағдай бойынша) екендігін растады (2018 жылғы 19 шілдедегі № 05-10/616 хат).

      Ақпараттық хаттың мазмұнын адресаттар тізілімде қамтылған өнімге ғана емес, олар туралы ақпарат тізілімде қамтылған өндірушілер мен сатушылардың барлық өніміне қатысты ұсыным ретінде қабылдауы мүмкін деген пікірді сараптама да растап отыр, оның нәтижелерін өтінім беруші ұсынған.

      Осылайша, істі қарау жөніндегі комиссия ақпараттық хаттың мазмұнын оның адресаттары олар туралы ақпарат тізілімде қамтылған шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) өндіретін (өткізетін) бүкіл өнімге қатысты Қауымдастықтың ұсынымы ретінде қабылдауы мүмкін деп пайымдайды.

      Ақпараттық хат жіберілген күні тізілімде 24 кәбіл-өткізгіш өнімін өндіруші зауыт, 10 кәбіл-өткізгіш өнімін жеткізуші (импорттаушы), 50 кәбіл-өткізгіш өнімін сатушы туралы ақпарат қамтылған.

      Өз кезегінде, тізілімде Қауымдастық мүшелері болып табылатын кәбіл-өткізгіш өнімдерін өндірушілер, жеткізушілер (импорттаушылар) және (немесе) сатушылар туралы ақпарат жоқ.

      Осылайша, тізілімде кәбіл-өткізгіш өнімі өндіретін (өткізетін) және Қауымдастық мүшелері болып табылмайтын шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) туралы ақпарат қамтылады.

      Ақпараттық хат 172 адресатқа – Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының және үшінші елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (нарық субъектілеріне) электрондық пошта арқылы жіберілген.

      Іс материалдарында жауапкерлерге электрондық пошта арқылы жіберілген ақпараттық хат жобасы белгіленген тәртіппен келісілгені туралы дәлелдер бар.

      Істерді қарау тәртібінің 16-тармағында істі қарау мерзімі істі қозғау және қарау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап 60 жұмыс күнінен аспауы тиіс деп бекітілген. Шешім қабылдау үшін қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда істі қарау мерзімі 60 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      Жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралу қаупіне байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 16 наурыздан (Армения Республикасында және Қазақстан Республикасында шектеу шараларын енгізу күні) 2020 жылғы 11 қыркүйекке дейінгі кезеңде қоса алғанда (Армения Республикасындағы шектеу шаралары алынып тасталған күн) мүше мемлекеттерде істі қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін толық көлемде іске асыруға кедергі келтіретін шектеу шаралары енгізілді, көрсетілген кезеңде істі қарау жөніндегі комиссияның отырысы өткізілмеді.

      Сондай-ақ, Істерді қарау тәртібінің 16-тармағында істі қарау мерзімін есептеу жұмыс күндерінде көзделеді. Өз кезегінде, "жұмыс күні" ұғымы, сондай-ақ істі қарауға қатысатын тиісті адамның мүше мемлекетте тіркелген (тұрғылықты) жері негізге алына отырып, оны есептеу ерекшеліктері айқындалмаған. Осылайша, істі қарау мерзімі бұзылмаған.

      Қауымдастық жарғысында Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін білдірудің мақсаттары мен міндеттері көздейтін, Қауымдастық әрекеттері (әрекетсіздігі) бекітілген оның қызметінің мақсаттары мен міндеттері бекітіледі, бұл ретте кәбіл-өткізгіш өнімдерін тұтынушылардың мүдделерін білдіру және (немесе) олардың мүдделеріндегі әрекеттері (әрекетсіздігі) көзделмеген.

      Ақпараттық хат жіберілген кәбіл-өткізгіш өнімдерінің тұтынушылары Қауымдастық мүшелері болып табылмайды, Қауымдастықтың ұсынымдарын сақтау бойынша өздеріне қатысты міндеттемелерді қабылдамады.

      Бұл ретте Беларусь Республикасының заңнамасында қауымдастықтарға тұтынушылардың атына ақпараттық хабарлар жіберуге тыйым салынбаған.

      Осылайша, істі қарау жөніндегі комиссия Қауымдастық қызметі кәбіл-өткізгіш өнімдерін тұтынушылардың, сондай-ақ Қауымдастық жарғысына және Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес Қауымдастық мүшесі болып табылмайтын субъектілердің мүддесі үшін Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттеріне жатпайды деп санайды.

      Ақпараттық хатта шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) – зауыттар дайындаған өнімді сатып алуды шектеу ұсынылды, олар туралы ақпарат тізілімнен тиісті ақпаратты алып тастағанға дейін тізілімде қамтылған.

      Сонымен қатар Мемстандарттың 2018 жылғы 11 тамыздағы шығ. № 01-27/Юл-68 хатына сәйкес ақпаратты тізілімнен алып тастау көзделмеген.

      Осылайша, Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық хатта көрсетілген ұсыныс мерзімсіз сипатта.

      Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының өзара саудасы кедендік статистикасының деректеріне сәйкес кәбіл-өткізгіш өнімі Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтарында айналымда болады, оның ішінде Ресей Федерациясының аумағынан Беларусь Республикасының аумағына және кері бағытта өткізіледі.

      Баяндалғанды ескере отырып, Шарттың 74-бабының 1 және 2-тармақтарына, Хаттаманың 8-тармағына және Критерийлердің 2-тармағына сәйкес Әдістеменің 26-тармағының ережелерін негізге ала отырып, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының кәбіл-өткізгіш өнімінің нарығы трансшекаралық болып табылады.

      Өтінім беруші какәбілбель-өткізгіш өнімін өндіретін және (немесе) өткізетін Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектісі (нарық субъектісі) болып табылады. Жауапкерлер кәбіл-өткізгіш өнімін өндіретін және (немесе) өткізетін Беларусь Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) болып табылады, ол олардың негізгі қызмет түрлері ретінде де көрсетіледі. Баяндалғанды ескере отырып, Критерийлердің 3-тармағына сәйкес өтінішті қарау, тергеп-тексеру жүргізу және істі қарау Комиссияның құзыретіне жатады.

      Хаттаманың 16-тармағында лауазымды адамдар деп шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің), шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйымдардың басшылары мен жұмыскерлері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) жеке-дара атқарушы органдарының өкілеттіктерін жүзеге асыратын ұйымдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын басшылары түсініледі.

      Іс материалдарында ұсынылған ақпаратқа (құжаттарға, мәліметтерге) сәйкес 2018 жылғы наурыздан бастап сәуірге дейін жеке-дара атқарушы органдардың өкілеттіктерін жүзеге асыратын жауапкерлердің басшылары мыналар болған:

      іс бойынша жауапкер ретінде тартылған "Эколь" ШӨУК құрылтайшысының 2016 жылғы 12 қыркүйектегі № 13 шешімі және 2016 жылғы 12 қыркүйектегі № 6-Т/16 еңбек шарты негізінде, Істерді қарау тәртібінің 28-тармағына және трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы іс бойынша 2020 жылғы 27 қарашадағы № 88/ұйғ ұйғарымының (бұдан әрі – № 88/ұйғ ұйығарымы) 4-тармағына сәйкес "Эколь" ШӨУК 2016 жылғы 12 қыркүйектегі № 140-П бұйрығымен лауазымға тағайындалған "Эколь" ШӨУК директоры Е.В. Раевский;

      іс бойынша жауапкер ретінде тартылған, А.Б. Блавацкийдің өтініші, 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 122 келісімшарт, Беларусь Республикасы Өнеркәсіп министрлігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 8-50/7978 хаты және "Автопровод" Щучинск зауыты" ААҚ бақылау кеңесі отырысының 2019 жылғы 13 желтоқсан № 582 хаттамасынан үзінді негізінде, Істерді қарау тәртібінің 28-тармағына және № 88/ұйғ ұйғарымының 5-тармағына сәйкес "Автопровод" Щучинск зауыты" ААҚ 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 252-к бұйрығымен лауазымға тағайындалған "Автопровод" Щучинск зауыты" ААҚ директоры А.Б. Блавацкий;

      іс бойынша жауапкер ретінде тартылған, "Гомелькабель" БААҚ бақылау кеңесі отырысының 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 220 хаттамасынан үзінді көшірме негізінде, Істерді қарау тәртібінің 28-тармағына және № 88/ұйғ ұйғарымының 6-тармағына сәйкес "Гомелькабель" БААҚ-ның 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 10/к бұйрығымен қызметке тағайындалған "Гомелькабель" БААҚ директоры А.В. Герасимов;

      іс бойынша жауапкер ретінде тартылған, "Беларускабель" ААҚ-ның Бақылау кеңесі отырысының 2012 жылғы 2 қаңтардағы № 2 шешімі негізінде (2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 29 хаттама), Істерді қарау тәртібінің 28-тармағына және № 88/ұйғ ұйғарымының 7-тармағына сәйкес "Беларускабель" ААҚ-ның 2012 жылғы 2 қаңтардағы № 2 бұйрығымен лауазымға тағайындалған "Беларускабель" ААҚ директоры Д.М. Раковчук;

      іс бойынша жауапкер ретінде тартылған, В.Г. Белоустың өтініші, "Кобринагромаш" ААҚ бақылау кеңесі отырысының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 14 шешімі және 2014 жылғы 3 қазандағы келісімшарт негізінде, Істерді қарау тәртібінің 28-тармағына және трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы іс бойынша 2020 ж. № 100/ұйғ ұйғарымның 4-тармағына сәйкес "Кобринагромаш" ААҚ 2017 жылғы 31 тамыздағы № 624-к бұйрығымен қызметке тағайындалған "Кобринагромаш" ААҚ директоры В.Г. Белоус;

      іс бойынша жауапкер ретінде тартылған, акционерлер жиналысының шешімі негізінде (2000 жылғы 20 қарашадағы № 09 хаттама), Істерді қарау тәртібінің 28-тармағына және № 88/ұйғ ұйғарымының 8-тармағына сәйкес "Белтелекабель" БЖАҚ-ның 2000 жылғы 1 желтоқсандағы № 39-К бұйрығымен лауазымға тағайындалған "Белтелекабель" БЖАҚ директоры В.В. Малолетний;

      іс бойынша жауапкер ретінде тартылған, "Энергокомплект" ӨБ" ЖШҚ қатысушыларының жалпы жиналысының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 08 хаттамасы және "Энергокомплект" ӨБ" ЖШҚ жарғысы негізінде, Істерді қарау тәртібінің 28-тармағына және трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы іс бойынша 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 100/ұйғ ұйғарымның 4-тармағына сәйкес "Энергокомплект" ӨБ" ЖШҚ директоры А.С. Авко.

      2018 жылғы 26 наурызда аталған адамдар шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) басшылары мен жұмыскерлерінің ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларын атқаратын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) жеке-дара атқарушы органдарының өкілеттіктерін жүзеге асыратын жауапкерлердің лауазымды адамдары болуына байланысты бұл адамдар іс бойынша жауапкерлер ретінде тартылды.

      Беларусь Республикасының кәбіл-өткізгіш өнімдері нарығының көлемі туралы ұсынылған деректер ақпараттық хат жолданғаннан кейінгі кезеңде, яғни 2018 жылғы 28 наурыздан кейін Қауымдастық мүшелері өндіретін және (немесе) өткізетін кәбіл-өткізгіш өнімінің көлемі айтарлықтай өсім көрсетпеді.

      Хаттаманың 2-тармағының 14-тармақшасында бекітілген жосықсыз бәсеке анықтамасының мазмұнына сүйене отырып, шаруашылық жүргізуші субъектінің жүріс-тұрысын жол берілмейтін (жосықсыз) бәсекелестік ретінде саралау үшін оның азаматтық немесе салалық заңнаманы сақтауы (бұзуы) емес, өзге де мән-жайлардың маңызы бар екені туындайды, олар:

      оның жүріс-тұрысы бәсекелестік актісі болып табыла ма – нарыққа қатысатын өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғай ма;

      оның жүріс-тұрысы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде өзінің экономикалық ресурстарының есебінен емес, нарықтың басқа қатысушыларының есебінен артықшылықтар алуға – оның іс жүзіндегі немесе ықтимал залалдар келтіруге, олардың іскерлік беделін төмендетуге бағытталған ба;

      шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) таңдаған артықшылық алу тәсілі адал кәсіпкерлікпен үйлесе ме – ол заңнама талаптарына және (немесе) коммерциялық айналымда қалыптасқан ашықтық, парасаттылық және әділдік туралы дәстүрлерге, түсініктерге жауап бере ме.

      Осылайша, жосықсыз бәсекелестікке тыйым салуды сақтауға қатысты мәселені шешу кезінде шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) нарықтың өзге қатысушыларына (шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне), тұтынушыларға) жүріс-тұрысы әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін теріс әсерді анықтау, сондай-ақ аталған тұлғаның жүріс-тұрысының өзінің мүліктік мүддесін көздейтін, бірақ азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шегінен шықпайтын кез келген өзге шаруашылық жүргізуші субъектіден (нарық субъектісінен) осындай жағдайда күтілетін жүріс-тұрысқа сәйкестігі заңдық тұрғыдан маңызды болып табылады.

      Өтінім беруші ұсынған хаттардың көшірмелерінде қамтылған, бұрын сатып алынған өнімді қайтаруды және (немесе) жаңасын сатып алудан бас тартуды қоса алғанда, тұтынушылардың шарттық міндеттемелерді орындаудан бас тартуы жосықсыз бәсекелестік фактісін анықтау мәселесі емес, тараптардың шарттық қатынастарды және (немесе) шарт жасасу алдындағы жұмыс шеңберінде өздеріне алған міндеттемелерді тиісінше орындау немесе орындамау мәселесі болып табылады. Осыған байланысты өнімді сатып алуға шарт жасасудан бас тарту, бұрын жасалған шарттарды бұзу және кәбіл-өткізгіш өнімін қайтару мәселелері өтінім беруші ол туралы тиісті ақпарат берген азаматтық-құқықтық даудың нысанасы болып табылады, ол белгіленген тәртіппен, оның ішінде сот тәртібімен шешіледі және оны істі қарау жөніндегі комиссия шеше алмайды.

      Өтінім берушінің тиісті өнімін сатып алуға ниеттенген тұлғалар тарапынан өтінім берушінің кәбіл-өткізгіш өніміне сараптама жүргізу туралы талап бөлігінде өнімге сараптама жүргізу туралы талаптың өзі тұтынушының шарты болып табылатыны және жауапкерлерге кінә болып таңыла алмайтыны атап көрсетіледі. Мұндай талап жалпы негіздерде қойылуға тиіс және дербестендірілмеуге тиіс.

      Өнімнің сапасының мәселесі істі қарау жөніндегі комиссияның қарау нысанасы болып табылмайды, өйткені ол тиісті мүше мемлекеттің уәкілетті органының құзыретіне жатады.

      Осылайша, істі қарау жөніндегі комиссия шарттық қатынастарды, шарт жасасу алдындағы жұмыс шеңберінде туындаған міндеттемелерді тиісінше орындау мәселелері және (немесе) тұтынушының тауар сапасына қосымша сараптама жүргізу туралы талаптары Шарттың 76-бабын бұзу ретінде қаралмайды деп пайымдайды.

      Ақпараттық хатта өздері туралы ақпарат тізілімде қамтылған дайындаушы зауыттардың өнімін сатып алмауға ұсыным жасалды, бұл ретте мұндай өнімді сатып алудан бас тартудың артықшылықтарын Қауымдастық мүшелері ғана емес, сонымен қатар Қауымдастық мүшелері болып табылмайтын, бірақ бұл ретте Беларусь Республикасында да, Ресей Федерациясында да шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) ретінде тіркелген кәбіл-өткізгіш өнімін өндірушілер (жеткізушілер) де алуы мүмкін еді.

      Осылайша, істі қарау жөніндегі комиссия іс материалдарында Қауымдастық мүшелерінің ақпараттық хатты жіберуден негізсіз артықшылық алғанын растайтын ақпарат (құжаттар, мәліметтер) жоқ деп пайымдайды.

      Баяндалғанды негізге ала отырып, жауапкерлердің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Шарттың 76-бабы 2-тармағының 1-тармақшасының бұзылуы анықталған жоқ.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (Шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 2-тармақшасын, Хаттаманың 10-тармағының 3-тармақшасын, Істерді қарау тәртібінің 44 – 46-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Комиссия Алқасы шешті:

      1. "СОЮЗ-КАБЕЛЬ" ЖШШҚ, "Энергокомплект" Өндірістік бірлестігі" ЖШҚ, "Эколь" ШӨУК, "Автопровод" Щучинск зауыты" ААҚ, "Беларускабель" ААҚ, "БЕЛТЕЛЕКАБЕЛЬ" БЖАҚ, "Гомелькабель" БААҚ, "Кобринагромаш" ААҚ, Е.В. Раевскийдің, А.Б. Блавацкийдің, А.В. Герасимовтың, Д.М. Раковчуктың, В.Г. Белоустың, В.В. Малолетнийдің және А.С. Авконың әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Шарттың 76-бабы 2-тармағының 1-тармақшасын бұзу жоқ деп танылсын.

      2. Осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға:

      Қауымдастыққа олар туралы ақпарат тізілімде қамтылған тұлғалар өндіретін (өткізетін) бүкіл өнімді сатып алуға шектеуге қатысты бөлігінде бұрын жіберілген ақпараттық хатты кері қайтарып алу немесе оның мазмұнын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;

      мұндай өзара іс-қимыл Қауымдастық мүшелері үшін кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылықтарды кейіннен бекіту (орнықтыру) мақсатында алу тәсілі (құралы) болып табылмайтынын пайымдай отырып, Қауымдастық жарғысына Қауымдастықтың кәбіл-өткізгіш өнімдерін тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін жетілдіруге бағытталған ережелерді енгізуге ұсыным жасалсын. Ұсынылып отырған тәртіптер, тәсілдер мен рәсімдер мүше мемлекеттердің тауарларын үшінші елдерде теріс тұрғыдан көрсетуге әкелмеуі тиіс.

      3. Осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Шешімнің 2-тармағының орындалуы туралы ақпаратты осы Шешім күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ұсынсын.

      4. Осы Шешімге белгіленген тәртіппен Одақ сотына шағым жасалуы мүмкін.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады