Кедендік декларацияны беру оған қатысты Кеден одағының "Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен сүйемелденетін өнімдер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 177 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы Хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 Шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде оған қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 13 маусымдағы № 79 Шешімімен бекітілген Кедендік декларацияны беру оған қатысты Кеден одағының "Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен сүйемелденетін өнімдердің тізбесіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 177 Шешіміне
ҚОСЫМША

Кедендік декларацияны беру оған қатысты Кеден одағының "Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен сүйемелденетін өнімдердің тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауы "(КО ТР 019/2011)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1-бөлімнің "Биіктіктен қорғаудың және құтқарудың басқа құралдары" позициясындағы "8428 90 900 0-ден" деген сөздер "8428 90 800 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3. 2 және 3-бөлімдердің "Жеке қорғану құралдарына арналған ауыстырмалы сүзгілер (сүзгіш элементтер)" позициясындағы "8421 39 200 9-дан" деген сөздер "8421 39 200 8-ден" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 8-бөлімнің "Биологиялық факторлардың – жәндіктердің әсерінен қорғау құралдары" позициясындағы "3808 99 900 0-ден" деген сөздер "3808 99 800 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады